Материалдар / Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлем

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы дүниежүзі тарихы жекелеген мемлекеттер мен бүкіл әлемнің өмірінде болған күрт бетбұрыстармен сипатталады. Адамзат баласы бұрын-соңды дүниежүзілік соғыс сияқты апаттарды ешқашан басынан өткеріп көрмеген болатын. Оның қорқынышты сұмдықтары, ұрыс алаңдарындағы солдаттар мен миллиондаған бебіт тұрғындардың өлімі, сансыз қалалар мен ауылдардың, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдени игіліктердің қирап, талқандалуы – міне, осының барлығы халықтың екі ұрпағының басына екі мәрте үйірілді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
1637
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы дүниежүзі тарихы жекелеген мемлекеттер мен бүкіл әлемнің өмірінде болған күрт бетбұрыстармен сипатталады. Адамзат баласы бұрын-соңды дүниежүзілік соғыс сияқты апаттарды ешқашан басынан өткеріп көрмеген болатын. Оның қорқынышты сұмдықтары, ұрыс алаңдарындағы солдаттар мен миллиондаған бебіт тұрғындардың өлімі, сансыз қалалар мен ауылдардың, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдени игіліктердің қирап, талқандалуы – міне, осының барлығы халықтың екі ұрпағының басына екі мәрте үйірілді.

 

Осы соғыс барысында қайғы-қасірет пен гуманизм қағидалары бұзылды. Соғысушы елдердің идеологиясында қарсы елдердің халықтарын қырып-жоюға, өшпенділікке шақыру сарыны басым болды.

 

Ғасырдың басында және орта тұсында социализм және коммунизм мұраттары көптеген адамдардың ақыл-ойын билеп алды. Революционерлер байларды қырып, олардың байлықтарын тартып алып, адамдарды, кез келген нәрсенің бәрін де теңестіріп, «еркіндік патшалығын» құруды көздеді. Осы мақсаттарға орай Ресейде, Германияда, Қытайда, Кубада революциялар болды.

 

Шынында осы уақыт ішінде ғылым мен техника, мәдениет пен құрылыс, көлік салаларында үлкен табысқа қол жетті. Әлемнің бейнесі, халықтар тағдыры, мемлекеттің және жеке адамның әлеуметтік, саяси-экономикалық өмірі мейлінше өзгерді. Адамдар атом мен клетканың құпиясын білді. Гендік инженерия өмірдің қалай пайда болғанын білуге мүмкіндік берді.

 

Өндірісті индустрияландыру барысында жаңа технологиялар мен техникалар кеңінен қолданылып, ол экономиканы дамытумен қатар, алдыңғы қатарлы елдерде индустриялды қоғамды да орнатты. Батыс Еуропа мемлекеттерін басқару формалары өзгерістерге түсіп, ұлттық мемлекеттер нығайды. Жұмысшы қозғалысының пайда болуымен байланысты оның мүддесін қорғайтын ұйымдар мен саяси ағымдар қалыптасты.

 

Отаршыл державалардың қатал империализмі де халыққа оңай соқпады. Дүниежүзінің көптеген халықтары отарға, ал оларды жаулап алушылар метрополияға айналды. Ол бұрыннан Азия, Африка, Латын Америкасы, Мұхит аралдары халықтарының есебінен күн көрді.

 

Ұлыбританияның, патшалық Ресейдің, Францияның, Испанияның, Жапонияның және басқа да отаршыл державалардың саясаткерлері мен капиталистері өздерін қалай ақтағысы келсе де, үнділіктерді, түркі халықтарын, африкалықтарды, қытайларды, арабтарды тонағаны және солардың есебінен Еуропа елдерінің байығаны дау тудырмайтын дерек болып қалды.

 

Бірінші дүниежүзілік соғыс әлемде үстемдік орнату үшін және отарларды қайта бөліске салу үшін күрескен Еуропаның ірі отаршыл мемлекеттерінің арасындағы қарама-қайшылықтардан туындады. Осы бүкіл дүниежүзілік апатта бір мемлекеттер қиратылып тізе бүксе, екіншілері әлсіреді, ал АҚШ пен Жапония сияқты мемлекеттер, керісінше күшейді.

 

Бірінші дүниежүзілік соғыс ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ең ірі оқиға болды. Ауқымы мен салдары жағынан мұндай соғыс адамзат қоғамының өткен тарихында болмаған еді. Соғысқа 38 мемлекет қатысып, екі әскери одақтың әскер қатарында 74 млн. адам шақырылды. Соғыс барысында жаңа әскери техника түрлері қолданылды. Танктер, ұшақтар, дирижабль, радиобайланыс бөлімшелері өмірге келді. Орасан зор материалдық және адам шығындары болды. Соғыс тудырған революциялар дүмпуінен Романовтар, Габсбургтер, Гогенцоллерлер, Осман империялары қирады, отаршыл державалардың тірегі әлсірей бастады.

 

Ресейдің жарым-жартылай ыдырауының нәтижесінде жаңа елдер пайда болды. Австрия-Венгрияның орнына Чехословакия, Югославия, Венгрия, Австрия қалыптасты.

 

Бірінші дүниежүзілік соғыстың зардабын түсінген саясатшылар келешкте қандай да болмасын кездесетін қайшылықтарды тек бейбіт жолдармен реттеуді ойластырып, осы мақсатта Ұлттар Лигасын құрған еді. Бірақ халықтардың арманы орындалмай қалды. Өйткені халықаралық сахнада әділетсіздік, үстемділік жүйе негіздері қатты тамырланған еді.

 

Сөйтіп, революциядан кейінгі алғашқы жылдарда Еуропаның саяси картасы елеулі өзгеріске ұшырады, жаңа саяси-идеялық, әлеуметтік-психологиялық ахуалдар пайда болды. КСРО-да, Германияда, Италияда, Испанияда тоталитарлық режимдер орнады.

 

Әділетсіз Версаль-Вашингтон жүйесі 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың қысымына шыдай алмай, ыдырай бастады. Еуропа аймағында монополистік топтардың қолдауымен өкімет басына келген фашистік күштер дүниежүзілік қайта бөлісуге бел байлады. Олардың қатарынан Германия, Италия және Жапония мемлекеттері бой көрсетті. Сөйтіп Берлин-Рим-Токио үштігі құрылды. Бұл блокты батыс елдерінің КСРО-ға айдап салу әрекетінен ештеңе шықпады.

 

Жаппай геноцид, тұтқындар лагері, халықтарды күшпен қоныс аударту, ланкестік, мемлекеттік деңгейдегі диктатуралар, жеке басқа табынушылық әдеттегі құбылыстардың біріне айналды.

 

Еуропаның бірқатар елдерінде аса қанқұйлы және қатал тоталитарлық фашистік тәртіп орын алды. Бір халықтың жағдайын жақсарту үшін фашизм идеологтарының ойынша басқа елдерді жаулап алу қажет, өмірлік кеңістікті кеңейту керек, өзге нәсілдің халықтарын азайту керек, болмаса жою қажет, олардың тілін және мәдениетін құрту керек болды.

 

Дүниежүзілік үстемдік ету идеялары мен жоспарлары ашық түрде жарияланып, оларды жүзеге асыру үшін іс жүзінде әрекеттер жасала бастады. Осы жағдайдағы күресте басқыншылық саясат ұстанған державалар басқалармен қақтығысып, олардың арасында ымырасыз қарама-қайшылықтар пайда болды.

 

Біртіндеп индустрияландыру бүкіл дүниежүзіне тарала бастады. Отарлаушы елдер шикізат көздеріне жақын жерлерде оларды бастапқы өндіретін кәсіпорындар ашып, өздері қанап отырған халықтың арасынан төменгі және орта буын кадрларды даярлай бастады.

 

Өздерінің тыныс-тіршілігі мен еңбегінің қарапайым құқықтарын қорғау үшін жұмысшы және шаруа қозғалыстары жаппай сипат ала бастады.

 

ХХ ғасырдың басында империалистік елдердің отаршылдық жүйесі біржола тұрақтанды. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің шырмауына оралып, отарлық тепкіге ұшырады. Патриархалды-феодалдық құрылыстың ыдырауы, жаңа әлеуметтік топтардың қалыптасуы, капиталистік шаруашылықтың пайда болуы аталған елдер халықтарының ұл-азаттық қозғалыстарына алғышарттар әзірледі.

 

Шығыс елдерінде ұлт-азаттық қозғалыс өрлей түсіп, алғашқы тәуелсіз мемлекеттер өмірге келді. Бостандыққа талпыну Азия мен Африка халықтары арасында өріс алып, оның сәтті қимылдары ХХ екінші жартысында отаршылдық жүйені күйретуге ықпал етті. Ал социалистік партиялар теңдік пен азаттық туын жоғары көтерді. Бұл ұрандар езілген халықтардың жатжерлік үстемдікті түбірімен жою талаптарымен үйлесе отырып, жаппай антиимпериалистік ұлт-азаттық қозғалыстарын күшейтті.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!