Биология сабағында инновациялық теехнологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Биология сабағында инновациялық теехнологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы мен мұғалім арасында диалогтың жүйелі қалыптасуына амал-тәсіл ойластыру Оқушыларды сыни ойлауға, ақпарат пен идеяларды синтездеуге бағыттау Талантты және дарынды оқушыларға білім берудің Инклюзивті тәсілдерін қолдану. Критерийлер арқылы бағалау формасы арқылы оқушылар қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Биология сабағында инновациялық теехнологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары

Білім беру жүйесі – бұл ұлттық мәдениеттің, ұлттық сана — сезімнің даму көрсеткіші болып отыр. Ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерістерді бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге осы түбегейлі өзгерістерге белсенді ықпал етеді. Оқу-білім беру – жеке адамның әлеуметтік – экономикалық процесстерге еркін қосылуын қамтамасыз ететін басты жағдайлардың бірі. Бүгінгі танда заман ағымына сай жас ұрпақтарды тәрбиелеуде ұстаздардың алдындағы жауапкершілік салмақтана түскендей.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Елбасының 2014 жылғы жолдауында нақты айтқан нақыл сөзіне тоқтала кетсем, ол «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық.

Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандартында анықталатын түйінді құзыреттіліктер ретіндегі білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған проблемалардың шешімін табу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктер басты талаптары болып табылады. Құзыреттілік – оқушылардың іс -әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі. Олай болса, оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу талап етіліп отыр. ХХІ ғасырдағы әлемдік білім беру жүйесін дамуда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқытудың жаңа технологиялары қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін меңгертудің нәтижеге жүйеленеген жету жолдарын формалары, қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын әдіс-тәсілдері. Олай болса, білім беруде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.

-оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу;

-оқушыллардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру;

- жеке дамытуға бағытталған әдіс - тәсілдерді қолдану;

- өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған басты ққзырлылықты қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнын қамтамасыз ету.

Ол үшін биология пәнін оқытуда пайдаланатын жеті модуль жоғарыдағы негізгі талаптарға сәйкес

1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер

2. Оқытуды басқару және көшбасшылық

3.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

4. Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану

5. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен оқу

6. Талантты және дарынды балаларды оқыту

7. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Биология пәнін оқытуда алға қойған міндеттер:

Орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жасау.

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, оқу дағдыларын қалыптастыру.

Жеті модульді үнемі пайдалана отырып сабақ өткізу.

Өз бетінше білім алу дағдыларына негіз салу.

Биологиялық білім деңгейлерін тереңдету.

Оқушының пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру.

Ғылыми көзқараспен белсенділікті қалыптастыру

Оқушының шығармашылық деңгейін дамыту

Сабақта АКТ пайдалану, электронды оқулықпен, интерактивті тақтамен жұмыс жасау материалдар мен жұмыс жасауға үйрету.

Биология пәнін оқытуда қазіргі заман талаптары мынандай:

Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;

Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану;

Негізгі білімділік ұғымдарды терең меңгерту;

Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Топтық негізде іздене білу дағдыларын қалыптастыру;

Тақырыптық зерттеу жүргізу;

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз ойын қорытуға дағдыландыру;

Оқушының өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру, дамыту;

Шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы қабілеттерін арттыру.

Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәжірибе жүзінде білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру;

Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру,

Жаңа технологияларды сабақта пайдалану;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сыни тұрғыдан ойлау модулі.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау тұлғаның өзіндік жеке ойлауы болып табылады. Оқыту процесі сыни тұрғыдан ойлауды дамыту қағидаларына негізделетін болса, әрбір оқушы өз ойымен пікірін және бағалауды басқалардан тәуелсіз құрады. Оқушының айтқан пікірі қойылған мәселе бойынша оң шешімін табуға сәйкес келмесе де «сенің пікірің дұрыс емес» деп сырттай баға беруге жол берілмейді. Оқушының жекелік (өзіндік) ой-пікірін білдіру сыни тұрғыдан ойлаудың алғашқы әрі маңызды сипаты болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мақсаттан басталады. Сыни тұрғыдан ойлаудың принципіне негізделген сабақ нақты мақсатқа негізделген мазмұнды әрекетке айналады да, нағыз өмір қиындықтарын шеше алатын болады. Сыни тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған ой. Бұл деңгейдегі ойлау жоғары, орта, бастауыш сынып оқушыларына тиімді. Сабақ барысында диологтік оқытудың тиімділігіне тоқтала кетсем;

Диалогты оқыту дегеніміз-оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Диалог - білім беру мен білім алу барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, оқушы мен мұғалім арасындағы байланыстың негізгі құралы. Диалогтық оқыту арқылы балалардың өзара дамуын қалыптастыру, Бразилиялық педагог Фриери айтқандай әр адам оку процесіне сыни тұрғыда қатысып, адамдармен диалогтық әңгімелесуге қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірледі. Фриери теориясының негізінде осы тәсілге жағымды энергияны енгізуге арналған «педагогиканың мүмкіндіктері» термині жатыр.

Педагог Фриери арқылы білім өзара мынадай дамуын болуға тиіс деп санайды: Бірлескен, яғни оқушылардың топтық жұмыстарда қалыптастыруды меңгерту мақсатында түрлі тапсырмалар орындады. Проблемалық тапсырмаларды шешуде диалог арқылы жұмыстар ұйымдастырылды. Сабақтарымда ЖИГСО әдісін қолдану кезінде Диалогтік оқыту әдісі жақсы жүзеге асып отырды. Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсады, ынталанды, ойларын бөлісті, пікірлеседі, білімді бірлесіп алды, өз білімін толықтырды. Пікір алмасу оқушылар арасында диалог жүргізу арқылы жүзеге асып отырды. Диалогтік идея тәсіліне сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыс оқушылардың оқуын жақсартуға қабілетті.

Сұрақ қою арқылы мұғалім:

- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.

-оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.

- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.

- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.

-оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.

-оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.

- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.

Оқушы мен мұғалім арасында диалогтың жүйелі қалыптасуына амал-тәсіл ойластыру Оқушыларды сыни ойлауға, ақпарат пен идеяларды синтездеуге бағыттау

Талантты және дарынды оқушыларға білім берудің Инклюзивті тәсілдерін қолдану.

Критерийлер арқылы бағалау формасы арқылы оқушылар қызығушылығын арттыру

Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С. Выготский, М.Я. Лернер, Л.В.Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген. В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері:

1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.

2. Оны шешудің жолын бірге қарастыру.

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Осы компоненттерді шешуде оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады.

I. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады. Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.

II. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып, шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.

ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.

IV. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады.

V. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді.

Сол сияқты, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қазіргі таңдағы талаптарға сай алатын орны ерекше. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясына бағытталған әдістер: өзбетінше тұжырым жасау қабілетін дамыту, пікірталас, білім, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғыдан ойлау - бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мумкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор. М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы бойынша “Қарлы кесек”, “Брейн-ринг”, “Саяхат” оқыта үйрету ойындарын оқу моделінің сөйлесу бөлімінде пайдаланамын.Оқыта үйрету ойындары оқушыларға білімдерін тереңдетуге, толықтыруға, бекітуге, алған білімдерін қолдана білуге, ақпарат көздерімен өздіктерінен жұмыс істеуге, ізденуге, әртүрлі жағдайларға дұрыс шешім қабылдауға, қиындықтан алып шығатын жол таңдауға, өмірде өзін бағалай білуге үйретеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны келешек ұрпақ жан жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, дамуына жол ашатын педагогикалық үрдіс. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. XXI ғасыр информатика ғасыры, яғни ақпараттанд млекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жай жаұты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы компьютер болып табылады. Биология пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары көп, соның бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі сабақта пайдалану. Жаңа ақпараттық – технологиялык құралдарды биология пәнін оқыту кезінде үнемі пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Пән мұғалімі ретінде оқушылар үшін биология сабақтарында үнемі АКТ пайдалана отырып, танымдылық жағынан қызықты, әрі жаңаша етіп өткізуге жұмыстанып отырамын.

Осылайша, әр түрлі педагогикалық технологияларды қолдана отырып құзіреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмаларды орындау арқылы сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолын іздестіреді, жаңаны өздері табады, ақылдасады, кеңеседі. Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалардың маңызы зор. Оқушылардың үлгерімі мен білім сапсының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушының оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан аталған педагогикалық технологиялар ойлау мен ұштастыра білім алуға бағытттайтын оқыту жолы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2025
207
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі