Брасс әдісімен жүзу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Брасс әдісімен жүзу

Материал туралы қысқаша түсінік
Брасс әдісімен жүзу туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Тақырыбы: Брасс əдісімен жүзу
Мақсаты: Брасс əдісін үйрету. Техникасы.
Тобы:
Күні:
Жаңа сабақ:
Бұл əдіс көпке тараған, бұрыннан белгілі жүзу əдісінің бірі, бұған ұқсастауы -
ерте заманнан келе жатқан жүзу əдістері бақаша, матросша, итше т.б.
Шапшандығы жағынан брасс ең соңғы орында болғанымен ол жүзудің əсем
түрлерінің бірі. Басқа əдістерден артықшылығы: брасс əдісімен бірқалыпты
дыбыссыз, əрі ұзақ қашыққа шаршамай, қолдағы этаптарды суға тигізбей
ұстап, тек аяқпен ғана жүзуге болады.
Жарыстарда брасс əдісімен қыздар жəне ер балалар 100 жəне 200 метрлік
қашықтыққа жүзеді. Одан басқа міндетті түрде аралас эстафетаның екінші
кезеңінде жəне кешенді жүзудің үшінші бөлімінде брасс əдісімен жүзу
орындалады.
Бұл əдіспен жүзу қимылы төмендегідей болады: жүзулі суда колмен аяғын
созып етпетінен жатады, басы суға батып тұрады.
Жылжуды қол қимылы мен саусақтарын сыртқа бұрып бастайды. Есуді түзу
қолмен жанына қарай, сəл төменірек артқа қарай иық деңгейіне дейін апарып
бастайды да, басын судан көтеріп дем алады.
Содан соң қол дөңгелек қимылмен шынтақ буынынан бүгіліп, төмен қарай
түседі де, саусақтарыңыз доға жасап, ортаға қарай келеді, иек астына келіп
қосылады, қол алға қарай созылады. Қолды аяқтан бұрын созғанда тізе мен
жамбас буындары бүгіліп, ішке қарай тартылады. Ол жазылып, кейін
серпілген кезде денені алға қарай сырғытады. Аяқтарды жазу серпінді əрі тез
болуға тиіс. Су ішінде ілгері жылжыған кезде бұлшық ет босаңсып, аяқ
созылып, түзу қалпын сақтайды. Аяқ өз қимылын аяқтаған кезде дем ішке
тартылып, қол деңгейіне келген кезде есу фазасы аяқталып, дайындық кезеңі
өріс алады. Бас суға батып, дем сыртқа шығарылады.
Бұл əдіспен жүзу тəсілі əртүрлі жəне өте көп, біздер ең оңай жəне барлығына
тиімді əдістерге ғана тоқталамыз.


Page 2

Брасс əдісін үйрету. Брасс əдісінде ең күрделі жұмыс атқаратын аяқ
қимылы, соны үйренуге көп көңіл бөлу керек. Аяқ қимылын үйренуді құрғақта
бастау қажет, ең дұрысы есептей білу. Отырған кезде қолды арт жағына
тіреп, аяқты созып, бір деген кезде аяқты тізе жəне жамбас буындарын иық
деңгейінде алшақ ұстап, бүгеді /63-сурет/ Екі дегенде аяқты тобықтан бұрып,
саусақтарды өзіне қарай иеді.
Үш дегенде тобық буынынан дөңгелек қимыл жасап, аяқты созады, өкшемен,
сонан кейін табанмен тірейді.
"Төрт” дегенде аяқты созып, үзіліс жасайды.
Бұл жаттығуды құрғақта жақсы үйренгенше қайталай береді. Содан соң аяқ
қимылын орындауды суда жасайды, артқа қозғалмайтын тіреу қойып,
шалқасынан жатып орындайды .
Қозғалмайтын тіреуге арқасын тіреп, қолды басынан асырып, саусақтармен
тіреуден ұстап орындайды. Бұл жаттығуларды суда орындау құрғақтағы
сияқты төртке дейінгі есеппен орындалады. Мұны орындағанда тізе судан
көрінбеу керек. Шалқасынан жатып үйренген соң, осы жаттығуды етпетінен
жатып орындайды


Page 3

Бұл жаттығуды орындағанда дененің созылып жатқан жағдайда болуын
қатты қадағалаңыз. Аяқ қимылының кезеңді қозғалысын үйрену үшін, оны
арқасымен жəне етпеттеп жатып жылжу арқылы орындайды. Аяқ қимылымен
тыныс алу үйлесімін одан ары дамыту үшін қолды созып, қалтқыдан немесе
су бетінде қалқитын заттардан ұстап орындау керек, содан кейін су бетінде
қалқитын заттарсыз орындау керек. Қолды бастан асыра созып, аяқты
итергеннен кейін дем алады.
Бір аяқпен жузу тəсілін үйренген соң қолмен жүзу тəсіліне көшуге болады.
Тағы да үйренуді құрғақта бастау керек, тіке тұрып алға қарай еңкейеді,
қолды созып, алақанды төмен қаратады, бір дегенде қолды иық деңгейіне
дейін бұрады.
Екі дегенде қолмен дөңгелек қозғалыс жасайды, қолды шынтақтан бүгіп,
көкірекке дейін əкеліп, үш дегенде алға қарай созып, төрт дегенге үзіліс
жасайды.
Үзілістен кейін бұл қимылдар қайталанады, алдыңғы тыныс алуға
байланыссыз, содан кейін тыныс алумен үйлестіріп қайталанады, бір деп
қолды жазған мезетте ауызбен дем алады, "екі", "үш", "төрт" дегенде толық
ұзағырақ дем шығарады. Бұл жаттығуларды құрғақта орындап үйренген соң
су ішінде орындау керек: ең алдымен бір орында тік тұрып, содан соң сумен
жүріп, тыныс алуға байланыссыз, содан кейін тынысқа байланысты, одан ары
суда жылжып орындайды.
Брасс əдісін аяқ жəне қол қимылының тəсілін ойдағыдай үйреніп аяқтаған
соң, келісімді қимылға көшуге болады. Ол үшін су түбінен аяқпен итеріп,
бетінді судан көтермей, бір қолмен содан соң бір аяқпен жылжиды.
Осы əдістерді толық меңгергенге дейін бірыңғай қимылдар қайталана береді,
бұл қол мен аяқтың жəне тьныс алу үйлесімінің бірдей орындалуына жол
береді.


Page 4

Осы жағдайда қол жəне аяқ, сонымен қатар тыныс алу үйлесімімен болатын
қимылдардың ең дұрыс байланысын табу керек, тек сонда ғана алға қарай
тез жүзетін қимылдардың мүмкіндігі туады. Бұл қимылдар өзінен өзі тез бола
қоймайды: көп еңбек ету, жаттығу керек, сонда ғана етпеттеп брасс əдісімен
өте сəнді, шебер жəне дұрыс жүзе алады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
10.06.2020
1300
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі