
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бір тұтас тәрбие Қараша айының анықтамасы 2024-2025 оқу жылы
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Адал азамат - Адал еңбек - Адал табыс» Қауіпсіздік сабағы
Анықтама
Мерзімі:5.11.2024ж
Тақырыбы: «Адал азамат - Адал еңбек - Адал табыс» Қауіпсіздік сабағы
Мақсаты: Оқушыларға тек еңбек арқылы жетістікке жетуге болатындығын түніндіру. Оқушыларға адал еңбек жөнінде айта отырып, адал қызмет етуге, еңбекқорлыққа баулу.
Міндеттері: Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Барысы:"Адал азамат - Адал еңбек - Адал табыс"
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні құқық пәні мұғалімі Меруерт Жусупбекова дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай "Мектеп парламенті жане Жас Ұлан " ұйымының мүшелерімен "Адал азамат - Адал еңбек - Адал табыс" тақырыбында сынып сағаты өтіп,"Өз құқығыңды білесіз бе?" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Мақсаты: оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету,құқықтық тәрбие беру.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде Мектеп театры «Шабыт» жобасы
Анықтама
Мерзімі:06.11.2024ж
Тақырыбы: Мектеп театры «Шабыт» жобасы
Мақсаты: оқушылардың шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру және елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, баланың сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал жасау.
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Барысы:
Мектебімізде Мектеп театры "Шабыт" жобасын жандандыру мақсатында оқушылардың шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру және елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, баланың сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал жасау үшін мектеп домбырашылары күй тартты.
Ұйымдастырушы: М.Алиева
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т.Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде
«15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні» тақырыбында сынып сағаты
Анықтама
Мерзімі:15.11.2024ж
Тақырыбы: «15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні» тақырыбында сынып сағаты
Мақсаты: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру. Теңге жайлы көбірек мағұлмат беру.
Міндеттері: Оқушыларды рәміздерімізді
құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге
тәрбиелеу. Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып,
шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Барысы:
Мектебіміздің 5 сыныбында “Ұлттық валюта - тәуелсіздік нышаны” тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізілді.
Еліміздің қаржылық жүйесінің негіздерін, ұлттық валютаның маңызын түсіндіруге бағытталған тәрбие сағатының мақсаты — оқушыларға ұлттық валютаның тарихын, оның еліміздің тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін және экономикалық маңыздылығын ұғындыру.
Сабақ барысында ұстаз теңгенің шығу тарихы, дизайнының өзгеру кезеңдері және оны жасаудағы тарихи тұлғалардың бейнесі жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар, оқушылар теңгенің құндылығын сақтауға, жеке қаржыны дұрыс басқаруға және ұлттық валютаны құрметтеуге шақырылды. Сабақ соңында оқушылар сұрақ-жауап арқылы өздерінің алған білімдерін пысықтап, қызықты фактілермен бөлісті.
Сынып жетекшісі: Абилова Гүлзипа
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде
«Ұшқыр ой алаңы» тақырыбында зияткерлік ойыны
Анықтама
Мерзімі:14.11.2024ж
Тақырыбы: «Ұшқыр ой алаңы» тақырыбында зияткерлік ойыны
Мақсаты: пікірталастар мен зияткерлік ойындар өткізу арқылы тақырыпты зерделеу және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру негізінде түйінді құндылықтарды дамыту көзделеді.
Міндеттері: Білім беру ұйымдарына құндылықтарға, тарихи оқиғаларға, атаулы күндерге, адам құқығы мен заңдарды зерттеуге, жағымсыз әдеттердің алдын алуға (лудомания, нашақорлық, кибергигиена, зорлық-зомбылық, буллинг және т.б.) байланысты тақырыптық пікірталастар өткізу ұсынылады.
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Барысы:
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ «Сөз мергені» дебат клубының жетекшісі Бәкір Перизаттың ұйымдастыруымен " Отаным- Қазақстан"атты ұстаздар арасында ұшқыр ой алаңы болып өтті. Ұшқыр ой алаңында "Жалын"," Талқылайық", "Айқын"," Жеңіс" фракциялары қатысты.Тартысты ойында " Жалын" фракциясы үздік шықты. Жеңісті,жемісті күндеріміз көп болсын.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Startup» байқауы. «Ғаламдық экологиялық мәселелер» инновациялық идеялар тұсаукесері.
Анықтама
Мерзімі:18.11.2024ж
Тақырыбы: «Startup» байқауы. «Ғаламдық экологиялық мәселелер» инновациялық идеялар тұсаукесері.
Мақсаты: - инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу
Міндеттері: оқушыларды жаңашылдыққа тәрбиелеу.
Қатысқандар: 5-10 сынып оқушылары
Барысы: "STARTUP" МЕКТЕПІШІЛІК БАЙҚАУЫ
Мектебімізде "SMART BALA" жобасы аясында білім алушылары аралығында ғаламдық, экологиялық мәселелерді шешу жолдарын, қоршаған кеңістікті жақсарту жөніндегі
идеяларын насихаттау мақсатында инновациялық идеялар тұсаукесері ретінде «Startup» байқауы өткізілді.
Мақсаты:
- инновациялық жобалар конкурсы арқылы
құндылықтарды дәріптеу
Нәтижесінде балалар дипломдармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: информатика пән мұғалімі Бурханова Мақпал
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде
«Буллингтен қорған» Қауіпсіздік сабағы
Анықтама
Мерзімі: 20.11.2024ж
Тақырыбы: «Буллингтен қорған» Қауіпсіздік сабағы.
Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.
бар заңдылықтарға назар аудара отырып, оқушы тұлғасы мен оның мінез-құлқы туралы адекватты өзін-өзі бағалауды қалыптастыру.
Міндеттері: балаларды буллингіге және психологиялықнемесе физикалық зорлық-зомбылыққақарсытұруғаүйрету тәрбиелеу.
Қатысқандар: 5-10 сынып оқушылары
Барысы:
Мектебімізде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық науқанының аясында, Жастар практикасы жобасымен келген бастауыш сынып мұғалімі Алпысбай М. ұйымдастыруымен, 4"А" сыныбында "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Шара барысында оқушылар «Буллингтен» тақырыбында әр түрлі мағұлматтар алды. Білім алушылар сұрақтарға жауап беріп, өздері білетін ақпараттармен бөлісті.
Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т.Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде
«Өмірге салауатты қадам» Қауіпсіздік сабағы.
Анықтама
Мерзімі: 25.11.2024ж
Тақырыбы: «Өмірге салауатты қадам» Қауіпсіздік сабағы.
Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтанудың маңыздылығымен таныстыру; Салауатты өмір салтын ұстану қажеттігін түсіндіру;
Міндеттері: Жауапкершілік, өз-өзіне күтім жасау мәдениетін тәрбиелеу.
Қатысқандар: 1-10 сынып оқушылары
Барысы: "ӨМІРГЕ САЛАУАТТЫ ҚАДАМ" СЫНЫП САҒАТЫ
Мектебімізде 6 "А" сынып оқушыларымен денсаулық - зор байлық екенін түсіндіре отырып, "Өмірге салауатты қадам " тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында сынып жетекшісі М. Бурханова "Есірткіден аулақ бол!" тақырыбында челлендж ұйымдастырды.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде
«Өз іс-әрекеттері үшін жауакершілік» Сынып сағаты
Анықтама
Мерзімі: 27.11.2024ж
Тақырыбы: «Өз іс-әрекеттері үшін жауакершілік» Сынып сағаты.
Мақсаты: оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін дамытуға ықпал ету, балалардың өз іс-әрекеті мен мінез-құлық ерекшеліктерін талдай білу қабілетін қалыптастыруға ықпал ету, айналасындағыларға сыйластыққа, төзімділікке тәрбиелеу, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру, тапқырлықты, логикалық ойлауды дамыту.
Қатысқандар: 1-10 сынып оқушылары
Барысы:
ӨЗ ӘРЕКЕТТЕРІҢ ҮШІН ӨЗІҢ ЖАУАПТЫСЫҢ!
Шиелі ауданды бойынша білім бөлімі,облыстық білім басқармасының 2024 жылдың 19 қараша күнгі 07-16/4970 санды хатына сәйкес,қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсынысы бойынша оқушылар және мұғалімдер арасында кеңінен профилактикалық жұмыстар жүргізілді !"Өз әрекеттерің үшін өзің жауаптысың" тақырыбында құқықбұзушылық туралы пікірталас өтті.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде
«Вейптерден бас тартудың себептері» сынып сағаты
Анықтама
Мерзімі: 26.11.2024ж
Тақырыбы: «Вейптерден бас тартудың себептері» сынып сағаты
Мақсаты: Электронды темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып,зиян әсерін ашу.Салауатты өмір салтын қалыптастыру,жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.Оқушылардың өмірге,әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін,аурудың алдын-алуды үйрету,жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын,оқушының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру,дамыту.
Қатысқандар: 5-10 сынып оқушылары
Барысы:
ВЕЙПТЕРДЕН БАС ТАРТУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Мектебімізде "Біртұтас тәртие" бағдарламасының аясында "Вейптерден бас тартудың себептері" тақырыбында сынып жетекшісі Д.Бижанованың ұйымдастыруымен 7 сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті.
Мақсаты:Электронды темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып,зиян әсерін ашу.Салауатты өмір салтын қалыптастыру,жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Оқушылардың өмірге,әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін,аурудың алдын-алуды үйрету,жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын,оқушының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру,дамыту.Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып,болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.
Шара барысында өсіп келе жатқан жастар арасында никотинге қарсы тақырып өзекті екенін, темекі шегудің зияны, сондай-ақ созылмалы емделмейтін аурулардың даму қаупі факторы ретінде вейптің зияны туралы толық мәлімет берді.Педагог «Вейптен бас тартудың 10 себебі» буклеттерін оқушыларға таратып, вейп адам денсаулығына зиянды екенін айтып ескертті. Мектеп оқушыларының арасында вейптің кең таралуы, вейптің түрлі хош иістенгіштері шайырдың,маракуйя,манго сынды жемістердің дәмі қызықтыратынын айта келе,вейп шегу оқушылардың жүйке жүйесіне кері әсері денсаулыққа зиян екенін атап қорытындылады.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т.Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Электронды темекілердің химилық құрамы» профилактикалық акция
Анықтама
Мерзімі: 28.11.2024ж
Тақырыбы: «Электронды темекінің құрамы» профилактикалық акция
-
Мақсаты: электрондық темекі туралы нақты түсінік қалыптастыру;
-
белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ықпал ету;
-
салауатты өмір салтын ұстануға және белсенді өмірлік ұстанымға тәрбиелеу;
-
оқушыларды электронды темекі мен вейптерді пайдалану кезіндегі денсаулыққа кері әсерлерімен таныстыру, осы өнімдердің зияны туралы нақты сенім қалыптастыру.
-
Міндеті: эстетикалық қажеттіліктерді, құндылықтар мен сезімдерді қалыптастыру;
-
өз әрекеттері үшін жауапкершілікті дамыту;
-
ұжымдық және жеке тапсырмаларды орындауда жоғары шығармашылық белсенділікті дамыту.
Қатысқандар: 5-10 сынып оқушылары
Барысы:
Мектеп тәлімгері А. Әбдраман "Вейптен аулақ бол!" жас ұландықтарға түсіндірме жұмысын жүргізді.Жастар арасында вейп шегетіндердің саны күн сайын артып келеді. Әсіресе оқушылар мини-кальяндарға қатты қызығады. Өйткені вейп темекі секілді емес, одан хош иіс шығады. Никотин де қосуға болады. Бірақ сол хош иістің өзі өте қауіпті. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өз ұсынысын жариялаған.Вейперлер электронды темекінің зияны жоқ деп ойлайды. Себебі оны шеккенде шайыр бөлінбейді. Дегенмен Беркли университетіне қарасты Лоурен атындағы ұлттық зертхана мамандары вейптен уытты заттардың бөлінетінін анықтады. Буда 31 қауіпті зат болады. Оған қоса, хош иісті сұйықтықты көп жағдайда қолдан жасайды. Содан бағасы да арзан. Ал аккумулятор қызып тұрғанда канцерогенді заттардың мөлшері көбейеді. Аккумулятор жарылып кетуі де мүмкін.
Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, уытты химикаттардың бірі – диацетил. Ол хош иістендіргіштердің 75 процентінде болады. Оны тамақ өнеркәсібі де пайдаланып жатады. Бірақ деммен ішке көп тарта берсе, өкпеде қабыну процестері басталады. Бронхшалар тарылады, тыртықтар пайда болады. Жалпы уытты заттардың әсері аз емес. Оқушылар вейптің зияны туралы өз ойларын айтты.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Интернетке, компьютерге және ойынға тәуелділікті анықтау» бойынша тест сауалнама
Анықтама
Мерзімі: 29.11.2024ж
Тақырыбы: «Интернетке, компьютерге және ойынға тәуелділікті анықтау бойынша тест сауалнама
Мақсаты: оқушыларға интернет-тәуелділік әлемдік денсаулық сақтау орындарын толғандыратын қауіптердің бірі екенін түсіндіру.
Міндеті: Интернетке, компьютерге және ойынға тәуелділіктің денсаулыққа зиянын түсіндіре отырып, саналы және салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Қатысқандар: 1-10 сынып оқушылары
Барысы:
Мектебімізде психолог Манабаева Г. және сынып жетекшілеріміздің қатысуымен сауалнама алынды. Сауалнама барысында интернетке, компьютерге және ойынға тәуелділікті анықтау бойынша сұрақтар қойылды. Сауалнамаға барлық білім алушылар қамтылды.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т.Кейқуатов
Екі мәтіннің ұқсастықтары |
|||
Тақырыбы |
|||
Қызметі |
|||
Тілдік ерекшеліктері |
|||
1-мәтін |
2-мәтін |
||
Мәтіндердің тақырыбы |
|||
|
|
||
Мәтіндердің қызметі |
|||
|
|
||
Мәтіндердің құрылымы |
|||
|
|
||
Мәтіндердің тілдік ерекшеліктері |
|||
|
|

