"Бреин ринг"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бреин ринг"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы «Бреин ринг»

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бреин ринг сайысымызға қош келіпсіздер!

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі-оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез- келген мемлекет болып өмір сүре алмайды.

Дүиедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез-келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Қазақмстан Республикасында қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен, ана тілімізді дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту қорғау дегеніміз- біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.


Туған тілде сыры терең жаным баар

Туған тілде әнім менеен сәнім бар

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

Ендігі кезекте тіл мерекесіне арналған сайысымызға кезекті берсек:

Сайысқа қатысушы топтарымызбен таныс болыңыздар.

  1. 8 «В» сынып оқушылары «Жас тілшілер» тобы

  2. 8 «Б» сынып оқушылары «Жас ғалымдар» тобы



Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

  1. «Бәрін білгім келеді?»

  2. «Жалғасын тап»

  3. « Сен білесің бе?»

  4. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Кім жеңеді, жеңіске үміт алда,

Қобалжу бар, жүректе күдік бар да

Әділқазы алқасы атыңды ата

Жүректерге арман мен бақыт жолдай,-дей отырып қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: К.Асылбекова

  2. Ата-ана: Т. Тұрғанбаева



Топ мүшелеріне сәттілік тілеп, сайысымызды бастайық.



1-кезең: «Бәрін білгім келеді?»

Бұл кезеңде әр пән бойынша сұрақтар беріледі. Берілген сұраққа бірінші болып қол көтерген топ мүшесі дұрыс және нақты жауап беруі тиіс.

«Жас тілшілер» тобына:

  1. Сөз табыың неше түрі бар?

  2. Абайдың неше қара сөзі бар?

  3. Ішің ауырса тыйым салынатын асқорыту мүшесі?

  4. ҚР Тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды?

  5. Дүниенің неше бұрышы бар?

  6. 1 жұмыртқа неше минтта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?

  7. ҚР рәміздерін ата?

  8. Сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?

  9. Бидай мен қаңбақ мысалының авторы кім?

  10. «Қызыл» сөзі қай сөз табына жатады?

«Жас ғалымдар» тобына:

  1. Сөз анасы.... (құлақ)

  2. Ал екінші бақытым (тілім менің)

  3. Төрт ана (туған тіл, туған жер, туған дәстүр, туған тарих)

  4. Лексика нені зерттейді?

  5. Құрғақ сөзінің антонимі

  6. Төл тілің (күре тамырың)

  7. Үш бәйтерек

  8. ҚР мемлекеттік тілі- қазақ тілі деп Конституцияда нешінші бабында көрсетілген? (7 бабындда)

  9. Мұсылман дінінің қасиетті кітабы ( құран)

  10. Тіл туралы заң қашан қабылданды? ( 1997ж 11 шілде)



2-кезең «Жалғасын тап»

Мақал-мәтел сайысы

  1. Оқу білім бұлағы... (білім өмір шырағы)

  2. Тіл тас жарады...( тас жармаса бас жарады)

  3. Ел даусыз болмас...( ер жаусыз болмас)

  4. Ана тіліңді ұмытқаның... (өз ұлтыңды ұмытқаның)

  5. Тіліңмен жүгірме..(біліммен жүгір)

  6. Тіл жұтамас... (байлық)

  7. Ақыл азбайды.... (білім тозбайды)

  8. Сөйлей-сөйлей шешен боласың...(көре-көре көсем боласың)

  9. Өнер алды...(қызыл тіл)

  10. Атадан ұл туса игі... ( Ата жолын қуса игі)

3-кезең: «Сен білесің бе?»

Бұл кезеңде парақшалар таратылады.

1.Тіл туралы заң

2.Тілдің дамуы туралы қаншалықты білетіндері сыналады.

«Жас тілшілер» тобына:

«Тілдер туралы заңда 6 тарау бар

1-тарау

Жалпы ережелер

(1-7 баптар)










2-тарау

Тіл- мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында

(8-15 тарау)

3-тарау


Тіл –білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат

құралдары

саласында

(16-18 баптар)

4-тарау

Тіл –елді мекен атаулларында, жалқы есімдерде, көрнекі ақпаратта

(19-22 баптар)

5-тарау

Тілді құқықтық қорғау

(23-26 баптар)

6-тарау

Тілді шет елдермен және халықаралық ұйымдар мен қатынастарда пайдалану

(27-баптар)



«Жас ғалымдар» тобына:


Тілдің дамуы

1989ж. 22-қыркүйек

1989ж. 22-қазан


1990ж. 22-наурыз

1993ж. 28-қаңтар


2001ж 7-ақпан


2007 жылы


2008ж. қыркүйек




«Қазақ ССР-інің Тіл туралы» заңы қабылданды.


Алматы қаласында өткізілген алғашқы құрылтайда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды.

Республикалық «Ана тілі» газет жжарыққа шықты.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі ҚР мемлекеттік тілі болып бекітілді.

ҚР Президенті «Тілдерді қолдау мен дамытудың 2001-2010 жылға арналған бағдарламасы №550 жарлыққа қол қойды.

Мемлекеттік тіл жылы болып жарияланды.


Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылды



Көп тіл білу-заман талабы. Елбасы өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі –Жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Қазақстан бүкіл әдемде халқы үш тілді пайдаланатын мәденитті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық тіл, ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» Иә, «үштілділік» саясатын қайта қарау қажет деген пікірлер жиі қылаң беріп жүргені жасырын емес. Десек те Елбасының «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»,- деп ескерткенін айта кетсек артық болмас.

4-кезең: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Бұл кезеңде мақал мен жұмбақтар беріледі. Жауабын үш тілде айту керек.

(қазақ, орыс, ағылшын тілінде)

  1. Тілі бар, үні жоқ,

Өзіне адам түсінген,

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған үні жоқ. (кітап, книга)

  1. Қөз қорқақ, не батыр (қол, рука)

  2. Адамды адам еткен не? (еңбек, труд)

  3. Аяғы біреу, қолы жоқ

Шиыр-шиыр жолы көп

Өзі сөйлей білмейді

Салған ізі сөйлейді (қалам, ручка, реn)

  1. Жемге ауыз салғаны-ұтылғаны

Айналып өтсе-құтылғаны (балық, рыба)

  1. Тұмсығымен қозғалар

Соңында аппақ із қалар (бор, мел)

  1. Екі бала үстінде

Орын бермес ешкімге

Бара жатыр ерні жатыр қояндай (түйе, верблюд)

  1. Толып келіп, бос кетеді. (қасық, ложка)

Қорытынды:

Ана тіліміз қазір де үлкен өріске жол тартты. Дегенмен «Ана тілі-қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес, көкірегімізге жазатын уақыт жетті. Олай болса, біздің мақсатымыз- Ана тілімізді қадірлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.

Қымбатты шәкірттер! Өзінің байлығы , сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тілің бар екенін ұмытпа!

(Марапаттау кезеңі)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2018
364
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі