2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Біртұтас тәрбие бағдарламасы қазан айының анықтамалары 2024-2025 оқу жылы
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Біртұтас тәрбие бағдарламасы қазан айының анықтамалары 2024-2025 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Біртұтас тәрбие бағдарламасы қазан айының анықтамалары 2024-2025 оқу жылы
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Қоғамға қызмет ету» тақырыбындағы «Қамқор» жобасы аясында волонтерлық қызмет көрсету акциясы



Анықтама

Мерзімі:01.10.2024ж

Тақырыбы: «Қоғамға қызмет ету» тақырыбындағы «Қамқор» жобасы аясында волонтерлық қызмет көрсету акциясы

Мақсаты: Білім алушылар қоғамға қызмет етуге және көгалдандыру жұмыстарына белсене араласуға тәрбиелеу. Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Қатысқандар: 5-11 сынып оқушылары

Барысы: "КҮЗГІ АСАР" АКЦИЯСЫ

Мектебімізде «ЕҢБЕГІ АДАЛ –ЖАС ӨРЕН» жобасы аясында «КҮЗГІ АСАР» акциясы өткізілді.

Акция мақсаты - отбасы құндылықтарын дәріптеу арқылы білім алушыларды еңбексүйгіштікке баулу, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылығын қалыптастыру.

Акцияға №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінің оқушылары белсенді атсалысты. Акция барысында оқушылар өз үйлерінің айналасын жинаумен қатар, ауласын қоқыстардан тазартты, күзгі тазалықтан соң, көкөніс пен жеміс теру ісімен айналысты.

Жоба айналаны қоршаған ортаны таза ұстаудағы оқушының жауапкершілігін арттырады, тазалыққа көңіл бөле білуге, тазалық сақтаудың маңызын түсінуге, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын азамат етіп тәрбиелеуге, еңбек адамын құрметтеуге ықпал етеді.









Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов.









«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Даналық ұстаздан» челенджі



Анықтама

Мерзімі:03.10.2024ж

Тақырыбы: «Даналық ұстаздан» челенджі




Мақсаты: білім алушылардың ұстазға деген құрметі мен сүйіспеншіліктерін арттыруға, еңбегін бағалауға үн қосу.



Міндеттері: ұстаздардың еңбегін бағалау, ұстаздарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары


Барысы: «ДАНАЛЫҚ – ҰСТАЗДАН»

Ұстаз - білім беруші ғана емес, қоғамдағы еңбекқорлық, жауапкершілік , мейірімділік, адалдық, әдептілік қасиeттерін қалыптастыратын көшбасшылар эталоны.

Бүгін мектебімізде ұстаздардың мерекесіне орай “Даналық - ұстаздан” челленджі ұйымдастырылды. ”Ұстазым” әні орындалды. Аталмыш челленджге білім ордамыздан ұстаздар мен оқушы белсене атсалысты.

#shielibilim

#bilimkzo

#біртұтастәрбиебағдарламасы

#даналықұстаздан



Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов.





«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Жол қауіпсіздігі» Қауіпсіздік сабағы



Анықтама

Мерзімі:07.10.2024ж

Тақырыбы: «Жол қауіпсіздігі» Қауіпсіздік сабағы


Мақсаты: 1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, осы «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты тақырып бойынша бейнелеу әдісін түсіндіру, бағыт беру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
сақтау, ойлау, суреттеу дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға, жұмыс кезінде таза, тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу.


Міндеттері: оқушыларды жолда жүру ережелерін толық біліп, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне дағдыландыру, Қазақстан Республикасының «Жол ережесі туралы заңдармен» таныстырып, білімін жетілдіру.

Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары


Барысы:

Бастауыш сынып оқушылары арасында жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында ауылдық УПИ ры полиция капитаны Бейсенұлы Қуаныш "Абайлаңыз - балалар!" тақырыбында жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің, бағдаршамның атқаратын қызметін үйрету және жол ережесін есте сақтау қабілетін арттыра отырып, жол ережесіне қойылған талаптарды орындауға тәрбиелеу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов.









«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Ойынға салауатты көзкарас» Қауіпсіздік сабағы



Анықтама

Мерзімі:24.10.2024ж

Тақырыбы: «Ойынға салауатты көзкарас» Қауіпсіздік сабағы


Мақсаты: Оқушылардың қазіргі уақыттағы ойын мәселесі туралы түсінігін қалыптастыру.

Оқушыларға ойынның бар кемшілігін түсінуін дамыту.

Оқушыларды адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеу.


Міндеттері: 1. Балаларға құмар ойындар туралы мағлұмат беру және білімдерін кеңейту.
2. Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, 
есте сақтау, логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
3. Салауатты өмір салтын ұстануға, ойынға деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Бір- біріне көмектесе отырып, достық, жолдастық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.


Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары

Барысы: ЛУДОМАНИЯ - ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЗИЯНЫ

155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің " Заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс- қимыл”жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында мектепішілік іс- шаралар жоспары жасалып, бекітілді.

2024 жылдың 24 қазаны күні мектептің педагог-психологы Г.Манабаева оқушыларға "Ойынға салауатты көзқарас" тақырыбында лудоманияның, құмар ойынға тәуелділіктің соңы құрдымға апаратынын, одан бойды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстану керектігін назарға салып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.





Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов






«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Ақпараттық қауіпсіздік, киберкультура, кибергигиена» Қауіпсіздік сабағы



Анықтама

Мерзімі:09.10.2024ж

Тақырыбы: «Ақпараттық қауіпсіздік, киберкультура, кибергигиена» Қауіпсіздік сабағы


Мақсаты:интернет желісіндежеке ақпаратты беружәнеөздеректерін қорғаутәуекелдерін тану дағдыларындамыту.

Міндеттері: 1. Жеке ақпараттың неекенін түсіндіріңіз.

2. Жеке ақпаратты беругебайланыстытәуекелдер жиынтығынқарастырыңыз.

3. Балаларды өз деректерін қорғауға және қауіпті жағдайлардан аулақ болуға үйрету



Қатысқандар: 5-11 сынып оқушылары


Барысы: "ЦИФРЛЫ ӘЛЕМДЕ- ҚАУІПСІЗ ҚАДАМ"

2024 жылдың 9 қазан күні «№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-сінде 7 сынып оқушыларымен бірге сынып жетекшісі Бижанова Динара "Цифрлық әлемде - қауіпсіз қадам" жобасы аясында «Ақпараттық қауіпсіздік, киберкультура, кибергигиена» тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Цифрлы әлемде қауіпсіз болу – қазіргі заманның маңызды талаптарының бірі. Киберқауіптер, жеке мәліметтердің ұрлануы және алаяқтық оқиғаларының көбеюі цифрлы қауіпсіздікті ескеруді қажеттігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оқушылар цифрлы әлемде қауіпсіз болу туралы өз ойларын мысалдармен жеткізіп, өзара пікір алмасты.






Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов.







«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде "Әлімжеттілік және бопсалауға жол бермейік!" сынып сағаты



Анықтама

Мерзімі:10.10.2024ж

Тақырыбы: "Әлімжеттілік және бопсалауға жол бермейік!" сынып сағаты


Мақсаты: мектеп ішінде және де мектептен тыс жерлерде әлімжеттікке жол бермеу және оның алдын алу

Қатысқандар: 5-11 сынып оқушылары

Барысы: "Әлімжеттілік және бопсалауға жол бермейік!"

Мектебімізде 8 "Б" сынып оқушыларының қатысуымен "Әлімжеттілік және бопсалауға жол бермейік!" тақырыбында сынып сағаты өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты мектеп ішінде және де мектептен тыс жерлерде әлімжеттікке жол бермеу және оның алдын алу шаралары туралы болды. Оқушылар бейнебаянда болған оқиғаны баяндап, оның жақсы да жаман тұстарын айқын ажыратып, түсіне алды деп есептейміз. Одан соң интербелсенді тақтадағы мәтіндерге көз жүгірте отырып, әлемдегі және еліміздегі әлімжеттік пен бопсалау туралы мәліметтерді талқылады.

Сынып жетекшісі: Сариев Бауыржан














Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : Т.Кейқуатов






«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Буллингтен қалай қорғану керек» Қауіпсіздік сабағы Психологпен кездесу



Анықтама

Мерзімі:10.10.2024ж

Тақырыбы: «Буллингтен қалай қорғану керек» Қауіпсіздік сабағы Психологпен кездесу.


Мақсаты: оқушыларды интернетте қауіптермен таныстыружәне осы қауіптерден аулақ болуға көмектесу, желідегі құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Міндеттері:

1) өзкөзқарасынбілдіру және оныдәлелдеу қабілетін дамыту;

2) адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру: адамдарға төзімділік, мейірімділік, жанашырлық құндылықтарғатәрбиелеу;

3) оқушыларда өзарақұрметпен өзін-өзібағалауды тәрбиелеу;

Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары


Барысы: КӨМЕК STOP BULLING

2024 жылдың 10 қазан күні мектебімізде 2024-2025 оқу жылдарына арналған барлық орта және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жүргізілетін пилоттық жоба "Көмек StopBulling" бағдарламасы аясында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т. Кейқуатов пен мектеп психологы Г. Манабаева 8-11 сынып білім алушыларына буллингтің алдын алу мақсатында арнайы жиын өткізіп, буллингке тап болған жағдайда көмек көрсететін "Көмек StopBulling" бағдарламасының QR кодымен таныстырып, мектеп фоэлеріне ілінгендігі жөнінде хабарланды.




Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов.





«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Құмар ойындарымен бәстесудің зияны, қаржылық сауаттылық» туралы жадынамалар тарату



Анықтама

Мерзімі:10.10.2024ж

Тақырыбы: «Құмар ойындарымен бәстесудің зияны, қаржылық сауаттылық» туралы жадынамалар тарату


Мақсаты:Оқушылардың қазіргі уақыттағы ойын мәселесі туралы түсінігін қалыптастыру;

Оқушыларға ойынның бар кемшіліктерін түсінуін дамыту;

Оқушыларды адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеу.

Міндеттері: 1) оқушылардың қаржылық сауаттылығын жетілдіру;

2) ата-аналардың онлайн ойындардағы қауіпсіздік, балаларды интернет-алаяқтардың қауіп-қатерлерінен қорғау мәселелері туралы түсініктерін кеңейту; 
3) балаларды компьютерлік ойынға тәуелділіктен қауіпсіз қорғау дағдыларын қалыптастыру.

Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары

Барысы: «№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Құмар ойындарымен бәстесудің зияны, қаржылық сауаттылық» туралы жадынамалар таратылды.





Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов.






«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Құмар ойындарының зардабы, қаржылық сауаттылық» конференция



Анықтама

Мерзімі:08.10.2024ж

Тақырыбы: «Құмар ойындарының зардабы, қаржылық сауаттылық» конференция


Мақсаты:Оқушылардың қазіргі уақыттағы ойын мәселесі туралы түсінігін қалыптастыру;

Оқушыларға ойынның бар кемшіліктерін түсінуін дамыту;

Оқушыларды адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеу.

Міндеттері: 1) оқушылардың қаржылық сауаттылығын жетілдіру;

2) ата-аналардың онлайн ойындардағы қауіпсіздік, балаларды интернет-алаяқтардың қауіп-қатерлерінен қорғау мәселелері туралы түсініктерін кеңейту; 
3) балаларды компьютерлік ойынға тәуелділіктен қауіпсіз қорғау дағдыларын қалыптастыру.

Қатысқандар: 8-11 сынып оқушылары

Барысы: Мектебімізде "Құмар ойындарының зардабы және қаржылық сауаттылық" тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен конференция өтті. Аталмыш шараға мектеп директоры А.Есім, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Дінбаева және мектеп психологі Г.Манабаева, Мектеп Парламенті белсене қатысты. Білім алушылар өз ойларын ашық айтып, жан-жақты мағұлмат алды.

Құмар ойындарға тәуелділіктің өзегі мидағы жүйелердің жатыр. Құмар ойындар ләззат пен қанағаттанумен байланысты нейротрансмиттер-допаминнің бөлінуін ынталандырады. Алайда, осы допаминдік жарылыстардың бірнеше рет әсер етуі мидың төзімділігін арттырады, бұл бірдей эмоционалды деңгейге жету үшін үлкен тәуекелдерді және құмар ойындарды жиі қажет етеді. Уақыт өте келе бұл ләззат алу немесе өмірлік күйзелістерден құтылу тәсілі ретінде құмар ойындарға тәуелділікке әкеледі, бұл бақыланбайтын тәуелділікке айналуы мүмкін.


Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов





«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Компьютерлік ойындардың зияндылығы» сынып сағаты



Анықтама

Мерзімі:09.10.2024ж

Тақырыбы: «Компьютерлік ойындардың зияндылығы» сынып сағаты


Мақсаты:Оқушылардың қазіргі уақыттағы ойын мәселесі туралы түсінігін қалыптастыру;

Оқушыларға ойынның бар кемшіліктерін түсінуін дамыту;

Оқушыларды адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеу.

Міндеттері: 1) оқушылардың қаржылық сауаттылығын жетілдіру;

2) ата-аналардың онлайн ойындардағы қауіпсіздік, балаларды интернет-алаяқтардың қауіп-қатерлерінен қорғау мәселелері туралы түсініктерін кеңейту; 
3) балаларды компьютерлік ойынға тәуелділіктен қауіпсіз қорғау дағдыларын қалыптастыру.

Қатысқандар: 8-11 сынып оқушылары

Барысы: Мектебімізде "Компьютерлік ойындардың зияндылығы" тақырыбында мектеп психологі Г.Манабаеваның ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен сынып сағаттары өтті.

Тапжылмай ұзақ уақыт компьютердің алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады, баланың, ақыл ойының дамуын тежейді. Компьютердің алдында үзіліссіз жұмыс істеу баланың қан қысымын көтереді, және миопия, (көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілетінің төмендеуі) құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейтіні белгілі. Сонымен қатар омыртқаға көп күш түсетіндіктен сколиоз (омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін, бұған қоса электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп , қолдың буындарына зақым келтіреді.



Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов





«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Ойынқұмарлық-тәуелділік»

сынып сағаты

Анықтама

Мерзімі:09.10.2024ж

Тақырыбы: «Ойынқұмарлық-тәуелділік» сынып сағаты


Мақсаты:ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарын дамыту.


Міндеттері:

1. Ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қам,тамасыз етуге деген ұмтылысын ояту.

2. Баланың дамуындағы ықтимал қауіптер, тәуелділік мінез-құлық белгілері және оның алдын алу шаралары туралы ата-аналардың түсініктерін кеңейту.

3.Ата-аналардың балаларына көңіл бөлуінің, заңсыз әрекеттердің алдын алуының маңыздылығын күшейту.

Қатысқандар: 8-11 сынып оқушылары

Барысы: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Мектебімізде 8-11 сыныптың ер оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында "Ойынқұмарлық-тәуелділік" тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге АПб ауылдың учаскелік инспекторы және полиция капитаны Қуаныш Бейсенұлы , тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тұтқабай Кейқуатов қатысты.

Негізгі мақсты: білім алушылар арасында құқықбұзушылықтың, буллингтің, кибербуллингтің, қылмыстық, топтық төбелестің алдын алу.

Жиын барысында түнгі беймезгіл уақытта, яғни сағат 23-00-ден, сағат 06-00-ге дейінгі уақытта жүруге болмайтындығы, топтық жиналуға, бір-біріне әлімжеттік жасауға болмайтындығы қатаң ескертіліп айтылды.

Сонымен қатар қазіргі таңда ұялы телефон арқылы көптеген кісілер алаяқтардың алдауына түсіп қалып жатқандығы айтылды. Ата-аналарға бейтаныс адамнан телефон шалғанда сақ болу қажеттілігі туралы хабарландыру өте маңызды. Бейтаныс адамдардан келген қоңырауларда ақпаратты тексеру, бейтаныс адамдармен жеке мәліметтермен бөліспеу керектігі ескертілді.



Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов





«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет» ата-аналар жиналысы



Анықтама

Мерзімі:28.10.2024ж

Тақырыбы: «Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет» ата-аналар жиналысы

Мақсаты: Балалардың салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде ата-аналардың көзқарасын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген ұмтылысын ояту.

2. Баланың дамуындағы ықтимал қауіптер, тәуелділік мінез-құлық белгілері және оның алдын алу шаралары туралы ата-аналардың түсініктерін кеңейту.

3.Ата-аналардың балаларына көңіл бөлуінің, заңсыз әрекеттердің алдын алуының маңыздылығын күшейту.

Қатысқандар: 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары

Барысы:

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ САБАҚТАРЫ

Мектебімізде "АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" №2 сабағы ата-аналарымен "Дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастырамыз" тақырыбында өткізілді. Сонымен қатар ата-аналарға "Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет" тақырыбында 2024-2025 жылдарға арналған өңірлік қадамдық жоспарының атқарылып жатқан жұмысы таныстырылды.

Мақсаты: Балалардың салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде ата-аналардың көзқарасын қалыптастыру.









Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов



«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Күзгі асар» жәрмеңкесі

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы



Анықтама

Мерзімі:14.10.2024ж

Тақырыбы: «Күзгі асар» жәрмеңкесі «Еңбегі адал жас өрен» жобасы

Мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу

Міндеттері:Ата-аналарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу, кіші және қарттарға, айналасындағыларға қамқорлықжасау, басқалардың еңбегін құрметтеу, табиғатқа, мүлікке ұқыпты қарау және т.б. Негізгі міндеттер: - ата-аналарының, ересектердің, кіші және қарттардың қамқорлығы мен назарын түсіну және бағалау қажеттілігін көрсету; - адамның өміріндегі отбасыныңмаңыздылығын түсінугеықпал ету; - балалар мен ата-аналар арасындағы отбасындағы жанжалдың себептерін анықтау; - үлкендерге құрметпен қарау қажеттілігі туралы қорытындыға келу; - барлығының тиімді өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.

Қатысқандар: 3-4, 5-7 сынып оқушылары

Барысы:

"КҮЗГІ АСАР" ЖӘРМЕҢКЕСІ

2024 жылдың 14 қазан күні мектебімізде 3-7-сынып білім алушыларымен "Күзгі асар" жәрмеңкесі өткізілді.

Тәрбиенің бір бағыты - баланы еңбекке баулу болса, жәрмеңке - оқушы еңбегінің жарқын көрінісі, әрі жемісі. Мектебімізде оқушылардың шығармашылық және іскерлік қабілеттерін ашу, олардың қаржылық сауаттылығын арттыра отырып, адал жолмен табыс табуға үйрету, мамандыққа бағдарлау, өзі сүйетін іспен айналысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 3-7- сыныптар арасында «Күзгі асар» дәстүрлі күзгі жәрмеңкесі өтті.





Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов


«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Мектеп парламентінің президентін» сайлау жобасы



Анықтама

Мерзімі:15.10.2024ж

Тақырыбы: «Мектеп парламентінің президентін» сайлау жобасы


Мақсаты: жас өскелең ұрпақты патриоттыққа, білімге және өз-өзін жетілдіруге деген құштарлыққа, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Міндеттері: оқушылардың мәселелерін, ұсыныстарын және пікірлерін мектеп әкімшілігіне жеткізу;мектептегі маңызды іс-шаралар мен жобаларды талқылап, іске асыруға қатысу; әкімділік қызметкерлерімен тығыз байланыс орнату; шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру; өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту;азаматтық айқын көзқарас танытуға, адамгершілік қасиетін жоғарылатуға және оқушының рухани мәдениетін көтеруге тәрбиелеу.

Қатысқандар: 5-11 сынып оқушылары

Барысы: МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ САЙЛАУЫ

Мектеп парламенті - оқушылардың өз еріктерімен құрылған ұйымы. Ұйымның негізгі мақсаты - жас өскелең ұрпақты патриоттыққа, білімге және өз-өзін жетілдіруге деген құштарлыққа, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Мектеп парламентінің ең жоғары өкілі - мектеп Президенті.

2024 жылдың 19 қазан күні №155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде Мектеп парламенті Президентін сайлауы өтті.

Сайлауға 8-10 сыныптар арасынан 6 үміткер қатысып, өз бағдарламаларын таныстырып өтті.

Сайлауда мектеп ұстаздары және 5-10 сынып оқушылары өз таңдауларын жасады.

Сайлау қорытындысы бойынша 9-сынып оқушысы Қалдыбекова Бибінұр- 89 дауыс жинап, Мектеп парламентінің Президенті болып сайланды.

Мектеп парламенті Президентіне және министрлеріне алдағы қызметтеріне сәттілік тілейміз!


Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов






«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Ұшқыр ой алаңы» дебаты



Анықтама

Мерзімі:21.10.2024ж

Тақырыбы: «Ұшқыр ой алаңы» дебаты.


Мақсаты:  мектепте дебат қозғалысы бағыттарының идеологиясын қазақстандық оқушыларды қазіргі заман қоғамы мен мемлекет өміріне табысты әлеуметтік бейімдеу және интеграциялау, жоғары адамгершілік-рухани, көп мәдениеттік жалпы адам құндылықтары мен патриоттығы негізінде азаматтық қалыптасу бірыңғай жүйесі ретінде анықтау;  
қоғам санасында балалар мен жастардың бейнесін қоғамның белсенді бөлігі ретінде нығайту.

Міндеттері: - өзін-өзі таныту және жалпы мәдениет ой-өрісін, ұйымдастыру машықтарын, пікір-талас жүргізу дағдыларын, өз пікірі мен бағытын нақты қуаттауды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- стандарттан тыс өз бетінше ойлау қабілетін, логикасын, сараптау және синтездеу, жалпылау және сыныптау, салыстыру және қарама-қайшылық, интуициясын, көңіл-күйін, зияткерлік реакциясын, кеңістік пен уақыт туралы жеке көзқарастарын, шектеулі уақыт ішінде ойларын құрастыру дағдыларын дамыту;    
- оқушылардың дебат қозғалысының даму механизмдерін анықтау;  
- жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында дебаттық қозғалыспен қамтылған балалардың үлесін үлкейту.

Қатысқандар: 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары мен ұстаздар

Барысы: "№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі" КММ-нде 5-6 сынып оқушылар "Тілі бірдің тілегі бір"тақырыбында мәнерлеп өлең оқыды. Оқушылар тіл туралы өлеңдерді жақсы оқып шықты.

Шара барысында П.Бәкірдің ұйымдастырумен "Шындық пен жалған: Сәкен заманы" тақырыбында "Ұшқыр ой алаңы" дебаты турнирі өтті. Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай ұйымдастырылған дебат тартысты өтті.





Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов






«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Республикам – мақтанышым!» сынып сағаты



Анықтама

Мерзімі:22.10.2024ж

Тақырыбы: «Республикам – мақтанышым!» сынып сағаты


Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты балаларды тәрбиелеу.


Міндеттері: - Білім алушыларды Отанын сүюге, патриоты болуға тәрбиелеу.



Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары

Барысы: РЕСПУБЛИКАМ -МАҚТАНЫШЫМ!

2024 жылдың 21 қазан күні #155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінде 9 "Б" сынып білім алушыларымен "Республикам-мақтанышым!" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Сабақтың мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге және туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру.

Сынып жетекшісі: Жүсіпбекова Меруерт Бақытқызы









Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов





«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Менің республикам!» Республика күніне орай мерекелік іс-шара



Анықтама

Мерзімі:24.10.2024ж

Тақырыбы: «Менің республикам!» Республика күніне орай мерекелік іс-шара


Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты балаларды тәрбиелеу.


Міндеттері: - Білім алушыларды Отанын сүюге, патриоты болуға тәрбиелеу.



Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары

Барысы:№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебінің тәрбие жұмыстарының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 18-24 қазан күндері аралығында жоспарланған "Республикам - мақтанышым" іс-шаралар жоспарына сәйкес 24 қазан күні бастауыш сыныптар арасында “Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан” атты мерекелік шара өткізілді.

Мақсаты:

ҚР мемлекеттік мерекелері туралы мәлімет беру;

Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру;

Отаншылдық құрмет құндылығын дарыту;

Оқушылар ән айтып, би билеп,т ақпақтар орындады.

Республика күні құтты болсын!




Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов








«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Республика күнін мерекелеу қарсаңында жас ақындар сайысы» сынып сағаты



Анықтама

Мерзімі:24.10.2024ж

Тақырыбы: «Республика күнін мерекелеу қарсаңында жас ақындар сайысы» сынып сағаты


Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдері мен оқиғаларын түсіндіру, егемендік алудың маңызын ұғындыру;

Оқушыларға аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі ете отырып, Отанын, елін сүюге деген патриоттық сезімдерге баулу. Болашаққа сенімдерін қалыптастыру, саналы да білімді азамат болуға тәрбиелеу.


Қатысқандар: 5-11 сынып оқушылары

Барысы: 25 қазан -Республика күні

155Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде 25 қазан - Республика күніне орай 11 сынып жетекшісі Гүлжазира Сүйрікбаеваның ұйымдастыруымен Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағатты өткізілді. Шара барысында "Республика күнін мерекелеу қарсаңында жас жазба ақындар сайысы" өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдері мен оқиғаларын түсіндіру, егемендік алудың маңызын ұғындыру;

Оқушыларға аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі ете отырып, Отанын, елін сүюге деген патриоттық сезімдерге баулу. Болашаққа сенімдерін қалыптастыру, саналы да білімді азамат болуға тәрбиелеу.

Ұлы ағартушы,халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов: "Балам деген жұрт болмаса,жұртым дейтін бала қайдан өссін" деген екен.Әрбір адамда Отанға,туған жерге деген ыстық сезім,үлкен махаббат болатындығы оқушыларға түсіндіріліп,топ болып тапсырмалар орындады. Оқушылар өз ойларын еркін айтып, сұрақтарға жауап бере отырып, өзіндік сыни көзқарастарын білдіре алды. Білім алушылардың арасынан бірнеше жазба ақындар өздерінің Отанға арнаған тырнақ алды туындыларын оқыды. Сайыс қатысушылары мадақтамалармен марапатталды.

Тәрбие сағаты барысында оқушылар, 25 қазан- Республика күнінің қазақ халқы үшін маңыздылығын түсініп, бұл күннің тарихына тоқталып, ұлттық мерекенің мемлекеттік мерекеден айырмашылығын ажыратты.Сынып жетекшісі Гүлжазира Сүйрікбаева.



Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов

Жариялаған:
Алпысбай Мөлдір
03 Ақпан 2025
137
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі