
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Біртұтас тәрбие қыркүйек айы анықтамасы 2024-2025оқу жылы
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде 1-11 сыныптардағы 1қыркүйек-Білім күніне орай «Мектеп–мейірім мекені» тақырыбындағы сынып сағатының өткізілуі жайлы
Анықтама
Мерзімі: 02.09.2024ж
Тақырыбы: «Мектеп–мейірім мекені» тақырыбындағы сынып сағаты
Мақсаты: 1. Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.
2. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
3. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Барысы:
Бұл күн – білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн.
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мектеп - мейірім мекені» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны ұйымдастырылып өткізілді.
Мерекелік шараға Шиелі аудандық білім қызметкерлері, Ақтоған ауылының әкімі Ахметов Ержанбек, Ақтоған ауылының учаскелік полиция майоры Бейсенов Қуаныш және ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты.
Салтанатты жиында мектеп басшысы өткен 2023-2024 оқу жылындағы мектебіміздің, оқушылар мен ұстаздардың толағай табыстарын атап өтіп, барлық білім алушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытта жақсы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестігін білдірді.
Жаңа оқу жылының салтанатты шарасындағы құттықтаулардан кейін жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең жолдарын арнады. Күмбірлете соғылған қоңырау үні оқушыларды, мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндерін жаңа қадамға талпындырып, жаңа оқу жылының алғашқы сабағына шақырды!
Білім — игілік пен бірлік, байлық пен дәулеттің негізгі көзі. Кемел келешекке қадам басқан Тәуелсіз қазақ елінің әрбір азаматы терең біліммен қаруланып, туған жерінің айбыны, мектептің мақтаны болуға міндетті.
Салтанатты іс-шара барысында Ақтоған ауылының учаскелік полиция капитаны Бейсенұлы Қуаныш мектеп білім алушыларына құттықтауын білдіре отырып, ата-аналар мен оқушыларға өскелең ұрпағымыздың санасын улайтын зиянды әдеттерден аулақ болуға, жолда жүру ережесін қатаң сақтауы жайлы хабарлама жасап, түсіндіріп өтті.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысы. «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы өткізілуі жайлы
Анықтама
Мерзімі:04.09.2024ж
Тақырыбы: Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысы. «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
Мақсаты:
- Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдic-тәсiлдерiн жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату .
Міндеттері: уақытты басқару қажеттілігі мәселесін өзектендіру; уақыт тапшылығының себептерін анықтау. Уақытты басқару әдістерімен таныстыру. Ата-аналармен әңгімелесу.
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары
Барысы:
"155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"КММ інде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысы. «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.Ата-аналарға төмендегідей сұрақтар қойылды. Сұрақтар: - Сізге барлық тапсырмаларды орындау үшін тәулігіне уақыт жеткілікті ме? Сіздің балаларыңыздың
бәрі үлгере ме? Балаңызға өз уақытын жоспарлауды үйрету керек деп ойлайсыз ба? Неліктен?
Мұғалімдер айтылғандарды қорытындылады: Уақытты басқару-адамның әл-ауқатын қалыптастыруға, денсаулығын сақтауға көмектесетін құралдардың бірі. Уақытты басқару-бұл адам өзінің уақыт ресурстарын оңтайлы пайдаланатын өмірге ерекше көзқарас. Уақытты басқару мүмкін емес, бірақ оны ұйымдастыруға болады! Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Жол қауіпсіздігі» тақырыбындағы Қауіпсіздік сабағы өткізілуі жайлы
Анықтама
Мерзімі:06.09.2024ж
Тақырыбы: «Жол қауіпсіздігі» тақырыбындағы Қауіпсіздік сабағы өткізілуі жайлы
Мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Міндеттері: Оқушыларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Қатысқандар: 1-4 сынып оқушылары
Барысы:
"155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі"КММ інде «Жол қауіпсіздігі» тақырыбындағы Қауіпсіздік сабағы өткізілуі жайлы
"АБАЙЛАҢЫЗ – БАЛАЛАР !" жедел профилактикалық іс-шарасы
Мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында ауылдық УПИ-рі, полиция капитаны Бейсенұлы Қуаныштың қатысуымен "Абайлаңыз - балалар!" тақырыбында жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің, бағдаршамның атқаратын қызметін үйрету және жол ережесін есте сақтау қабілетін арттыра отырып, жол ережесіне қойылған талаптарды орындауға тәрбиелеу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Отбасы-тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбындағы челленджі
Анықтама
Мерзімі:09.09.2024ж
Тақырыбы: «Отбасы-тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбындағы челленджі
Мақсаты: Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата- анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға, әрдайым алғыс айта білуге тәрбиелеу.
Міндеттері: 1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
2.Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Қатысқандар: 5-11 сынып оқушыларыны
Барысы:
ӘКЕ - ТІРЕК, АНА - ЖҮРЕК, БАЛА -ТІЛЕК
Отбасы күніне жоспарланған іс-шара бойынша 7 сынып оқушысы Әбдімәлікова Әмина "Менің отбасым" тақырыбында бейнеролик жасады.
Іс-шара мақсаты: Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата- анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға, әрдайым алғыс айта білуге тәрбиелеу.
Сынып жетекші: Динара Бижанова.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Булингтен қорған!» тақырыбындағы Қауіпсіздік сабағы
Анықтама
Мерзімі:11.09.2024ж
Тақырыбы: «Булингтен қорған!» тақырыбындағы Қауіпсіздік сабағы
Мақсаты: - "Буллинг" сөзінің мағынасын ашу және түсіндіру;
- Жасөспірімдер арасында мазақтау, қорлау, намысқа тию жағдайларының алдын-алу.
Міндеттері: -оқушыларға буллинг сөзінің мағынасын ашу, таныту, жасөспірімдер арасындағы қорлау, келемеждеу, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу.
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Барысы:
БУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАН!
9 «а» сыныбында әдеп сабағы қауіпсіздік сабағынан басталды. Қауіпсіздік сабағында «Сіздің жеке деректеріңіз және оларды қалай қорғауға болады? » бейнесабақтарымен танысты.
Шаттық шеңберің құрап, "Мен саған, сен маған" әдісі арқылы бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып, көңіл күй сыйлады.
"Буллингті мен қалай түсінемін?" тақырыбында өз пікірлерін эссе түрінде жазып өткізді.
Буллинг ұғымымен танысқан соң осы тақырыпқа қатысты өздерінің сұрақтарын қойып белсенді түрде сабақты қорытындылады.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов.
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Еңбек түбі - береке» тақырыбындағы Қауіпсіздік сабағы
Анықтама
Мерзімі:17.09.2024ж
Тақырыбы: «Еңбек түбі - береке» тақырыбындағы Қауіпсіздік сабағы
Мақсаты: Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып,ерінбей еңбек етуге,еңбектің адамның табиғи қажеті екендігін ұғындыру.
Еңбексүйгіштікке,еңбек адамын құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.
Міндеттері: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу
Қатысқандар: 1-11сынып оқушылары
Барысы:
ЕҢБЕК ТҮБІ - БЕРЕКЕ
Мектебімізде 6"б" сыныбында "Еңбек түбі- береке" тақырыбында әдеп сабағы өткізілді.
Сабақ барысында:
- Еңбек түбі-береке дегенді қалай түсінесіңдер? деп оқушылардан сұрақ жауап алынды.
-бейнеролик көрсетілді.
-еңбекке байланысты мақал-мәтелдер айтты.
-мамандық иелерін, олардың қолданатын құралдарымен сәйкестендірді.
-Еңбек сөзіне ассоциация жасады.
Сынып жетекші:Бурханова Мақпал
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов.
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Жарнаманың жағымсыз әсерлеріне бейімделу, денсаулық пен өмірге қауіп төндіретін қысымға қарсы тұру дағдыларын қалай алуға болады» тақырыбындағы психологиялық сағат
Анықтама
Мерзімі:20.09.2024ж
Тақырыбы: «Жарнаманың жағымсыз әсерлеріне бейімделу, денсаулық пен өмірге қауіп төндіретін қысымға қарсы тұру дағдыларын қалай алуға болады» тақырыбындағы психологиялық сағаты
Мақсаты: Оқушыларға жарнаманың кері әсерлерімен таныстыру. Тәуелділікке қарсы тұру үшін қандай дағдылар қалыптастыру қажет екенін түсіндіру.
Міндеттері: Оқушыларды жарнаманың әсерлеріне бейімдеу, тәуелділікке қарсы тұруғ дағдыларына тәрбиелеу.
Қатысқандар: 8-11 сынып оқушылары
Барысы:
«Жарнаманың жағымсыз әсерлеріне бейімделу,тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалай алуға болады?»ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ
Мектебіміздің педагог-психологы Г.Манабаева «Жарнаманың жағымсыз әсерлеріне бейімделу,тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалай алуға болады?» тақырыбында психологиялық сағат өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты жарнаманың жасөспірімдердің психикасына әсер ету ерекшеліктері мен агрессивті жарнамадан қорғау болды. Іс-шара барысында «Жарнаманың жасөспірімге әсері», «Жарнаманың адамға әсер ету жолдары» туралы және қазіргі таңда көп жарнамаланатын зиянды тағамдар туралы, вейп пен электронды темекінің зияны туралы айтылды.
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Электрондық темекінің зияны» тақырыбындағы сынып сағаты
Анықтама
Мерзімі:19.09.2024ж
Тақырыбы: «Электрондық темекінің зияны» тақырыбындағы сынып сағаты
Мақсаты: Электронды темекінің адам ағзасына кері әсерлерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу.
Міндеттері: Электронды темекі шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан бас тартуға топ болып тәрбиелеу.
Қатысқандар: 5-10 сынып оқушылары
Барысы: Мектебіміздің 6 "А" сыныбында "Электронды темекінің зияны" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ ҚР Әнұранын орындаумен басталды.Сынып жетекшісі Бурханова Мақпал сабақтың мақсатына тоқталып , электронды темекі жөнінде білу немесе тұтыну жайлы оқушылардың өздеріне сұрақтар тастады. Оқушы пікірін білгеннен соң , жас ағзаға электронды темекінің тигізетін әсері жайлы түсіндірілді. Жасөспірімдерге арналған вейп өзін-өзі растаудың, қиялдағы тәуелсіздіктің және өзін-өзі салқындату сезімінің жаңа толқынына айналды. Мәселе мынада, жасөспірімдерде электронды темекі көп зиян келтірмейді деген пікір қалыптасады, оларды әртүрлі дәмдік хош иістендіргіштермен электронды еркелетудің бір түрі деп санайды.Сондықтан электронды темекіні ерте қолдану, ең алдымен, өкпеге, бауырға, жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйесіне теріс әсер етеді. Жасөспірімде ентігудің алғашқы белгілері пайда болады, жөтел азапталады, қысым жоғарылайды немесе төмендейді, вазоспазм пайда болады.Осы ақпараттармен құлақтандырып , салауатты өмір салтын қалыптастыруға бой тұзеген дұрыс деген тұжырыммен сабақ қорытындыланды.
Сынып жетекшісі: Бурханова М.
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Балалар буллинг, кибербуллингтің құрбаны болғанда не істеу керек?» тақырыбындағы кездесу
Анықтама
Мерзімі:23.09.2024ж
Тақырыбы: «Балалар буллинг, кибербуллингтің құрбаны болғанда не істеу керек?» тақырыбындағы кездесу
Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Міндеттері: Оқушыларды «қорқыту» түсінігімен, қуғындаушы және қуғын-сүргін құрбанына айналатын балалардың типтік ерекшеліктерімен таныстыру; қудалау кезінде мінез-құлық дағдыларын дамыту; заңға бағынатын азаматты тәрбиелеуге үлес қосу.
Қатысқандар: 8-11 сынып оқушылары
Барысы: "№155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебі" КММ-нде ауылдық учаскелік полиция капитаны Бейсенұлы Қуаныш қатысуымен «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және буллинг, кибербуллингті болдырмау» тақырыбында 8-11 сыныптың балаларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиынның басты мақсаты- жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүрмеуін қадағалау, қылмыс туралы мағұлматтар бере отырып, әрбір қылмыстың қатаң түрде заңмен жазаланатынын түсіндіру. Қоғамда кең етек жайып отырған буллинг, кибербуллинг мәселелері жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жолда жүру ережелерін сақтау мәселелері талқыланды.
Ауылдық учаскелік полиция
капитаны Бейсенұлы Қуаныш құқықбұзушылық профилактикасы бойынша
түсіндіру жұмыстарымен қатар заң талаптарын баяндады. Сонымен қатар
көлік ағымының артуына байланысты жолдарда кең таралған электр
скутерлері мен мопедтер жолда жүру ережелеріне қауіп төндіріп
отырғандығы және жол қозғалыс ережелері бұзылған жағдайда олардың
ата-аналарына еліміздің әкімшілік заңнамасында көзделген
жауапкершілікке тартылатындығын ескертіп
өтті.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов.
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Әлеуметтік желілерде құмар ойындардың зияны туралы хештектермен материалдар орналастыру» тақырыбындағы жадынама
Анықтама
Мерзімі:23.09.2024ж
Тақырыбы: «Әлеуметтік желілерде құмар ойындардың зияны туралы хештектермен материалдар орналастыру» тақырыбындағы жадынама
Мақсаты: оқушыларды интернетте қауіптермен таныстыружәне осы қауіптерден аулақ болуға көмектесу, желідегі құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Міндеттері: 1) өзкөзқарасынбілдіру және оныдәлелдеу қабілетін дамыту;
2) адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру: адамдарға төзімділік, мейірімділік, жанашырлық құндылықтарғатәрбиелеу;
3) оқушыларда өзарақұрметпен өзін-өзібағалауды тәрбиелеу;
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Барысы: «№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Әлеуметтік желілерде құмар ойындардың зияны туралы хештектермен материалдар орналастыру» тақырыбындағы жадынама өті. Әлеуметтік желілерде құмар ойындардың зияны - бұл әлеуметтіқ желі арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас, жаңа таныстар, қызығушылықтар, мәселелер туралы хабарламалар, фотосуреттер, видео және басқа да мәліметтерді көру және алмасу. Жауапты мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов.
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде Учаскелік полиция инспекторларымен бірге жастар көп шоғырланатын аймақтарға рейдке шығу
Анықтама
Мерзімі:24.09.2024ж
Тақырыбы: Учаскелік полиция инспекторларымен бірге жастар көп шоғырланатын аймақтарға рейдке шығу
Мақсаты: мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу болып табылады.
Міндеттері: оқушылардың қауіпсіздігін қатамасыз ету, тәртіп пен сақтықты күшейту мақсатында кезекшілік пен кешкі рейдтік шаралар ұйымдастыру.
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Барысы: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алын-алу мақсатында № 155 Д.Шыныбеков атындаңы орта мектебіндегі ұстаздар мен учаскелік инспектордан құрылған топ түнгі рейд жұмыстарын жүргізуде.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов.
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Нарко бекет жұмыстарының қызметін ұйымдастыру» тақырыбындағы жадынама
Анықтама
Мерзімі:24.09.2024ж
Тақырыбы: «Нарко бекет жұмыстарының қызметін ұйымдастыру» тақырыбындағы жадынама
Мақсаты: Жасөспірімдерді
салауатты өмір салтының дағдыларына баулып, денсаулығына,
адамгершілік қасиетіне, психологиялық тұрғыдан жүйке жүйесіне кері
әсерін тигізетін зиянды заттарды қолданудың алдын алуы бойынша
іс-шаралар арқылы ұйымдастыру.
Міндеттері:
- Салауатты өмір салтын
насихаттауды жетілдіру спорттық ойын түрлеріне тарту
жұмыстарын дамыту.
- Салауатты өмір салтының үлгілік - өнегелік
тұрғыдағы мәнін түсіндіру.
- Зиянды әдеттерді қолданудың, пайдаланудың
(шылым, арақ, есірткі, АҚТБ\ЖҚТБ) алдын алу жолдарын
жетілдіру.
- Жасөспірімдерге есірткі, темекі,
алкагольдің денсаулығына өлшеусіз зиян, орны толмас өкініші
туғызатын түсіндіру.
- Күйзелісті жағдайларда адамның ақылға
жүгінуінің, өзін-өзі сабырға шақыруының маңызын
ұғындыру.
Қатысқандар: 5-11 сынып оқушылары
Барысы:
Мектебімізде білім алушылармен бірге Ақтоған ауылының учаскелік полиция капитаны Қуаныш Бейсенұлының қатыстырылуымен "Қауіпсіз мектеп" жедел профилактикалық іс-шарасы жоспарланып өткізілді. Сонымен қатар "Нарко бекет жұмыстарының қызметін ұйымдастыру" тақырыбында жұмыстар жүргізілді.
Наркологиялық бекет- (бұдан әрі – нарко бекет) білім алушыларды салауатты өмір салтының дағдыларына баулу үшін білім беру ұйымдарында кешенді түрде алдын алу жұмыстарын жүргізетін және қабілетті адамгершілік - психологиялық тұрғыдан жүйке жүйесіне кері әсер ететін құралдарды теріс пайдалануды болдырмауды қалыптастыратын қоғамдық орган болып табылады. Жауапты мамандар оқушыларды нарко бекет жұмысымен таныстырды.
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Білім алушының құмар ойынға бейімділігінің белгісі бойынша ішкі есепке алу, жеке жұмыстар жүргізу» тақырыбындағы педогогикалық қызметкерлермен жиналыс
Анықтама
Мерзімі:25.09.2024ж
Тақырыбы: «Білім алушының құмар ойынға бейімділігінің белгісі бойынша ішкі есепке алу, жеке жұмыстар жүргізу» тақырыбындағы педогогикалық қызметкерлермен жиналыс
Мақсаты: Жасөспірімдерді
салауатты өмір салтының дағдыларына баулып, денсаулығына,
адамгершілік қасиетіне, психологиялық тұрғыдан жүйке жүйесіне кері
әсерін тигізетін зиянды заттарды қолданудың алдын алуы бойынша
іс-шаралар арқылы ұйымдастыру.
Міндеттері: Бала қауіпсіздігіне
қатысты өзекті мәселелер мен оқу-тәрбие бағытында бала
қауіпсіздігіне қатысты ұжыммен бірлесіп атқаратын жұмыстар жайында
баяндап, бала қауіпсіздігін сақтауда назар аударуға тиісті, яғни
балаларды мұқият бақылау, проблемаларды ерте анықтау, қауіпсіз
ортаны құрудағы мұғалімнің рөлі, ата-аналармен ынтымақтастық
секілді негізгі мәселелермен күресіп,
тәрбиелеу.
Қатысқандар: педагогикалық ұжым
Барысы: “БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫММЕН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
№155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінің педагогикалық ұжымымен “Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі” тақырыбында жиналыс өттізілді.
Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру мәселесі талқыланды.
Мақсаты бала қауіпсіздігіне байланысты маңызды мәселелерді бірлесе талқылау, педагогтердің ой-пікірлерін тыңдау, шешім қабылдау.
Жиналыста мектеп директоры А.Есім бала қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер мен оқу-тәрбие бағытында бала қауіпсіздігіне қатысты ұжыммен бірлесіп атқаратын жұмыстар жайында баяндай келе, бала қауіпсіздігін сақтауда назар аударуға тиісті, яғни балаларды мұқият бақылау, проблемаларды ерте анықтау, қауіпсіз ортаны құрудағы мұғалімнің рөлі, ата-аналармен ынтымақтастық секілді негізгі мәселелерге тоқталып өтті.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т. Кейқуатов «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының сапалы жүзеге асырылуы, жоба аясында жүзеге асатын әлеуметтік жобалар мен іс-тәжірибелер туралы баяндап, оқушыларды әлеуметтік желілердің теріс әсерінен сақтау, саналы әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау керектігі жайлы атап өтті.
Сонымен қатар сынып жетекшілерге “Қауіпсіздік сабақтарын” сапалы өткізуге, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында отбасында сенімді қарым-қатынасты нығайтуда, күнделікті өткізілетін «Өнегелі 15 минут» бастамасының маңыздылығын, мәнін атап өтті. Оқу жұмысы жөніндегі орынбасары А. Дінбева оқушылармен ынтымақтаса білум беруге шақырды.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов.
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Құмар ойынға тәуелділікке байланысты білім беру ұйымдары психологиялық қызметі мен жеке және отбасылық кеңес беруге психолог сағатын ұйымдастыру» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
Анықтама
Мерзімі:26.09.2024ж
Тақырыбы: «Құмар ойынға тәуелділікке байланысты білім беру ұйымдары психологиялық қызметі мен жеке және отбасылық кеңес беруге психолог сағатын ұйымдастыру» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
Мақсаты:
ата-аналардың интернет-ресурстарды қауіпсіз
пайдалану, балалардың ойынға тәуелділігін жеңу дағдыларын
дамыту.
Міндеттері:
1) балалардың компьютерлік ойындарға
тәуелділігінің алдын алу мәселелеріне қызығушылығын
арттыру;
2) ата-аналардың онлайн ойындардағы
қауіпсіздік, балаларды интернет-алаяқтардың қауіп-қатерлерінен
қорғау мәселелері туралы түсініктерін
кеңейту;
3) балаларды компьютерлік ойынға
тәуелділіктен қауіпсіз қорғау дағдыларын
қалыптастыру.
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары
Барысы: " БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ"
№155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектебінде "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" тақырыбында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі қаралған негізгі мәселелер:
1. Интернеттегі қауіптер;
2. Шынайы өмірдегі;
3. Балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар;
4. Баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар жайлы;
5. Әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар;
Жиынды мектеп директоры А. Есім ашып, ата-аналарға ағымдағы мәселелер жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазігі кезеңдегі жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ойндар арасынан үйдегі баланың телефон қүралын қадағалауы ұсынылды.
«Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұтқабай Кейқуатов ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыра отырып, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өтті.
Сонымен қатар мектеп оқушыларының түнгі меймезгіл жүрістеріне жол бермеу мақсатында ата-аналарды бірігіп жұмыстар атқаруға шақырды.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов.
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Медиация жұмысын жандандыру» тақырыбындағы жадынама
Анықтама
Мерзімі:27.09.2024ж
Тақырыбы: «Медиация жұмысын жандандыру» тақырыбындағы жадынама
Мақсаты: оқушыларға бейбіт жолмен жанжалдарды шешуге
үйрету, балалар өздерін құрметтеуге, басқаларды бағалауға, өз
іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Сонымен қатар,
мейірімді болуға, өз ұстанымын негіздеуге, өз пікірін айтуға және
қабылданған шешімдерге жауапты
болуға көмектеседі.
Міндеттері:
Медиацияның қағидаттарын
түсіндіру керек. Отбасы, мектеп арасындағы дау мен жанжалды
реттеудің конструктивті әдісі мен бейбіт жолының артықшылықтары
туралы түсіндіру.
Қатысқандар: 5-11 сынып оқушылары
Барысы:
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Медиация жұмысын жандандыру» тақырыбындағы жадынама түсіндірілді. Медиация мынадай қағидаттарға негізделеді: еріктілік, құпиялылық, тараптардың теңдігі, медиатордың бейтараптығы, сондай-ақ рәсімге араласуға жол бермеу.
Оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов.
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ-нде «Менің Отаным - Қазақстан» Қауіпсіздік сабағы
Анықтама
Мерзімі:5.09.2024ж
Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан» Қауіпсіздік сабағы
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Міндеттері: Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғымдарын қалыптастыру. Отанды сүюге, Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Барысы: МЕНІҢ ОТАНЫМ - ҚАЗАҚСТАН
Отаным, құт-мекенім алтын ұям,
Өзіңсіз жер бетіне қалай сыям.
Өзіңсің жылу берер жүрегіме,
Сен үшін өз жанымды отқа қиям.
Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені ,сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік-атамекен болып саналады.Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан-сенің туған жерің, ата-бабаларымыздың кіндік қаны тамған жер .
2024-2025 оқу жылының алғашқы сабағы 9 «Б» сынып білім алушыларымен “ Менің Отаным - Қазақстан”тақырыбындағы сынып сағатымен басталды.
Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, ұлттық мінезді қалыптастыру, өз Отанын, елін сүюге , мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді ,ұлтжанды азамат қалыптастыру.
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов

