2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Білім теңізіне саяхат

Білім теңізіне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың білімін жетілдіру
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Білім теңізіне саяхат    

Тақырыбы:Білім теңізіне саяхат                                                                             

Мақсаты:    1.Балалардың  күнделікті алған білімдерін түрлі тапсырмалар орындату     

                        арқылы бекіту .                                                   

  1. Балалардың шығармашылығын мақал-мәтел, ойын арқылы есте сақтау                  

                        қабілетін дамыту.

  1. Ұқыптылыққа өз еркімен ойын жеткізуге тәрбиелеу.                                                Билингвалды сыңары: қыс-зима, көктем-весна

Білім беру саласы

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

1.Ұйымдастырушы  қозғаушы қызмет түрі.

Рефлексивті коррекциялау.

Психологиялық сәт

Балаларды отырғызып, бүгінгі оқу іс-әрекетімен таныстыру.

Қазір қай мезгіл?

Қыс қанша айдан тұрады?

Дұрыс айтасыңдар балалар.

2. Тосын сәт

Ғалымбек сиқырлы сандықпен кіреді.

Ғалымбек: Сәлеметсіздер ме балалар?

Сендердің мектепке барғыларың келе ме?

Сендердің мектепке  барғалы жатқандарыңды естіп, алыс сапардан сиқырлы сандық алып келдім. Сандық ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

Ендеше бұл сандықтың кілтін алу үшін, менімен бірге «Білім» еліне сапарға аттанайық!

Сапарға шығу үшін не керек?

Ал қандай көлік түрін білесіңдер?

Өте жақсы олай болса, бүгіналдымызда ақ қағазда нүктелер қойылған сол нүктелерді бір-біріне қоссақ қандай көлік шығады  сондай көлікпен «Білім» атты кемемен сапарға аттанайық.

Ал енді, балалар  біз кемеге мінуіміз үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.

-Табиғат деген не?

-Денсаулық  деген не?

-Балалар кемеміз сумен жүзіп келе жатыр.

-Су қандай?

-Су қайда болады?

-Суда нелер тіршілік етеді?

-Су астында не бар?

-Бұл «Білім» елі. Менің тапсырмам осы елде!

Есеп: Ағаш бұталарында үш торғай отыр. Біреуі ұшып кетсе нешеуі қалады?

1.Бес алманың біреуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда шешуі

Өз қолыңда қалады?

2. Алдыңда үш балапан,

Артыңда үш балапан,

Ақ тауық пен балапан

Айтшы санын балақай?

3. Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі

Кәне кім тез шешеді?

                Ойын.

Сандар шатасты.

Мақсаты: Ретімен қою.

  Балалар жарайсыңдар, менің тапсырмаларымды орындап болдыңдар. Сиқырлы сандық кілтінің  бірінші бөлігін өздеріңе табыстаймын.

Балалар енді кілттің қалған бөліктерін табуымыз үшін, сапарымызды жалғастырамыз.

   Балалар білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

-Өте жақсы балалар, білім туралы тақпақта білесіңдер ме?

Білім туралы тақпақ айтады.

Ғалымбек кілттің тағы бір бөлігін береді.

-Балалар біздер «Білім» еліне немен келдік?

-Мен енді уәдемде тұрып, сендерге кілттің соңғы бөлігін табыстаймын.

-Ал енді, балалар сиқырлы сандықты ашу үшін кілттің барлық бөліктерін таптық. Ендеше балабақшамызға тез жетіп алайық. Әндетіп бару.

-Балалар қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

Балалар олай болса, осы үшбұрыш төртбұрыштан судан көрген балық суретін құрастырайық.

           Сергіту сәті.

Бойды сергек тік ұста,

Емін, еркін тыныста

Демінді ішке тез ал да,

Өз қолыңды алға соз,

Қол ұшына қара да

Үшбұрыш сыз ауада

Сол қолда бос  тұрмасын

Шеңбер жасап зырласын.

-Ал енді, балалар біздің Ғалымбек ағамыздың әріптері де бар екен содан сөйлем құрап берейік.

