Материалдар / "Біз-Қазақстанның болашағымыз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Біз-Қазақстанның болашағымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан жайлы конференция.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
769
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Біз-Қазақстанның болашағымыз»

Мақсаты: Оқушылардың алға қойған мақсаттарын біле отырып,оларға бағыт-бағдар, ақыл-кеңес беру; болашақтың жарқын және ашық болатынына сенімділік арттыру: білімге деген құштарлықтарын ояту.Отанды сүюге, елжандылыққа, болашақта Қазақстанымызды өркендетуге тәрбиелеу.

Өткізілген іс-шара түрі: Конференция

Өткізілетін әдіс-тәсілдері: Баяндама

Қатысушылар: оқушылар.

Көрнекілігі: Слайд


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазақстанның болашағы білімді жастарда. Елді өрге бастайтын да солар! «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек. Ал, қайратты еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Бүгінгі біздің «Біз Қазақстанның болашағымыз!» атты конференциясы ашып беру үшін мектеп басшылығына сөз береміз.

...........................................................................................................................................

ІҚазақстан Республикасының Гимні орындалады.


ІІ. Көрініс «Тәуелсіздік таңы атты»

Немересі: Алақай, ата-әже, сүйінші, сүйінші! Қазақстан тәуелсіздігін алды. Біз бүгінен бастап егеменді ел болдық, ата-әже.

Атасы: Тәубә, тәубә, тәуелсіздік

Не деген тұлғалысың!

Осы күнге де жеттік. Талай ғасыр ата- бабаң аңсаған күнге жеттік, Шұғылам!

Әжесі: Ой, жарқыным, ботам, өркенің өссін! Осы жақсы хабарды әкелген ризамыз саған (бетінен сүйеді). Тәуелсіз еліңнің бақытты ұрпағы бол!

Немересі: Рахмет, сіздерге ата-әже! Бұл хабарға барлық бала қуанып жатыр.

Әжесі: Ел болыпсыз, егемен еліміздің шаңырағы биік болсын, керегесі бүтін болсын. Киіз үйдің уығындай болып еліміздегі әр ұлт тату- тәтті өмір сүрсін. Ендігі болашақ Қазақстанның жалғасы сендерсіңдер – жас ұрпақ. Үкілі үмітті ақтарсыңдар – деген ырыммен саған сүйіншіге киіз үйді беремін.

Немересі: Рахмет, әже! Әумин! Айтқаныңыз келсін.

Жүргізуші: Елбасымыз – «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақ елінің нығайып көркеюі жолында жан-тәніңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа!» деп жастарға үндеу тастаған.

Ұлттың ертеңі – бүгінгі ұрпақтың мойнында. Ел бірлігі! Елге тұтқа болар елдің де көкейіндегі басты мақсаты осы болса керек. Жастардың да көксегені – бірлік, тыныштық, елдің тұтастығы! Елдің жастарды тірек санауының сыры неде? Себебі, болашағымыз бұлыңғыр, беймәлім шақта тыңнан түрен салып, елді тығырықтан алып шыққан – осы тегеурінді жастар! Болашаққа үңілмес бұрын өткенді еске түсірсек:.

ІІІ. 1-оқушы: -XV ғасырда тәуелсіз қазақ хандығын құрдық, алайдатәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақты көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасады. Дүрліккен ел шұбыра қашып «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиеттіҚаратауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты,

2-оқушы: XVIII-XIX ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен Ресейіміз қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан ғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. XX ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшты, қаншама адам өз жерінде

қырғын көрді.

3-оқушы: - 1917 жылдан кейін де бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1932-1933 жылдарда болған адам айтса

нанғысызашаршылықта 9 миллиондайхалықтың 2,2 миллионы опатболды. Тағыаштық, тағыжоқшылық.

4-оқушы: - 1941-1945 жылдараралығындасоғысжылдарында 1 миллион 196 мың 164 қазақұландарыерліккөрсетті. 1986 жылғыжелтоқсан! Олжантүршігерлікуақиғақазақхалқыныңмәңгіесіндеқалды. Желтоқсаноқиғасықаншаызғарлыестілсе де, жанымызғанұрсепті. Мәңгілікегемендіктіалыпкелгенніңарқасындадүниежүзінетанымал ел болдық. Елдіңегемендігінаңсағанжастарұлттықнамысқұдіретінәлемгепашетті.

5-оқушы: - 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР тәуелсіздіктуралызаңықабылданды. Елімізөзбилігінөзқолынаалды. 1992 жылыМемлекеттікРәміздербекітілді. 1993 жылыТұңғыш Конституция қабылданды. 1995 жылы 30 тамыздажаңаАтаЗаңықабылданды. 1997 жылыЕлордаАстанағакөшірілді. 1998 жылы 6-шілдеде Астананыңтуғанкүнісалтанаттытүрдеатапөтілді. ТәуелсізҚазақстанныңжүрегіАрқатөсіндегі ару қала, елордамыз – Астана!Біздің еліміз кеше ғана 2017 жылы әлемдік деңгейде ЭКСПО көрмесін өткізді. Біз өз елімізбен мақтанамыз!


Жүргізуші: Рухты ұрпақ – болашақ кепілі!

ІV.Жүргізуші:Қазіргі заман-білімдінің заманы. Елімізде жастарға білім алу үшін өте көп жағдай жасалып отыр. Сондықтан оқы, білім ал, еліңе адал қызмет ет. Асулардан асады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады., дегендей бүгінгі «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты конференциямыз тақырыптарымен таныстырып өтейін:

  1. «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» Абенова Жазира

  2. «Мәңгілік ел – мың жылдық мәні бар жалпыұлттық идея» Өмірбай Алуа

  3. «Жаһандану және патриоттық тәрбие» Қараханов Алиби

  4. «Рухани жаңғыру: жарқын болашаққа бастар жол» Есілбаева Ақерке

  5. «Рухани жаңғыру – ұлтты ұлықтаудың ұлы жолы» Маликова Толқын


Жүргізуші: Бұл конференцияда оқушылардың тек ғылымға, ізденіске ұмтылысы ғана емес, сөз саптау өнері мен тұлғалық қабілетінің де қалыптасатыны байқалды. Оқушылар арсында ұйымдастырылған конференция расымен жастарға серпіліс берді. Жаһандану заманында осындай жас ұрпақтын қолына Тәуелсіз еліміздің тағдырын еш қоқынышсыз тапсыра алатынымызға бүгін тағы да көзіміз жетті.






































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!