БЛУМ таксономиясы бойынша бағалау

Тақырып бойынша 20 материал табылды

БЛУМ таксономиясы бойынша бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бенджанмин Блумнын таксономиясы бойынша бағалау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологы, Блум таксономиясының авторы. Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру. Таксономия түсінігі Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң). Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу. Блум таксономиясы-жеке тұлғаға бағытталған, оның шығармашылығын дамытудың және білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады.Адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін алты деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді

  1. Бiлу.

Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей Бұл категория оқу материалын есте сақтау мен қайталауды білдіреді. Оқу материалы деп әр түрлі мазмұндағы ақпаратты (нақты фактілерден бүтін теорияларға дейін) атауға болады. Бұл категорияның негізгі сипаты – қажетті мәліметтерді есте сақтау.

Оқушы әрекеті: Қолданылған терминдерді біледі, есте сақтайды Жұмыстың орындалу ретін жазады Нақты фактілерді атайды Негізгі ұғымдарды қайталайды

  1. Түсіну.

Оқу материалын түсінгендіктің көрсеткіші ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: Трансляция – яғни оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мәселен биологиякалық формуланы сөзбен айтып беру немесе керісінше, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету); Интерпретация – оқу материалын “өз сөзімен” түсіндіру, қысқаша баяндау; Жорамалдау - оқу материалы бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау. Мұндай оқу нәтижелері материалды есте сақтау деңгейіне қарағанда анағұрлым жоғары болады.

Оқушы әрекеті: Фактілерді, ережелерді, қағидаларды салыстырады, айырмашылығын көрсетеді, мысалдар келтіреді; Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді, өзгертеді; Сөзбен келтірілген материалды биологиялық ұғымдарға өзгертеді (немесе керісінше); Берілген ақпарат бойынша болашақта туындауы ықтимал салдарын сипаттайды, болжайды.

  1. Қолдану.

Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

Оқушы әрекеті: ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді. заңдар мен теорияларды тәжірибелік тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады

  1. Талдау.

Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: - Бүтіннің бөліктерін ажырату; - Бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысы қалайша құралатындығын білуді меңзейді.

Оқушы әрекеті: жасырын (көзге көрінбейтін) жайттарды ашады ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды



  1. Жинақтау (синтез)

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттағы бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама, жұмыс жоспары, кестелерді атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн және жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Оқушы әрекеті: тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады •. қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады шығармашылық тұрғыдан шығарма (эссе) жазады

  1. Бағалау.

Таным мен ойлау деңгейіндегi жоғары деңгей. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру, таңдау жасап, шешім қабылдау. Мұнда оқушы пайымдаулары нақты дәлелдерге негізделуі керек: - ішкі – құрылымдық, логикалық тұрғыдан; - сыртқы – алдына қойылған мақсаттарға сәйкестігі тұрғысынан. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелеріне қол жеткізуді меңзейді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2023
299
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі