Бірінш ікоучинг тақырыбы:"Оқыту мен оқу үдерісінде топтық жұмыс жасаудың әдістерін үйрету"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бірінш ікоучинг тақырыбы:"Оқыту мен оқу үдерісінде топтық жұмыс жасаудың әдістерін үйрету"

Материал туралы қысқаша түсінік
коучинг өткізу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мырзатаева Қалипа Қыдырбайқызы Мұғалім портфолиосы В есебі

2 топ 2 деңгей

Қызылорда қаласы

Бірінші коучинг сабағы туралы рефлексиялық есеп

І. Тақырыпты негіздеу:

Бірінші коучинг тақырыбы:"Оқыту мен оқу үдерісінде топтық жұмыс жасаудың әдістерін үйрету"

Коуч ретінде мұғалімдерге осы тақырыпты алуыма әсер еткен жағдай-өзімнің тарих және география әдіс бірлестігімнің мұғалімдерінің ашық сабақтарына және жас мамандардың сабақтарына үнемі қатысып отырамын. Дәстүрлі сабақтарда оқушылардың оқу процесінде толық қамтылмайтындығын ,белсенді оқушылардың аз екендігін үнемі байқаймын.Сыныпты белсенді етудің жолдарын қалай жүзеге асыруға болады деген сұрақ туындайтын. Курсқа келіп теориялық білім алып және үнемі топта нәтижелі жұмыс жасау мен үшін өте қызықты болды.Мұғалімдер күнделікті сабақтарда әртүрлі топтарда жұмыс жасау арқылы өзімізге берілген тапсырманы оңай және тез игеріп,орындап отырдық.Топтағы жеке мүшелердің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп,жұмыс істеудің басқа тәсілдері орын алып, жұмыс нәтижелі болатынын байқадым .Осы кезде мен мектептегі сабақтарды қандай жолмен жақсартуға болатынын ,балалардың қызығушылығын оятып белсенді қатысуына түрткі болатын әдісті түсіндім.

Тақырыптың маңыздылығы әріптестеріме оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін үйрете отырып оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлесімді қосқаным деп білемін.

Мектеп үшін маңыздылығы менің әріптестерімнің оқу үдерісінде оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолданып, нәтижесін көруі, оқушылардың өздері игеретін мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдерісі, оқушылардың білім сапасының артуы болып табылады.

Мұғалімдермен кездесіп,әңгімелескеннен кейін қатысуға ұсыныс жасаған мұғалімдердің ішінен шығармашылықпен жұмыс істеп жүрген, деңгейлік курсқа келіп білімдерін жетілдіргісі келіп жүрген мұғалімдерді коучингке қатыстыруды ұйғардым.Коучингке тарих бірлестігінен Д.Т ,Ә.Д ,Р.А және И.А және ағылшын пән бірлестігінен Т.С,М.Ә,М.Л,Ж.Қ-лар ,математиктер О.Е,Е.Д,Б.Э -лар қатысты.Себебі тарих бірлестігінен бірнеше мұғалім курсқа жазылып қойған ,олар алдын-ала мағлұмат ала берейік деген жоспармен ,ал қалған мұғалімдер жаңа бір нәрсе үйренейік деген оймен қатысты.

ІІ. Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау

Коучинг сабағымның мақсаты:Топтарды қалай ұйымдастыруға болатынын,ережелерін,топта жұмыс жасау не үшін қажет екенін, топтағы бірлескен жұмыс нәтижелерін, өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықтың маңызын түсіндіру.

Коучингке келген мұғалімдерге ең алдымен сергіту сәтін ұйымдастырдым."Менің есімімнің құпиясы"ойыны арқылы әріптестерім өз есімдері туралы айтып өтті.Күнделікті біз мән бермей атап жүрген есімдерде көптеген құпиялар жатыр екен.Әріптестерім туралы мен үшін жаңалық болған деректер алдым.Топта жұмыс жасаудың мәнін түсінулері үшін мұғалімдерді 1,2,3 сандары арқылы топқа бөліп ,отырғыздым.Коучинг сабақты бастамас бұрын әр топ өз ережесін құрды. Жұмыс жасауға мұғалімдер қызыға кірісті.Топтар өз ережелерін жазып , нәтижесінде үш топ бірігіп ортақ ереже шығарды.

Адамдар топтарға бірлескен жағдайда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп ,атап көрсетілетін ,адамдармен жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады.Топтық жұмыс тиімді болу үшін билік пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді.Ынтымақтастық оқытудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастық арқылы бітімге,келісімге қол жеткізуіне негізделген.(MAН 78 бет)-деген сөздерді басшылыққа ала отырып ,оларға топтағы жұмыстың нәтижелілігін көрсету үшін үш топқа бөліп тапсырма бердім.

Алдымен топтағы бірлескен жұмыс туралы түсінік қалыптастыру үшін (МАН 78 бет) "Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс" деген тақырыпты парақшаларға көшіріп таратып,оқыттым.Әріптестерім оқып танысқаннан кейін ,топтық жұмыс жасату мақсатында тапсырма бердім.

Тапсырмалар төмендегідей болды:

1-топқа интернеттен Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері(орыстар,өзбектер,кәрістер) туралы мәліметтер жинауға.

2-топқа Осы ұлттардың мәдениеттерін зерттеуге ,ән-жырларын,салт-дәстүрлерін интернеттен тауып мәлімет жинауға.

3-топқа Осы халықтардың ұлттық тағамдары туралы мәлімет жинауға тапсырылды.

Белгіленген уақыт(15 минут) екенін хабарладым.Әріптестерім жұмысқа белсене қатысты.Ноутбуктерден өздеріне қажетті мәліметтерді іздеумен біреуі айналысып,тапқан деректерін айтып отырса ,екіншісі жазып отырды.Қалған топ мүшелері ойларында бар мәліметтерді келтіріп өз үлестерін қосып ,ортақ шешімге келді.Ортаға тасталған постерге өздерінен талап етілген мәліметтерді жазып отырды.

I топ мүшелері Қазақстанда тұратын ұлттар диаспорасының ірілері: орыстар,өзбектер,немістер,кәрістер туралы мәліметтер келтірді.Олардың Қазақстанға қоныстану тарихы және қазіргі кездегі өмір сүру ареалдары туралы постерге жазып ,мәліметтерді түсірген.

II Топ мүшелері өзге ұлттар мәдениеті туралы көптеген қызықты мәліметтер келтірді.Сол ұлттардан шыққан көрнекті қайраткерлері туралы ,атақты әншілері туралы мағлұматтар жазылған постер қорғады.Топ болып әндерінінен үзінділер айтып өздерінің ұйымшыл екендерін көрсетті.

III топ мүшелері постерге Қазақстандағы өзге ұлттардың тағамдары туралы қызықты мәліметтер келтіріп,олардың кейбіреуінің дайындалу жолдарын да жазып ,пайдалы нәрселерге назарымызды аударды.

Әр топтан спикерлер сайланып өз постерлерін қорғап шықты.Топтағы жұмыстың қалай жүргізілетіндігі туралы түсініктерін нығайту мақсатында мен коучингке қатысушы мұғалімдерден "топта жұмыс жасау сізге оңай болды ма,қиын болды ма? Неліктен оңай болды?Неліктен қиын болды?-деген сұрақтар қойып олардың ойын тыңдадым.Мен тақтаға жаңа постер іліп топта жұмыс жасаудың ерекшеліктерін жазып шығуларын сұрадым.Топтан еріктілер шығып -алдымен жоспарлау қажеттігін,жұмысты бөліп алу керектігін,уақытты тиімді пайдалану,бір-біріне көмектесу,білімдерін ортаға салу керектігін жазды.Әріптестерім топта жұмыс жасаудың тиімділігін,бірлесіп жасаған жұмыстарының нәтижелі болғандығын айтып өтті.

Осы жұмыстарды қорытындылап,әріптестерімнің топтық жұмысты ұйымдастырудың маңызын жете түсінулері үшін сұрақтар қойдым

1. Бұрын сіз осы әдісті қаншалықты жиі пайдаландыңыз?

2.Сізге бұл әдіс несімен ұнады?

3.Топта жұмыс жасау кезінде қандай қиыншылықтар болды?

4.Осы қиыншылықтар неліктен болды деп ойлайсыз?

5.Топта тапсырманы бөлуді қайтіп іске асырдыңыз?

6.Топқа бөлуді тағы қандай жолмен іске асыруға болады деп ойлайсыз?

7.Бұл кезде неге мән берер едіңіз?

8.Топтық жұмысты сабақтың қай бөлігінде жүргізген қолайлы деп ойлайсыз?

9.Топтағы рольдерді қалай бөлдіңіз?

10.Көшбасшылар немен айналысқаны дұрыс деп ойлайсыз?


.I топ мүшесі Э. атты әріптесім "бұрын сіз осы әдісті қаншалықты пайдаландыңыз? -деген сұрағыма жауап беруге қиналды."Мүмкін үш қатарды үш топ етіп бөлермін"-деген жауабына әріптестерім жауапты менен бұрын" жоқ, олай бөлуге болмайды "-деп жауап бергенде мен коучинг сабағымның аз болса да мақсатына жеттім-ау деген ойға келдім.Неліктен олай бөлуге болмайды?-деп сұрағанымда "Топта бала неғұрлым көп болса,нәтиже онша жақсы болмайды,сондықтан топ аз адамнан құрылу

керек "-деп жауап берді.

Осы жерде мен әріптестерімнің оқушыларды топқа бөлу әдістерін аз да болса меңгергендерін,түсінгендерін байқадым.

Коучингтің соңында кері байланыс алу мақсатында үлестірме тараттым.

1.Не үйрендім? деген сұраққа барлық қатысушылар "топпен жұмыс жасауды" ,"оқушыларды топқа бөлу әдістерін үйрендім" деп жауап жазған.

2.Не жасау оңай болды? деген сұраққа 6 мұғалім "Топпен бірлесе шешім қабылдау", "Ақылдаса отырып жауап жазу оңай болды"- деп жауап жазған.

3.Неліктен оңай болды? деген сұраққа 5 мұғалім "Бір адамға қарағанда топпен жұмыс жасау,шешімді бірге қабылдау оңай болды"- деп жауап жазған.

4.Не қиын болды? деген сұраққа1мұғалім "Тапсырманы орындағанда неден бастарымды білмедім"- деп жауап жазған.

5.Неліктен қиын болды? -деген сұраққа 2 мұғалім "Тапсырманы орындаудың ережелері көрсетілмегендіктен"- деп жауап жазған.

Коучингтің сәтті өткенін әріптестерімнің мынадай сөздерінен байқадым.

1.М.А-Коучинг қызықты өтті,тақырып ұнады.Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушыларды көбірек бағалай аламын,оқушылар сабаққа белсенді қатысатын болады,бұл тәсілдерді сабағыма пайдаланамын.

2.Коучингтің жаңалығы не болды?-деген сұраққа Е .Д-"Коучингтің өзі мен үшін жаңалық.Оқушыларды топқа бөлу арқылы есеп шығаруда оқушылардың көпшілігін сабаққа тарта аламын деп ойлаймын"-деп жауап берді.

3.Коучингте сізге не ұнады? -сұрағына И.А " Коучингке қатысқаныма өкінбеймін,алдағы уақытта осы әдіс-тәсілдерді сабағымда қолданамын"-деп дауап берді.

4.Коучинг қиын болды ма?-деген сұраққа С. Н "Мен бұл сабақтан көп нәрсе түсіндім.Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы ,оқушылардың зердесін ашуға тиіспіз"-деп жауап берді.

5.Осындай коучингке тағы қатысқыңыз келе ма?-деген сұрағыма Д. Т -"Әрине қатысам,себебі бұл даму,жаңалық,жан-жақты жетілу" -деп жауап берді.

Менің бірінші коучинг сабағымның сәтсіз болған жері- мектептің техникалық базасының төмендігі,әр топты компьютермен қамтамасыз ете алмаған соң жеке ноутбуктерді пайдаландық.

Коучинг сабағының нәтижесінде мұғалім-әріптестер сыныпта топтық жұмыс ұйымдастыру арқылы оқу үдерісінде жақсы нәтижеге жетуге болатынын,ягни оқушылардың ынтымақтаса оқуына,топтағы көшбасшының жеке жұмыс емес,топ мүшелерімен жұмыс жасау арқылы пікірлесуі ,оларды тыңдай білуі арқылы өз білімімен жолдастарына көмектесу арқылы оқытуға болатынын,

оқушылардың өзін-өзі бағалауы,өзара бағалауы арқылы бір қорытындыға келіп шешімді бірлесе шығаруына ықпал ету арқылы оқытудың пайдалы тұстарын түсінді деп ойлаймын.

Коучинг сабағы жақсы өтті деп ойлаймын,алдағы уақытта оны жақсарту үшін мұғалімдердің көкейінде жүрген мәселерді анықтап солардың шешімін табуға жұмыс жасау керек деп ойлаймын.Бұл сабақта мұғалімдерге сыныпты топқа бөлу әдістерін үйреттім ,өзім коуч ретінде әлі де көп ізденуім ,жоспарды барынша тиянақты дайындау керектігін және әріптестеріммен әңгімелесу кезінде жақсы тыңдаушы бола білу керектігін түсіндім,ең бастысы кәсіби әңгіме жүргізе білу екендігін білдім.Менде жақсы коуч дағдылары әріптестеріммен әңгімелесу кезінде көрінді .Себебі әріптестерім нақты мәліметтер бергенімді,жақсы түсінгендерін айтып өтті.Алдағы уақытта сұрақ қою дағдысын жақсартуым керек деп ойлаймын.





























.

3


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2018
250
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі