Білімдіге биіктен орын интеллектуалдық сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білімдіге биіктен орын интеллектуалдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Интеллектуалдық ойын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі» МЕББМ


БЕКІТЕМІН
Директордың ҒӘЖЖ орынбасары

__________ А.М.Дюсенгалиева
____ ___________ 20 ж.



«Білімдіге биіктен орын»

(интеллектуалдық сайыс)

Күні: 20.04.2023 жыл

Сайыстың тақырыбы: «Білімдіге биіктен орын» білімділер додасы

Сайыстың мақсаты : Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту, оқушылардың математикалық ой-өрісін әрі қарай жетілдіру және де өз еркімен еңбектенуге үйрету. Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.


Көрнекілік: Сайыс тақырыбы жазылған плакат, интерактивті тақта, смартфон


Сайыс барысы :


1.Ұйымдастыру кезеңі:


Ғылымдардың патшасы атанған, 

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған, 

Төзбейтін өтірікке жалғандыққа! 

Жасықтан емессің сен қаталдансың 

Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін 

Нағыз пән математика атанғансың.


Армысыздар, құрметті оқушылар және ұстаздар! Бүгін колледж студенттерінің қатысуымен өткізілгелі отырған «Білімдіге биіктен орын» атты математикалық сайысымызға қош келдіңіздер дейміз.

Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы студент келіп, менің қолымдағы жасырылған реттік нөмерлерін анықтайды және топ басшыларын сол арада сайлап, олар да мұғалімнің қолындағы рет нөмерін анықтайды. Сол арқылы қай топтың 1-ші және 2 болып бастайтынын анықтаймыз. Сайысқа үш топ қатысады. Олар УА-911, ПО-911, ЭЛС-911 тобының студенттері сайысқа түседі.

Ендігі кезекте бүгінгі біздің сайысымызға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болайық. Олар:

Әділ қазылар:

II. Сайыс жоспары:


1 тур «Кім жылдам»


«Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау-дей отырып, ойнымыздың кім жылдам бөлімін бастаймыз.

Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Студенттердің шапшаңдығын анықтау. Барлығына дұрыс жауап берсе – 10 ұпай, егер жартылай болса – 5 ұпай, егер қате көп болса – 1 ұпай. Орындау уақыты: 2 минут

Бұл турда барлық команда жауап береді.



Ал, 1 топ студенттері дайын болса бастайық.


1.Шеңбердің бойындағы кез-келген нүктені центрмен қосатын кесінді.(радиус)

2.Алгебра сөзі қандай мағына береді? (орнын толтыру)

3.Алымы бөліміне үлкен бөлшек .( бұрыс бөлшек)

4.Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (Натурал сан)

5.400 саны 4-ке бөлінеді ме? (иә)

6.Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең.(1)

7.Дәлелденбейтін тұжырым (аксиома)

8.Санақ басы О нүктесінен басталатын кесінді?

9.Бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны( шеңбер)

10. Координатада неше ширек бар? (төрт)


ІІ топ студенттеріне:


1.Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді? (диаметр)

2.2 теріс санның қосындысы ? (теріс сан)

3.840 саны 4ке бөлінедіма? (иә)

4.Алымы бөлімінен кіші бөлшек ?(дұрыс)

5.17 саны құрама сан бола алама? (ия)

6.Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы? (180 градус)

7.Дәлелденетін тұжырым (теорема)

8.ПИ-дің мәні неге тең? (3,14)

9.Планиметрия қандай фигураларды зерттейді? (жазықтықтағы фигуралар)

10.ОУ осі қалай аталады? (ордината)


ІІІ топ студенттеріне:


1. Қарама – қарсы сандар қосындысы неге тең (0)
2. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
3. Ең кіші жай сан (2)
4. Тіктөртбұрыштың бір бұрышынан кесіп түскенде қандай фигура шығады? (Бесбұрыш)
5. 5 ке қарама – қарсы сан (- 5)
6. Алымы бөлімінен үлкен сан (бұрыс)
7. Кері сандар көбейтіндісі неге тең? (оң сан)
8. Дөңгелек салатын құрал (циркуль)
9. Солдаттың «кругом» дегендегі бұрылатын бұрышы (180 градус)
10. Көпбұрыштың қабырғаларының қосындысы (периметр)


2 тур. «Ойлан тап» LearningApps сілтемесіне кіріп, тапсырманы орындайды. Квадрат теңдеудің дискриминантын тауып, пазлды құрастырғанда «дискриминант» терминін енгізген ағылшын математигі шығады. Қай топ тапсырманы дұрыс орындап, бірінші орындап аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді. Тез әрі, толық орындаса – 10 ұпай, егер жартылай орындаса – 3 ұпай, егер дым орындалмаса – 0 ұпай. Орындау уақыты – 2 минут.


3 тур. Қызықты тапсырмалар.

Бұл тур да жалпы командаға арналған. Мына жердегі өздеріңіз қалаған әріпті алу арқылы, сол әріпке қатысты  5 математикалық терминдер айтуымыз қажет. Бұнда, бір сөз – 5 ұпаймен есептеледі.

«А»-алгебра, арифметика, азайту, алты, аудан.
«С»-синус, симметрия, сегіз, сан, сызғыш, сызықтық, сәуле.
«П»-пайыз, процент, периметр, пирамида, параллель, перпендикуляр.
«К»-конус, квадрат, көбейту, көлем, кесінді, координата.
«М»-метр, масса, миллион, математика, минус
«Д»-доға, дөңгелек, диаметр,
«Т»- теріс сан, тоғыз, трапеция, төртбұрыш, теңдеу, түзу, төрт.
«Е»-екі, есеп, елу,
«Б»-бөлу, бес, бұрыш, бөлшек, биіктігі, бос мүше.
«Н»- натурал сан, нөл,
«Ш»-шаршы, шеңбер,
«О»-оң сандар, осьтік симметрия, отыз, ордината.


4 тур. LearningApps сілтемесіне кіріп, тапсырманы орындайды. Квадрат теңдеулердің коэффициенттерін тез тауып, тапсырманы дұрыс орындаған сыныпқа – 10 ұпай, қателері болса – 5 ұпай, егер қате көп болса – 1 ұпай.


5 тур. Телефоннан Play Market немесе Арр Store-дан QR Code Scanner жүктеп, сканерлеп тапсырманы орындайды. Дұрыс, толық орындаса – 10 ұпай, жартылай орындаса – 5 ұпай, қателері көп болса – 1 ұпай. Орындау уақыты – 5 минут.

3 топқа 4 тапсырмадан беріледі.

1 топқа:

1) 2-14х+8=0; 2) 3х2-10х+7=0; 3) 9х2-12х+4=0; 4) -4х2-12х+7=0.


2 топқа:

1) 3х2+5х-2=0; 2) 9х2-6х+1=0; 3) 2х2-х-3=0; 4) 5х2-8х-4=0.


3 топқа:

1) х2+3х+2=0; 2) х2-7х+12=0; 3)-х2-2х+24=0; 4) 2-5х+6=0


Сайысты қорытындылау. Әділқазы алқалары жеңіске жеткен топты, яғни сыныпты анықтайды.


Марапаттау. Жеңіске жеткен топ грамотамен, қалғандары алғыс хатпен марапатталады.









І топ:






ІІ топ






ІІІ топ




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.00.2024
277
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі