Материалдар / Білімділер-Көшбасшылар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білімділер-Көшбасшылар

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
323
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 10.02.2017

Сыныбы: 5

Тақырыбы: БІЛІМДІЛЕР- КӨШБАСШЫЛАР


Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың біліктерін, қосымша материалдарды ізденіп, меңгеруін қадағалау. Шапашаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.


Дамытушылық: Оқушылардың ойын жан-жақты дамыту, сабаққа деген құштарлығын ояту. Өзара ой бөлісу, Ойлау қабілеттерін дамыту.

Білімділік: Оқушылардың БІЛІМДІЛЕР- КӨШБАСШЫЛАР

сайысында математикалық білімдерін тексеру.

Тәрбиелік: Оқушыларды бір жүйелікке тәрбиелеу, өз бетінше

жұмыс істеу қабілетін дамыту.


БАРЫСЫ:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Тақтаға көрнекілік іліп, оқушыларды орын-орнына отырғызу.

Кіріспе!


Уа, халайық, халайық,


Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде,

Математика елінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт, тасып, шалқысып,

Көңілді кеш жасайық.

Мұнда қызық табылар,

Жұмбақ, есеп – бәрі бар.

Ал, сайыскерлер, балалар,

Білімдеріңді сынайық,


  • Армысыздар, жиналған қауым, ардақты ұcтаздар, қадірлі қонақтар. Бүгін сіздер үздік оқушылар арасында өтетін «БІЛІМДІЛЕР- КӨШБАСШЫЛАР» атты сайыстың куәгері болғалы отырсыздар. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Ақыл – тон аңдағанға тозбайтұғын,

Білім – кен қанша алсаң азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, – деп сайысымыздың І – турын бастаймыз.



І – ТУР. «САЙЫСКЕРЛЕРДІ ТАҒАЙЫНДАУ»

Оқушыларға жиырма сұрақ қойылады. Ең көп карточка жинаған алты оқушы ойынға қатысады.

Осымен сайыскерлерімізді тағайындап алдық.


Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау. – дей отырып, сайыскерлеріміз жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар өреңдерді ортаға шақырамыз. Қарсы алайық. (Сайыскерлер өздері туралы бір-екі ауыз сөз айтады).


Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса қалт айтпайды

Әрқашанда нанымды – дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар. (Қазылар алқасын таныстыру).


Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, – деп сайысымызды бастайық. Сайысымыздың келесі туры – БӘЙГЕ.

Бұл тур бойынша сайысқа қатысушы тұлпарларға сұрақтар қойылады. Яғни 10 сұрақ қойылады. Алдарыңызда тұрған қағазға белгілейсіз. әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.


ІІ – ТУР. «БӘЙГЕ»


1. Алтын киімді адам Қазақстанның қай жерінен табылды?

(Есік қорғанынан)

2. ҚР “Тәуелсіздік күні” қашан жарияланды?

(1991 жылы 16 – желтоқсанда)

3. Морфология нені зертейтін ғылым?

(Сөз табын)

4. 7 – қысқы Азиада ойындары қай елде өткізіледі?

(Қазақстанда)

5. ҚР-дағы ең биік шыңды атаңыз:

(Хан тәңірі)

6. Египет халқы Күн құдайын не деп атайды?

(Ра)

7. Азиада-2011 бойтұмары ретінде қандай аңның бейнесін алды?

(Алан)

8. Жердің су қабығы қалай аталады?

(Гидросфера)

9. Есім сөздердің орнына қойылатын сөз табы:

(Есімдік)

10. Қазақстан қысқы Азия ойындарын өткізу уақыты?

(30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында)

ІІ-ші турымызды аяқталды. ІІ – турымызды қорытындылай келе, осы тур бойынша сайыскерлеріміз алған ұпайларын айта кетейік.


Онда үшінші турымыз «Көкпар» - ды бастайық.


Болашақ биіктерге қалықтасын,

Жеңсіпен көк жүзінде шарықтасын.

Жеңіс туын желбіреген алауласын

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын! - дей отырып ІІІ – турымызды бастаймыз. Бұл турда ІІ – турда алған ұпайларының реті бойынша бастаймыз. 4 тақырып берілген 1 – шы болып ұпайы жоғары оқушы бастайды. Бұл турда ұпай аз алған 3 оқушы ойыннан шығады.


І. Математика

1. Кесінді дегеніміз не?

(кесінді – оның ұштары болатын екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі)

2. Бөлшектің қандай түрлері бар?

(Дұрыс бөлшек, Бұрыс бөлшек, Аралас сан.)

3. Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырады?

(Бүтін бөлігін бөліміне көбейтіп алымына қосып, алым етіп жазамыз, ал Бөлімін сол қалпында қалдырамыз)

4. Дұрыс бөлшек қандай болады?

(Дұрыс бөлшектің алымы бөлімінен кіші болады)

5. Бұрыс бөлшек қандай болады?

(Бұрыс бөлшектің бөлімі алымы бөлімінен кіші болады)


ІІ. Қазақстан

1. Қазақстан жер аумағы жөнінен нешінші орында?

(9 орында)

2. Қазақстан Республикасының алғашқы астанасы?

(Қызылорда)

3. Қазақстан Республикасының алғашқы президенті?

(Назарбаев Н.Ә.)

4. Қазақстан Республикасының туының авторы кім ?

(Ниязбеков Ш.)

5. Қазақстан Республикасының әнұранның сөзін жазған кім?

(Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)



ІІІ. Қазақ тілі

1. Қазақ тілінде неше септік бар, оларды ата?

(7 септік бар)

2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

(Қандай? Қай?)

3. Қазақ тілінде неше сөз табы бар және оларды ата?

(9 сөз табы бар)

4. Антоним дегеніміз не, мысал келтір?

(мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді айтамыз.)

5. Көнерген сөздер дегеніміз не?

(қоғам дамуына қарай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер)


IV. Логикалық сұрақтар

1. Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше жан отыр?

(3 жан отыр)

2. Екі қарғаның біреу оңтүстікке , екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне-бірі:

- Достым, мен сені көріп отырмын, - дейді. Олар бірін-бірі қалай көреді?

(Қарғалар бір-біріне бетпе-бет отырғандықтан, олар бірін-бірі көрді)

3. Дәрігер науқасқа, әр 30 мин сайын іш деп, 3 дәрі береді. Науқас неше сағатта ішіп тауысады?

(1 сағатта)

4. Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар?

(8 баласы. 7-ұлы, 1-қызы)

5. Тәрелкеде 4 бауырсақты 4 балаға бір- бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады?

(3 балаға бауырсақ беріп, 4-ші балаға тарелкасымен береді)


Өте жақсы. Енді осы екі турдан аз ұпай жинаған екі оқушымен қоштасамыз. Бұл оқушылар әлі де оқып, өз білімдерін басқа да жерде көрсете біледі деп сенеміз. Мына аздаған сыйлығымызды табыс етеміз. Енді әділ қазылар ұпайды есептеп болғанша бейнеролик тамашалайық.



Қалған сайыскерлерімізбен сайысымызды әрі қарай жалғастырайық. Келесі турымыз «Тіл өнері».


V – ТУР. «Тіл өнері»


Ана тілің – арың бұл.

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте – дей отырып «ТІЛ ӨНЕРІ» турымызды бастаймыз. Бұл турда оқушыларға мақал – мәтелдер және жұмбақтар берілген. Яғни мақалдың кейбір сөздері тасталынып кеткен. Мақалдың арасындағы сөздерді және жұмбақтың жауабын тауып үш тілде айту керек. Барлығы 30 ұпаймен бағаланады. Онда турымызды бастаймыз.

1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш-Ленейка-Ruler)

2. Қыз өссе – елдің көркі,

_____ өссе – жердің көркі. (Гүл- Цветы-Flower)

3. Жер көрдім қаласы бар,

Үйлері жоқ мекендейтін.

Көл көрдім,өзен көрдім,

Сулары жоқ мекендейтін. (Карта-Карта-Map)

4. Ағаш көркі – жапырақ,

_____ көркі – шүбірек. (Адам-Человек-People)

5.

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы коп.

Өзі сөйлей білмейді.

Салған ізі сөйлейді. (Қаламсап-Ручка-Pencil)


6. Жылы – жылы сөйлесең,

_____ іннен шығады. (Жылан-Змея-Snake)

7. Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. (Су-Вода-Water)

8. Жүз теңгең болғанша

Жүз _____ болсын. (Дос-Друг-Friend)

9. Үй үстінде ұсақ тас,

Ұстайын десем ұстатпас. (Жұлдыз-Звезда-Star)

Осымен V – турымызда аяқталды. Осы бойынша кім қанша ұпай алғанын айтайық. Ойыннан ұпайы аз бір оқушы шығады.


Онда келесі «ТӘЖІРИБЕЛІК САЙЫС» турымызды бастаймыз.

Бұл сайыста таяқшадан құралған қалақта (суреттегідей), сыпырынды бар. Сыпырынды орнын қозғамай, екі таяқшаны қозғап, қалақ сыртында қалай қалдыруға болады?

Жауабы:


Осымен сайымыз аяқталды. Енді кім көшбасшы атанғанын әдіқазылардан сұраймыз. Сонымен «БІЛІМДІЛЕР- КӨШБАСШЫЛАР» жеңісің құтты болсын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!