Материалдар / Біз балғынбыз – балдаймыз, «Балдәуренді» таңдаймыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біз балғынбыз – балдаймыз, «Балдәуренді» таңдаймыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
«Балдәурен-Шымкент» - Төлеби ауданы, Нысанбек елді мекенінің Тоғыс өзенінің бойында, Алатаудың бөктерінде орналасқан. 2018 жылдың 15-тамызынан бастап өз жұмысын мүлтіксіз атқаруда. Қазіргі таңда жаңа бастамалар мен игі жұмыстар атқарылып отыр. Ұрпағымыздың тәрбиесі мен білімінің ұштасуына бағыт беріп, болашақтың іргесін бірге қалаудамыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2022
342
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 1

ӘЛІП Егемберді Турсынбекұлы,

«Балдәурен» РОСО филиалының тәрбие кешенінің меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы


Біз балғынбыз – балдаймыз,

«Балдәуренді» таңдаймыз!



«Балдәурен» - балалардың арманы,

«Балдәурен» - білімділер салған әні.

«Балдәурен» - бізді алып құшағына,

Бәрімізді достық жолға апарады.

«Балдәурен-Шымкент» - Төлеби ауданы, Нысанбек елді мекенінің Тоғыс өзенінің бойында, Алатаудың бөктерінде орналасқан. 2018 жылдың 15-тамызынан бастап өз жұмысын мүлтіксіз атқаруда. Қазіргі таңда жаңа бастамалар мен игі жұмыстар атқарылып отыр. Ұрпағымыздың тәрбиесі мен білімінің ұштасуына бағыт беріп, болашақтың іргесін бірге қалаудамыз.

Біздің орталық қызметкерлері нағыз жалындаған жастар, білім мен өнерге тұла бойы тұнып тұрған шығармашыл, заманауи, өнерлі де өнегелі ұстаздар. Ұлтымыздың болашағын тәрбиелеуде үлкен жауапкершілікті сезіне білетін, өздерін үздіксіз дамыта алатын, елдің тарихын, тілі мен әдебиетін терең меңгеріп, балалардың бойына патриоттық сезімін сіңдіре білетін орталықтың қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Балдәуренге келген әр баланың әрбір сәтін ерекше етіп өткізулеріне аянбай еңбек етіп, түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Жоспарланған іс-шаралар ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, балалардың патриоттық сезімдерінің нығаюына үлкен септігін тигізуде.

«Балдәурен-Шымкент» бұл көңілге тек қуаныш, жүрекке жұбаныш сыйлайтын, балалардың демалысының жақсы өтуіне бар мүмкіндік жасалынған, жаңаша жасақталған орталық. Мұндағы әрбір орталық қызметкерлерінің адал қызметі, еліміздің ертеңі жас ұрпаққа саналы білім беріп, салауатты өмір салтын насихаттап, ұлт болашағын тәрбиелеуде зор ықпалын тигізуде.

Орталықтың басқару құрылымын: «Әкімшілік басқарма бөлімі», «Білім кешені», «Тәрбие кешені», «Медицина бөлімі», «Асхана бөлімі», «Өндірістік шаруашылық бөлімі», және «Қауіпсіздік бөлімі» құрайды. Әр бөлімнің өзіндік орны ерекше.

Тәрбие кешені - балалар үшін тақырыптық ауысым жоспарын жасайтын және өткізілуін қамтамасыз ететін орталықтың ең негізгі құрылымдық бөлімдерінің бірі – тәрбие кешені. Тәрбие кешенінің құрылымына келесі бөлімдер кіреді: қосымша білім беру бөлімі мен «Жастар» педагогикалық тобы, және шығармашылық топ.

«Балдәурен» РОСО филиалының тәрбие кешені жұмысының жүйесі – бұл тәрбиенің адамгершілік қағидаларына сәйкес педагогикалық мақсаты мен міндеттерін белгілеп, жасөспірімдердің қоғамдық маңызды шығармашылық іс-әрекеттерін, балалардың өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету және олардың талаптарына сай ұйымдастырып басқару.

Тәрбие кешенінің негізгі жұмыс міндеттерінің бірі – уақытша құрылған балалар бірлестігі жағдайында – жағымды жағдайлар мен психологиялық ахуал, шығармашылық атмосфера тудыру, қоғамдық өмір құндылықтары: мейрімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу және қоғамдағы әр баланың тұлғалық өсіп жетілуіне әсер ету.

Орталықтағы балалардың бас тәлімгерлері – ұйымдастырушы-ұстаздар болып табылады. Тәлімгер – оқушыны қызықты және танылмаған ғажайып әлемге жетелеп апаратын бастаушы. Ұйымдастырушы-ұстаз ол мәртебе емес, ол жаныңның жақсы күйі. Ол күнімен балалармен көптеген міндеттерді орындайды, өзінің білімі мен біліктілігін қамқорлығындағыларға беріп, сарқылмайтын күш-қуатымен үнемі күліп жүретін жан. Ол жаңа бастамалар мен идеяларды ойлап тауып, жүзеге асырушы.

Ауысым бойы өтілетін іс-шаралардың сценарийлерін «Жастар» педагогикалық тобы өздері құрастырып отырады. Орталықтағы дәстүрлі іс-шаралар «топ визиткасын қорғау» кеші, «ауысымның ашылуы мен жабылуы», салтанатты кештері, «Олимпиада» ойындары, «Патриоттық әндер» байқауы т.б іс-шаралар «Жастар» педагогикалық тобының іскерлігі мен қабілетін шыңдай түсуде. Әр оқу жылында ауысым бағыттары сақталады, тек ауысым атаулары ғана жаңарып отырады.

Елбасының сындарлы саясатына сүйене отырып еліміздің болашағы жас ұрпағымыз үшін біліміміз бен тәрбиемізді, бар күш жігерімізді салмақпыз. Балалардың «Арман аралына» айналған «Балдәурен» - бақытты балалаық шақ ордасы күнен-күнге дамып, күндеріміз жемісті әрі жеңіске толы боларына сенемін!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!