Тақырып: « Біз сіздерге
бақыт тілейміз!
Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесіне
ерекше көңіл бөлудің маңыздылығын түсіндіру, тәрбиеге қатысты
ситуацияларды келтіре отырып ойландыру, балаларға қатысты жағдайдан
шығудың жолдарын бірлесе отырып талқылату, туындаған мәселелерді
шешуге жағдай жасау.
Күтілетін
нәтиже: Ата-аналар мектептегі тәрбие
жұмысының нәтижелігі өздерімен бірлескен әрекетте ғана болатынын
және мектеппен отбасының ынтымақтастағының артатынын
түсінеді.
|
Жоспарланған уақыт
есебі
|
Жоспарланған жаттығу
түрлері
|
Ресурстар
|
|
Басы:
|
Шаттық шеңбері.
Бір-біріне сәттілік тілеу. Қызығушылықты ояту. Бақыт деген
не?.....
Осы сөздің мағынасын
ашу. Тақтада жазылған «Бақыт» сөзінің қасына әркім өз көзқарасын
суреттейді, жазады,
сипаттайды.
Психологиялық
дайындық. Музыка немесе ән
тыңдату.
Топқа бөлу: «Шалқан»
ертегісі бойынша топтарға
бөлу.
Кіріспе: Бала
тәрбиесі-қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
«Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі»демекші, бала әкеден
ақыл, анадан мейірім алады. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя
болса, сол отбасындағы баланың басты ұстазы- ата-ана.
Береке,бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным
жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі
бар.
|
Музыка
АКТ
Тапсырма жазылған
парақшалар
|
|
Ортасы:
|
«777»әдісі
1-тапсырма «Балаңыз
неге кітап оқығысы келмейді?» (7 тәсіл
)
2-тапсырма Баланың
жетістікке жетуін қалай жоспарлауға болады?» (7 тәсіл
)
3-тапсырма «Баланың
сабаққа зауқы жоқ. Неге?» (7
тәсіл)
Ата-аналар осы
тақырыпқа сәйкес ақылдасып өз ойларын ортаға салып, постер
құрайды.
«Біз бай екенбіз
ғой? » видеоролик көрсету.
Көрсетілімді
ортасынан үзіп, оқиғаны өз беттерінше
аяқтау.
|
Постер жасау және
қорғау.
Маркер, қағаздар,түрлі-түсті
қағаздар
|
|
Соңы:
|
«Мен сіздерді жақсы
көремін» әнін тыңдату.
Экраннан
ата-аналардың балаларымен түскен фоталарынан үзінділер
көрсетіледі.
«Балаларыңызды
жақсы көріңіздер, өзіңізге және балаларыңызға қатысты қатынасыңызда
шынайы және адал
болыңыздар».
Хат жазу «Балама
хат»
Рефлексия. Тақтадағы
суреттің қасына ата-аналарды шығарып бүгінгі тренингтен алған
әсерлерін қағазға жазып,
іледі.
Ата-ананың,
ұстаздың міндеті-баланың өзі жеке тұлға ретінде дамуына жағдай
жасау. Ал осы жеке тұлғаны қалыптастыруда баланың бас
ұстазы-ата-ана екенін
ұмытпайық!
Бір-бірімізбен
өте жақсы түсінісіп, жақсы жұмыс жасадық деп
ойлаймын.
Ата-аналарға жаднама
тарату.
|
АКТ
|