|
Қысқа мерзімді жоспары |
||||
|
Педагогтың аты-жөні |
Аяпберген Ы. |
|||
|
Күні |
23.12.2024ж. |
|||
|
Сыныбы: |
Қатысушылар саны |
|
Қатыспағандар саны |
|
|
Сынып сағаты тақырыбы: |
«Бірлік және ынтымақ құндылығы» |
|||
|
Құндылық: |
Бірлік және ынтымақ айы |
|||
|
Сабақтың мақсаты: |
Бірлік және ынтымақ ұғымдарын түсіндіру. Оқушыларға қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілік үшін бірігу мен ынтымақтың маңыздылығын түсіндіру, ұлттық бірегейлікке негізделген ынтымақтастықты дамыту. |
|||
|
Сабақтың міндеттері: |
Оқушыларға бірлік пен ынтымақтың қоғамдағы маңызы, әр адамның ролі мен жауапкершілігін түсіндіру. Бірлік пен ынтымақ қоғамның тұрақтылығын, әлеуметтік бейбітшілікті сақтау үшін қалай маңызды екендігін көрсету. |
|||
|
Сабақтың жабдықтары |
Интерактивті тақта, компьютер, үлестірмелі парақтар, маркер, фломастер, бейнеролик, «Шам» әдісі, ребус, «Менің бейнем», «Қорқынышты-әдемі сурет» ойыны, т.б. көрнекіліктер |
|||
|
Сабақтың дәйек сөздері |
«Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» Әлихан Бөкейханов |
|||
Сабақтың барысы:
|
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 5 минут |
Оқушылармен амандасу. Oқyшылaрдың зeйiнiн caбaққa аудару.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Шаттық шеңбері». Оқушылар ортаға шығып түрлі түсті ленталардан бір- бірлеп ұстайды да киіз үй құрады. Дөңгеленіп тұрайық Керегені құрайық Уықтар боп иіліп Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық. Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің еліміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын, ондағы барлық ұлт тату- тәтті өмір сүрсе дегім келеді. Еліміз - бірлік пен татулықтың мекені бола берсін. Оқушылар алған лента түстері бойынша топқа бөлініп отырады. Миға шабуыл. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын ашады. Әр топ өздеріне берілген мақал бойынша топ атауын құрады. Топ өз атауларына сәйкес мақал айтады. 1 - топ: Бірлік болмай, тірлік болмас. 2 - топ: Ынтымақ – достық кепілі. 3 - топ: Татулық табылмас бақыт. 1 - топ: «Бірлік» 2 - топ: «Ынтымақ» 3 - топ: «Достық» Топ
ережесі: Өзара сыйластық. Өз ойларыңды ашық айту. |
Мұғаліммен амандасады, шаттық шеңберін құрады. Лента түстері бойынша топқа бөлінеді. Мақалдың мағынасын түсіндіреді. Топ атауын мақалға қарап қояды. |
Интерактивті тақта Лента Мақал-мәтелдер |
|
Сабақтың ортасы 30 минут |
ІІ. «Ой қозғау» Бірлік — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы маңызды этикалық ұғым. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын “бірлік болмай тірлік болмас”, “бірлік түбі — береке”, “алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді” деп түйген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш — күншілдік, іштарлық, араздықтық деп тауып, жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған. Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Сондықтан ел тізгінін қолына ұстаған адамдар — ақсақалдар, билер, хандар ел ішіндегі асқынған дау, ушыққан жанжалды тыйып, шешім қабылдағанда ел бірлігіне сына түспеу жағына баса көңіл бөлген. III. «Ой-толғаныс» 1 - топ: «Бірлік» «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді Қазақ мақалында. Бұл сөздің қаншалықты дұрыстығын өмір көрсетіп отыр. Мынадай бір аңыз бар: Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады. Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке - жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайысыңды біртіндеп құртады» - дейді. Әрине, мұның барлығы шындық. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болады. 3 - топ: «Татулық» Көрініс: «Қырғыз бен грузин
айтысы». 2 - топ: «Ынтымақ» «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды» - деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік. Мына бір аңызға тоқталайық «Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан», Отан, Отан.... » деп шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма, ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны - ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!
Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат Оған көңіл толмайтыны ақиқат. Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат! «Жеке қауіпсіздік» сабағы МЕНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫМ МЕН МІНДЕТТЕРІМ https://youtu.be/JIwsVsEjArI?si=xbL7GHdhPNRspR1K ІV. Cергіту сәті.
«Қорқынышты-керемет сурет»
ойыны. V. «Мақалды жалғастыр»
1. Алтау
ала болса, 2. Тозған қазды ... 3. Қырық кісі — бір жақ... 4. Көптеген жау алады.... 5. Ынтымақ — бұзылмайтын қорған… 6. Саусақ бірікпей — 7. Байлық байлық емес… 8. Ынтымақ жүрген жерде… 9. Ынтымақсыз елді — Ұрысы билейді... 10. Біршілік болмай — |
Оқушылар топпен тақырыпты талқылап, кластер, постер қорғайды Жеке қауіпсіздік сабағымен танысады. Ойынға қатысады.
1. Алтау
ала болса,
2.
Тозған қазды
3. Қырық
кісі — бір жақ,
4. Көптеген жау алады,
5.
Ынтымақ — бұзылмайтын қорған, 6. Саусақ бірікпей — Ине ілікпейді.
7.
Байлық байлық емес,
8.
Ынтымақ жүрген жерде,
9.
Ынтымақсыз елді — Ұрысы билейді. 10. Біршілік болмай — тіршілік болмайды |
Үлестірмелі парақтар, маркер, фломастер. Бейнеролик |
|
Сабақтың соңы 10 минут |
Кері байланыс. «Менің кемем» Оқушылар сабақтан алған әсерін кемені бояу арқылы кері байланыс жасайды.
|
Оқушылар бүгінгі сынып сағатына байланысты кері байланысын қағаз бетіне жазады. |
Үлестірмелі парақтар |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бірлік және ынтымақ құндылығы" тәрбие сағаты, сынып сағаты, қмж

шағым қалдыра аласыз