
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша желтоқсан айының анықтамасы 2024-2025 оқу жылы
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы Қауіпсіздік сабағы
Анықтама
Мерзімі: 02.12.2024ж
Тақырыбы: «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы Қауіпсіздік сабағы
Мақсаты: Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адамның қатынасының үйлесімділігі туралы түсіндіру.
Міндеті: Табиғат байлықтарын бағалауға, сақтауға, табиғатты аялай білуге, қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу.
Қатысқандар: 1-10 сынып оқушылары
Барысы:
№155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінің 4 "б" сыныбында "Табиғатқа қамқорлық жасаймыз" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Балаларды табиғат ұғымымен таныстырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
Жанашырлық және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру;
Өз атамекенінің табиғатын қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сынып жетекші: М. Бекпейісова
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Үнемі оқитын адам – табысты адам» әдеби кеш
Анықтама
Мерзімі: 05.12.2024ж
Тақырыбы: «Үнемі оқитын адам – табысты адам» әдеби кеш
Мақсаты: Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Міндеті: Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Қатысқандар: 1-9 сынып оқушылары
Барысы: ТАҢҒАЖАЙЫП КІТАП ӘЛЕМІНДЕ
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі" КММ -нде "Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектеп кітапханашысы Бәкір Перизаттың ұйымдастыруымен "Таңғажайып кітап әлемінде" атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайысқа 5-6-7 сынып оқушылары қатысты.Сайыста 10 оқушы бақ сынады.Бас Жүлдені 5- сынып оқушысы Әділхан Нұрсерік алса,1- орынды Жалғасова Елнұры иеленді. 2- орынды Жүрсін Жасұлан мен Жұмабек Раяна,Қалтаева Айзере иеленсе ,ал 3- орынды Сайтжан Гүлназ, Аманбай Ақерке, Мейрамханқызы Әдеміге бұйырды.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Жетістігімді еліме арнаймын » челленджі
Анықтама
Мерзімі:13 .12.2024ж
Тақырыбы: «Жетістігімді еліме арнаймын » челленджі
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру
Қатысқандар: 1-9 сынып оқушылары
Барысы: "ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН" ЧЕЛЛЕНДЖІ
МЕКТЕБІМІЗДІҢ 4 "А" СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ 16 ЖЕЛТОҚСАН - ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ "ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЧЕЛЛЕНДЖІН ЖАСАДЫ.
Сынып жетекшісі: Торғаева Л.
Ұйымдастырушы: Алпысбай М.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Мен өз елімді мақтан тұтамын!» Сынып сағаты
Анықтама
Мерзімі:12 .12.2024ж
Тақырыбы: «Мен өз елімді мақтан тұтамын!» Сынып сағаты
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Барысы:
МЕН ӨЗ ЕЛІМДІ МАҚТАН ТҰТАМЫН!
2024 жылдың 9 желтоқсан күні МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДЕ 6 “А” сынып білім алушыларымен 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні мерекесіне орай "Мен өз елімді мақтан тұтамын!" атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
- Тәуелсіздікті сақтап, Отанды,елді, жерді қорғауға және көркейтуге деген жауапкершілік сезімдерін ояту. Болашаққа сенімдерін қалыптастыру,саналы да білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Тәуелсіз еліміз көркейіп, өркендей берсін!
Сынып жетекшісі: Бұрханова Мақпал
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде
«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы!»
Салтанатты шара
Анықтама
Мерзімі:13 .12.2024ж
Тақырыбы: «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы!» Салтанатты шара
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Барысы: ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМНІҢ - ЕРЛІК ЖОЛЫ
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы-егемендік пен тәуелсіздікке міне 33 жыл болды. Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты.
Осы ретте мектебімізде 2024 жылдың 17 желтоқсан күні "ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМНІҢ - ЕРЛІК ЖОЛЫ" тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кеш аясында мектеп тәлімгері А.Әбдіраман ұйымдастыруымен "ЖАС ҰЛАН" ұйымана бастауыш сынып оқушыларын қабылдау рәсімі өткізілді. Салтанатты шарада "ЖАС ҰЛАНДЫҚТАР" ант қабылдады.
Мерекелік кешті мектеп директоры А.Есім құттықтау сөзін алып, ұстаздар мен білім алушыларға және ата-аналарға жылы лебіз, ыстық ықыласын білдірді. Сонымен қатар Желтоқсан көтерілісіне ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сабира Мұхамеджанова сияқты аға - апаларымыздың ерлігін атап өтті.
Үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбек нәтижесінде жүлдегер атанған ҮЗДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАР бірнеше бағытта марапатталды.
"Ақ бота" сайысының жүлдегерлері;
«Тұғыры биік тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында сурет салу байқауы жеңімпаздары;
"Алтын сақа" олимпиадасының жеңімпаздары;
"Ұлттық Сыр Лигасы" жобасы аясында ұйымдастырылған "Жігіт сұлтаны" сайысының үздіктері;
Мерекелік кеш мектеп өнерпаз білім алушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Мектеп оқушыларынан құрылған "Домбыра үйірмесі" жетекшілері Ф.Ибадуллаевамен бірге күй тартты. Қызбардан құрылған "Биле-биле" би тобы өнер көрсетті. 6 "Б" сынып оқушысы Жарқынбек Ернар баянмен ән шырқады.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Буллингтен қорған!»
Қауіпсіздік сабағы
Анықтама
Мерзімі:17 .12.2024ж
Тақырыбы: «Буллингтен қорған!» Қауіпсіздік сабағы
Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Барысы:БУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАН
Мектебімізде 7, 8"А", 8"Б", 9"А", 9"Б" сыныптарында “Буллингтен қорған!” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Шараға мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Кейқуатов, Ауылдық учаскелік полиция инспекторы Қ.Бейсенов және мектеп психологы Г.Манабаева және сынып жетекшілерімен бірге қатысып, оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Буллингтің алдын алу үшін, әр адамның өз құқықтарын білуі, бір-біріне құрметпен қарауы және топтық қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыру маңызды.
1. Физикалық буллинг — соққы, елемеу, сүйреу, заттарды алып қою сияқты физикалық әрекеттер.
2. Психологиялық буллинг — қорқыту, кемсіту, қорлау, жалған ақпарат тарату.
3. Әлеуметтік буллинг — бір адамды топтан шеттету, оның абыройына нұқсан келтіру.
4. Кибербуллинг — интернет немесе әлеуметтік желілер арқылы қорлау, анонимді түрде шабуыл жасау.
Осындай буллингтің түрлеріне тоқтай келе , сабақ барысында көрсетілген видеолар аясында сұрақтар қойылды.Топпен жұмыс жасалып ,постер қорғалды.Сынып сағаты оқушыларды бір-біріне құрметпен, жақсы қарым-қатынаста болуға, буллингке қарсы тұра білуге міндеттіміз деген дәйекпен қорытындыланды.
Сынып жетекшілері:
Б.Жомартова
Б.Сариев
Д.Бижанова
Г.Қалдыбекова
М.Жусупбекова
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Ойынға салауатты көзқарас»
Қауіпсіздік сабағы
Анықтама
Мерзімі:18 .12.2024ж
Тақырыбы: «Ойынға салауатты көзқарас» Қауіпсіздік сабағы
Мақсаты:
1. Балаларға құмар
ойындар туралы мағлұмат беру және білімдерін кеңейту.
2. Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, есте
сақтау,
логикалық ойлауын,
танымдық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
3. Салауатты өмір салтын ұстануға, ойынға деген қызығушылыққа
тәрбиелеу. Бір- біріне көмектесе отырып, достық, жолдастық қарым-
қатынасқа тәрбиелеу.
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Барысы: ОЙЫНҒА САЛАУАТТЫ КӨЗҚАРАС
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде "Ойынға салауатты көзқарас" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды лудомания (ойынға тәуелділік) ұғымымен таныстыру, оның себептерін, салдарын және алдын алу жолдарын талқылау. Г.Манабаева лудоманияның не екенін, бұл адамның өміріндегі күрделі мәселелерге, лудоманияның себептері мен салдарына, лудоманияның ойыншының ғана емес, оның жақындарының өміріне қалай әсер ететініне әкелетін бақыланбайтын құмар ойынға деген ұмтылыспен байланысты ауру екенін айтты. Рефлексия кезеңінде алдын-алу шаралары, мүмкін болатын мінез-құлық салдары талқыланды. Егер достардың біреуі осындай мәселеге тап болса, қайда және кімнен көмек сұрауға болады, осы сынып сағатынан кейін әрқайсысы өздері үшін қандай қорытынды жасады, алынған білімді өмірде қалай қолдануға болады деген сұрақтарға жауап алды.
Мектеп психологі: Г. Манабаева
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Таным.Тағылым.Тәрбие»
Ата-аналар жиналысы
Анықтама
Мерзімі:19 .12.2024ж
Тақырыбы: «Таным.Тағылым.Тәрбие» Ата-аналар жиналысы
Мақсаты: мыналарға назар аудару отбасына, әрбір адам үшін оның құндылығын көрсету; маңызды рөлді көрсету бала тәрбиесіндегі отбасылар, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтардың маңыздылығы, жағымды эмоцияларды ояту.
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары
Барысы:
Мектебімізде облыстық психологиялық қолдау орталығының "Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету"жөніндегі кешенді жоспарына сәйкес "Жасөспірімнің психикалық денсаулығын арттыру" мақсатында мектеп психологы Г.Манабаева сынып жетекшілермен бірге ата-аналарға ақпараттық дәрістер жүргізілді. Дәріс барысында "Өмір сақшылары" деген кім? Суицидті алдын алудағы сынып жетекшінің, ата-ананың рөлі қандай? Ата-ана, сынып жетекші тарапынан балаға қандай қолдау қажеттілігі жайлы айтылды.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Ұшқыр ой алаңы»
дебат
Анықтама
Мерзімі:24 .12.2024ж
Тақырыбы: «Ұшқыр ой алаңы» дебат
Мақсаты: қазақстандық қоғам мен әлемдік қоғамдастықта орын алған балалардың құқықтарын қорғау бойынша проблемаларды жария талқылау және талдау арқылы оқушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, «Ұшқыр ой алаңы» атты жоба аясында республикада мектептің пікірсайыс қозғалысын дамыту.
Қатысқандар: 5-11 сынып оқушыларыны
Барысы:ҰШҚЫР ОЙ ДЕБАТ АЛАҢЫ
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі" КММ-нде "Тәуелсіздік таңы" атты 8- сынып оқушылары арасында ұшқыр ой дебат ойындары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың сөз мәнерін,ой дағдысын жетілдіру.Ұшқыр ой дебат ойынына "Дода" және "Шымыр","Алға","Айқын" фракциялары қатысып, тартысты ойын көрсетті.Нәтижесінде "Айқын" фракциясы жеңіске жетіп марапатталды. Оқушылар белсенділікпен қатысты.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т.Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде
«Буллингтің құрбаны болмаудың 10 себебі» Психолог кеңесі
Анықтама
Мерзімі:23 .12.2024ж
Тақырыбы: «Психолог кеңесі» Буллингтің құрбаны болмаудың 10 себебі
Мақсаты : оқушыларды интернетте қауіптермен таныстыружәне осы қауіптерден аулақ болуға көмектесу, желідегі құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Міндеттері:
1) өзкөзқарасынбілдіру және оныдәлелдеу қабілетін дамыту;
2) адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру: адамдарға төзімділік, мейірімділік, жанашырлық құндылықтарғатәрбиелеу;
3) оқушыларда өзарақұрметпен өзін-өзібағалауды тәрбиелеу;
Қатысқандар: 5-11 сынып оқушыларыны
Барысы: STOP BULLYING
Бүгін мектебіміздің педагог-психологы Г. Манабаева 5-7 сынып оқушыларына " Буллингтің құрбаны болмаудың 10 себебі" тақырыбында буллинг және кибербуллинг туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларда қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу үшін және сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуіне тәрбиелеу үшін кеңестер берілді.
Шара барысында оқушыларға түрлі сұрақтар қойылып, кибербуллингке қатысты видеоматериал көрсетіліп, тренинг өткізілді.
#буллингкибербуллингтіңалдыналу
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т.Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Армысың, Жаңа жыл!»
Мерекелік іс-шаралар
Анықтама
Мерзімі:25.12.-27.12.2024ж
Тақырыбы: «Армысың, Жаңа жыл!» Мерекелік іс-шаралар
Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру,көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Қатысқандар: МАД, 1-11 сынып оқушыларыны
Барысы: 155 Д . Шыныбеков атындағы орта мектебінде
1сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Исабекова Умиткульдің ұйымдастыруымен
"Қош келдің, Жаңа жыл! атты мерекелік іс -шара өтті.
Іс -шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Жаңа жылдық іс-шара ата-аналар мен оқушыларға керемет көңіл-күй сыйлады.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т.Кейқуатов
Тақырыбы: Таңғажайып кітап әлемі
Мақсаты:
-
оқушылардың кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер ету;
-
білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға себеп болу;
-
оқушылардың тез шешім қабылдау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы
Білімнің сарқылмайтын балбұлағы,
Ашқанда-ақ өткен күн мен беттеріңді,
Келер күн көз алдыма кеп тұрады.
Армысысыздар құрметті кітап сүйер қауым!
Адамзат қоғамы тарихинда кітап бейне бір кәусар бұлақтай адамдардың рухани сусынын қандырып, жанын жадыратып келе жатқан таусылмас рухани құндылық негізі, бастау алар бұлақ көзі болып есептеледі. «Жақсы –кітап ақылды адамның әңгімесі сияқты», деп классик жазушы Лев Толстой айтқандай, кітап оқырманға рухани күш жігер, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге беретін сарқылмас қазынамыз. Кітап құндылығы жайлы дана халқымыз «Білімнің бастауы - кітап», десе, ал ұлы драмматург Шекспир «кітап маған тақтан да қымбат», ал көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаев «Адамды адам еткен-Кітап, адамзат еткен - Кітапхана», деп кітаптың құдыретін, оның мәртебесін одан әрі асқақтатып көрсетеді. Иә, кітап адамды өмір бойы қолдап жүретін қамқоршысы, ал Кітапхана- ғылым мен білімнің, даналық пен дархандылықтың киелі кеніші десек, ал кітапханашылар осы қасиетті қара шаңырақтың шын жанашырлары. Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі. Бүгінде кітапханаларда жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелейтін, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыратын әртүрлі зияткерлік мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Міне, осы мақсатта біздің мектебімізде де 6 сыныптар арасында «таңғажайып кітап әлемі» сайысы ұйымдастырылып отыр.
Сайысымызды бастамас бұрын сайысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
-
Дүйсенова Ағира -кітапханашы
-
Алдиярова Ақгүл -кітапханашы
Олай болса сайысымызды бастайық.
Сайыстың шарттары
-
Топтың атауы
-
Біздің жерлес жазушыларымыз
(Ақтөбелік авторлардың кітаптарын табу)
-
«Менің сүйікті кітабым»
(оқыған көркем әдебиеті туралы ой- толғау)
-
Кітап менің өмірімде. Үй тапсырмасы.
(кітап туралы шағын шығарма ұсыну)
-
Сөздің көркі мақал
(кітап, кітапхана, білім туралы мақал- мәтел айтып жарысу)
6а сыныбы «Халық әдебиеті» тобы
6ә сыныбы «Көркем әдебиеті» тобы
6б сыныбы «Білімділер» тобы
«Кітап та алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін» -деп ақын ағамыз жырлағандай әдеби кітаптар және оқулықтар- білім көзі, рухани қазына. Ендеше, сайысымыздың 1 кезеңі «Біздің жерлес жазушыларымыз». Яғни Ақтөбелік ақын жазушылардың кітаптарын табу. Кітаптар таратып беріледі. Соның ішінен өзіміздің жерлес жазушыларымыздың кітаптарын іріктеп алу қажет.
Жақсы кітаптің нәтижесі жақсы тәрбие болмақ. Ал тәрбие негізі балалық шақта беріледі. Балалық шақ бағалы, бал тілді әдебиетке бай болса, тәрбиенің мақсат- мұраты тәжірибелі болады. Сайысымыздың 2 кезеңі «Менің сүйікті кітабым» деп аталады. Бұл сайыста әр топ өзі оқыған көркем әдебиеті туралы ой- толғау айтып беру керек.
«Күш білімде, білім кітапта» десек, енді кітап, кітапхана, білім туралы мақал- мәтел айтып жарысып көрейік. Әр топ мақал- мәтел айтып жарысады.
Кітаптың қасиеті мәңгілік. Ол қасиет қалам ұстаған сөз зергерлерінің ғана емес, өзін қоғамның белді мүшесімін деп есептейтін әрбір адамның бойына дарығанда ғана өмір нұрлы болмақ. «Оқымасаң ой тоқырайды» демекші, оқу, білім тоқтаған жерде рухани өсу, жетілу тежеледі. Қандай өркениетті елдің дамуында білім, мәдениет басты орын ала отырып кітап оқуға деген құштарлық та арта береді. Кітаптан асқан қазына жоқ. Сайысымыздың 4 кезеңі «Кітап менің өмірімде»
Сайысты қорытындылау
Марапаттау кезеңі

