
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»
Тақырыбы: «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тәрбие сағаты
Тарих пәнінің мұғалімі: Арысбаева Замира
Мақсаты:
-
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
-
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
-
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру
Көрнекілігі: плакат, кітаптар, видео
Өткізудің нысаны: Тәрбие сағаты
Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұхбат, құқықтық ақпарат
Барысы:
1.Ұйымдастыру
Көрме ұйымдастыру:
«Жемқорлық – ғасыр дерті» атты сурет иллюстрациясы
2.Кіріспе сөз: З.Арысбаева Салеметсиздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған. сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып,ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғаны, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғаны белгілі.
Мектебімізде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын,тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылған. Клуб сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқаруда.
Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру: З.Арысбаева Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынна сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсініктеме берілген.
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!
2-жүргізуші: тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
1 топ: Оң қанат –жақтаушы және 2 топ: Сол қанат-даттаушы пікірталас өткізу. Ең күшті аргументтер келтірген топ жеңіске жетеді. Бейнежазба көрсетіледі
Олай болса 2 топқа тапсырма: оң қанат-«Сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін» сол қанат «Жоқ ,сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін емес» тақырыбына жақтайтын және даттайтын аргументтер беру тапсырылады.
1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.
1-жүргізуші: «Сыбайлас жемқорлық» деген не?
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік - “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін шыққан. Рим құқығында "corrumpire" түсінік болған, ол “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихына тоқтала кетйік: жемқорлық б.з.б. IV-III-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда Шумерліктерде, Б.з..б. III-II мыңжылдықтарда Мысыр, Өзен аралығы, Үндістан, Қытай, Иудей халықтарында пара алу түсінігі болған. Карфаген, Рим империясы, Византия, Осман империясы секілді өз заманы-ның құдіретті мемлекеттерінің ыдырап, жойылып кетуінің ең басты себептері-нің бірі осы сыбайлас жемқорлық.
Өкінішке орай, барлық әлем елдері сияқты «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасында айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр.
2- жүргізуші. Келесі сөзді топ мүшелеріне берейік.
1 оң қанат- жақтаушылар (аргументтерін келтіреді)
2 сол қанат-даттаушылар (аргументтерін келтіреді)
Бейне роликке назар аударайық! (видео ролик көрсетіледі)
Топтарға тапсырма: Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?
Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па немесе бұрыс па?
(2 топ бірден аргумент келтіреді
1-жүргізуші:
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:
- қоғамның бақытты болашағын тежейді;
- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;
- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
2-жүргізуші: Республикамызда сыбайлас жемқорлықты реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданған.
ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары жатады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін
жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік
деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15-тарауында
Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы
сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқықтық бұзушылықтар
үшін әртүрлі жазалар қарастырылған.
1-жүргізуші: ҚР ҚК 361 бабына
сәйкес Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны
үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды
атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылып,
2000 АЕК айыппұл төлеу, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айрылу немесе шектеу жазалары қолданылады.
2-жүргізуші: ҚР ҚК 366 бабына сәйкес Пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан айрылып, параның 50еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады.
1-жүргізуші:Келесі сөзді жақтаушы және даттаушы топтардың мүшелеріне берейік.
1 оң қанат- жақтаушылар (аргументтерін келтіреді)
2 сол қанат-даттаушылар (аргументтерін келтіреді)
Келесі тапсырма : жағдаят шешу
Азамат Б. Абай .Мырзахметов атындағы университетінің 4 курс студенті. Оқу жылы аяқталуда, алда 8 пәннен мемлекеттік емтихан тапсыруы қажет.
Оның ата-анасы оқу үлгерімінің нашар екенінен хабарсыз. Баласының жоғарғы оқу орнын аяқтап, диплом алып, болашақта үлкен маман иесі болатынына сенімді, үлкен үміт күтеді. Ол емтиханнан 2 рет құлағаннан кейін, Университеттің бірнеше оқытушысының әр қайсысына 30 мың теңгеден пара береді.
1.Азамат Б әрекеті дұрыс па не бұрыс
па?
2. Мұндай жағдайда оқытушылардың іс-әрекеті дұрыс па не бұрыс па
?
3. Азамат Б. біреуге пара бергені үшін жауапқа таруға болады
ма? Иә болады. Жоқ болмайды.
(Топтар талқыға салады)
2-жүргізуші: ҚР ҚК 367 бабына сәйкес Пара бергені үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан айрылып, параның 20еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады.
1жүргізуші: ҚР ҚК 368 бабына сәйкес Парақорлыққа делдал болғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан айрылып, параның 10еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады.
З.Арысбаева «Ой
жалғау» сергіту
сәті
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2.
Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп .... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)
5. Тура биде... (туған жоқ)
6.Хан болсын, ханға лайық ... (Заң
болсын )
7. Батыр болсын, жорық жолы... ( мақұл болсын )
1. Ұрлық түбі ... (қорлық)
2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
3. Әдепті бала ... (арлы бала)
4. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
5. Әділ істің...(арты
игі)
6.
Абыз болсын, абыз сайлау... ( парыз болсын)
7. Би болсын, би түсетін... ( үй
болсын
2-жүргізуші: Келесі сөзді жақтаушы және даттаушы топтардың мүшелеріне берейік.
1 оң қанат- жақтаушылар (аргументтерін келтіреді)
2 сол қанат-даттаушылар (аргументтерін келтіреді)
Литмонтаж
1-оқушы
Жамандыққа тосқауылды қояйық, Пара алғанның жолы жабыққой анық,
«Қазақстан-2050»-айқын жол, Күресейік,жемқорлықты
жояйық.
2-оқушы
Әр ата-ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа,даналыққа үйретсең,
Жолдаң таймас ар болған соң санада.
3-оқушы
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп,қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.
4-оқушы
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер,ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз,өсеміз.
5-оқушы
Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр-әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
Сабақты қортындылау: З.Арысбаева
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тарап, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданды, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнымызды айқындадық. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойдық. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктерімізді пайдалануға тырысайық .
Патриоттық ән . Атамекен орындалады.
Сабақтың тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
Тәрбие
сағатының мақсаты:
Мақсаты:
1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.
3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сыбайлас-жемқорлық деген не?
(оқушылардың пікірлері тыңдалады)
Баяндамашы:Сыбайлас-жемқорлық деген
не?
“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды
БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халық - қ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.
1 -
оқушы
Жамандыққа тосқауылды қояйық,
Пара алғанның жолы жабық қой анық,
«Қазақстан - 2050»- айқын жол,
Күресейік, жемқорлықты жояйық.
2- оқушы
Әр ата - ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң санада.
3 - оқушы
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.
4 - оқушы
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.
5 - оқушы
Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр - әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген
ұранмен.
Топтық жұмыс: «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?»
(Әр топ постерге өз ой-пікірлерін жазып, қорғайды)
Сахналық көрініс (Әр топтан екі оқушы шығып, берілген мәтінге байланысты өз іс- әрекеттерін көрсетеді)
Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?
1.Пара бермеу және алмау.
2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.
3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.
Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .
1.Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3.Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір
сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.
Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады? Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу; Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу; Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу; Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру; Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету; Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану; Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету; Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда); Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу; Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу.
6.Сабақты қортындылау:
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар
«№44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де
9 « Б » сыныбында 14.12.2019 жылы өткен
« Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес » атты
тақырыбында өткен тәрбие сағатының
ЕСЕБІ
Желтоқсан айының 14 сі күні 9 «Б» сыныбында « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес » атты тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаттары:
1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру
.2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.
-
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу болды.
Тәрбие сағаты барысында Бабаева Мөлдір баяндама оқыды. Сабақта сынып оқушылары белсене қатыса отырып, жоғарғы сыныптар арасында өтетін қабырға газеттері атты сайысқа дайындалып отырды. Сабақ барысында сыныбымыздың оқушылары шығармашылық жағынан да бейқам емес екендіктерін көрсетіп бірі мақала, бірі өлең оқыды. Тәрбие сағаты ойдағыдай қызықты өтті.
Сабаққа қатысқандар саны: 25 оқушы
Сынып жетекшісі: Бабаева М
Тәрбие сағаты: Жемқорлық – індет, жою міндет
Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру;саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне,
қоғамға деген өз ой пікірлерімен санасуға жағдай жасау,Отанына адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыптық слайд, бейнебаян.Барысы: Қызығушылықты ояту. Бейнебаян көрсетіледі. Жеке жұмыс. «Сыбайлас жемқорлық»
деген не? Оқушыларға слайдтан мәтін көрсетіледі.Тапсырма: «Ерекше сөйлем» әдісімен сыбайлас жемқорлыққа анықтама беру.1. Сыбайлас жемқорлық – бұл…«Сыбайлас жемқорлық» – деген «параға сатып алу», «пара» ретінде, «соrruptio» деген латын сөзін негізге алып , құқыққа қарсы іс – әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «сыбайлас жемқорлық» – пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады. Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметпен байланыстырады. ҚР «Сыбайлас – жемқорлықпен күрес туралы» заңы сыбайлас – жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «…мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай – ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай – ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу». Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықтың» пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері ұсынылды:· Заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту.· Лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу.· Нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту. Қазақстанда сондай – ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады. 2. Жұптық жұмыс. Мәтінді пайдаланып, мына кестені толтырып, пікірлеріңді қорғаңдар. СұрақЖауап СебебіСыбайлас жемқорлыққа кімдер барады? Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға қандай қаупі бар? Жемқорлықты болдырмау үшін не істеуге болады? 3. Топтық жұмыс. Топтар өз жағдаяттарын қорғайды, дамытып айтады.Жемқорлыққа мыналар жата ма?1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма? Неге? Басқаша қалай болуы мүмкін?2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі – бір сыйлықты ( гүл, сағат,портрет…..) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті – үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету) Қорытынды: Топтық жұмыс.

