БИЗИБОРД –БАЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕ ҚҰРАЛЫ
БЕГИМГУЖИНА ЭЛЬВИРА АЗМУХАНБЕТОВНА
Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы,Новенький ауылы,
«Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.
Уақыт өте келе ойыншықтардың түрі көптеген өзгерістерге ұшырады.
Бұл, әрине, адамның өзі де, технологиялық жетістіктерімен де байланысты.
Алдымен ойыншық балаларға арналған ойын-сауық болды. Бірақ адамзаттың
ең жақсы ойлап тапқаны баланы ойната отырып ойландыру, ақыл – ойын дамыта отырып белгілі бір нәрсеге үйренуге және дамытуға көмектесіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіруге ықпал етті.
Ойыншықтың қатысуынсыз балалар әлемін дамыту мүмкін емес. Өйткені балалардың сезімін білдіруге, айналасын танып білуге, қарым-қатынас жасауға және өздерін тануға ойыншықтардың маңызы ерекше.
Ойыншық - балаларға ойнау арқылы ойлануға мүмкіндік беретін зат.
Ойыншықты қолдану арқылы баланың ой- өрісі дамиды. Жолдастарымен ойнау барысында балаларда достық қарым - қатынасы қалыптасады. Ойын мен ойыншық бір-бірінен ажырамайды.Ойыншық ойынға деген қызығушылықты танытса, ал ойын жаңа ойыншықты қажет етеді. Ойынның негізгі ерекшелігі балалардың қоршаған өмірді, адамдардың қимылын, іс- әрекетін бейнелеу болып табылады. Ал ойыншық ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлардың бірі. Балалар ойынында тек дүкеннен сатып алынған ойыншықтар емес, тәрбиешілердің,
ата-аналардың немесе балалардың өздері жасаған ойыншықтарды да пайдаланады. Ойыншықтар әр түрлі болуы мүмкін бірақ олардың барлығы белгілі бір педагогикалық көркемділікті талап етеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді. Балалар ойын кезінде өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Сондықтан үлкен адамдар балаларға дұрыс бағыт беріп отыруы керек.
Балалық шақ - бұл ойын уақыты. Барлық ойындар кішкене адамды дамытып, қоршаған ортаны тануға көмектеседі. Балалық шақта ойын жәй ғана ойын - сауық емес. Айналасындағы ортаны зерттеу барысындағы үлкен жұмыс болып табылады. Үлкен адамдар балалар ойынына құрметпен қарауға тиіс. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады. Бала ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады. Кейбір психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың
артық әл–қуатын шығындап, жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді.
Алайда, функционалдық тенденция концепциясының негізін салған грузин психологі Д. Узнадзе: «Ойын артық әл-қуатты сыртқа шығындаудың тәсілі емес, дамудың негізгі бас формасы, қызмет бағытының емін–еркін бұрқаған көрінісінің формасы болып табылады және әрекеттер ретінде олардың өз бағыты бойынша бір–бірінен айырмашылықтары бар, міне осылар баланы мазмұнды жағынан әр түрлі ойындар ойнауына мәжбүр етеді», —деген.
Жалпы мұның бәрі қалай басталды?
110 жыл бұрын дамып келе жатқан ойыншық әлеміне қарап көрейік.
1907 жылы итальяндық педагог - психолог және инновациялық философиялық идеяларға бай оқытушы Мария Монтессори психикалық ауытқуы бар балаларға арналған мектеп ұйымдастырды. Монтессори мектебі Римде ашылып, қызықты оқыту әдіснамасымен ерекшеленді. Педагогикалық идея балалардың қызығушылығына негізделген, әртүрлі сылдырлаған кілттер, ашылып жабылатын құлыптар, ілгіш, ілмектер, асықтар, қалташалар осының бәрі баланың зерттеуге деген қызығушылықтарын оятады.
