Білім шыңы-Олимпиада

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім шыңы-Олимпиада

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы .Төретам кентінде орналасқан Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Әбжанова Балнұр Берікқызы Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген ауыл балаларына арналған олимпиаданың ІІІ орын жүлдегері атанды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ ШЫҢЫ – ОЛИМПИАДА



Пән олимпиадасы – ғылымның алғашқы басқышы, бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастар легін қалыптастыратын ең үлкен бәсеке. Білім бәсекесіне түскен әрбір білім алушы ғылым мен техниканың көз ілеспей дамыған мына заманында ғылымның терең сырына бала жастан бейімделетіні хақ. Пәндік олимпиаданың шыңын бағындыруға қажетті ең негізгі критерий- жүйелі дайындық және тынымсыз еңбек. Бұл әрекет оқушылардың логикалық ойлау формасын дамытып қана қоймай, ғылымға деген көзқарасын қалыптастырып, болашақ бағдарын айқындауға бағыттайтын ғылыми ізденіс.

Бүгінде елімізде ғылым негіздерін құрайтын барлық пәндер бойынша мектепішілік, аудандық, облыстық және республикалық олимпиадалар өткізіліп келеді. Ондағы мақсат   елдегі дарынды балаларды анықтау, оларды ғылым жолына бағыттау, елдің болашақ ғылыми базасын қалыптастыру, логикасы дамыған, ғылыми көзқарасы сауатты жастардың ғылыми жаңалықтар ашуына мүмкіндік беру, мектептердегі білім сапасының артуына жағдай жасау және ұстаздар қосынын сапаландыру. Осындай білім бәсекесінің бірі және бірегейі жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептерінің балаларына арналған республикалық пәндік олимпиада. Аталған олимпиаданың аудандық, облыстық кезеңдерінен топ жарып, Қармақшы ауданы Төретам кенті Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектептің 11 сынып оқушысы Әбжанова Балнұр Берікқызы физика пәні бойынша олимпиаданың республикалық кезеңінде өз білімі мен ізденімпаздығының нәтижесінде жүлделі III орынды иеленді. Балнұр-жаңалыққа жаны құмар, ізденіс пен қажырлы еңбекті ұнататын алғыр оқушы. Білімнің алғашқы баспалдағы саналатын бастауыш сыныпта білікті де тәжірибелі ұстаз Қоспанова Бағима Бекмағамбетқызынан білім алды. Бір қауым елдің сөзін айтар ақылшы ұстаздың терең білімімен сусындаған Балнұр болашағынан көп үміт күттіретін әрі математика пәніне бейім болды. Мектеп өміріне етене араласып,түрлі жарыстардың жеңімпазы да атанды.Бүгінде «Алтын белгіге» үміткер, үздік оқушы.

Әлемнің екінші ұстазы Әл Фараби: «Адаммен жұмыс істеу – ең үлкен өнер» дейді. Сол үлкен өнердің кілтін ұстаған мұғалімдер үшін әр баланың тағдыры – үлкен жауапкершілік. Оны сезіну – әр мұғалімге міндет. Сол себепті биік жетістікке жетер оқушыны танып, бағалап, баулу ұстаздықтың ең биік мәртебесі болып саналса керек. Балнұрдың физика пәніне деген ерекше ұмтылысын, қызығушылығын байқап, оқушы логикасын түсіне білген , білім бәсекесіне табандылықпен дайындаған ұстазы, физика пәнінің мұғалімі Елубаева Айдана Абылайқызы. «Еңбек – бәрін жеңбек» демекші оқушыны үздіксіз білімге баулыған, әрбір минуттың құндылығын ұғындырып, ең қиын пәннің күрмеуін шеше алар түрлі формулаларын бала санасына сыйғызып, жеңіс тұғырынан көрінуіне зор үлесін қосқан ұстаз еңбегін атап өтпесе болмас. Білім олимпиадасының биік тұғыры - екінің бірінің шамасы жетіп бағындыра бермейтін, кез келгеннің қанжығасына байланбайтын салмағы ауыр олжа , ұзақ ізденіс пен ұқыпты еңбектің жемісі.

Мектеп қоржынына ең құнды жеңісті әкелген оқушымыз Балнұрды мектеп директоры Ә.Кәжденбекқызы, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жұматайұлы және мектептегі барша ұстаздар қауымы мен оқушылары үлкен қуанышпен, мақтанышпен күтіп алды. Балнұрдай ақылды шәкірттің әрбір жетістігіне қолдау білдірген ата-анасы, әжесі мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды. «Ұлы мақсат қоя алмаған адамның ұлы адамға айналуы мүмкін емес» деген екен Әбу-Насыр әл Фараби. Мақсаттың биік болуы,  нық сенімнің орнауы — ертеңгі жетістіктің басты шарттарының бірі. Әрбір оқушының ішкі мақсатын қозғап өткен бұл жеңіс білім алушылардан үлкен серпілісті байқатқандай...

Қызылорда облысының мерейін үстем етіп, республика көлемінде алғаш рет өткізіліп отырған ауыл мектептерінің балаларына арналған Республикалық олимпиадада мектебімізге , ұстаздар қауымының жүрегіне ерекше мақтаныш сезімін ұялата білген Балнұрдай саналы,білімді,ізденімпаз әрі еңбекқор оқушымызбен мақтанамыз! Болашағың жарқын әрі нұрлы болсын! Жетер жетістігің ,бағындырар биігің аласармасын, БАЛНҰР!


Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі Ж.Әділова


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2024
428
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі