Тақырып бойынша 11 материал табылды

Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінің тақырыбы мен идеясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінің тақырыбы мен идеясы берілген үзінділер арқылы ашылып, ұлттық характерді анықтайды, өзіндік көзқарастарын ұлттық мүдде тұрғысынан дәлелдеуге үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Махаббат пен абырой

Сынып: Мұғалім: Ж.Ахметова Күні:

Сабақ тақырыбы

Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінің тақырыбы мен идеясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.2.1 - әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Сабақтың

Мақсаттары

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан аша алады.

Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Оқушылар бір-біріне отан, туған жер туралы мақал-мәтел сыйлайды.

4. Қызығушылықты ояту. «Конверттегі сұрақ»

  1. Жазушы шығармасының ерекшелігі неде, әдеби жанрдың қай түріне жатады?

  2. Бауыржанның балалық шағы мен қазіргі заман балаларының өмірін салыстырып айтыңдар.

  3. Б. Момышұлы шығармасының «Ұшқан ұя» аталуының себебі неде?


Оқушылар түгенделіп, назары сабаққа аударылады.





Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайды.







ҚБ «Одағайлар» әдісі

Оооооо! – тамаша жауап;

Оййййй! – төмен жауап

8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

Жаңа сабақ

Жаңа сабақ тапсырмасы

Мағынаны тану. Шығарманың тақырыбы мен идеясын тапқызу.

1-тапсырма

БShape1

Бала Бауыржан

ала Бауыржанға тән қасиеттерді топтастыру сызбасы арқылы көрсетіңдер








Дескриптор:

  • Шығарма мазмұны бойынша бала Бауыржанға тән қасиеттерді топтастырады.

Шығармадан ұлттық құндылық тұрғысынан талдау мақсатында 7 үзінді ұсынамын. Үзіндіден ұлттық характерді анықтай отырып, өзіндік көзқарастарын ұлттық мүдде тұрғысынан дәлелдету.

1-үзінді: Ертексіз өскен бала — рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын. Ал менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі тұр құлағымда. Бөстекке отырып алып, басымды бауырына қысып, кәрі алақанымен арқамнан томп-томп қағып қойып:

Балам менің қайда екен?

Қыздарменен тауда екен.

Тауда неғып жүр екен?

Алма теріп жүр екен.

Алмасынан кәнеки?

Жаңа теріп жүр екен.

Қызыл алма қолында

Қыз-бозбала соңында, — деуші еді-ау!


2-үзінді: Тағы бір жай ойыма оралады... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?!» — деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассялам алейкүм, аталар» деп әр сөзді қадай-қадап айттым. Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр. Өткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан «Әлейкүм салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», — дейтін.

3-үзінді: Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.

Кімнің баласысың? — деп сұрайтын ол.

Мен - Момыштың ұлымын.

Момыш кімнің баласы?

Момыш — Имаштың баласы.

Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.

4-үзінді: Әкем меймандарды үйге бастап жүрді. Есіктен ең алдымен Серкебай нағашым бас сұқты. Әжем оны балаша аймалап, еркелетіп жатыр. Осы кезде нағашымның атқосшы жігіттері ішке қоржын көтеріп кірді. Серкебай төрге жайғасып болған соң әжемнің қал-жайын сұрады.

Аманбысыз,әпке. Ауру-сырқаудан саумысыз. Көңіліңіз жайлы ма?

Құдайға шүкір, шырағым, — дейді әжем де елжіреп.

Мұнан соң жаппай жай сұрасу басталды. Ел адамдарының есендігі, мал-басының түгендігі сұралды.

Бұл кезде қоржынның аузы сөгіліп, нағашымның әкелген сыйлықтары көріне бастады. Өрік-мейіз, қант-шай, бауырсақтан басқа әжеме арналған көйлектік мата да шықты.

5-үзінді: Текебайдың бақталасы - Талас Алатауының бөктерін жайлаған Жаңабайдан шыққан Байзақ датқаның баласы Қабылбек деген кісі екен. Байзақ датқа заманында Қоқан ханына қарсы шығып, содан қапыда қолға түсіп, Құдияр ханның жарлығымен зеңбіректің аузына байланып, атылып кеткен. Енді, міне, сол Байзақтың елу жастағы ұлы Қабылбек Текебаймен тіресіп қалған кезі екен.

Қабылбек жағы Текебайды ұры деп, әділдігі жоқ парақор деп, ұлыққа жамандап жаза берсе керек. Сонда Текебайдың отыз жастағы үлкен ұлы Серкебай Қабылбек жағының әлгіндей жаласына шыдай алмай, жанына он жігіт ертіп, Қабылбектің аулына тасырлатып жетіп барған

дейді. Қабылбектің қарсы алдына отырып алып, қамшысын жерге шиіріп тастап, бір бәлеге бастап, қалың жұрттың арасында Байзақ датқаның баласын ой, балағаттайды келіп. Айтпағанды айтады. Елде зәре қалмайды. Қан төгілмесе неғылсын деп қалтылдаған халық. Ақ орданың сыртындағы әйелдер жағы әруақ, құдайға сыйынып, сыбырласып қана сөйлеседі. Ал, Серкебай ақиланып алса керек, ар-намысқа тиетін ауыр сөздер айтып айғайлап отыр. Қабылбек сонда қыбыр етпепті. Ләм деп тіс жармапты. Қабағын да қақпапты. Жаңабай жағы улап-шулап, намыс буып, кек қысып, орындарынан тұра-тұра ұмтыла бастаса, Қабылбек оларға тек қолымен белгі беріп басып тастап отырады. Бірақ тіс жармайды. Аталас ағайын-туғаны бұған шыдамай, қаны қайнайды. Қабылбек тырс етпейді. Оның бұл қылығына ыза болған сотқар Серкебай одан бетер одыраңдап, айтпағанды айтса керек. Ақырында атына қарғып мініп, он жігіті жанында, ауылына салып ұрып қайтып келіпті. Серкебай кеткен соң Жаңабай жағы жабылып Қабылбекке наразылық айтып жатса керек:

  • Ойбай-ау, неге бізді бөгедіңіз? -Ақ орданы басындырып қойғанымыз қалай? -Әруақ! Әруақ! Әруақтың сай-сүйегін сырқыратып қайтіп тірі жүреміз, ойбай! -Байзақ датқаның басынан ешкім асып көрмеген! Біз не боп барамыз!

-Әлгі әупілдеген төбеттің көтінен қуып барып, қара қан құстырмасақ, жер басып тірі жүргеніміз құрысын!

Аяғынан салбыратып ағашқа іліп қоймасақ, атымыз өшсін! -Аттанайық! Аттан! Аттан! Байзақ! Байзақ!

Дес бермей, елеуреп, өкпелері өрекпіп, өршеленіп алған ағайындарын Қабылбек бір- ақ сөзбен қайырып салып: -Тоқтат! - деп ақырып қалған. - Опық жейтін сол Серкебайдың өзі болады әлі, -депті. Ағайындары, амал жоқ, тыйылыпты. Ал, Серкебай әкесі Текебайдың алдына барып мақтанып тұрса керек: «Екі аяғын бір етікке тықтым Байзақ әулетінің. Қаһарлы Қабылбектің өзі жұмған аузын аша алмай қалды. Былай деп боқтадым, былай деп балағаттадым». Текебай сонда баласына: -Ақымақ! - депті. Серкебай үйден атып шығып, өз отауына барып, екі күн қатарынан нәр татпай, өкпелеп жатып алыпты. Ал, сайлауға дайыңдық қыз-қыз қайнап жатса керек. Үшінші күн дегенде Серкебай әкесіне келіп, аяғына жығылады.

