Материалдар / Биология пәнін қашықтан оқытудың тиімді жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биология пәнін қашықтан оқытудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Онлайн сабақта пайдалы платформаларды қолдану жане тиімді пайдалану жолдары. Биология пәні – табиғат туралы жаңалықтар мен жаңа білім алу дегенді білдіреді. Биология пәнінің мазмұны және оның өзіндік ерекшеліктері, оқыту әдіс-тәсілдерін анықтаумен ғана шектелмейді сонымен қатар оның тәрбиелік мәндерін де анықтайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Тамыз 2021
473
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Биология пәнін қашықтан оқытудың тиімді жолдары

Биология пәні – табиғат туралы жаңалықтар мен жаңа білім алу дегенді білдіреді. Биология пәнінің мазмұны және оның өзіндік ерекшеліктері, оқыту әдіс-тәсілдерін анықтаумен ғана шектелмейді сонымен қатар оның тәрбиелік мәндерін де анықтайды. Сондықтан елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мектептер түгел қашықтан оқытуға көшті. Қашықтан оқудың қиындықтарымен бірге, бірқатар артықшылықтары да барлығын жаңа тәсілге көшкен кезден бері өткен уақыт көрсетіп отыр. Мен биология пәнінің мұғалімімін. Сабақтарымда түрлі көрнекі құралдарды көбірек пайдалануға тырысамын. Ал қашықтан оқуға көшкеннен кейін сабақтарымды PowerPoint  бағдарламасы арқылы слайдсабақтар түрінде ұйымдастырып жүрмін. Оның артықшылығы сол –  тақырыпты ашатын түрлі суреттер мен кескіндемелерді, жазбаларды пайдалануға болады. Қашықтан оқуға байланысты өткізген бір слайдсабағымды талдап кетсем, артық болмас.

Сабақтың мазмұнын аша түсу үшін Митоздың биологиялық маңызы – хромосома санының екі еселенуі және олардың жас еншелес жасушаларға тең бөлінетіндігін атап көрсеттім. Жалпы, Митоз процесінде бір жасуша жаңа екі жасушаға бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзын бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің де теңбе-тең генетикалық материал алады, яғни, хромосома жиынтығы тең болады.

Оқушыларға организмдегі көбею түрлері жөнінде түсінік бере отырып, жыныссыз жолмен көбею жолына терең тоқталу және қолдан вегетативті жолмен көбейту әдісінің қажеттілігін ұғындыруға басымдық берілді. Қорыта айтақанда, Митоз – жаңа ұрпақ жасушалары арасында генетикалық материалдар тең мөлшерде бөлінетін жасушаның бөліну әдісі.

Мейоз – хромосомолар жиынтығының екі есе азаюымен аяқталатын жасушаның бөліну процесі. Мейоз нәтижесінде гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар төрт жасуша пайда болады. Мейоз процесі үздіксіз жүретін екі кезеңнен тұратыны айшықты слайда арқылы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Бұлардың редукциялы бөлінуі де төрт фазадан тұрады. Оқушыларға бұлардың көбею сатыларын, ерекшеліктерін және маңыздылығын таныстыру, балалардың түсінігін кеңейту ұстаз ретіндегі басты ұстанымым саналады. Слайдсабақта біршама күрделі осы тақырыпты жан-жақты ашып түсіндіру үшін кескіндемелер мен жазбаларды қолдандым.

Интерактивті тақтаны пайдалана отырып оқушылардың сабақты меңгеру, танымдық салыстыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру бірінші кезекке шығарылды. Бұл олардың белсенділігін, ойлау, саралау, жүйелеу, тақырыптық бейімделу машықтарын молайтады. Жалпы, сабақ тақырыбы күрделі болғанымен, оқушылар жасушалар әлемінің сан-қилы табиғатын, түзілу фазалары мен профазаларын түсінуге зор қызығушылық танытқанын атап өткім келеді және үй тапсырмаларын орындауда да белсенділік көрсеткені  слайдсабақтың әсерлі болғанын айғақтай түскендей.

Заманауи компьютерлік бағдарламалар онлайн сабақ кезінде де зертханалық жұмысты модельдеуге мүмкіндік береді. Көптеген дүниені оқушыларға түсінікті ету үшін олардың үлкен тәжірибелік мәні бар, себебі бағдарламалардың көмегімен оқушылар биологияны көру және есту арқылы игереді. Жаңа технологиялық ресурстарды пайдалану биология бойынша мектеп зертханаларындағы жағдайды өзгертуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар оқушыларда проблеманы шешу қабілеті мен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға; жаттығудың білімдік маңызын арттыруға; оқуға деген қызығушылығын арттыруға; бүкіл өмір бойы жаңа ақпаратты алу және пайдалану үшін қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялардың ерекшеліктерінің бірі – оқушыларды зерттеушілік баяндама жазуға, топта жұмыс істеуге және ғылыми этиканы игеруге үйретудің жаңа тәсілдерін ұсынатындығы. Биологияны электронды ресурстардың көмегімен оқитын оқушылар бұндай нұсқаулықты мұғалімдерден алған кездегіге қарағанда, тәжірибені аяқтауға азырақ уақыт жұмсайды.

Қорытындылай келе, онлайн білім беру кезінде менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!