Тақырыбы: «Біз өмірді таңдаймыз!» сайысы.
1.Білімділік мақсаты:
Оқушылардың салауатты өмір салты мен адам денсаулығы арасындағы байланыс жайында ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
2.Дамытушылық мақсаты:
Пәнаралық байланыс арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында оқушылардың ой- санасын, іскерлік дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік мақсаты.
Оқушыларды адамгершілікке, салауатты өмір салтын ұстануға, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, алғырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: плакаттар, нақыл сөздер, альбом «Біз өмірді таңдаймыз!», буклет «Салауатты өмір салты.»
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі- салауатты өмір салты және оны насихаттау. Салуатты өмір салты дегеніміз не? Ол- әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу. Қазіргі таңда етек алған заманымыздың кеселді дерттерін болдырмау мақсатында «Біз өмірді таңдаймыз!» атты сыныптан тыс жұмысты бастайық.
Мұғалім:
Армысыздар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой, атақ , даңқың.
Ұстаздар аман ба екен, құрбы- құрдас,
Сыныптас бірге оқып болған құрдас.
Көруге бұл сайысты жиналғандар
Білімге құдайындай сыйынғандар.
Қош келдіңіздер , бүгінгідей ғажайыпты,
Тамашалау бақыты бұйырғандар - деп ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.
Мұғалім:
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер - дей отырып келесі кезекте, сайыскерлерге әділ баға беретін әділ қазылар алқасын сайлайық.
(Әділ қазылар әр сайыты 5 балдық жүйемен бағалайды)
Мұғалім:
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Сәт сапар тілеп бәріңізге
Сайысты біз басталық.
Көрсетіп өнерлеріңізді
Қалмаңыздар жасқанып.
Сайыстың жоспары:
1.Таныстыру.
2.Менен- сұрақ, Сізден- жылдам жауап.
3.Көрініс.
4.Ойлан, тап!
5.Музыкалық үзіліс.
6.Мақал- мәтелдер сайысы.
7.Қорытынды сөз.
I.Таныстыру: топ аты, ұраны, әні
Мұғалім:
Басталар сайыс енді жоспарымен
Достарым отырсыз ба елеңдесіп.
Ата- салт, баба дәстүр жолыменен
Алайық біз әуелі амандасып.
I топ: «Жас қыран»
Ұраны:
«Алғандықтан терең білім, қайрат мол,
Болашаққа нық сеніммен барамыз»
Әні:
Ежелден біздің қазақ халқымызда
Сәлем беру иіліп салтымызда.
Армысыз жиналған жұрт, көрермендер,
Алайық амандасып жалпыңызбен.
Жүретін жақсылықпен жолымыз бар,
Ұсынар шын жүректен қолымыз бар.
Әрқашан биіктерге ұмтылатын,
«Жас қыран» аталатын тобымыз бар.
Қазақстан туған елім, туған жерім,
Алаңсыз сенде өскен ұлан едік.
Ынтымақ пен бірлігі жарасатын
Тыныштыққа әрқашан құмар едік.
Жарасар шырқап салған әніміз де,
Жарасар бүгінгідей сәніміз де.
Осымен әнімізді аяқтайық,
Тілейміз біз сәттілік бәрімізге.
II топ: «Салауат»
Ұраны:
«Жамандыққа ешқашан әуес болмаймыз.
Салауатты өмір салтын қолдаймыз»
Әні:
Өнерлі топ та келді ортаңызға,
Иіліп сәлем бердік баршаңызға
Қол соғып біздерді де қарсы алыңыз,
Байсалды, салауатты тобыңызға.
Біз жүрміз жақсы істерге қадам басып,
Алайық бәріңізбен амандасып.
Жиналдық , сайысқа міне, бүгін,
«Салауат» тобы келді жол қарасып.
Осынау дүбірімен күй ақтарған
Бәйгеде озып келу сияқты арман.
Әрбір топ үміт үзбей қарап отыр,
Жарысқа түскен біздей азаматтан.
2. «Менен - сұрақ, Сізден - жылдам жауап»
Мұғалім:
Білімділер болады әркез алда,
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма.
Бұл сайыста әр топ басшысы ортаға шығып, берілген сұраққа тез, әрі жылдам жауап беруі керек.
I топ « Жас қыран» топ басшысына қойылатын сұрақтар:
1.Қатерлі ісік ауруының қоздырғышы, ол темекінің түтінін жұтқанда өкпеге түсетін химиялық қоспа. ( Шайыр)
2.Қандай су ем үшін пайдаланылады? (Минералды бұлақтар суы)
3.Инфекциялық аурудың қоздырғышы не? (Вирус)
4.Автокөліктен шығатын дәмсіз, иіссіз газ. ( Көміртек) т.б.
5.Сұр түсті химиялық зат, ол көкнәр тұқымынан алынады (Ананаша)
6.Шылым шегетін адамдардың жиі ауыратын ауру түрі (Өкпе рагі)
7Қай эелемент жетіспесе қаназдық (анемия) ауруын тудырады? (Темір)
II топ «Салауат» топ басшысына қойылатын сұрақтар
1.Адамды темекіге тәуелді ететін түсі сары, күшті есірткі. (Никотин)
2.Ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым. (Микробиология)
3.Тұрмыста қолданылатын еріткіш, онымен тырнақ лагін кетіруге болады.(Ацетон)
4.Организмнің ауру қоздырғышына қарсы тұру қабілеті. (Иммунитет) т.б.
5.Грекше ұйықтату, жансыздандыру деген мағынаны білдіреді.Ол не? (Есірткі)
7.Темекінің 1 талының құрамындағы никотин мөлшері. (1 мг)
3. «Көрініс»
Әр топ өзінің көріністерін қояды.
1.«Жас қыран» тобының көрінісі «Ажалыңа асықпа, айналайын»
Бала: Апа, кешір мені.Кешір. Мен осындай күйге ұшырадым. Білесіз бе.. мен –нашақормын.Мен үшін бұлд үниенің қызығы жоқ.Атып келе жатқан таңға қарап қуана алмаймын. Адамша, күліп, адамша сөйлей алмаймын...апа! Мен үшін бұл өмірдің қызығы наша, наша..,анаша. Анаша тауып берші, апа. Наша,наша... Мені аясаң, мені балам десең, наша тауып берші апа! (жылайды)
Құлыным- ай, құлыным! Қалай тап болдың бұл пәлеге? Анаша дегенің- көрісіп келген ажал ғой! Соны біле тұра.., сорлы балам, ажалмен ойнағаның нем болғаның? Өміріңнің бар қызығынан, қуанышынан айырып, сені қасіреттің қара құрдымына батырған қаныпезер кім? Сені осыншама сорлатқан қай тас жүрек?
Есірткі тартушы: Ол қаныпезер кім деймісің? Ол мен.., менмін. Не істейсің маған, байғұс?
Анасы:Сен бе едің? Сен бе едің,, жүзіқара? Құлынымды адамдық жолдан тайдыратындай не істеп еді ол саған? Не жазығы бар еді?
. Рас, оның маған еш жазығы жоқ.Сенің балаңда өшім, қысқада кегім жоқ.Бірақ... Қазір дүниені ақша билеген заман. Оны өзің жақсы білесің.Ақша, ақша..! Балаң сияқтылар болмаса, сол ақшаны мен қайдан алам? Кім береді маған оны?
Анасы: Ақша, дейсің, ақшаңдап қалғыр! Қай заманда адамнан ақша қымбат болып еді? Ақшаның жолында құрбандыққа шалынардай не күнәсі бар еді, құлынымның?
Есірткі тартушы Күнәсі деймісің? Күнәсә- әлсіздігі. Балаң «жоқ» деген сөзді айта алмайды екен. «жоқ» деген сөзді үйретпепсің балаңа. Маған да керегі – сондай адам!
Мен оны, дискотекада қармаққа ілдім. Қасында үріп ауызға салғандай қыз бар екен. Мен оған экстази ұсындым. Ақша сұраған жоқпын, тегін бердім. Әуелі ол алғысы келмей қашқақтады, бірақ мен жеңдім.
Анасы: Экстази бердім деймісің , ол не тағы?
Есірткі тартушы: Ол жас баларға арналған есірткінің түрі. Оны қабылдаған бала шаршағанды, қарны ашқанды, шөлдегенін білмейді. Таңды таңға ұрып, билей береді, билей береді.
Анасы: Құлынынымның мойнына тұзақты осылай ілдім десеңші, жүзіқара!
Есірткі тартушы : Иә, балаңның мойнына алғашқы тұзақ осылай салынды.Кейін тұзақты тарта бердім, тарта бердім. Балаң осылайша құлыма айналды. Ол есірткіден ақша аямайтын.Бірте- бірте есірткінің ең күшті түрлеріне ауысты. Тамырына шприц сұғып барып, жаны жай табатын боллды. Ол үшін көп ақша керек еді. Ақша!
Міне, көрдің бе? Балаңның түбіне өзінің көрсеқызарлығы, әуесқойлығы жетті.»Жоқ, болмайды» деген сөзді айта алмайтын табансыздығы жетті!
Анасы: Оғал қарабет! Сен ажал әкелуші, ұрпаққа өлім себуші нағылетсің! Мен жалғызымды қандықол шеңгеліне тастай алмаймын! Жоғал!
Есірткі тартушы Ей, бейшара әйел! Сенікі құр далбаса. Көрдің бе балаңның халін? Өлгелі тұр ғой. Оған қазір кергі анаша. Сен оған анаша бере алмайсың, ал мен тегін беремін.
Бала:Тегін деймісің? Тегін бе?
Есірткі тартушы :Анаша керек пе саған?
Бала: Иә, берші өліп барамын, өлтірмейін десең берші.
Есірткі тартушы: Егер анаша алғың келсе, тас кенедей жабысқан шешеңді әрі алып кет! (шешесін итеріп, жібереді)
2.«Салауат» тобының көрінісі «Тағдырдырыңның кілті сенде»
Бір топ қыз келе жатады.
Бірінші қыз:
Қыздар, мен кеше ағылшын тілінен жақсы баға алдым. Осы тоқсанды жақсы аяқтам, әке- шешемді қуантсам ғой, шіркін!
Екінші қыз:
-Қыздар, қол бұлғап шақырып, күндіз- түні қиялға батыратын армандарың бар ма?
Бірінші қыз:
-Менің арманым, осы мектепті бітіріп, білімді, білікті маман болу.Өз халқым, еліме еңбегімді сіңіру. Әке- шешемді қуанышқа бөлеу!
Үшінші қыз:
-Құрбым, әлі арманың жетерсің, ол үшін жақсы оқу керек.
Сахнаның екінші жағынан бір топ бала шығады. Ортасынан біреуі:
-Қыздар, бері келіңдерші!
Екінші қыз:
-Жүріңдерші, барайықшы, білейік не үшін шақырып тұрғанын?
Бірінші қыз
-Жоқ, жүріңдерші кетттік, түрлері қорқынышты ғой! Бармай- ақ қояйықшы!
Екінші топ ортасынан біреу:
-Қыздар, неге сонша үркіп тұрсыңдар! Сендерді бір керемет, көкке десең, көкке, жер түбіне десең жер түбіне, қиялыңды самғататын бір затпен таныстырсақ деп тұрмыз. Өздерің бір көріңдерші. Бір дозасын тегін береміз. Ұнамаса, маған кел. Бір рет қана көрсеңдерші, тегін, ақша сұрамаймыз. Бір- ақ рет!
(Барлық кейіпкерлер тұрған қалпында қатып қалады)
Сахна жабылады.
Сахна ақырын ашылады. Мұңлы, баяу музыка ойнап тұрады.Сахна ортасында жүзі жүдеу қыз жан- жағы шашылған қағаз.
Бірінші қыз:
-Кетіп барам, сеземін құлап орға ,
Қате басып, түсіп қалдым білмей торға.
О, тәңірім, неге сонша қиналдым?
Алға бассам, құз тұрғандай қарсы алдым.
Тәуелді ғып өз- өзімді бекерге,
Бұғауында сол құрғырдың кеткенім бе?
Күресуге дәрменім жоқ, шаршадым,
Әке- шешем білмейді -ау мына халімді,
Соны ойласам, мұз басқандай тәнімді.
Буырқаған жастық мына шағымда,
Ауырып барам құрт жегендей жанымды.
Арман, тілек қалдың қайда шашылып?
Су сепкендей қалды көңілім басылып.
Күш- жігерді бойға жинап тұра алсам.
Қалмас, мүмкін, ой мен санам жаншылып.- деп төмен қарап отыра кетеді.
Сахна сыртынан бәсеңнен қаттыға ауыса дауыс шығады.
Тағдырдың кілті сенде, өзің ғана иесі.
Несібеңді ал өмірден, саған ғана тиесілі.
Бойға қуат, жанға жігер шақырсаң,
Сонда ғана қиындықты, қиындықты жеңесің!
Қыз бойын көтеріп алға жүре айтады:
Ұмтылайын, қиындықты жеңуге,
Еш хақым жоқ жанбай жатып сөнуге.
Кірпіш болып өз орныма қаланып,
Үміт жібін қайта жалғап, болашаққа сенуге.
4. « Ойлан, тап!»
Ал шәкірттер алды - артын ондасын.
Шешілмейтін сұарқтарың қалмасын.
«Ойлан тап!» аталатын бөлімінде
Тақтадағы сұақтарды таңдасын.
Тақтада сандар берілген, соған сәйкес сұрақтарға жауап беру арқылы жасырын сөздерді табу.
5. Музыкалық үзіліс
Жас қыран» тобының музыкалық сәлемі.
1.Темекіні шекпейміз
Шекпедің деп сөкпейміз.
Соны ойла жан, құрбым.
Сөз таппаймын айтуға
Қысқарады өмірің
Мен жүремін қысылып.
Темекіні тартқанда
Қысқарады өмірің
2.Арақ ішсең азарсың
Босқа жүріп тозарсың
Қадірің кетіп баршаға
Масқара боп жатарсың.
Сөз таппаймын айтуға
Мен жүремін қысылып.
Арақ ішсең күлерсің
Күлерсің де жыларсың.
3.Есірткі де бұл- пәле.
Өміріңді өксітер.
Ес- түсіңнен айырып,
Аюандыққа жеткізер.
Сөз таппаймын айтуға
Мен жүремін қысылып
Денсаулықты сақтаңдар
Бастаы байлық- денсаулық.
« Салауат» тобының музыкалық сәлемі
1.Бақыттысың шара түспей көңілге,
Шылым шекпе, арақ ішпе өмірде.
Арақ деген апарады өлімге,
Шылым де дерт, іліп алған ерінге
Адам болу, ел болудың жолы да.
Оңай емес ойлау керек оны да.
Ел қатарлы тірлік етіп, кем болмай.
Бақыт құсын қондыруда қолыңда.
2.Әрқашан да ашық болсын аспаның
Өрге қарай өрмелесін тастарың.
Салауатты өмір салтын қолдаңдар,
Жамандыққа әуес болма достарым.
6.Мақал- мәтелдер сайысы
1.Жарлының байлығы -... (денінің саулығы)
2.Денсаулық- ... (зор байлық)
3.Ауырып ем іздегенше, ... ( ауырмайтын жол ізде)
4.Сыртта ұзақ жүргенің, ... (ұзақ өмір сүргенің)
5.Тазалық- .. (денсаулық кепілі)
6.Көңіл жақсы болғаны- ... ( өмір жақсы болғаны)
7.Тәні саудың -... (жаны сау)
8.Тазалық - саулық негізі,... (саулық- байлық негізі)
9.Ас- ... (адамның арқауы)
10.Қасқырдың ойлағаны арамдық, ...( қойдың ойлағаны амандық) т.б.
11.Саулық- ұлт болашағы
12.Шынықсаң- ... (шымыр боласың.)
7. Қорытынды сөз.
Денсаулық- зор байлық демекші өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар! Жаман әдеттен аулақ боламыз деген уәделеріңізде тұрыңыздар деп сайысымызды аяқтаймыз.
(Әр оқушы түйген ойы бойынша үндеуі).
Мұғалім:
Қайсысы білгір, білімді
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам
Таланттарын табайық
Әділқазы алқасы
Сараласын, бағалап.
Кім жеңеді сайыста
Анықтайық, даралап.
Сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.
«Біз өмірді таңдаймыз!»
Аты- жөні :
|
№ |
Сайыс түрі |
«Салауат» тобы |
«Жас қыран» тобы |
|
1 |
Таныстыру |
|
|
|
2 |
Менен- сұрақ, Сізден- жылдам жауап. |
|
|
|
3 |
Көрініс. |
|
|
|
3 |
Ойлан, тап |
|
|
|
5 |
.Музыкалық үзіліс |
|
|
|
6 |
Мақал- мәтелдер сайысы |
|
|
|
7 |
Қорытынды сөз |
|
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Біз өмірді таңдаймыз!» эстафеталық жарысы

шағым қалдыра аласыз