- Мені құдай сыйлады. Өзімнен жиырма жас үлкен Қабылбектің бетінен алып,тілім тиді. Ел көзіне қарайтын бет қалмады. Текебай ат-шапан айыбын дайындап, жанына жиын ертіп, Қабылбектің ордасына өзі барған екен. Жаңабай жағы Текебай қол жиып соғысқалы келе жатыр екен деп қалса керек, өздері де сап түзеп, сақадай сай қарсы шығады. Қабылбектің ордасына ат шаптырым қалғанда Текебай қасына Серкебайды алып, басқалардан оқ бойы озып шығып, әкелі-балалы екеуі Қабылбек жағына келе жатады.

Қабылбек те: «Е, мынау соғысатын жерді айт деп келе жатыр ғой», - деп өзі жеке шығып, Текебайға тура тартады. Сонда Текебай сонадайдан аттан түсіп, Қабылбектің қасына келіп: - Менің күшігім саған қарап шәуілдесе керек, Қабылбек! Айыбын көтергелі келдім алдыңа. Кешіремісің, сірә! - депті. Мына сөзден Қабылбектің қабырғасы сөгіліп, қалбалақтап атынан аунап түседі: - О, текті би Текебай! Сенің балаңның айыбынан менің айыбым асып кетті білем.Аға болсаң да, сені мен аттан түспей тыңдаппын-ау. Сен кешіремісің мені? Бұл әдепсіздігім бүкіл әулетімізге таңба болатын болды ғой, ой әттегене-ай. Ат-шапан айып сенен емес, менен, ақсақал! - деп үстіндегі зерлі шекпенін шешіп Текебайдың иығына жауыпты. Сөйтіп тұрып Жаңабай жағына қарап: - Уа, ағайын! Сайлауда Текебайға дауыс беріңдер! Мен қойдым дауысқа түскенді! - деп айғай салған. Әлбетте, ағайын арасы аз күн араз-құразсыз болғанмен, мансап, дәреже, атаққа таласу, айқай-шу, дырду тоқталмаған. Аз күн жарық дүниеде атақ үшін, билік үшін алысып, жұлысып ғұмырын өткізген қу заман екі жақты итжығыспен, алма-кезек арандатып қойған. Дүниеден Текебай би де, Қабылбек болыс та өтті. Ал олардың аттандаулы аламан-тасыр өміріндегі бір парасатты сәт әлгі сол екеуі де аттан түсіп бір-бірінен кешірім сұраған кез екен.

2-тапсырма. «Ромбтық жіктелім» әдісі


Мәтіндегі маңызды элементтерді жазып шығады.

Мәтіндегі жеткілікті түрде маңызды элементті жазады.

Ең бір маңызы аз элементті жазып шығады.

Дескриптор:

  • Мәтіндегі маңызды элементтерді жазып шығады;

  • Мәтіндегі жеткілікті түрде маңызды элементті жазады;

  • Ең бір маңызы аз элементті жазып шығады.

  • 3-тапсырма

«Еркін микрофон» Бүгінгі сабақ бойынша бір-біріне сұрақ қояды.

ҚБ. Шапалақ

Балалар шығарманың идеясы мен көтерген тақырыбын анықтайды.

Шығарма мазмұны бойынша бала Бауыржанға тән қасиеттерді топтастырады.



Үзіндіден ұлттық характерді анықтай отырып, өзіндік көзқарастарын ұлттық мүдде тұрғысынан дәлелдейді.



Мәтіндегі маңызды элементтерді жазып шығады.

Мәтіндегі жеткілікті түрде маңызды элементті жазады.

Ең бір маңызы аз элементті жазып шығады.



«Еркін микрофон» Бүгінгі сабақ бойынша бір-біріне сұрақ қояды.











Қалыптастырушы бағалау

«Нысана»







Қалыптастырушы бағалау

«Нысана»

ҚБ







https://bilimland.kz/kk#

lesson=8076

Сабақтың соңы

«ҚҚҚ кестесі»

Маған қызық болған 2 нәрсе

Маған қиын болған 2 нәрсе

Маған құнды болған 2 нәрсе








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2025
162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11