Монтессори мектебінде қарапайым тұрмыстық техника арнайы, ыңғайлы стендтерге ауыстырылды. Тіпті кішігірім құрылғыларды балалар өз қолдарымен ұстап сезінуге мүмкіндік алды. Осылайша М.Монтессори мектебінде бизиборд атты керемет қызыққа толы тақтайша яғни, ойыншық пайда болып, баланың жан-жағында болып жатқан әлемге тікелей байланыстырылған бұл ойыншық баланың қызығушылығын арттыру мен қатар, ойынға деген және «үлкендер әлемі» деген ойынға құмарын
қаныдырып отырды. 1913 жылы Монтессоридің педагогикалық тәжірибесі Америка Құрама Штаттарда сәтті қолданыла бастады. Кейінірек техника бүкіл әлем бойынша мектепке дейінгі мекемелерге енгізілді. Бұрын тек ақыл-ойы тежелген балаларға арналған «Монтессори мектебінде» қолданылған тақтайша, көп педагогтардың тәжірибесінен өтіп, дені сау балалар арасында қолданысқа ие болған бұл тақтайша дені сау балаларға да қажет деген түйінге келді. Дені сау балалар арасында оң нәтиже беріп, қолданысқа ие бола бастады. Бизиборд балалардағы әрекет ету бостандығы мен дербестігі әр баланың зор әлеуетін анықтады. Уақыт өте келе бұл әдіс әдеттегі балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге қызықты болды және әлемдік
даңққа ие болды.Кез-келген сенсорлық техниканың мәні баланың барлық талдаушылары арқылы миының қызметін ынталандыру болып табылады. Яғни, біз оның ішкі әлемін физикалық қасиеттерге ие үлкен сыртқы орта арқылы дамытамыз. Ал, енді осы бизиборд менің ойымда және біздің топта қалай пайда болды десеңіздер, бұл идея ғаламтор желісінен көріп, санамнан шықпады. Ақыры өзім педагог, мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші ретінде осы бизиборд туралы мағлұматтар жинап, өзімше зерттей бастадым. Әр түрлі ғаламтор желілерінен күнделікті көре отырып, ақпараттар жинақтадым, оның пайдасы баланың дербестігін қалыптастырып, ұсақ моторикасын дамыту мен қатар қызығушылығын арттыратынына көзім жетті. Бұдан соң «Рухани жаңғыру» атты бағдарлама мемлекетімізде кеңінен таралып, әр тараптар өздерінше көне салт –дәстүрлерді, өз салаларында жаңғыртып жатыр. Бізде тобымыз болып осы бағдарламаға үлесімізді қоссақ деген ой келді. Содан осы бизиборд дамытушы ойыншығын немесе тақтайшаны қазақи нақышта жасап, асықпен байланыстырып жасап, асықты жаңғыртайық деген тоқтамға келдім. «Баланы ойната отырып ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, санасына құю,ойыншық арқылы патриоттыққа тәрбиелесек тамаша жетістікке жетпейміз бе?» - деп тұжырым жасадым. Монтессори желісімен жасақталаған біздің топтағы алғашқы бизиборд тақтайшамыз оң нәтижесін бергеннен кейін, осы бизиборд тақтайшасын ұлттық ойыншығымыз асықпен, топтағы балалардың жас шамасын ескере отырып жасадым. Асық терапиясынан элементтрді ала отырып, осы элементтерді бір жерге түйістіріп бір тақтайша бекіттім. Ал асықтың маңыздылығы өте жоғары, бала өміріндегі маңызы орасан зор. Асық ойындарын ойнау кезінде баланың түрлі танымдық қабілеттері дамып денсаулығы нығайады. Асық ешбір зиянсыз табиғи зат болып табылады. Ата
- бабаларымыздан мұра болып қалған осынау асық ойындарының түрлері өте көп.
Барлығы да денсаулықты жақсартып қана қоймай түрлі танымдық қабілеттерді дамытады. Сол себепті де асық- адамды жан - жақты дамыту құралы. Қазағымызда осы асық ойындары негізінде айтылған: «Асығың алшыннан түссін» - деген жақсы тілек те бар. Асық жайлы батыр атамыз Отан соғысының ардагері Бауыржан Момышұлы «Асық - үлкен тәрбие» деген екен осы сөзде үлкен мән мағынасы жатыр. Асық ойындары балаға нені үйретеді: мұрамызды бағалауды үйренеді, шапшаңдыққа үйренеді, эстетикалық түрлі зат жасайды, түстерді ажырата біледі, санап үйренеді. Асықты балабақшада қолданып баланы асық ойындары арқылы тәрбиелеу мұрамызды насихаттауымыздың бірден-бір жолы. Балабақшада бекітілген бес сала бойынша асықты оқу қызметтерінде пайдалану тәрбиешінің балаға тәрбие берудегі жаңашыл жолы болып табылады.
Коммуникация саласында «Алтын сақа» ертегісімен таныстырып,ертегі желісі бойынша рөлдік ойын ретінде өткізуге болады. Бұл жерде де бала асықты ойын құралы екенін біледі.
Таным саласы бойынша асықтан жасалған түрлі танымдық құралдар яғни санамақ, есепшот сияқты санау құралдарын қолдану арқылы оқу қызметін өткізуге болады. Осылайша асық ойындары арқылы балаға тәрбие беру ең жаңашыл бағыттардың бірі. Ұмытылып бара жатқан ұлттық асық ойындары арқылы баланы тәрбиелеу тәрбиешінің құнды мұрамызды жаңғыртудағы қосқан бірден - бір жолы. Осылайша тақтайшаға асықты бекіту арқылы кішкене өсіп келе жатырған балалардың асыққа деген қызығушылықтарын қазірден бастап қалыптастыру. Асықтың үлкен қасиеті
балабақша балаларына қауіпсіз, өткір жерлері жоқ, ұсақ та емес, тым үлкенде
емес бала оны жұтып қоймайды немесе онымен жарақаттанбайды, артық жонып әбігерге де түспейміз. Керісінше бүк, шік, алшы, және тәйке деп аталатын қырлары бала ұстаған сайын баланың қолындағы нүктелерді оятады. Баланың дамуы үшін қосымша әр түрлі методикалар қолану арқылы көптеген жетістікке жетуге болады. Балабақшадан бастап асық ойнаған бала өсе келе асыққа бүйрегі бұрып, мектеп жасында да асықпен ойнап, өзара асықты жинау, асықтан коллекция жасау сияқты жақсы хоббимен айналысады деген ойдамын.
Бизиборд немесе дамытушы ойыншықтың мақсаты:
Балалардың қиял,көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыта отырып еркіндікке, көшбасшылыққа дамыту.
Баланың қолдарының ептілігі қалыптасады. Патриоттық сезімге, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар өзіне деген сенімін арттырып, өз құндылығын түсінуге әсерін тигізіп өзінің «менің қолымнан келеді» дейтін ішкі түйсігін қалыптастыру.
Дамытушы ойыншық – баланы жан - жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін арттырып, жан-жақта болып жатқан әрекетке деген құмарлығын қандырады. Осы тақтайша Монтессоридің педагогикалық әдістемесінің жарқын мысалы болып табылады.
Бизиборд – бұл дамыту тақтайшасы немесе сабақ өткізуге арналған тақтай. Тақтайша бала қолының ұсақ моторикасын дамытуға әсер етеді.
Сақинамен ойында балалар қозғалыстар тепе-теңдігі мен көзөлшемін
қалыптастырады. Зейіннің дамуына ажыратқышпен және тоқ көзін қосатын
құрылғымен әрекет ету әсер етеді. Баланың қиялын дамыту мақсатында есіктің артында кім жасырылған және оған шығуға қалай көмектесуге болатыны туралы талқылауға болады. Бизиборд мектепке дейінгі жастағы балалардың төзімділігінің қалыптасуына ықпал етеді, балалар құрылғыларды ұзақ оқып, өздеріне ұнаған іс-әрекеттерді бірнеше рет жасап, оларды автоматтандыруға жеткізе алады. Тақта көп орын алмайды, оны топта кез келген орынға орналастыруға, тіпті серуендеу кезінде өзіңмен бірге алып жүруге де болады. Бизибордты балалар жеке және топпен ойнай алады.Бизиборд тақтайшасымен ойнаған бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп,
шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті,сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасы дамиды. Бала іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады. Саусаққа тиген асық немесе сылдырлаған кілт, ілмектер тағы басқа элементтер әрбір ұйықтап жатқан клеткаларды оятады, баланың жүйкесін тыныштандырады.
Бала әрбір құлыпты ашу, жабу, бұрау арқылы, бауды байлау, шешу арқылы
немесе қақпақтарды бұрап ашу арқылы, әрбір бөлшекті ұстау арқылы,қолынан келетіндігін, өзінің дербестігін сезінеді.
«Қиялдау - ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама – қарсы сыртқы және ішкі дүние бірге қосылады» (К.Г.Юнг.). М.Монтессори ұсынылған белсенді қиялдау техникасы осы әр түрлі етіп жасалған бизиборд немесе ғажайып тақтайша қарастырыла алады. Еске түсіріп көрсек біздің ішімізде бала кезде қарапайым қолдан жасалған ойыншықпен ойнамаған адам бар ма екен? Ата-аналарымыздың қолданысынан қалған ескі ашқыштар,бұғаттар, кілттер, баулар, бұрағыштарды сұрап алып үлкен адамдардың кейіпін салып ашқышпен ашып, қайта құлыппен кілтеп ойнағанды ұнатушы едік. Міне, үлкен адамдардың өмірімен алғашқы жанасу осы кезде басталған болатын. Яғни, бала үлкен адамдардың өміріне, қолданатын заттарға құштар екендігін осыдан түсінуге болады. Ендеше балаларға мүмкіндік беру керек.Баланың өз қиялындағы ойынды ойнауға мүмкіндік жасауымыз керек. Бала болашағын қалыптастыратын ойынмен ойнауы тиіс.
Баланы тәрбиелеу – тәрбиешінің назарын үнемі талап ететін күрделі міндет. Баланы қадағалау, дамыту, қатерден қорғау тікелей тәрбиешінің міндеті болып табылады. Бизборд баланың қауіпсіз дамуын қамтамасыз ететін құрал. Ал тәрбиеші үшін қызметтік мақсатына оңай қол жеткізетін құрал. Тіпті ең қарапайым дамытушы тақта сезінуді көздейді, бұл ұсақ моториканы дамытады. Кез келген қарапайым іс-әрекет баланың ойлау қабілетін жақсартады. Ақпаратты дұрыс және жүйелі сақтауына әсер етеді.
Өзім осы бизиборд тақтайшасын яғни, кілттермен, ашылып, жабылатын
құлыптармен тағыда басқа түрлерімен жасалынған алғашқы үлгісін жартылай екінші және толық ортаңғы топта қолданып келемін. Өз қолыммен жасалынған бизиборд тақтайшасын таным саласында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінде пайданып келемін.
Ондағы сандарды тану, сандарды санау, тура және кері санау тақырыптарында кеңінен қолданамын. Себебі, бала қызығушылықпен ойнау арқылы сандарды танып, ойын арқылы үйретілгесін баланың жадында тез жатталады.
Коммуникация саласы бойыншы сөйлеуді дамыту оқу қызметі бойынша пайдаландым. Құлыптың артында не жасырылған қане құлыпты ашып ішіндегі жануарларды босатайықшы деп алдынала қызығушылықтарын арттырып аламыз да, ішінде жабайы жануарлар ма, әлде үй жануарлары ма деп жетекші сұрақтар қойып баланы ынталандырамыз.Балалар жауап берген соң дұрыс үй жануарлары екен құлыптаулы тұрған, үй жануарын ауламызға ұстап, баптай аламыз, ал жабайы жануарлар құлыптауға, ауламыздан баптауға көнбейді деп түсіндіріп көзінше құлыпты ашқызу арқылы ұғындырамыз екен. Оның ішінде оқу қызметінен тыс
қолданылуға болатын ойындары бар: қуыршақтың шашын өру, қуыршақтың
киімін алдын салып беру, паровоздың дөңгелегін орнату (айналдырып бұрау
арқылы), түрлі-түсті қыстырғыштармен қыстыру арқылы балалардың қол ептілігін дамыту. Ал, асықпен жасалынған қазақи нақыштағы бизиборд тақтайшасында балалар асықты орналастыру арқылы ұсақ қол моторикасы дамытады. Түрлі түске боялған асықтар көздің жауын алып, балалардың түс ажырату, түстерді топтастыру, топтастыру барысында шапшаңдыққа тәрбиелейді. Қоржынға салынған әр түрлі асықтарды шын асықпен және жасанды асықтарарасынан ажырату баланың ойлау қабілетіне тигізетін үлесі зор. Қоржыннан алынған асықты анықтағаннан кейін балаға асықты лақтыртқызып оның түскен жағын атауды үйрету яғни, асықтың өзіне тән түрлері мен атаулары айтқызу.
Алшы - асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.
Тәйке - асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап, тұрық түсуі.
Бүге (Бүк) -асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі.
Шіге (Шік) - асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап,
шалқасынан жатық түсуі. Осылайша балалар асықтың атауларын жаттап алады.
Өмірде көбіне кішкентай балаларға “Шар” ол дөңгелек, домалайды деп
түсіндіргенше, жәй сол шарды, яғни допты қолына беріп ұстатып, ойнатып
және сезіндіріп көрген әлдеқайда тиімдірек. Баланы қоршаған кез келген
объектілерде солай - мектепке дейінгі жаста ешқандай теория қажет емес,
балаға бар болғаны жанасу керек, иісті сезіну керек, өзі тырысып-бағу керек
сол кезде нейрондық байланыстар өздігінен пайда болады.
Сонымен,«бизиборд» дегеніміз не және оны қалай пайдаланамыз (қалай ойнатылады)?
- бұл ағаш тақта, артында тіреуіші немесе астында тіреуіші орналастырылған, ұстайтын құлағы бар табиғи қауіпсіз материалдардан жасалынған ол көптеген түрлі нысандарға негізделген, негізінен көрнекі бейнелі ойлауды үйрету үшін қарабайыр механикамен жабдықталған.Бизибордта стандартты бөлшектер жиынтығы жоқ және болмайды да,өйткені бәрі өндірушіге, яғни жасаушы педагогқа немесе ата-аналардың қалауларына байланысты, бірақ бәрібір негізгі элементтер ұсақ, қолдануға ыңғайлы, кедір-бұдыр қыртыстары бар дүниелер болып табылады.
-тігін бұйымдары;
-барлық құлыптау құрылғыларының түрлері;
-электр қондырғылары; материалды санау;
-жетек тізбектерінің құрылысы туралы мәліметтер;
- бәтеңкенің бауы, ленталар;
-тұрмыстық және өлшеу құралдары, жабуға және ашуға арналған су құбыры краны;
- құлыптар, ысырмалар, шпингалеттер және т.б.
-асықтар, түрлі түске боялған асықтар, шағын қапшық.
Бизибордты неше жастағы балалар ойнайды (1-5 жас және қызығушылығына қарай жас шектеуі жоқ).
Бұл дамытушы ойыншықты (тақтаны) 5 айлық баладан бастап ойнайды,себебі бұл кезде бала еңбектеп, айналаға қызығушылық танытады, ал біз көптеген нәрселерге шектеу қоямыз, бала үшін ол әлем зерттеусіз қалады.
Әрі қарай баланың жас ерекшелігіне сай етіп тәрбиеші топтағы балаға байланыстырып жасап алуына да болады.
5 жастағы балаларға да бұл ойыншық өзекті болып қала бермек, себебі бұл жаста бала тақтайшадағы құрылғыларды тіптен бөлек қырынан қабылдайды.
Қолданылуы қарапайым бизиборд тақтайшасы ең бірінші балаға қауіпсіз болуы керек, қауіпсіз материалдардан жасалынған бұл ойыншықта балаға еркіндік беріледі. Ал, асықтармен жасалынған тақтайшамызда балалар сипап сезу сезімдерін қалыптастырады. Әрбір тәрбиеші, маман иелері немесе ата-ана бұл бизиборд тақтайшасын баланың жас шамасына қарай әр түрлі етіп дайындайды. Бір қызығатыны қолданыста өте ыңғайлы ұзақ қызмет ете алады, тез сынғыш емеес, тазалап, сүртіп алуға да, серуен кезінде далаға алып шығып, ұстап жүруге де өте ыңғайлы дүние.
«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ол ересектердің қызметінде,жұмысында, қызмет бабында қандай мәнге ие болса, мұнда да сондай мәнге ие болады. Бала ойнағанда қандай болса, есейгенде жұмыста да көп ретте сондай болады», - деп орыс ұлтының ұлы педагогі А.С.Макаренко айтқандай баланың қол ептілігі, байқампаздығы, өнер тапқыштығының алғашқы сатылары осы бала кездегі ойыннан қалыптасады. Сондай-ақ қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, ақын М.Б.Жұмабаев «Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек» деп әр уақытта балаға үлкен демеу беру керектігін айтқан. Сенің қолыңнан келеді деп үнемі алға талпындырып, балаға сенім
беруіміз керек екен. Міне, осы бизиборд тақтайшасы балаға үлкен серпіліс
және сенім береді деп айта аламын. Тақтайшамен ойнаған бала еркіндікке, өз
ойындағасын ашық, қолмен жасап көрсетуге құштар болады және де баланың
ойлау қабілеті шектелмейді. Ал, ойы шектелмеген бала үнемі ашық-жарқын
өз ойын емін – еркін жеткізеді. Еркіндік көбіне қазақ баласына беріле
бермейді, себебі кішкене кезінен үлкендердің ісіне араласпа, үлкендердің
сөзіне ой қоспа, үлкендердің айтқаны заң деген қағидамен өседі. Балаға сәл
еркіндік беріп балмен үлкен кісідей сөйлесіп «ал, қане сен жасап көрші», «ал,
қане сен өз ойыңды айтшы» десек, бала өзіне сенім артылған сезіп жасауға
талпынып, қолынан келетіндігіне үлкендер сенім артып жұмыс
тапсырғанына көзі жетіп балаға қанат бітеді екен. «Рухани жаңғыру»
бағдарламасында отансүйгіштіктің негізі ретінде туған жерге, ата дәстүрге,
ұлттық құндылықтарға ерекше мән беру қажеттігі айтылады. Сондықтан да
біз қазақ ұлттық ойындарын жаңғыртып, асықты насихаттаудамыз. Бұл
балаларды ұйымшылдыққа, достыққа баулиды, оның үстіне ол өте
қарапайым әрі қолжетімді. Ал асықпен ойнаған бала ол қыз болсын, яки ұл
болсын асыққа деген қызығушылықтары артып мектепке барғанда бала
асықтың не екендігін біліп баратынына сенімдімін. Асықтан жасалынған
бизиборд тақтайшасы патриоттыққа, ұлттық ойынға деген сүйіспеншілкті
арттырады деп сенемін. Асық ойыны, асықты ұстау, көру балаға оң әсер
беріп балардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін
дұрыс көзқарастырын қалыптастырады. Қарапайым бизиборд тақтайшасы
бала үшін қымбат ойыншықтардан да қызықты және маңыздырақ екендігін
сездім және көзім жетті. Ең бастысы баланың қиялы жүйрік, жан жақты
дамуына және жеке тұлға ретінде қалыптасуына мол ықпалын тигізетініне
сенімдімін. Сонымен қатар бұл бизиборд тақтайшасын жасауда аса бір
қаражатты талап етпейді. Барлығы да қолымызда бар және сатып алған
жағдайда да қымбатқа түспейтіні анық. Әр тәрбиеші өз тәрбиеленушілерінің
қай жағынан дамуы баяу екендігін байқап өз топ балаларына ыңғайластырып
жасаса да болады. Бес саламыз бойынша жасақталынып қойылса тіптен
жақсы әрбір оқу қызметінде ойнай отырып, балаға тақырыпты ұғындыру
оңай әрі тиімдірек болмақ.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бизиборд - баланы дамытудың ерекше құралы

шағым қалдыра аласыз