Биология сабағында оқушылар қызығушылығын арттырудағы жаңа форматты әдістердің рөлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биология сабағында оқушылар қызығушылығын арттырудағы жаңа форматты әдістердің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының» маңызы зор. Осы курс арқылы көптеген жаңа тәсілдер мен әдістерді үйрене отырып, көптеген тәжірибелер жинақтадым. Биология пәнінен сабақ беру барысында жаңа форматтағы жеті модульді сабақ барысында жүйелі қолданып бастадым. Жеті модульді бір сабақ өткізген кездеде қолдануға болады, кейде екі сабаққа бөліп пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Биология сабағында оқушылар қызығушылығын

арттырудағы жаңа форматты әдістердің рөлі»


Айтимова Аяжан Гайсиевна                                           

жоғары санатты биология пәні мұғалімі

Әлем өзгеруімен біз де өзгереміз


“Білім беру жүйесін жаңғырту барысында…педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.

Мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланғанорталықтар жұмыс істеуі тиіс.”

 

Қазақстан Республикасының Президенті –

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан  халқына Жолдауынан,

2012 ж.27 қаңтар

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында дамудың  жеті басым бағытын айқындады, оларды жүзеге асыру әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына біздің еліміздің де қосылуына жол ашатын міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Осындай ең өзекті басымдылықтардың бірі қазіргі білім беру мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білім беру жүйесі — бұл ұлттық мәдениеттің, ұлттық сана — сезімнің даму көрсеткіші болып отыр. Ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерістерді бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге осы түбегейлі өзгерістерге белсенді ықпал етеді. Оқу-білім беру – жеке адамның әлеуметтік – экономикалық процесстерге еркін қосылуын қамтамасыз ететін басты жағдайлардың бірі. Бүгінгі таңда заман ағымына сай жас ұрпақтарды тәрбиелеуде ұстаздардың алдындағы жауапкершілік салмақтана түскендей.

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының» маңызы зор. Осы курс арқылы көптеген жаңа тәсілдер мен әдістерді  үйрене отырып, көптеген тәжірибелер жинақтадым. Биология пәнінен сабақ беру барысында жаңа форматтағы жеті модульді  сабақ барысында жүйелі қолданып бастадым. Жеті модульді  бір сабақ өткізген кездеде қолдануға болады, кейде екі сабаққа бөліп пайдалануға болады. Ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты болып келеді. Орта мерзімді сабақ жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспары жаңа форматтағы әдіс-тәсілдердің бірі болып табылады. Жаңа форматтағы жеті модульді жүйелі пайдаланудың өзі үлкен шеберлікті қажет етеді. Орта мерзімді сабақ жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасақтап, өз пәніме жүйелі түрде қолдануды бастаудамын. Өз пәнім бойынша сабақ топтамаларында жеті модульді пайдалана отырып өткізген сабақтарым оң нәтижесін беруде.


Биология пәнін оқытуда қазіргі заман талаптары мынандай:

  • Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;

  • Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану;

  • Негізгі білімділік ұғымдарды терең меңгерту;

  • Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • Топтық негізде іздене білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Тақырыптық зерттеу жүргізу;

  • Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз ойын қорытуға дағдыландыру;

  • Оқушының өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру, дамыту;

  • Шығармашылық  тапсырмалар орындату арқылы  қабілеттерін арттыру.

  • Тәжірибе жүзінде білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру;

  • Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру;

  • Жаңа технологияларды сабақта пайдалану;

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.

  • Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.

Биология пәнін оқытуда алға қойған міндеттер :

  • Орта мерзімді және қысқа мерзімді  сабақ жоспарларын жасау.

  • Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс — тәсілдерді пайдалана отырып, оқу дағдыларын қалыптастыру

  • Жеті модульді үнемі пайдалана  отырып  сабақ  өткізу

  • Өз бетінше білім алу дағдыларына       негіз салу

  • Биологиялық  білім деңгейлерін тереңдету

  • Оқушының пәнге деген қызығушылығын дамыту

  • Интеллектуалды  жеке тұлғаны қалыптастыру

  • Ғылыми көзқараспен белсенділікті қалыптастыру

  • Оқушының шығармашылық деңгейін дамыту

  • Сабақта АКТ пайдалану, электронды оқулықпен, интерактивті тақтамен жұмыс жасау

  • Қосымша материалдар мен  жұмыс   жасауға үйрету


Жаңа педагогикалық технологиядағы негізгі үш саты мынадай:
- Шақыру,
- Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну),
- Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы).

Мұнда сабақтың базалық үлгісі туралы айтылып отыр. Бірақ сабақта барлық үш кезеңді іске асыру мүмкін емес, мысал үшін, бір сабақ толығымен шақыру түрінде немесе т.б. болу керек. «Сыни ойлау», бұл – американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар. Ал, өзім істесем, үйреніп алам». Яғни, баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Сыни тұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол – белсенді, тұжырымдалған, күрделі шын ойды айтатын құбылыс. «Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасымен оқытуда оқушылардың кестелер, суреттер, оқулық дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады. Осы бағдарламамен оқыту нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артатыны байқалады. Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары өте көп. Ол іс-әрекеттер оқушыларға:

-еркін ойлауға мүмкіндік береді;

-ақыл-ойын дамытады;

-шығармашылық белсенділігі артады;

-ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;

-тіл байлығы жетіледі;

-жан-жақты ізденеді;

-өз ойын жеткізеді.

Енді осы бағдарламамен оқытылған бір сабағымның әдістемесімен бөліскім келеді. Сабақ құрылымы 3 кезеңнен құрылады:

Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Оған оқушыларды топқа бөлу, оның түрлі іс-әрекеттерін өткізу. Психологиялық дайындық. Бір-біріне сәттілік тілеу. Немесе әр оқушы өзіне мақсат, міндет қояды. Мен істеймін (тырысу), Мен – үшін керек (талаптану, жақсы жауап беру), Мен – істей аламын (сенімділікпен тапсырмаларды қарау, жақсы орындау). Мұғалім белгілерді тақтаға жазады, ал оқушылар бұл белгілердің қандай затқа тән екенін айтады. Бұны «Атаулар көмегімен болжау жасау» стратегиясы дейді. Биология кабинетіндегі дайын кеппематериалдарды пайдалана отырып, мәтін, әңгіме құрастырады. Оны «Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы дейді. Қызығушылықты ояту, миға шабуыл және сын тұрғысынан ойлап жүзеге асады.
Екінші кезең – мағынаны ажырату сатысы. Ой қозғау. Эссе жазу. Тақырып бойынша оқушылар тез ойларына келгенін жазады. Топ ішінде оқиды. Топ алдында іштерінен біреуі шығып оқиды. Әр топтан шыққан оқушы орындыққа отырып, жазғандарын оқиды. Тақырыптағы кезеңді ойды бейнелейді. Оны тақтаға іліп, әр оқушы өз суреттерін әңгімелейді. Бұл «Галереяны аралау» стратегиясы. Тағы бір әдіс түрі " Шеңбер құру әдісі".

Үшінші кезең – ой толғаныс. Әртүрлі әдіс-тәсілдердің көмегінде шешімі табылған мәселені жалпылау, жаңа материалды қайталау жүзеге асырылады. Мысалы, "Маршруттық карта әдісі арқылы" алынған білімдерді пысықтау, Т – кестені толтыру. Жақсы-жаман, жағымды-жағымсыз.

Бұл бағдарламада стратегия түрі өте көп. Оны мұғалім өзінің ыңғайына, сабақ тақырыбына қарай таңдайды. Бұл бағдарламаның тағы бір пайдасы сыныптағы оқушылардың сабаққа толық қатысуы. Күнделікті жай сабақта 3-4 бала ойын ортаға салып, сабаққа белсене қатысса, қазір сабаққа үлгерімі төмен оқушы да өз ойын ортаға айтып, пікірталасқа түседі. Өздеріне өзі баға қойып, уақыт та үнемделеді. Стратегияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу барысында бірін-бірі тыңдай білуге, құрмет көрсете білуге үйретеді.

