"Биология сабағында жобалау
әдісін қолдану арқылы
оқушылардың функционалдық
сауаттылығын арттыру"
Қазіргі білім беру жүйесінде
функционалдық сауаттылықтың маңызы артып келеді. Функционалдық
сауаттылық – оқушылардың тек білім алу ғана емес, сол білімді
өмірде тиімді қолдана білуі. Оқушылар тек теориялық білімге ие
болып қана қоймай, сол білімді өмірдің түрлі салаларында қолданып,
шешім қабылдай білуі қажет. Биология пәні оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылығын
дамытуда маңызды рөл атқарады. Функционалдық сауаттылық
– оқушылардың ақпаратты тиімді түсініп, қолдану қабілетін дамыту.
Бұл қабілет тек мектепте ғана емес, өмірде де пайдалы болуы тиіс.
Оқушылардың пән бойынша алған білімдері тұрмыстық, кәсіби және
әлеуметтік жағдайларда шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Биология
сабағында бұл сауаттылықты дамыту барысында оқушылар табиғаттағы
құбылыстарды, биологиялық үдерістерді және ғылыми деректерді
қолдана отырып, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай
алады. Биологиялық білім
адамның өз ағзасын түсінуіне, қоршаған ортамен үйлесімді өмір
сүруіне және экологиялық мәселелерді шешуге
көмектеседі. Осы мақсатқа жетудің
тиімді жолдарының бірі – жобалау әдісін қолдану. Жобалау әдісі
оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық
қабілеттерін дамытады. Қазіргі білім беру жүйесінде
оқушылардың білімін тек теориялық тұрғыда ғана емес, практикалық
түрде де жетілдіру маңызды. Биология пәні табиғаттағы құбылыстарды,
тірі ағзалардың құрылымы мен қызметін, экология мен генетика
негіздерін үйретеді. Алайда, тек қана дәстүрлі сабақ әдістерімен
оқушылардың қызығушылығын толыққанды арттыру қиын болуы мүмкін.
Осыған байланысты, биология сабақтарында жоба әдісті ұйымдастыру –
оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілдерінің бірі болып
табылады.
Биология сабағында
функционалдық сауаттылықты дамыту мақсатында әртүрлі жобалар
жүргізуге болады. Олардың кейбір
түрлері:
1)Экологиялық
зерттеулер: Оқушылар өздері тұратын
аймақтағы экологиялық жағдайды зерттеп, табиғат қорғау шараларын
ұсынады. Мысалы, су ресурстарын үнемдеу, ауаның ластануын азайту,
қалдықтарды дұрыс өңдеу мәселелері туралы жоба
жасалады.
2)Генетика және тұқым
қуалау:
Оқушылар адам генетикасы
немесе өсімдіктердің тұқым қуалауы тақырыптары бойынша зерттеу
жүргізіп, тұқым қуалаушылықтың адамның өміріне әсері туралы
қорытынды шығарады.
3)Қоршаған орта мен
денсаулық:
Бұл жобалар арқылы оқушылар
қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері туралы зерттеу жүргізіп,
денсаулық сақтау бойынша ұсыныстар
ұсынады.
4)Өсімдіктер мен жануарлар
әлемі:
Оқушылар түрлі экожүйелердің
тіршілік ету заңдылықтарын зерттеп, экологиялық тепе-теңдікті
сақтау үшін шаралар ұсынады. Мысалы: 8 сыныпта "Адам ағзасы үшін
негізгі дәрумендердің маңызы" тақырып өткенде оқушыларға сабақта
жоба жасауды ұсындым.Оқушылар төрт топқа бөлінді.Әр топқа А,В,С
және Д дәрумендердің жетіспеушілігі туралы мәліметтерді оқып,
адамда болатын ауру белгілер мен алдын алу шараларды жазу керек
еді. Кесте 1.
Дәру
мен
|
Ауру
түрі
|
Аурудың
белгілері
|
Алдын алу
шаралары
|
А
|
Ақшам
соқыр
|
Тері құрғақ
болады,жарылады,қабыршақтанады. Адамның қас қарайғанда көруі
нашарлайды.Жалпы көруі
төмендейді.
|
1 тәулікте 1-2 мг қажет.А
дәрумені көп мөлшерде жануартекті өнімдерде- бауыр, сарымай,сүт,
сары уызында,уылдырықта,балық майында
болады.
|
В
|
Бери-бери
|
Жетіспеуі көмірсулардың
алмасуының бұзылуына апарып соғады.Соның салдарынан жүйке және
жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысы бұзылады.Адамның денесі
қалтырайды,қимыл-қозғалысы бұзылады,ұйқышыл, селқостық пайда
болады, ми қалыпты жұмыс
істемейді.
|
1 тәулікте 1,5-2.5 мг
қажет.Күріш,бидай, арпа,сұлы кебектері, жасыл асжапырақ, салат
жапырағы,сүт өнімдері, жұмыртқа, жидектері В дәруменге
бай.
|
С
|
Құрқұлақ
(цинга)
|
Адам тез шаршайды,сілемейлі
қабықшасы қабынады,қызылиегі қанайды.Адам әлсізденіп,қызылиегі
қабынады әрі қанайды,тістері түсіп қалады, буандары ісіп
кетеді.
|
1 тәулікте 60-100 мг қажет.
Көгөністер мен жеміс-жидек құрамында болады.Ол итмұрын, қара
қарақат, лимон және басқа цитрус дақылдарында,қырыққа -батта көп
мөлшерде.
|
Д
|
Мешел
(рахит)
|
Кальций фосфаттары тамақтан
қанға түспейді де, сүйек ұлпасында жетіспейді.Сүйек әлсіз
болады.Баланың дене салмағының ауырлығынан аяқтары қисаяды,кеуде
қуысы көкетке, ол ішекке қысым түсетіндіктен,қарны шығып
тұрады.Баланың бойының өсуі баяулайды,басы үлкен болады,ұйқысы
бұзылады. Бұл балалар жұқпалы аурулармен көп
ауырады.
|
Балаларда 1 тәулікте 12,5 мг
қажет.Ересек адамға 1 тәулікте 2,5 мг қажет.Көп мөлшерде балық
майында, бауырында, атлант май шабағында,жұмыртқада,сүтте,майда
болады.
|
Әр топ қажетті дәрумендер
туралы мәліметтерді жинақтап,бір-бірімен ақылдасып , тақтаға шығып
қорғайды.Төрт топтан алынған мәліметтер бір үлкен кестеге
жинақталады.Бұл кесте сабақ үстінде жасалған жоба болып шықты.
Осындай жобаны 8 сыныпта "Қанның құрамы мен қызметі" тақырып
бойынша жасауға болады. Эритроциттер,лейкоциттер және тромбоциттер
мәліметтері туралы. "Жұқпалы аурулар және оларды алдын алу
шаралары" тақырып өткенде де жоба әдісін қолдануға болады.Амеба
дизентериясы, тырысқақ, күл, лейшманиоз, герпес және фитофтороз
туралы мәліметтерді кестеге біріктіруге болады.Басқа да сыныптарда
жоба әдісін қолдануға мүмкіндік
бар.Адам ағзасының
денсаулығы тақырыбы аясында оқушылар
денсаулықты сақтаудың маңыздылығы мен профилактикалық шараларды
зерттеп, өз пікірлерін білдіреді. Осылайша, оқушылар медициналық
сауаттылықты, денсаулық сақтау жүйесін түсіну қабілеттерін
дамытады.
Биология сабағында жобалау
әдісін қолдану оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға
көптеген жағынан әсер
етеді:
Оқуға деген ынтасын
арттыру: Жобалау әдісі
оқушылардың өз таңдаған тақырыптарын зерттеуге мүмкіндік береді,
бұл олардың оқуға деген қызығушылығын
арттырады.
Зерттеушілік, сыни ойлау және
шығармашылық қабілеттерін
дамыту: Жобалау жұмысы барысында
оқушылар ақпаратты іздеу, жинау, сұрыптау, талдау, қорытынды жасау
және ұсыныстар дайындау дағдыларын
меңгереді.
Білімді тәжірибемен
байланыстыру: Жобалау әдісі оқушыларға
теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік
береді. Мысалы, олар өз мектебінің аумағындағы өсімдіктерді
зерттеп, олардың экологиялық жағдайын жақсарту жолдарын ұсына
алады.
Коммуникативтік және
әлеуметтік дағдыларды
жетілдіру: Жобаны қорғау барысында
оқушылар өз ойларын анық және дәлелді түрде жеткізе білуге,
аудиториямен байланыс орнатуға және сұрақтарға жауап беруге
үйренеді. Топтық жобалар оқушылардың ынтымақтастық дағдыларын
дамытады.
Жауапкершілікті сезінуге
тәрбиелеу: Жобаны орындау барысында
оқушылар өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауға
үйренеді.
Сабақта жоба әдісін қолдану
барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығы төмендегідей
жолдармен дамиды:
Ақпаратты талдау және
қолдану Жоба
барысында оқушылар өздері жинаған ақпаратты сараптап, зерттеу
нәтижелерін нақты қорытындыларға келтіреді. Олар биологиялық
үдерістерді түсініп, нақты деректер негізінде шешім қабылдайды.
Мысалы, экологиялық зерттеу жүргізгенде, оқушылар жергілікті
табиғат ресурстарын тиімді пайдалану немесе қорғау туралы ұсыныстар
жасайды.
Шығармашылық және проблемаларды шешу
дағдылары Жоба
жасағанда оқушылар әртүрлі мәселелерді шешуге шығармашылық
көзқараспен қарайды. Олар биологиялық тақырыптарды зерттеп, алған
ақпаратты тұрмыстық немесе кәсіби өмірде қолдануға тырысады.
Мысалы, топырақтың сапасын тексеру жобасы оқушыларды экологиялық
мәселелер мен ауыл шаруашылығының байланысын түсінуге
үйретеді.
Жауапкершілік және шешім
қабылдау Сабақта жоба
әдісі арқылы оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарына
жауапкершілікпен қарайды. Олар өз зерттеуін дұрыс ұйымдастырып,
жинаған мәліметтерін пайдалана отырып, нақты шешімдер мен ұсыныстар
береді. Бұл оқушылардың шешім қабылдауға деген қабілеттерін
арттырады.
Топтық жұмыс және коммуникациялық
дағдылар Жоба жасау
көбінесе топпен жұмыс істеуді талап етеді. Бұл оқушылардың
бір-бірімен пікір алмасу, ой бөлісу және бірлесіп жұмыс істеу
дағдыларын дамытады. Командалық жұмыс барысында оқушылар өз
идеяларын ұсынады, тыңдайды, келісімге келеді және ортақ шешімдер
шығарады. Бұл дағдылар өмірде де қажет
болады.
Жобаның ұйымдастырылуы
мынадай қадамдарды қамтуы мүмкін:
Тақырып
таңдау: Оқушылар өздеріне қызықты
тақырыпты таңдайды. Бұл тақырып биологияның түрлі аспектілерін
қамтуы мүмкін: ағзалар биологиясы, экология, эволюция, генетика,
физиология және т.б.
Ақпарат
жинау: Оқушылар тақырып бойынша
кітаптар, ғылыми мақалалар, интернет ресурстарынан ақпарат жинайды.
Бұл кезеңде ғылыми көзқарас пен деректерді дұрыс таңдаудың маңызы
зор.
Талдау
жасау: Жинақталған ақпаратты
жүйелеп, нақты қорытындылар шығару. Оқушылар ғылыми әдіс-тәсілдерді
қолдана отырып, ақпаратты талдайды.
Қорғау: Жоба нәтижелерін сынып
алдында қорғау. Оқушы өз зерттеуінің нәтижелерін нақты әрі көрнекі
түрде көрсетуі керек. Бұл кезең оқушылардың сөйлеу, презентация
жасау, пікірталас жүргізу дағдыларын
жетілдіреді.
Қысқа жобалар оқушыларға
бірнеше жағымды әсер береді:
Терең
білім: Биология сабағында оқушылар
тек теориялық біліммен шектелмейді, керісінше, өздері зерттеу
жүргізіп, практикалық дағдыларды
меңгереді.
Қызығушылық пен
мотивация: Жоба жасау барысында
оқушылар тақырыпқа тереңірек еніп, өздері үшін маңызды әрі қызықты
нәрселерді анықтайды. Бұл олардың биологияға деген қызығушылығын
арттырады.
Шығармашылық
қабілет: Оқушылар өз жобаларын
әзірлеу кезінде шығармашылықпен жұмыс істейді, түрлі жаңа идеяларды
жүзеге асырады. Сонымен қатар, олар зерттеу барысында мәселелерді
шешу үшін әртүрлі тәсілдерді қолданады.
Топтық жұмыс
дағдылары: Кейбір жобалар топта жұмыс
істеуді талап етеді. Бұл оқушылардың топтық жұмыс, бірлескен шешім
қабылдау және өзара көмектесу қабілеттерін
дамытады.
Қысқа жоба жасау – биология
сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың ғылыми
зерттеу дағдыларын дамытуға көмектесетін тиімді әдіс. Бұл тәсіл
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, тақырыпты тереңірек
түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба жасау оқушылардың
биология пәніне деген қызығушылығын арттырып, оларды осы саладағы
ғылыми ізденістерге ынталандырады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1)https://multiurok.ru/files/ok-ytu-mien-ok-udag-y-funktsionaldyk-sauattylyk.html
2)https://ulagat.com/2020/11/30/функционалдық-сауаттылық-жаңартылғ/
3)
https://bilimainasy.kz/сабақтарда-әр-түрлі-ойын-әдістерін-па/
4)
https://mektepzhurnal.kz/baza-materialov/biologiya/oushyilardyi-funkczionaldyi-sauattyilyiyin-alyiptastyiru-biologiya-sabayinda
5)
https://tilalemi.kz/kz/method/jobalap-oqitu-texnologyyasi.html
6)https://bilimainasy.kz/21-15-02-02/