Басы
|
Амандасу. Ынтымақтас-тық
атмосферасын қалыптастыру.
«Ассосация»
әдісі


Мейірім,жылулық, шежіреші,
қамқорлық, жылы жүз,айналайын.
мына суреттер мен сөздерден не
ұғамыз? Арасында қандай байланыс бар?
Сабақ тақырыбы не туралы
болмақ?
Сабақтың мақсатын,
критерийлерін анықтап аламыз.
|
«wordwall»
платформасы арқылы сұрақтарға жауап
береміз.
1.Ұлдың дүниеге келгендігін
хабарлайтын адам?
2.Қырағы болсын ,құлыным
...деп бата беретін адам.
3.Ағасы Бауыржанды отырғызып,
керегеге іліп қоятын заты.
4. Бауыржан 2-3 ай болғанда
бата берген Имаш атасы қолына ұстатқан
нәрсе.
5.Әкесінің қораны бекіткен
заты.
6. 1 –бөлімдегі айтыс әнде
кездесетін ауыл аты.
7.Б.Момышұлының шешесінің
руы.
8.Елтанудың басы неден
басталады?
|
1
ұпай
2ұпай
|
|
Ортасы
|
1-тапсырма. ЖЖ «Графикалық
органайзер» әдісін қолданып,оқиғалар арқылы автордың айтпақ болған
ойы мен көзделген
ұлттық мүддені
анықтаңыз.
2- тапсырма.ТЖ.
Материалдық және рухани құндылықтарға талдау
жасап, жаңашылдығына баға беру
3- тапсырма. «Tarsia» әдісі
арқылы сұрақтарға жауап береді.
|
Үзінді
|
Автордың айтпақ ойы
|
Көзделген ұлттық мүдде
|
|
|
|
|
|
|
дескрипторы:
1.Үзіндідегі автордың айтпақ ойын
анықтайды;
2. Үзіндідегі көзделген ұлттық мүддені
анықтайды;
3.Ойын жүйелі жеткізеді;
4.Өзіндік ой – пікір
білдіреді.
ҚБ
1-топ.
Мәтіндегі құндылықтарды анықтап, бүгінгі күнмен салыстырып,
жаңашылдығына баға беріңдер.
Біздің ауылдың Байтоқ деген
кісісі алпыс шақырым Әулиеатаға ат сабылтып жетіп, әкем жатқан үйге
кіріп келіп, бір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, Момышты құшақтап
жылай беріпті. Әкемнің қарындасының үй-іші үрпиісіп, бір жаманат
хабар жеткен екен деп қорқып қалады. Ақыры Бәрі Байтоқты жұлмалай,
«не боп қалды, айтсаңшы» деп тақақтағанда ғана, Байтоқ: - Жеңешем
ұл тапты, - депті. Үрейден үрпиіскен жұрт енді мәз-мәйрам болып,
қуаныштары қойындарына сыймай, Байтоққа сүйіншісін беріп
аттандырыпты!
Әулиеатадан әкем қайтып
келгенде, ағайын-жекжат құтты болсынға жиналып қалған
екен.
- О, Момыш, балаңның бауы
берік болсын!
- Ақментей бабасындай батыр
болсын!
- Ақмолда Батыр бабасындай
мәрт болсын!
- Бәйдібек батырдың әруағы
қолдасын!
- Домалақ анамыз жар болсын! -
десіпті.
Сөйтіп, шілдехана тойға
ұласыпты. Той соңында Имаш атам алақан жайып ел қарияларынан
бата сұраған
екен.
- Төл немерең, бел немерең
ғой. Бата жөні де өзіңдікі, - десіпті ақсақалдар. Сонда Имаш бабам
былай деген екен:
Алатаудың қыраны мол
еді
- Қырағы болсын,
құлыным
- Қойнауы суға мол еді -
Бүлағы болсын, құлыным.
Елінің тілегі зор еді
–
Шырағы болсын,
құлыным.
Ата тілегі оң еді
–
Құмары болсын,
құлыным.
Бұл жер батырлар төрі
еді
- Сыңары болсын,
құлыным
2-топ. Мәтін мен суреттегі
құндылықтарды анықтап, ол туралы ақпарат жазып,қазіргі қолданысына
талдау жасау.
Әкем базардан қайтқан күні біздің үйде кішігірім той сияқты
жиын болатын. Қоржынның екі басы базарлыққа толып келеді. Сонда
өрік-мейізге бір тойып қаламыз. Бала біткен сондықтан әкемді жақсы
көретін. Асылы, істеген жақсылығыңды бала тәуір біледі. Кейбір
үлкенге істеген жақсылығың зая кетеді. Қолдан келсе,
баланы
қуанту керек. Ол қуанса - шын
қуанады. Ал, ересектердің арасында «сырты жылмаң, іші арамдары»
кездесетінін, құдайға шүкір, көріп жүрміз. Қолдан келсе, баланы
қуанту керек. Әкем менің сондай кісі еді,
жарықтық.
3-топ. Мәтіндегі ақпарат пен суреттерді
салыстырыңдар.суреттегі киімдерді салыстырып, жаңашылдығына баға
беріңдер.
Бұл кезде қоржынның аузы
сөгіліп, нағашымның әкелген сыйлықтары көріне бастады.
Өрік-мейіз, қант-шай,
бауырсақтан басқа әжеме
арналған көйлектік
мата да шықты. Серкебай асыл
киімдерді қонымды етіп, сымбатты киініпті: алдымен құндыз бөркі
құлпырып көз тартады. Бөркін шешкенде, көк тақыр етіп қырған
басында оқалы барқыт
тақиясы қалды. Бешпет сыртынан буған кемер белдігінің
жалпақтығы кере қарыстай еді. Сабы күміспен
күптелген қамшысын сәнмен қос бүктеп қасына қойыпты. Етсіз қыр
мұрыны, қысыңқы өткір көзі ашаң жүзін айбарландырып жібереді екен.
Қияқтай етіп бастырған мұртының ұшы екі езуін жиектеп көмкеріп тұр.
Селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі.
Алейкүм
салам! - деп Серкебай нағашым
сәлемін алды да, көкемнің иығына қолын салып аттан түсе бастады.
Көкем сол сәтте нағашымның қолтығынан сүйей қойды. Сонан соң
Серкебай нағашым алшаң басып менің әкеммен сәлемдесті. Серіктері де аттан түсіп жатыр еді. Әкем ауыл жігіттеріне
әмір берді. - Меймандардың атын
ұстаңдар! Жігіттер жедел басып,
ат тізгініне жармаса беріп еді, Серкебай нағашым қамшысын көтеріп,
ақырып қалды. - Маған көрсеткен құрметтерің аздай несіне
елпектейсіңдер, - деп тоқтатып тастады. Нағашыммен еріп келген
жігіттерге осынау күрт мінез шалдың әдеті әбден сырмінез болған ба,
жылмиып қарасты.
Дескрипторы:
-Материалдық және рухани құндылықтарды
анықтайды.
-Жаңашылдығына баға береді.
ҚБ
Дескрипторы:
1.Б.Момышұлы туралы мәліметтерді
біледі;
2. Шығарма мазмұнын біледі;
3.Сұрақтарға дұрыс жауап
береді;
ҚБ
|
2ұпай
3ұпай
|
|