Материалдар / Біз Алматыны құтқаруымыз керек…
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біз Алматыны құтқаруымыз керек…

Материал туралы қысқаша түсінік
Экология мәселесі Қазақстан үшін қашан да өзекті. Қаншама жылдан бері бұл проблема көтерілгенімен айтарлықтай өзгеріс болды деп айту қиын. Ел экологиясына қатысты мәселе көп. Олардың барлығын бір материалға сыйдыру мүмкін емес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Наурыз 2023
239
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Біз Алматыны құтқаруымыз керек...

Экология мәселесі Қазақстан үшін қашан да өзекті. Қаншама жылдан бері бұл проблема көтерілгенімен айтарлықтай өзгеріс болды деп айту қиын. Ел экологиясына қатысты мәселе көп. Олардың барлығын бір материалға сыйдыру мүмкін емес.

Біздің нысанымыз - Алматы қаласы. Шаһар ең лас қалалардың қатарында. Дүниежүзі бойынша 25-інші орынды алып тұр. Бұл бастапқы қатар. Сол себепті бұған салғырт қарауға болмайды. Экологтардың пікіріне сүйенсек, оңтүстік астананың ластануының басты себебі – автокөліктер. Шаһарда көлік саны шамадан тыс көбейген. Мұны қалалық жол полициясы департаменті де жоққа шығармайды. Олардың есебіне сенсек, бүгінде 600 мыңға жуық машина тіркелген. Бұлардың қатары жылына 40 мыңға дейін артады. Сондай-ақ, қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер келіп кетеді.

Экобелсенділердің пайымдауынша, автокөліктерден бөлінетін түрлі зиянды газ ауаны улап, соның салдарынан тұрғындар түрлі ауруға ұшырауда. Көлікті қатынас құралы деп пайдаланғанымызбен оның зияны да жетерлік.

Зерттеушілер мәліметтеріне сүйенсек, әрбір мың автомобильден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, сонымен қоса отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдардың құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары (Pb, бар. Ал автокөлік бөліп шығаратын газдың құрамында шамамен 200 зат бар. Оның бірі түгелдей жанған немесе шала жанған көмірсутектер.

Алматы қаласы экология депаратменті мәліметтеріне сүйенсек, автокөліктердің ауаны ластауы 80 пайыздан асады. Көліктерден 300 мың тоннадан астам ластаушы заттар шығарылады.

«Казгипроводхоз» институтының ғылыми жетекшісі Серік Бүркітбаев та экология мекемесінің ақпарраттарымен толықтай келіседі. Оның айтуынша, Алматыда ауаны ластап отырған басты нысан – автокөліктер. Көліктен шығатын брлық шығарындылар автомобиль түтігінің деңгейінде, яғни жерден 20 см биіктікте пайда болады. Біз демалып отырған ауаның құрамы осы түтіннен бөлінген заттардан тұрады. «Кім кінәлі? Көліктің багына бензин құйған тұрғындар мен қонақтардың әрқайсысы кінәлі. Мәселелерді түбегейлі шешу ұзаққа созылады. Бірақ сіз істей алатын бірінші нәрсе - бензинді тазалау. Бұл шығындарды қажет етпейді. Тек заттарды ретке келтіру керек». Сарапшы осы әдістер арқылы атмосфераға тарайтын шығарындыларды кем дегенде екі есе азайтамыз дейді.

«Алматыны қорғаймыз» тобының жетекшісі Эмине Қожамұратова да Алматы атмосферасының қорқынышты жағдайда тұрғанын жоққа шығармайды. Табиғат жанашыры атмосфера түсінігін екі жағдайда қарауды ұсынады. Оның біріншісі – лас ауаның адам денсаулығына әсері, ал екіншісі эмоционалды атмосфера.

Эмине Қожамұратованың деректері бойынша, балалар арасындағы жоғарғы тыныс жолдары, онкологиялық аурулармен сырқаттанушылық 38%-ға өсті (2016-2017 жылғы көрсеткіш). Бұл медицинада жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар, қоршаған ортаның күйі сыни жағдайдан апаттыға дейін есептелетін медициналық коэффициенттер бар. Сонымен, дәл қазір бұл коэффициент - 0,66, бұл критикалық деңгейден жоғары, бірақ әлі апатты деңгейге жеткен жоқ. Апаттық деңгей көрсеткіші - 0,72. Осыған қатты мән берілу керек.

Бұл мәселені «Ауа» экологиялық жобасы мүшелері де көтеріп отыр. Олардың пікірінше, Алматы қаласы апатты жағдайда. Осы проблемаға шаһар басшылары дереу әрекет етулері керек деп Ашық хат жолдап, өз сайттарында петиция жариялайды. Бұл петиция 2-3 күн ішінде 20 мыңнан артық қол жинаған.

Экобелсенді Ася Төлесованың айтуынша, «Ауа» жобасының мүшелері 2015 жылдан бастап арнайы құрылғы арқылы қала ауасына мониторинг жасап келеді. Соңғы жылдары атмосфера жағдайы күрт нашарлаған. «Бұл жағдайды дер кезінде қолға алмаса, қала тұрғындарына қауіп келеді»,- дейді Ася Төлесова. Cол себепті «Ауа» экологиялық жобасының жетекшісі шаһар басшылығынан оңтүстік астананың экологиялық жағдайының мүшкіл екендігін ресми түрде мойындап, қаланы дамытудың жоспарын қайта қарауды ұсынып жүр.

Қала әкімдігінің 2020 жылғы мәліметтері бойынша ауаны ластап отырған көліктер ғана емес. Қаладағы көлік - 65 %, 27% - жылу энергия орталықтары, 6 % - жекеменшік сектор, 2% - өндіріс орындары.

Ал Алматының экожүйесін бірнеше жылдан бері зерттеп келе жатқан «Эксимар» компаниясының ақпараттарына сүйенсек, шаһар ауасын ластап отырған жылу электр орталықтары. Қалада мұндай үш ірі мекеме бар. Олардың ауаны ластау көрсеткіші - 80 %, ал көліктерге тиесілі көрсеткіш - 20 %.

Қай көрсеткішке назар аударсақ та жағдай мәз емес. Бұған жайдан жай қарап отыра беруге болмайды. Алдымен зардап шегетін қарапайым халық. Сол себепті осы мәселеге қалай тұрғындары қалай қарайды? Ауаның ластануы оларды қаншалықты қынжылтады деген сауал тастадық. Әрине, түрлі жауап алдық. Десек те Алматылықтар бас көтеріп жарияламаса да, зардап шегіп жатқандарын жоққа шығармайды. Сонымен қоса, ауаның ластануына өздерінің әсері бар екендігін де мойындайды.

Аслан (Алматы тұрғыны): - Алматының ауасы ғана емес, жалпы қала өте лас болып кеткен. Ауаны ластап тұрған көлік қана емес, жүргізіліп жатқан құрылыстардан да деп айтуға болады. Ешқандай талап сақталмайды. Түрлі зиянды қалдықтар ауаға тарап жатыр.

Мейрамгүл (Алматы тұрғыны): - Алматының ауасы өте нашар. Тау жаққа шығып қарасаңыз, қала түтіннен көрінбейді. Бәріміз аурумыз. Демікпе, аллергия барлық баламда бар. Көліктерге бір шектеу болуы керек. Олардан шығатын түтіннен қанша зиянды зат ауаға тарап жатыр. Бұл мәселе үнемі айтылады. Бірақ әрекет көріп отырған жоқпын.

Сағындық (Алматы тұрғыны): - Алматымыздың жағдайы қиын. Көлік те көп, жылу орталықтарының жағдайы да оңып тұрған жоқ. Ауаның ластануына біржақты қарауға болмайды. Бұл кешенді түрде шешілетін мәселе. Жыл сайын экологиялық түрлі жобалар мен бағдарламалар қабылданып жатады. Арнайы экологиялық кодекс те бар. Алайда олардан пайда болмаса несіне қабылдайды?

Қала тұрғындарының осындай пікірлерінен кейін «Алматыны қорғаймыз» тобының жетекшісі Эмине Қожамұратованың атмосфера ұғымының екінші қыры – азаматтар арасындағы атмосфера, эмоционалды атмосфера жағдайы келіп туындайды. Экобелсендінің бұл жерде айтқысы келгені қаланың осындай жағдайы тұрғындарды алаңдатады және уайымға батырады. Мұны тексеру өте қиын болғанымен, қоршаған ортаның ластану деңгейі әлеуметтік шиеленістің өсуіне әсер етеді.

«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовтің пікірінше, әлеуметтік шиеленістің туындауына себепкер болып отырған бұқараның өзі. «Халықтың өзі сол табиғатты, қоршаған ортаны бейберекет ластап жатыр». М.Елеусізов те елдің экологиялық жағдай мүшкіл және ауа сапасы жылдан-жылға нашарлап барады деп дабыл қаққалы бірнеше жыл болды.

Табиғат қорғаушысы бізге берген сұхбатында өзі жүргізген бірнеше экологиялық тәжірибені паш етті. Оның айтуынша, шын мәнісінде қала ауасын құртып отырған басты нысан – көліктер. «Осы машиналардың дөңгелектері 1-2 жылда жаңартылып отырады. Қаншама сантиметр резина қаншама көліктен қайда кетеді? ? Үгітіліп қосымша мына жолдың гудронына қосылып, олар ауада ұшып жүр. Сол смог жасайды. Қазір таудан қарасаңыз Алматы мүлде көрінбейді».

Экологтардың пайымдауынша, қала ауасының ластануына біржақты қарауға болмайды. Сол себепті экологиялық жүйеге әртараптан талдау қажет. Эколог Жәния Сәрсенқызының айтуынша, машиналардан бөлінетін бензинді газ түріне ауыстырсақ болады деген тұжырымдар бар. Автокөліктер көптеп шоғырланған аймақтарда, магистральдарда жүретін автокөлік жолдарына жаслы желектендіру процессін жүргізу керек. Және де автомобильдерді орнына қоғамдық көліктермен алмастыру.

Тәжірибе сүйенсек, маманның айтқан кейбір ұсыныстары қалада жүзеге асырылған. Десек те өте аз мөлшерде.

Осыдан үш жыл бұрын Алматылық белсенді Әлнұр Ильяшев Алматы әкімдігін сөтқа берді. Оның ойынша, экология басқармасы қаладағы ауаның ластану мәселесіне жеткілікті көңіл бөлмейді. Сондай-ақ белсенді airkaz.org ауа мониторингі веб-сайты материалдарына сүйеніп, ауаның ластану жағдайының көрсеткіштерін мысалға алған. Іле-шала «Ауа» экологиялық жобасының белсенділері де бұл мәселені қолға алып, Ашық хат жолдайды (жоғарыда айтылды).

Әлнұр Ильяшев көтерген мәселені назарға алған vlast.kz сайты қала экологиясына байланысты бірнеше тың ақпарды жариялады. Оның ең негізгісі

табиғи ресурстар басқармасы Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кешенді іс-шаралар жоспары. Онда ауаның ластап отырғани нысандардың барлығы қамтылған. Біз тек атмосфера жағдайына байланысты айтылған тұсын ғана көрсетуді жөн санадық.

Жоспарға сәйкес, Табиғи ресурстар басқармасы «Қазгидрометпен» бірлесіп, қала әкімдігінің сайтындағы ауаның сапасына қатысты сұраныстарды бақылауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жерүсті стансаларының санын кемінде 20-ға дейін арттырып, әрбір 0,5-5 шақырым сайын бір пост орнату ұсынылған. «Қазгидрометтен» ауаның ластану деңгейін нақты уақыт режимінде хабарлайтын мониторлар қаланың әр бөлігіне орнату жоспарланды. Сонымен қоса департамент көліктер шығарындыларының ауа сапасына әсерін бақылауды, қоршаған ортаны қорғау жүйелері мен азаматтарға қауіп-қатерді бағалауды қолға алмақ. Сондай-ақ. халыққа арналған ақпараттық блок қалыптастыру да көзделген.

Экологиялық ахуалды жақсарту үшін жаңа кодекстің жүзеге аса бастағанын да жиі естіп жүрміз. Жаңа кодекс табиғатымызға сүйеніш бола ала ма?

Құжаттағы басты өзгеріс – ластаушы төлейді деген ұғымының қалыптасуы. Осы қағидатты сақтай отырып, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және бақылау, жауапкершілікті күшейту көзделген. Сонымен қоса өнеркәсіпте жаңа технологиялар енгізу, қалдықтарды басқару, қоршаған ортаға эмиссия төлеу мәселесі де жаңа құжатта қарастырылған.

Экотуризмді дамыту, көгалдандыру жұмысы, жан-жануарларды қорғау проблемасы да жаңа кодекстан тысқары қалмады. Ең бастысы, экологиялық жағдайды жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін құжат бар. Қаламыздың экологиялық ахуалын күшейтетін арнайы жоспар қарастырылыпты. Бұдан кейінгі жұмыс өз қолымыз бен арымызда екені белгілі.

Лунара Дидарқызы

Қазақ-Америка университеті

Журналистика мамандығының студенті







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!