Сендер менің сиқырлы сандығымның кілтін таптыңдар.Өздеріңнің ақылды екендеріңді дәлелдеп бердіңдер. Мектепке дайын екенсіңдер. Музыкамен ашу.

-Балалар  енді сендер мектепке барасыңдар. Сондықтан  сендердің достарың осы оқу құралдары болады.

Сау болыңдар!

 Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге,

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Сәлеметсіздер ме балалар!

Қыс мезгілі

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Сәлеметсіз бе!

Иә

Иә

Көлік керек

Әуе, жол, су, жер асты көліктері.

Балалар нүкте арқылы қосты кеме үлгісі шықты

-Табиғат айналаны қоршаған бүкіл әлем. Бұл аспан, жер, өзен, көл, теңіздер, ағаштар, шөптер әлемі.

-Денсаулық дегеніміз денінің саулығы. Деніміз сау болуы үшін спортпен шұғылдануымыз керек, дәрумендер жеуіміз керек. Дәрумендер: алма,алмұрт, алша т.б.

-Су таза, мөлдір.

 -Өзенде, көлде,мұхитта болады.

-Балықтар, өсімдіктер.

-Балықтар, жер бар.

Ғалымбектің 1-тапсырмасы тура,кері санау. 1-10-ға дейін.

Екеуі қалады.

Төрт алма

Барлығы сегіз.

Бес қаз.

Балалар қызыға ойнады.

1.Оқу білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.

2.Оқу білім азығы,

Білім ырыс қазығы

3.Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

4.Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

5. Білім шырақ,өнер бұлақ

6.Білім басқа бітеді,

Қына тасқа бітеді.

7.Оқу инемен құдық қазғандай.

Кел балалар, оқылық

Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар,

Іздегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

-Кемемен жүзіп келдік.

-Төртбұрыш, үшбұрыш, шаршы,дөңгелек, сопақша.

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы көрсетіп жатқа айтты.

Мектеп –кеме, білім –

Тақырыбы: «Сиқырлы сандық»
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта».
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, математика, көркем әдебиет.
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтап бекіту, берілген сұрақтарға ойланып дұрыс жауап беруге дағдыландыру, ойын арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын, танымын дамыту.
Қолданылған құрал жабдықтар: бейнелі суреттер, сандықшалар, көрініске қажетті атрибуттар.

Шаттық шеңбері:
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды бақшамыз.
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң балалар!
- Балалар, бүгін бізде ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз ерекше болмақ. Бір жыл бойы алған білімімізді тиянақтап, қайталап еске түсіреміз.
Слайдтан төрт мезгілдің суреті көрсетіледі.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Көктем мезгілінің айларын атайық.
Осы кезде есік қағылып, топқа қолында сандығы бар қуыршақ келеді.
Қуыршақ: Балалар, мен жолда келе жатып сандық тауып алдым. Бірақ сандықты аша алмадым. Маған көмектесіп жібересіңдер ме?.
Тәрбиеші: Қане, сандықты маған берші, мен ашып көрейін. Сандықтың үстінде «Бұл сиқырлы сандық. Сандықты ашсаңдар мол сыйлыққа кенелесіңдер»- деп жазылыпты. Балалар, қуыршаққа сандықты ашып беруге көмектесеміз бе? Ендеше үстелдің үстінде тұрған бір санды суырып, суырған санның сұрағын слайдқа қарап тыңдаймыз.
Сұрақты балабақшамыздың әдіскері Гулмира Рахат қызы қойыпты.
- «Тәуелсіздік алдық»дегенді қалай түсінесіңдер?
- «Тәуелсіздік алдық» дегеніміз - Тәуелсіз еліміздің жері теңдігі өзінде және Туымыз. Елтаңбамыз. Гимніміз бар.
- Туған ел, Отан туралы мақал - мәтел білесіңдер ме?
«Отан - отбасынан басталады».
«Өзге елге сұлтан болғанша. Оз еліңе ұлтан бол».
«Отан - оттан да ыстық».
«Отан үшін отқа түс күймейсің».
«Өз елім өлең төсегім».
Сандық ашылып, ішінен тағы сандық шығады.
Тәрбиеші: Балалар, тағы бір сан суырайық.
Келесі сұрақты «Айгөлек»тобының тәрбиешісі Ынта Дүйсен қызы қойыпты.
- Сан санайық мүдірмей,
Онға дейін кідірмей,
Қане, кім санайды?
Балалар 1 - 10 дейінгі сандарды тура және кері санайды.
Бәрің дұрыс санадыңдар, енді асықпай 5 - санына дейін санамақ білесіңдер ме?
Санамақ.
Бір дегенім бала.
Санды дұрыс сана.
Екі дегенім ешкі.
Таудан келер кешке.
Үш дегенім үйім.
Үйде жақсы күйің.
Торт дегенім түлік.
Жүргін мұны біліп.
Ортаншы сандығымыз да ашылды. Ішінен кішкентай сандықшаны алады.
Тәрбиеші: Келесі сұрақты шешу үшін тағы бір сұрақ суырайық.
-Бұл ағылшын тілінің мұғалімі Гүлдана Бауыржан қызы балаларға ойын ойнауды ұсынады.
Ойын: «Бұл қай ертегі».
Ойынның шарты: мұғалім бір ертегінің үзіндісін оқиды, балалар бұл қай ертегінің үзіндісі екенін табуы керек.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Кішкентай сандықша ашылып, ішінен сыйлықтар шығады. Қуыршақ қуанып балаларға рахметін айтады.
Сергіту сәті.
- Көрдің бе, қуыршақ біздің балалар достық, бірлік, мейрімділіктің не екенін біледі. Кез келген сәтте көмектесе алады.
Қуыршақ:
- Ой, балалар, достық дегеніміз не?
- Достық, мейірімділік дегеннің не екенін
білмеймісің? Ендеше біздің балалардың
«Мейірімділік мекені» көрінісін тамашала.
«Мейірімділік мекені»
«Мейірімділік мекенінде»бір еңбекқор да, мейірімді ана тіршілік етіпті. Ол қашанда тыным таппай еңбек етіп, айналасындағы адамдарға да қамқорлық жасап, бауырмалдық танытып жүреді екен.
Бір күні ол, мекенде серуендеп жүрген балаларға уылжып піскен алма береді.
Ана: Балаларым, келіңдер, мінекей мына алманы жей қойыңдар,- дейді.
Балалар алманы жеп болғаннан кейін:
Апа, алмаңыз өте дәмді екен. Рахмет!- дейді
Ана: Ол алғысты маған емес, жақсы алма өсіргені үшін Бақшаға айтыңдар,- депті.
Балалар Бақшаға келіп: Бақша, бақша тәтті алма бергенің үшін рахмет!- дейді.
Бақша. Оны бізге емес, қара топырақты, қайырымды жерге айтыңдар,- депті.
Балалар: О - о Жер - Ана! Тәтті алма үшін рахмет!- дейді.
Жер: Ол алғыстарыңды маған емес. Жаңбырға айтыңдар. Жаңбыр болмаса жер көктеп. бақша гүлдемейді.- депті.

«Білім  аралына  саяхат!»    

Тақырыбы:  «Білім  аралына  саяхат!»                                                                                    

 Мақсаты: Бес сала бойынша жыл бойына үйренгенімізді қортындылау. Бала танымының  дамыуын пысықтау,ойлау,қиялдау,есте сақтау қабілеттерін толық жетілдіру.Ойындар арқылы ойлау қабілетін арттыру.     Білім саласы:Денсаулық,Таным, Қатынас,Шығармашылық,Әлеуметтік орта.                          

Көрнекілігі: Дамытушы ойындар,суреттер,сандар,әріптер,қимылдық ойындар.                                                                                                                                                           Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,саяхатқа шығу,дәлелдеу ойыны, жеке жұмыс.                                                                         Іс-әрекет барысы:Балалар бүгінгі күн қандай тамаша,біз қуанып тұрмыз, қане жүрегімізді ұстап көрейік.

                                   Мынау менің жүрегім,                                                                                                                                                      

                                  Бәрі осыдан басталған.

                                  Мынау басым ақылды,

                                  Барлық істі басқарған.

                                  Мынау менің оң қолым,

                                  Мынау меің сол қолым

                                  Барлық істі атқарған.                                                                                                                   Тәрбиеші: Ендеше балалар бүгін біз білім аралына саяхатқа барамыз. Сендер өздеріңді білімді,ақылды,тәртіпті,мейрімді сондай-ақ ін шапшаңдықтарыңды көрсетулерің керек.                                                                                                                 Олай болса балалар білім аралына жету үшін көліктердің қандай тұрлерін білесіңдер.                                                                                                                              Балалар:Көліктердің үш түрі бар.Олар ауада ұшады,суда жүзеді.жерде жүреді.                                                                                                                                                          Тәрбиеші:Ал ауада қандай көліктер жүзеді ?                                                                                                                 Балалар:Кеме,Параход, қайық.                                                                                                               Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, бізге білім аралынан кеме жіберіпті.Осы кемеге кәнекей бәріміз кемеге отырайық.                                                                                               Кемемізді жүргізетін жүргізушіні  тағайындап алайық.                                                                Тәрбиеші:Балалар білім аралына дейін жету үшін санамақтар айтайық. 

     Аружан: Санамақ «Бір дегенім бесік»                                                                                                        Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар білім аралынада жетіп қалыппыз.Ой балалар қарандаршы табиғаты қандай көркем мөлдір су .Канекей мөлдір сумен бетімізді жуып терең таза ауамен тыныс алайық.  Балалар бүл жердегі ағаштар ,гүлдер,тастар жай заттар емес сыйқырлы заттар.Бұл өйткені білім аралы әр қайсысында бізге  дайындалған тапсырмалар бар.

Мөлдір судың тапсырмасы:                                                             

1-Тапсырма:    Жұмбақ

                    Күн жылынып ,қар еріп,

                     Құстар сайрап келетін,

                         Жер көгеріп түрленіп

                           Үш ай бізге қонатын

                     Қай жыл мезгілі келетін.

өктем мезгілі келетін.

өктем мезгілі туралы қандай ақынның өлеңін білеміз?

-А. Құнанбаев атамыздың «Жазғытұрым»

Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырып жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат жанталаса,

Ата- анадай елжірер жердің жүзі .

  • Дұрыс балалар, Абай Құнанбаевтың тағы қандай жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдері бар?

  • Күз, қыс, жаз мезгілдеріне арналған.

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Жеті күн.

 Тапсырма - 2: Балалар қараңдаршы көктемннің алғашқы күндері пайда болатын қандай гүл?                                                                                                                                Балалар: Қызғалдақ гүлі.                                                                                                                                         Тәрбиеші:а) Қызғалдақ гүлінің  тапсырмасы бірден онға дейн тура және кері санау. 

ә) суретке байланысты сандарды ретімен орналастыр.                                                                                   

    б) «Тапқыр болсаң тауып көр»  сөз жұмбақ.      

          Далада тұр екі ешкі,

         Қорада тұр екі ешкі,

         Екі ешкімен екі ешкі болады.

         Барлығы неше ешкі?

-Балалар: төрт ешкі.

         Бес алмұрттың үшеуін досың сұрап алады ,

         Сонда өзінде нешеуі қалды?

-Балалар: екеуі қалады.

Апамда бар төрт білезік,

Әжем қосты бір білезік.

-Балалар: бес.

Қимылдық ойын «Аралар»

Аққайың ағашының тапсырмасы:

«Қатынас» саласы бойынша.

«Дыбыстарды табу, әріп»

Аққайыңның екінші тапсырмасы:

«Сөзді буынға бөлу, қай әріптен басталатынын табу.»

Құстардың тапсырмасы:

«Шығармашылық» саласы бойынша.

«Геометриялық пішіндерден қайық құрастыру, қандай пішіндер қолданғандарын айту»

Сергіту сәті: Кәне,кәне тұрайық,

                      Үлкен шеңбер құрайық.

                      Тұрсақ енді шеңберге,

                      Алақанды соғайық.

                      Бишілерше бұралып,

                      Би билейік айналып.

(Үстел қасына барып, әр –түрлі пішіндерден қайық құрастырады.

Дайындаған қайықтарын Аққайың ағашына іледі.)

Қорытынды:

Тәрбиеші: Балалар,  бүгін біз қайда бардық?

  • Білім аралына.

  • Аралда нелерді көрдік?

  • Ағаштар, құстар, гүлдер т.б.

Енді, кемемізге мініп, туған жерімізге, балабақшамызға қайтайық.

"Ғажайып білім әлеміне саяхаттау" /Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі/

Скрыть

онлайнтренингидёт регистрация!

Коммуникативный педагогический тренинг: способы взаимодействия с разными категориями учащихся

Сертификат и скидка на обучение каждому участнику

Зарегистрироваться2 февраля 2022 г

Афанасьева Мария

Білім беру салалары: Коммуникация, Таным, Әлеумет, Шығармашылық, Денсаулық.

Ұйымдастырылған оқу қызметтері: Сөйлеуді дамыту, ҚМҰҚ, Құрастыру, Сурет салу, Қоршаған ортамен танысу, Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Ғажайып білім әлемі»

Мақсаты:

1. Өткен ұйымдастырылған оқу қызметтерін қайталай отырып, балалардың білім деңгейін, дүние танымын тереңдету, ой-қиялын өсіру. Сандарды санау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту.

2. Сөздік қорын молайту, тақпақтар арқылы тілдерін дамыту, ұсақ қол моторикасын дамыту. Ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.

3. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.

Көрнекі құралдар: Буратино, математика, жұмбақтар, мақал-мәтел, жаңылтпаштар аялдамасы, геометриялық, пішіндер, үйшіктер.

Жаңа технология: Денсаулық сақтау технологиясы бойынша сергіту сәті, ӨТШТ /ТРИЗ/ технологиясы бойынша мақта таяқшасымен сурет салу.

Мотивациялық қозғаушылық:

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.

Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады.

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы-жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Жүрек

Тәрбиеші: Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

Балалар:

  1. Аспанымыз ашық болсын

  2. Күніміз жарқын болсын

  3. Еліміз тыныш болсын

  4. Ауырмайық, денсаулық болсын

  5. Нанымыз көп болсын

  6. Ата-анамыз аман болсын

  7. Бейбітшілік болсын

  8. Балабақша гүлдене берсін!

  9. Апайлар аман болсын

Іздену-ұйымдастырушы:

Тәрбиеші: Қане балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы. Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?

Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты.

Тәрбиеші: Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі

Тәрбиеші: Күздің қандай айы

Балалар: Қараша айы

Тәрбиеші: Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: Күз мезгілінде күн суытады. Жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғайып, жерге үзіліп түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, олай болса күз мезгілі туралы кім тақпақ айтып береді.

1-бала: Аспанды сұрғылт бұлт

Жан-жақтан жабады.

Күн бірте суытып

Жауын көп жауады.

2-бала: Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін

3-бала: Ағаштарды жамырап

Ұшты кенет жапырақ

Құстар қайтып барады

Көк аспанды қалықтап.

Тосын сәт: Осы кезде есік қағылады. Балалар, есік қағылған сияқты кім екен бұл?

Буратино: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Буратино!

Буратино: Балалар, осы жер «Ғажайып білім әлемі» емес пе?

Тәрбиеші: Жоқ Буратино, бұл жер балабақша

Буратино: Балалар, мен алтын кілтімді жоғалтып алдым, кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесесіңдер ме? Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне» қалай барсам екен? Баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?

Тәрбиеші: Еш уайымдама Буратино, кане балалар Буратиноға көмектесеміз бе?

Балалар: Иә, көмектесеміз

Тәрбиеші: Олай болса балалар, Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне» біз де саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?

Тәрбиеші: Балалар, саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір-бірімізді сыйлап, тыңдауымыз керек. Балалар, қане енді паровозға мініп, жолға шығайық.

Тәрбиеші: Балалар, міне біз бірінші аялдамаға да келіп қалыппыз

Бұл бірінші аялдама: «Математика» аялдамасы екен.

Бірінші аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты:

  1. 1-5 ке дейін тура және кері санау.

  2. Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып, түстерін ата

Екінші аялдама: «Жұмбақтар» аялдамасы екен

2-ші аялдама бізге жұмбақтар жасырыпты.

  1. Бой жаза алмай, ойнай алмай

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Күз)

  1. Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

  1. Тырс-тырс тамады

Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)

Дидактикалық ойын: «Топтап жина»

Мақсаты: Балаларды топтай білуге және оларды санай білуге үйрету. Балаларды екі топқа бөліп суреттерді топтап жинауға үйрету

Сергіту сәті:

Қане, біздің қолымыз,

Жоқ біздің қолымыз.

Қане, біздің қолымыз,

Жоқ біздің қолымыз.

Міне, біздің қолымыз,

Міне, біздің алақан.

Міне, біздің қолымыз,

Міне, біздің алақан.

Қолдарымыз билейді, билейді, билейді,

Шаршағанды білмейді.

Қолдарымыз билейді, билейді, билейді,

Шаршағанды білмейді.

Үшінші аялдама: «Мен суретшімін» аялдамасы.

Буратино: Балалар, сендер сурет сала аласыңдар ма?

Тәрбиеші: Буратино, біздің балалар ӨТШТ /ТРИЗ/ технологиясы бойынша мақта таяқшаларымен сурет салып, сізге сыйға тарту етеді.

/Балалар қағаздағы суреттерді мақта таяқшаларын гуашьқа батыру арқылы бояйды/

/Буратино балаларға көмектеседі/

Буратино: Менің достарым суретші екен ғой. Сыйлықтарыңызға рахмет!

Төртінші аялдама: «Мақал-мәтел» аялдамасы

Біздерге мақалдарды толықтыр депті. Қане кім айтады?

  1. Аққуды атпа, .............. /досыңды сатпа/

  2. Жүз теңгең болғанша, .............. /жүз досың болсын/

  3. Ағаш тамырымен,............. /адам бауырымен мықты/

  4. Білімі жоқ адам, ............... /тұзы жоқ тағам/

  5. Оқусыз білім жоқ, .............. /білімсіз күнің жоқ/

  6. Жақсыдан үйрен, .............. /жаманнан жирен/

  7. Ақыл азбайды, ............ /білім тозбайды/

Бесінші аялдама: Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?»

Буратиноның кілтін құрастыру

Буратино: Алақай, алақай, менің кілтім табылды.

(Қақпаның аузында, Буратиноның алтын кілті тұрады.)

Қақпаның үстіңгі жағында «Ғажайып білім әлемі» деген жазуы бар.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біз алтын қақпаға да келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер балалар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.

Буратино: Балалар, сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Балдырған» балабақшасының тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын.

(Буратино сыйлықтарын таратып кетіп қалады)

Тәрбиеші: Міне балалар, Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық.

Рефлексті түзетушілік

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау мақсатында балаларға сұрақтар қою.

- Балалар, сендерге саяхат ұнады ма?

- Бізге саяхат ұнады.

- Сендер саяхатқа қайда бардыңдар?

- «Ғажайып білім әлеміне» бардық.

- Біздер кімге көмектестік?

- Буратиноға көмектестік.

- Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде сендерге не ұнады?

- Мақта таяқшасымен сурет салған ұнады.

- Мақал айтқан ұнады.

- Буратиноның кілтін құрастырған ұнады.

Балаларды мадақтау.

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар.

Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір-біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып қонақтармен қоштасайық

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.

Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: 1-5-ке дейін тура және кері санап, геометриялық пішіндерді ажырата білуі керек.

Болуы керек: Дәстүрлі емес сурет салуға қызығушылықтары, достықты қадірлеп, достарына көмектесу.

Баланың қолынан келуі керек: Сұрақтарға толық жауап беру, өздіктерінен ұқыпты жұмыс жасай алуы.

10 Наурыз 2025
80
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі