400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы»

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық ЖОО, мектеп, балабақша ұстаздары мен білімгерлері мен оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы»

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тұғырнамасы Тәуелсіз еліміздің әлем кеңістігіндегі рухани сананың кемелденуі деп бағалауымыз қажет. Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы еліміздің болашағының жарқын бейнесі мен сәтті қадамдарының үлгісін көрсететін салиқалы ой-пікір мен шешімдерінен құрылған маңызды құжат.

Мақала халықтың санасын жаңартып, ұлттық болмыс, ұлттық код түсінігінің мәні мен мағынасын түсіндіріп, оны әлемдік сапамен, құндылықтармен үйлестіруде. Мақалада саяси реформа мен экономикалық жаңғыру секілді екі үдеріс ерекше маңызға ие болып отыр.

Елбасы жаңғыруда салты-дәстүрдегі ерекшеліктер мен оның адам санасына, қоғамға әсерін, оны даму мен жетістікке жетуге, адамның рухани-адамгершілігінің дамуына кері әсер етпеуін алдыға қояды. Жершілік, рушылдық, біртұтас ел бола отырып, өңірге бөліну еліміздің дамуына кереғар екендігін атап көрсетеді. Салт-дәстүрді бүгінгі күннің қоғамының санасы мен өмір ағымына қарай дұрыс пайдалануды айтады.

Елбасы жаңғыруда 6 бағытты көрсетеді:

  1. Бәсекеге қабілеттілік

  2. Прагматизм

  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау.

  4. Білімнің салтанат құруы.

  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.

  6. Сананың ашықтығы.

Бәсекеге қабілеттілік Қазақстан тек жер қойнауының байлықтарымен ғана емес, адамдардың сана-сезімінің, өнертапқыштығымен баюы керектігін көрсеткен. Елдің азаматтары өзге елде сұранысқа ие жоғары санатты мамандар болуы қажет деп көрсеткен. Қазір ақпараттар ағымы лек-легімен секунд сайын өзгеріп жатыр. Заманауи адам ақпаратты тез қабылдап, мамандығын жылдам өзгерте алатын әмбебап адам болуы қажет. Алдағы онжылдықта қазіргі заманның мамандықтарының 50 пайызы қажет болмай қалады деген болжам бар. Сондықтан кез-келген адам заман ағымындағы цифрлық технологиялар мен, тілдерді меңгеруді негізге алған жөн.

2025 жылы толықтай қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жоспарланып отыр. «Туған жер» бағдарламасы оқушы бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру, өз өңірінің байлығы мен азаматтарының жетістігімен мақтана алатындай азамат тәрбиелеу мақсатында жүзеге асырылу көзделіп отыр. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды сақтауға, туристік инфрақұрылымды құруға бағытталған. «Жаһандағы замануи Қазақстандық мәдениет» жобасы еліміздегі таланты жастарды әлемге таныту негізінде құралған. «Қазақстандағы 100 есім» жобасы ел іргетасын салғаннан оның қалыптасуы мен құрылуына еңбек сіңірген тұлғалардың есімін ел назарына ұсыну. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы дүниежүзіндегі ең танымал және маңызды 100 оқулықты қазақ тіліне аудару. Оны ЖОО білімгерлерінің еркін пайдалануына мүмкіндік беру.

Жаңғыруда еліміздегі барлық мәселелер көтеріліп, оны шешудің оңтайлы тәсілі нақты көрсетілген. Әр бағытты дұрыс пайдаланып, оны жүзеге асыра білсек, еліміздің ертеңі жарқын, болашағы айқын, тыныш-бейбіт «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда өмір сүретіндігімізге сенемін.



/

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
261
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі