Материалдар / "Біржан-Сара" айтысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Біржан-Сара" айтысы

Материал туралы қысқаша түсінік
сюжеттік-комплзициялық талдау жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2024
131
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар


Бөлім:

Атадан қалған асыл сөз» бөлімі

Педагогтің аты-жөні:

Ражанова А.

Күні:

16.10.24

Сыныбы:9Б

Қатысушылар саны: 26 Қатыспағандар саны:25

Сабақтың тақырыбы:

Айтыс. «Біржан-Сара» айтысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;


Сабақтың мақсаты:

«Біржан-Сара» айтысына сюжеттік-комплзициялық талдау жасау.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу.

Сабақтың тақырыбы, ОМ таныстыру

Сабақтың тақырыбымн, ОМ танысады.


Слайд

Оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы


Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Қазақ айтысы – басқа елдердегі сөз сайысына ұқсамайтын, өзіне ғана тән өлшемі мен ерекшелігі бар өнер түрі.



Оқушылар айтыс туралы ақпараттармен танысады.

Жаңа ақпаратпен танысқан соң сұрақтарға жауап береді.

  1. Айтыс қазақ халқының қандай өнері?

  2. Ақындар айтысы қай айтыс түріне жатады?

  3. Қазіргі кездегі айтыскерлерді ата.

  4. Айтыстың өзіне тән ерекшеліктерін ата.


Бас бармақ

Біржан сал Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызының өмірі, өнері туралы оқиық. Біржан сал -1834 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында дүниеге келген. Жастайынан өнерге, оның ішінде ән айтуға құмар болған. Табиғат ана Біржанның бойына «өнер» атты ұлы күшті дарытқан. Елді аралап, айтысқа түсіп, ән салып жүріп, көп ұзамай Біржан сал деген атаққа ие болады. «Көкшетау», «Жанбота», «Жамбас сиыр» сияқты әндері қазақ музыкасының алтын қорына енген. Оның шәкірттерінің арасында Жаяу Мұса, Естай, Ақан секілді өнер өкілдері бар.

Сара -1853 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданында, Қапал жерінде дүниеге келген. Ән мен күй, асқақ жыр өнерлі Сараны ынтықтырып, оны өз биігіне бастайды. Сара талай белгілі ақындармен сөз сайысына түскен, талай жүйріктерге алдырмаған.

Енді айтыс өнеріндегі шоқтығы биік «Біржан – Сара» айтысының тарихымен танысыңыздар.

«Біржан – Сара» айтысы 1871 жылы Алматы облысындағы Қапал – Ақсу өңірінде өткен. Айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялаған. Кейін Зайсаннан екінші нұсқасы табылып, «Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны» деген атпен Қазанда жеке кітап болып басылды. Айтыстың алғашқы нұсқасы – 969 жол, екінші нұсқасы – 1080 жол.


1 – тапсырма. Айтыс қандай көңіл күймен басталды?

Жауабы:

«Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар» деп Біржан өзінің осал ақын еместігінен хабар береді. «Қарсы ұшпай тоты құстай қанат қағып» Ақындығымен атағы қазаққа танылған Біржан келгенде, ақын Сара ерекше құрметпен қарсы алу керек еді. Бұл - Сараның қабылдауына наразы болған Біржан сөзі. «Ғаламға мәшһүр болдым өлең жаттап, Қысқартам адымыңды бір-ақ аттап» деген сөзі арқылы Біржан Сараны өзінен осал ақын деп есептейтінін жеткізді.

Ал Сара ақын да Біржаннан тайқып қалмады. Ол,тіпті, сөзін « Ей, Біржан, кімге дәрі амандығың, Сөз білсең, бұ да сенің жамандығың» Біржанға кінә тағып, тұқырта жөнеледі. «Белгілі мәлім болды надандығың. Хауаға бұрын барған Адам ата,

Жоқ па еді есіткенің мұны да бірақ?» сөзіне әріден, яғни, Адам ата, Хауа ананы дәлел келтіруден бастап, Біржаннан аса сөйлейді. «Найманда екі жүзді наркескенмін, Желкеңді қимақ үшін қойған сақтап» деп ақындығының Біржаннан еш кем түспейтінін өктемдікпен жырлады.


Мұғалімнің кері байланысы

Иә, оқушылар, өздеріңіз түсінгендей екі ақынның да сөздері өткір, бірін-бірі місе тұтар емес. Ақындардың алғашқы сөз қақтығысынан кейін айтыстың байланысы қалай өрбіді екен? Жалғастырайық.






2 – тапсырма. Ақындардың алғашқы сөз қақтығысынан кейін айтыстың байланысы қалай өрбиді?

Жауабы:


3 – тапсырма. Біржан ақынның айтқан жауабынан нені аңғаруға болады? Айтыс қай бағытта дамыды?


Жауабы

Сара соншалықты өктем сөйлесе де, Біржанның беті қайтар емес. Керісінше, ұялған тек тұрмас дегендей, өзін қыран, Сараны түлкі деп мұның ұялғаннан айтқаның болар дегенді ұғындырғысы келеді. Оған қоса, «Жеңбесем қуанбаймын келгеніме. Алтайдың душар болдың мергеніне» деп өзі бағасын одан сайын асырта сөйлейді. Сонда Сараның айтқаны: «Қаңғырған ілдірмеймін қаршығаңа. Аузыңды тарта сөйле, Біржан батыр, Жарамас жүдеп қайтсаң іздеп келіп» деп ақындығының зор екенін «Қымбаттығым белгілі білсең баға» деп Біржанның бетін қайтара сөйлейді.



4 – тапсырма. Біржан ақынның айтқан жауабынан нені аңғаруға болады? Айтыс қай бағытта дамыды?












Жауабы:

Жарайды, жаным Сара, осы сөзің,

Тас түлек тұрымтайдай екі көзің – деп Сараны ақындық өткірлігімен басындыра алмаған Біржан «Бір асқанға бір тосқан бар-ақ деген» - деп өрекпіген екпінін басады. Тіпті, Шіркін-ай, мұндай жүйрік туармысың, Сөйлейсің алтындай қып сөздің жезін! – деп Сара ақынның өнеріне тамсанады. Ақындық сөзімен жеңе алмасын білген Біржан енді Сара ақынның осал жерін «Қай жерден болжамайсың тынарыңды. Тез алдырт күйеуіңді, Сара саңлақ, Көрейін күйеуіңді тиген таңдап» - деп өзінен жасы үлкен, атастырылған сұрықсыз күйеуі Жиенқұлды тілге тиек етеді. «Мырзаңды ит Жиенқұл шапшаң шақырт,

Ұялып бөгелесің неге, Сара?» тасқындап тұрған Сараның екпіні басылғаны байқалады.


Сабақтың соңы


Сабақты қорытындылайды.

Үйге тапсырма: «Біржан мен Сара» айтысы туралы, стильдік еркешелігі жайлы ғалымдардың пікірі, ойлары, зерттеу еңбектерімен танысу

Үйге тапсырма алады, бағаланады

ФБ


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!