Сабақ беру барысында биология пәнінен сабақ тақырыбына сәйкес қызығушылықты ояту бағытында, оқушылар    білімдерін нақтылау мақсатында оқушыларға сұрақтар беріп, қойылған сұрақтарға нақты жауап берулері керек екенін және ойлануға бір, екі минут берілетіні жайлы айтылды. Мысалы: «Өркендер мен бүршіктер» деген тақырыбымда оқушылардың зейінін сабаққа аудара отырып, сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша «Ой ашар»  мақсатында оқушыларға  сыныбымызға «Хат келді» деген тапсырмамен бастадым. Хат ішіндегі сұрақтар: Өсімдіктердің  өсімді (вегетативті) мүшелерін ата? Неге қазақ халқы жас жеткіншектерге «Жапырағың жайылсын деп бата берген?». Өсімдіктің «Жасыл асхана» деп қай мүшесін айтады? Осындай сұрақтарды бере отырып, жауап алу кезінде  диалогтық оқыту – арқылы (мұғалім — оқушы,оқушы-мұғалім) арасында байланыс « Ой қозғау » бөлімінде көктемде ағаштарда қандай өзгерістер байқалады? деген тақырыпта ой тастай отырып оқушылардан тиянақты жауап алдым. «Кім жылдам?» бөлімінде әр топқа бес сұрақтан беріп отырып, жауап алдым.

1. Тыныштық күйге ауысқан бүршік? (Бұйыққан)

2. Тек ұзарған өркенде ғана орналасқан? (Өсу бүршігі)

3. Бір буын мен екінші буын арасы не деп аталады? (Буын аралық)

4. Бүршіктің сыртын не қаптайды? (Қабық)

5. Оған бүршік, жапырақ,  гүл бекінеді? (Сабақ)

6. Өркеннің ең ұшында орналасқан?(Төбе бүршік)

7. Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік? (Жанама)

8. Бүршіктің түсі қандай? (Қоңыр)

9. Өркен, бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі қалай аталады? (Буын)

10. Бастапқы өркен? (Бүршік)

11.Тек қысқарған өркенде орналасқан бүршік? ( Гүл бүршігі)

12. Жапырақтары мен жас сабағы бар жас шыбық? (Өркен )

13. Буын аралығы ұзын болса қандай өркенге жатады? (Ұзарған өркен)

14. Жапырақтың сабаққа орналасқан жері не деп аталады? (Жапырақ қолтығы)

15. Буын аралығы қысқа болса қандай өркенге жатады? (Қысқарған өркен).

Оқушылар өз пікірлерінің бағаланатынын жақсы сезінді. Өзіне деген сезімі аздау оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып жұмысқа басқа оқушылармен бірлесе қатысуға көмегі тиді.

Сыныптағы барлық оқушылар өздерінің пікірлерін ұсынып, сұрақтарыма жауап беруге қатысты. Ұсынған стратегияларым оқушыларыма өздерінің пікірлерін ашық айта отырып, берілген сұрақтарға жауап беруге белсене қатысты. Сұраққа жауап берген кезде кейбір оқушылардың жауабы мені таңқалдырды. Бұрын сабақта көп сөйлей бермейтін оқушылар сабақ барысында  өз ойларын ашық айтты. Оқушылар  ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүру үшін  қажетті дағдылары мен қасиеттері – ұстаздар үшін ынталандыратын күш болып табылады. «Сабақтың қызметі мен түрлері» деген  тақырыптағы  сабағымда  Блум таксономиясы бойынша «Көпір» тапсырмалары арқылы төмендегідей сұрақтар бердім:

1.Өркен деген не?

2.Өркен қандай бөліктен тұрады?

3.Өркеннің қандай түрлері бар?

4.Өркен өсімдіктің қандай мүшесіне   жатады?

5.Бүршіктің қандай түрлері бар?

6.Төбе,қолтық,қосалқы,бұйыққан бүршіктер деп  қандай бүршіктерді айтамыз?

7. Бүршіктен не дамиды?

8. Бүршік қайда бекінген?- деген сұрақтар бере отырып, сұрақтарға оқушылар қызығушылықпен жауап берді.

«Түсіну» жүйесі бойынша «Менен — сұрақ, сізден — жауап» тапсырмасы бойынша оқушылар бір-біріне тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды.

Мысалы: Сабақ қандай қызмет атқарады?

-Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды ата?

-Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?

Өзек қандай қызмет атқарады?

Бір-біріне сұрақтар беру арқылы   жауаптарын тыңдай отырып, пікірлерін толықтырып отырдым.  «Талдау» жүйесінде зертханалық жұмыс орындады. Зертханалық жұмыста оқушылар әр түрлі сабақ түрлерін ажырата білді. Зертханалық жұмыста берілген нұсқаулықтағы  тапсырмаларды жеке – жеке  орындай отырып көз жеткізу арқылы табиғи материалмен жұмыс жасады.Зертханалық жұмысты орындау барысында жекеленген оқушылар зерттеп, талдап көз жеткізе білді.«Жинақтау» жүйесінде  тестілеуге арналған сұрақтар арқылы немесе өткен материалды еске түсіріп, ынталандыру  үшін, жауапты ойлауға бағытталған, жинақталған білім мен ұғымды қалыптастыра отырып  толықтырдым. «Жапырақ» деген сабағымда оқушылардың  қызығушылығын ояту «Ой ашар» бағытында мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар бердім:

1. Жапырақ жайлы не білесіңдер?

2. Жапырақтың маңызы қандай?

3. Жапырақ жайлы не білгілерің келеді?

Бағыттаушы сұрақтар арқылы:

1. Жапырақ қандай қызмет атқарады?

2. Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?

3.Мәтінде не жайлы айтылған? деп сұрақтар беру арқылы, үй тапсырмасын пысықтап алдым.

СТО әдістерін сабақтарымда үнемі пайдаланып отырамын. Мысалы: «Түртіп алу» стратегиясы бойынша: БББ кесте толтырттым.


Білемін

Білгім келеді

Білдім





Бұл кестені толтыртудағы мақсатым не дейтін болсам, тақырып бойынша түсініктерін қалыптастыру. Осы кестені толтырту барысында:

«Мағынаны тану» бағытында төмендегі сұрақтарды бердім. Ол төмендегі бағыттағы сұрақтар:

1. Жапырақ жайлы не білесіңдер?

2. Жапырақтың маңызы қандай?

3.Жапырақ жайлы не білгілерің келеді? Сонымен бірге бағыттаушы  сұрақтар берілді. Ол қандай сұрақтар дейтін болсақ:

1. Жапырақ қандай қызмет атқарады?

2. Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?

3. Мәтінде не жайлы айтылған? сұрақтары арқылы нақтылап алдым.

«Ой қорғау» стратегиясы бойынша

1 топ : Жапырақ құрылысына сипаттама   бер.

2 топ:  Жай және күрделі жапыраққа сипаттама бер.

3 топ:  Жапырақтың сабақта орналасуына  сипаттама  бер.

Топтар осы аталған тақырыптарға «Джиксо» әдісі бойынша топтар арасында Фостер қорғап сипаттама берді. «Ой дамыту» бағытында жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар берді. Ол оқулықтағы А; В; С тапсырмасындағы сұрақтарды топ   болып орындады.Оқушылардың жас ерекшелігін, деңгейін ескере отырып, бастапқы кезеңдегі оңай сұрақтан бастап дағдыландырып, жоғары деңгейдегі сұрақтарға дейін  сұрақтарды ойланып, жүйелі жауап берді.7 сыныпқа «Қосмекенділер класы» деген тақырыпта өткізген сабағыма тоқталып кетейін. Білім берудің жаңа бағдарламасы бойынша алынған негізгі тақырып. І Ұйымдастыру бөлімінде: оқушылардың жалпы сабаққа деген көңіл күйін анықтау мақсатында оқушылар смайликтер арқылы көңіл-күйлерін білдірді. Содан кейін сыныпты әр түрлі түстер мен геометриялық таңбалар таңдату арқылы топқа бөлдім. Сынып ІІІ топқа бөлінді. І топ: қызыл түс, ІІ топ: сары түс, ІІІ топ жасыл түс. Қызыл түс таңдағандар І топқа, сары түс таңдағандар ІІ топқа, жасыл түс таңдағандар ІІІ топқа отырды. Оқушыларды сабақ кезеңдерімен таныстырдым. Ел басының 2014 жылғы жолдауында нақты айтқан нақыл сөзіне тоқталдым, ол «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды  қалдырайық. Оқушыларға сабақ басталар алдында бағалау парағы үлестірілді. Сабақтың келесі бөлімі : « Білім » минутты деп аталды. Бұл кезеңде үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар арқылы жауап алдым. Келесі бөлім: «Білу» жүйесі  бұнда оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтар бердім. «Қазір қай мезгіл?» «Селомыздың көктемнің самал жел ескен кешкі тымық жағалауда отырмыз деп сезініп, көздеріңді жұмып жануарлар дыбыстарын тыңдай отырып қандай жан-жануарлардың дыбыстарын естідіңдер соны ажыратып айтып беріңдер?» бұл жерде жан-жануарлардың дауыстарын компьютер арқылы жіберіп қойдым. «Жағада отырып қосмекенділердің қандай іс-әрекеттерін байқадыңдар?», «Бақаға байланысты қандай ертегілерді білесіңдер?»  деген бағытта сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтар арқылы оқушыларды  өз ойларын ортаға салды.

Тізбектелген сабақтар топтамасы  бойынша өткізілген сабақтар жүйесі.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде  алға қойған мақсаттарды іске асыруда ең басты жетекші рөлді мұғалім атқарады. Мұғалім мектептің жүрегі, сондықтан да мұғалім білімді өзі меңгеріп қана қоймай жас жеткіншектерге де  өз  білімін тиянақты етіп жеткізуге міндетті. Заман талабына сай әр мұғалім  өзінше ізденіп, жаңашылдыққа ұмтылуы керек. Жаңашыл мұғалім әр уақытта  үнемі жаңалыққа ұмтылуы керек. Жаңа технологиялардың қарқынды даму  кезеңінде,  әрбір ұстаз өзінің кәсіби  шеберлігін жаңа әдіс — тәсілдер арқылы жетілдіріліп отырады.Өзіміздің курстан алған жақсы мәліметтерімізді  іс-тәжірибе кезінде   сабақ топтамаларында пайдаландым. Биология пәнінен дәріс берген кезімде жеті модуль бойынша  сабақ топтамаларын өткіздім. Өзімнің биология пәнім  бойынша  өткізген сабағымның негізгі тақырыбы «Сабақтың қызметі мен түрлері». Сабақты өткізу барысын төмендегідей жоспарлау арқылы  өткіздім. Сабақтың  жүру барысында сыныптың атмосфералық ынтымақтастығын қалыптастыру мақсатында оқушыларды  топқа бөле отырып топтастырдым. Сабақтың жүрісіне тоқталып өтейін.

І. Ұйымдастыру кезеңі.  Ұйымдастыру кезеңінде  психологиялық дайындықтан бастадым. Сабақ барысында оқушылардың  сабаққа қатыстарын тексеріп  алдым. Оқушылар үш түрлі геометриялық  таңбалар мен түстер таңдау арқылы топқа бөлінді. /Қосымша 3/Бірінші топ: Білімділер; Екінші топ: Зеректер; Үшінші топ : Тапқырлар  болып топтастырылды. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Көпір» тапсырмасы бойынша төмендегідей сұрақтар берілді:

1.Өркен деген не?

2.Өркен қандай бөліктен тұрады?

3.Өркеннің қандай түрлері бар?

4.Өркен өсімдіктің қандай мүшесіне жатады?

5.Бүршіктің қандай түрлері бар?

6.Төбе, қолтық, қосалқы, бұйыққан бүршіктер деп қандай бүршіктерді айтамыз?

7.Бүршіктен  не дамиды?

8. Бүршік қайда бекиді? Сабақ барысында көшбасшы өзім  және  топ жетекшілері көшбасшылық қызмет атқардым. Топтар бойынша жетекшілер тағайындалды. Әр топ жетекшілері сайланып болғаннан кейін, бағалау парақтарын таратты. Бағалау парақтарын үлестіре отырып қалай бағалаулары керек екендігін  айтып түсіндіріп өттім. Оқушыларға сабақ барысында оқушыларды тапсырмаларды жақсы орындағандарын қол шапалақтау отыратынымызды айтып отырдым.

Сабақ барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша диалогтық оқыту арқылы  оқушылар тақырыпқа байланысты  бір — біріне сұрақтар қойды. Оқушы мен оқушы арасындағы байланыс орнады. «Менен сұрақ, сізден жауап» тапсырмасын орындау барысында, оқушылар бір — біріне сұрақтар бере отырып, өз білімдерін толықтырды.

Сабақ барысында оқыту мен оқудағы ақпараттық —  коммуникациялық технологияларды пайдалана  отырып, сабақ барысында мультимедиялық проекторды пайдаланып, видео роликтер пайдалана отырып сабақ түсіндірдім. 1 — топ: Сәйкестендіру кестесін; 2 – топ: Суреттер сыры; 3 – топ:  Биологиялық диктант  атты тапсырмаларды интерактивті тақтаға активстудио қаламы арқылы  тапсырманы орындады. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен оқу модулі бойынша  СТО әдісінің  «Джиксо»  стратегиясы бойынша үш топқа төмендегідей тапсырмалар бердім.

1- топ: Сабаққа сипаттама;  2- топ: Сабақ түрлері;  3- топ: Сабақтың ішкі құрылысын  әр топ бір — біріне  барып   түсіндірді. “Қара жорға” биі арқылы оқушыларды сергіту сәті бойынша би билеп көңілденді. Сергіту сәтінің оқушылар үшін маңызы ерекше. Талантты және дарынды оқушылар модулі бойынша  дарынды оқушым Өтеуов Бекзат  зертханалық жұмыстың  тапсырмаларын өз бетімен жүйелі орындады. Тапсырманы дәлелдеп  орындауда оқушы өз білімін ортаға салды. Өз дәлелдемесін сыныптастарының алдында талдап, қорытынды жасады. Өз дәлелдемесін қызығушылықпен орындай отырып, ғылыми жұмыс орындауына икемділігі бар екеніне көз жеткіздім. Бұл оқушы үнемі ізденетін оқушы. Үнемі ғаламтор материалдарын пайдаланады, биология пәнінен арналған жеке шығармашылық папкасы бар. Шығармашылық папкасын үнемі толықтырып отырады. Сонымен бірге  қосымша  биологиялық әдебиеттерді үнемі оқып отырады. Өзін қызықтырған сұрақтарға үнемі іздене отырып жауап таба біледі.

Сабақ барысында  оқушыларды ынталандыру мақсатында  формативті бағалап отырдым.Соның ішінде сабақ барысында тапсырмаларды жақсы орындаған оқушыларды мадақтау, тәттілер беру арқылы бағалап отырдым. Топ жетекшісі сабақ басталғанда  оқушыларға  үлестірген бағалау парақтарын жинап алып, өзі топ жетекшісі  ретінде оқушыларды  әділ бағалады. Оқушылар сонымен бірге  өз- өздерін бағалай білді.Формативті және жиынтық бағалаудың сабақ барысында  оқушыларды әділ бағалауда маңызы орасан зор. Сабақ соңында оқушылармен бірге бағалауды бірге талқылаймыз.Түсінікті болу үшін бірнеше мысалдар айта кетейін. БББ кестесі бойынша бағалау критерийлерін былай деп алдым:

Барлық бағандағы карточкаларды толтыру — 1 балл

Кем дегенде жоғарғы деңгейдегі 2 сұрақтың қойылуы – 4 балл

Оқушының көзқарас айтуы және оны дәлелдер келтіру шеберлігі — 5 балл

Осы тұрғыда балаларға жұптарын бағалауды ұсындым, және өздерінен «осы критерийлерге алып қосарларыңыз барма?», – деп сұрадым. Сонда олар: Мен олардың өтінішін қабылдап, аяғында 12 балдық критерий қылып алдым. Сонда оқушының жинаған ұпайлары төмендегі шкаламен бес балдық жүйеге асады.

«5» – 10-12 балл;

«4» — 8-10 балл;

«3» –5-7 балл;

«2» — 1-4 балл осылай жасаған сыныпты бағалауымда алғашқы кезде қиындықтар туындады, өйткені уақыттың қысқалы және бағалауды тек осыған дейін мұғалім жүргізіп келсе, енді балалардың өздері қатысып өздерінің жұмыстарын бағалаған оларға едәуір ауырлау тиді. Сонымен қорытындысында 20 оқушының 8-і  «4» деген баға алып, 12-і « 3» ке қорғады. Сабақ барысында  оқушыларды ынталандыру мақсатында  формативті бағалап отырдым. Сабаққа жақсы,өте жақсы жауап берген оқушыларға тәттілер үлестірдім. Кейде оқушылар бір-бірін қол шапалақтау арқылы  мадақтау.Топ жетекшісі сабақ басталғанда  оқушыларға  үлестірген бағалау парақтарын жинап алып, өзі топ жетекшісі  ретінде оқушыларды  әділ бағалап отырды. Оқушылар сонымен бірге  өздерін-өздері бағалай білді. Формативті және жиынтық бағалаудың сабақ барысында  оқушыларды әділ бағалауда маңызы орасан зор. Әр оқушымның «жеке тұлға» болып қалыптасу жолында, өзімнің тәжірибемді ұштап отырамын. Қазіргі таңда беріліп отырған, түрлі бағдарламалардың оқушы бойына дұрыс даруы  ұстаздың қолынан келетін іс деп білем.

Әдістемелік семинарда  8 сыныпқа «Витаминдер» деген тақырыпта ашық сабақ өткіздім.Сабақ барысында үй тапсырмасын тексеру бағытында оқушыларға  «Көпір» тапсырмалары арқылы сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексердім. «Білім» жүйесі бойынша Оқытуды басқару және көшбасшылық  модельі бойынша жаңа сабақты (Кім? не? қашан? қайда? не істеді?) деген сұрақтар арқылы сыни тұрғыдан ойлау бағытындағы сұрақтар арқылы пысықтадым. Сабақтың мақсатын оқушылармен біріге отырып құрып,жоспарымен таныстырдым. Сабақ барысында сынып ішіндегі талантты және шығармашыл оқушылар өздерінің ізденіп келген қосымша шығармашылық жұмыстарын өз сыныптастарымен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.«Түсіну” жүйесі (Неге? себебі? неліктен?) деген сұрақтарды басшылыққа ала отырып  жұптық  тапсырмалар орындады. Ол төмендегідей тапсырмалар :

1. Семантикалық кесте.

2. Сәйкестендіру тестісі.

3. Тест жұмысы.


« Талдау” жүйесі.

Оқыту мен оқудағы ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану   АКТ  (Салыстыр. Айырмашылығы неде?) деген бағытта оқушылар Интерактивті тақтамен жұмыс жасады.

“Жинақтау”  жүйесі  сынып оқушылары тақырыпқа байланысты “Менен — сұрақ,  сізден  жауап”сұрақтарды бір-біріне қоя отырып оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту жүзеге асты. Сабақ соңында оқушылар бағалау парақтары бойынша өз бағаларын қойып бағалап отырды.

 Әрине біз ұстаз баладан көп нәрсені күтеміз. Барлық оқушыларымыздың сабаққа қатысуын қаласақ та, кей оқушыларымыздың тыс қалып жататыны рас. Әр сабағымда барлық баланың білімі көрініп, бағаланып, бар баланың сөйлегенін менде қалаймын. Ал жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсында үйренген жеті модульді сабақтарға енгізу осы келеңсіздіктерді шешуге көп көмек береді деп ойлаймын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
963
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі