Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Өмірде кездесетін төртбұрыштарды өз өмірлерінде кездесетін жағдайлармен зерттеулер арқылы оқушылардың ой өрістерін дамыту, қоршаған ортадағы заттардағы төртбұрыштарды талдай алатын және сызбасын келтіру, шығармашылықпен елестету дағдыларын қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары: Геометрия пәні Сыныбы: 8

Тақырыбы: Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар

Мақсаты: а) Білімділік: Өмірде кездесетін төртбұрыштарды өз өмірлерінде кездесетін жағдайлармен зерттеулер арқылы оқушылардың ой

өрістерін дамыту, қоршаған ортадағы заттардағы төртбұрыштарды талдай алатын және сызбасын келтіру,

шығармашылықпен елестету дағдыларын қалыптастыру. 

ә) Тәрбиелік: тез ойлап, дәл таба білуге тәрбиелеу.

б) Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейту.

Міндеттері: -Төртбұрыштардың түрлерін ажырата білу; Өмірде кездесетін төртбұрыштарды өз өмірлерінде кездесетін жағдайлармен

салыстыра білу, қоршаған ортадағы заттардағы төртбұрыштарды талдай алу және сызбасын келтіре білу,

шығармашылықпен жұмыс жасап,сала білу, құрастыра білу, елесте алу қабілеттерін дамыту.

- Оқушыларды ізденіске, ойлауға баулу.

Қолданатын модульдер:

1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни түрғыдан ойлау.

3. Оқытудағы ақпараттық -коммуникациялық технологияны пайдалану.

4. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

5.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

6.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.



Сабақ түрі: топтық және жұптық жұмыс.

Сабақ типі: Практикалық сабақ .

Стратегиялар, әдіс-тәсілдер: Сергіту сәті «Шаттық шеңбері» жылы лебіздер арқылы.

Топтастыру( математикалық фигуралардың түстерімен мозайка қиылған суреттер бойынша

«Кубизм», «Көршінді тексер», «Болжау» , «Ойлан-бөліс-талқыла»«Миға шабуыл» Рефлексия.

Күтілетін нәтиже:

- Төртбұрыштарды ажырата алады, анықтамасын біледі, қасиеттерін біледі;

- Шығармашылықпен жұмысты іс-тәжірибеде дұрыс қолданады;

- Логикалық ойлау қабілеттері дамиды.



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар:

Кіріспе бөлімі

Сабақтың басталуын ұйымдастыру

3 мин

БІЛУ

Қажетті өткен тақырыпты қайталау

Түсіну

1 мин

Психологиялық көңіл-күйді реттеу. Мақсаты: жағымды эмоция орнату.

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және бүгінгі сабағымыздың көрермеңдері. Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.

Мұғалім оқушыларға сәттілік тілейді:

Күннін шуағындай жылу тілеймін.

Қажымас қайрат тілеймін.

Таудай талап тілеймін. Сәттілік тілеймін.

Топқа бөліну

«Мозайка» суреттер қиындыларымен

Мақсаты: серіктестік қарым-қатынас жасауға ыңғайлы орта құру.

Оқушылар топта тұрған балалармен қолдарын ұстап алақан жылуы арқылы бір-біріңе жылы лебіздер айтып,сабағымызды бастайық.

1топ,2 топ,3 топ,

Топтасады

1топ-шаршы, 2топ-трапеция, 3 топ-пареллограмм

Әр топтан топ басшысы топтарға жылы лебіздер айтады.

Сабақтың ұраны:

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

«Көршіңді тексер» әдісі Мақсаты: Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Слайдта үй жұмысының шешімі тұрады.

Үй тапсырмасы Реферат, сымнан, қағаздан төртбұрыштар жасау

Топтағы оқушылар бір-бірінің үй жұмысын тексеріп бір-бірлеріне баға қояды.

«Кубизм» стратегиясы. Сабақтың мақсатын ашу

“ Математика пәнінің маңыздылығы соншалық, сондықтан да оны қызықты өткізуге мүмкіндік жібермеу керек” 
Блез Паскаль француз математигі

1.слайд Математикалық диктант

Мақсаты: оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, бекіту, оларды жылдамдыққа, ептілікке, алғырлыққа үйрету.

1) Төртбұрышты құрайтын кесінділер…, кесінділердің ұштары… деп аталады.
2) Параллелограмның қарама-қарсы… тең болады.
3) Тік төртбұрыштың … тең.
4) Егер параллелограмның барлық қабырғалары тең болса… деп аталады.
5) Барлық қабырғалары тең… квадрат деп аталады.
6) Трапецияның … табандарына параллель және … жарты қосындысына тең.
7) Ромбының … өзара перпендикуляр, бұрыштарының … болады.

2.слайд «Постермен жұмыс»

  • а) Өмірде кездесетін төртбұрыштар туралы айтып,сызып беріңдер

  • Тікбұрышты үшбұрыштың қиындыларынан төртбұрыштың түрлерін жасау

  • б) Төртбұрышты фигураларды пайдаланып, сурет салу немесе макет жасау.

3.слайд «Кім жылдам?»

1. Параллелограмның қабырғалары 14 см, 19 см. Параллелограмның периметрін табыңдар.

2 Тіктөртбұрыштың қабырғалары 13 см, 18 см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар. 
№3. Ромбының бір бұрышы 50 
–қа тең. Ромбының қалған бұрыштарын тап.

4. Трапецияның орта сызығы 8 см, бір табаны 6 см. Басқа табаны неге тең?

4 слайд Кері байланыс

БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:



  • “ 0 – 14” – 3

  • “ 15 – 26” - 4

  • “ 27 – 34” - 5

Сабақты қорытындылау:

Рефлексия

Үй тапсырмасы: Төртбұрыштың түрлері мен қасиеттерін қарастырып келу;

Бағалау

Оқушылар сәлемдеседі, өзара мұғаліммен көңіл күйімен бөліседі, жылы лебіздер айтады бір-біріне

Үй тапсырмасына берілген тапсырманы айтады. Топтағы оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысын тексеріп бір-бірлеріне баға қояды.(алдарында критериялар тұрады)

Оқушылар өткен білімді еске түсіреді.

Әр топқа кубик лақтырылады сұрақтарға топ жылдам жауап беру тиіс.

Оқушылар мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап беріп сабақ тақырыбын, мақсатын ашады

Жақсы, жарайсын, смайликтер Бір бірін бағалайды Сұрақтарға жауап береді

Оқулық, қиындылар флипчарт, маркерлер,қайшы,сызғыш Түрлі түсті қағаздар


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2018
622
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі