Cабақтың тақырыбы: Адамгершілік-асыл қасиет
Сыныбы: 8
Өткізілетін күні:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Адамгершілік ұғымын ашу.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды өз ойын ашық жеткізуге,топпен ұйымдасып жұмыс жасауға,әр түрлі жағдайларға өзіндік көзқарасын қалыптастырып,өз көзқарасын нақтылауға үйрету.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, презентация, видеоролик, плакаттар, суреттер, карточкалар, түрлі-түсті парақшалар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі-(1-2минут)
II.Шаттық шеңбері.Сыныпты мақал бойынша топқа бөлу.(5минут)
III.Оқушыларға тақырыпқа сәйкес сұрақ қою(5минут)
IV.Видеоролик көрсету.Талдау(7минут)
V.Тақтадағы көрнекіліктермен жұмыс жасау(18минут)
VI.Сабақты бекіту.Ассоциация құру(5минут)
VIIСабақты қорытындылау(1-2минут)
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып,сабаққа қатысымын түгелдеу.
II.Шаттық шеңбері. Сыныпты мақал бойынша топқа бөлу.
Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызамын.Тәрбие сағатының тақырыбы,мақсаты айтылады.Бүгінгі күнді бәріміз бір-бірімізге жылы лебіз,тілек тілеуден бастайық.(Оқушылар шеңбер бойынша жылы лебіз тілектерін айтады.) Осы тақырыпқа сай мақал-мәтелдер бойынша топқа бөлемін.Мақалдың құрамындағы сөздер жазылған парақшаларды үлестіремін.
III.Оқушыларға тақырыпқа сәйкес сұрақ қою
Тақырыпқа сәйкес ой қозғауға оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріледі.
1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
IV.Видеоролик көрсету.Талдау(7минут)
Оқушылар,енді мен сіздерге арнап адамгершілік жайлы видеоролик дайындадым.Барлықтарың тақтаға назар аударыңдар.Интерактивті тақтадан 5минуттық видеоролик көрсетіледі.
Оқушылардың ойын әрмен қарай өзім толықтырамын.
Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң,дейді Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.Ақылды,мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам-ардақты адам.Арымыз таза болса,тарихымыз да таза.Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық,ол өмірде қымбат асыл қасиет,асыл мінез,ашық,шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы.Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады.Олар-жалқаулық,өзімшілдік,күншілдік,сараңдық,қорқақтық,
менмендік,қатыгездік ашу,ызақорлық.
Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз»деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады?
Ол қандай қасиеттер?
Неден жирену керек? (Өсек,өтірік мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ)
Неге үйрену керек? (Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым)
V.Тақтадағы көрнекіліктермен жұмыс жасау Жарқын күн көлбейленіп тұр,күнді біз күнді мейірбан,жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек,біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік,ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
Бірінші бұлт.Топ көшбасшысы тұрып адамгершілік ұғымына толық анықтама береді.Содан кейін бірінші бұлт алынады.
Екінші бұлт.Рухани адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік.Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?
(Отанға деген,ата-анаға деген сүйіспеншілік,досқа деген,туған жерге деген сүйіспеншілік.)
Үшінші бұлт.Әр топқа бір жағдаяттық сұрақ беріледі. Жағдаяттық сұрақтар.
1.Сен автобуста бір жерден өте шаршап келе жатырсың.Автобусқа орта жастағы бір әйел мінді.Сенің әрекетің?
2.Сынып ішіндегі бір баламен,қызбен сенің досың араласқысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді.Ал сен не істер едің?
3.Сен әлеуметтік желіден өзіңе жақын жерден жаныңа жақын сырлас дос тауып алдың.Бірақ біраз уақыт өткеннен кейін оның бойында бір кемістігі бар,мүгедек екенін білесің.Сенің әрекетің?Қарым-қатынасыңды сол баяғы қалпында сақтайсың ба?
4.Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай шешімге келер едің?
5.Мектепте бір сабақтан бақылау немесе тест жұмысы алынды.Сенің ең жақын досың айна-қатесіз сенен көшіріп алды.Бірақ мұғалім сен досыңнан көшірді деп ойлап,саған өте төмен,ал досыңа өте жақсы баға қойды.Сенің әрекетің?Мұғалімнен әділ баға қоюын талап етіп,досыңның көшіргенін айтар ма едің?
Төртінші бұлт.Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесің?
Тамақ ішіп болған соң «рахмет»айт.
Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса»дегенді ұмытпа.
Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз»деу керек.
Қасыңдағы әңгімелесуші сойлеп отырған кезде оның сөзін бөлмей,соңына дейін тыңдау керек.
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек». (Абай)
Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,сонан қашпақ керек»деп үйретеді. «Әуелі надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық.Надандық-білім,ғылымның жоқтығы,дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны,талапсыздық,ұятсыздық-бәрі осыдан келіп шығады.Залымдық-адам баласының дұшпаны.
Барлық бұлтты ашып болғаннан кейін күн көрінеді.
Балалар жаны нұрлы,жаймашуақ,адамгершілігі мол адамның ішкі жан дүниесі де бай болады.Енді біз бір минут әсем әуенмен жанымызды тынышталдырып,тек жақсы,жағымды,позитивті ойларды ойлап бәріміз бірдей үнсіз әуенді тыңдап отыра тұрайық.
Бұлттардан кейін ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық.
Бәріміз бақытты болғымыз келеді,солай ма?
Олай болса бәріміз бірге бақытты болу үшін жасалатын амалдардың тізімін жасайық.
1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер.
3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,жұбатқаныңды күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.
4-түсі.Екі нәрсені ұмыт:саған біреудің жасаған жамандығын және сенің біреуге жасаған жақсылығыңды. Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі»
5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.
7-түсі.Күлімсіреп жүр.Әрдайым күлімсіреп жүр.Сенің күлкің біреуге шаттық сыйлайды.
VI.Сабақты бекіту.Ассоциация құру.
VIIСабақты қорытындылау Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық,артынан жадырап кемпірқосақ керілді,міне осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірдік.Енді әр топтан кезекпен бір-бір адам тақтаға шығып,адамгершілік деген сөзге ассоциация құрамыз.Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая болсын,бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын,үнемі қайырымды,мейірімді,адал,ақкөңіл,еңбекқор,әділ,
ақылды,парасатты болыңыздар!
Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды,сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Болашақ білімді жастар қолында

шағым қалдыра аласыз