«Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі кейіпкерлердің эмоциясының жасалу жолдары эмоциясының берілу ерекшеліктері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі кейіпкерлердің эмоциясының жасалу жолдары эмоциясының берілу ерекшеліктері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмысының мақсаты – көпшілік оқырман қауым әсіресе оқушылар мен балалар қызығушылығын тудырған Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі кейіпкерлерінің эмоцияларының берілу ерекшеліктерін айқындау, талдау, автордың кейіпкер көңіл-күйін түрлі тілдік амлдар арқылы беру шеберлігін айқындауға арналған. Ғылыми жұмыс кіріспе, зерттеу бөлімі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша фото есептен тұрады. Шығарма мәтіні мен фильмді қатар алып салыстырып, эмоцияның берілуін салыстыра отырып эксперимент жүргізе отырып талданған. Зерттеудің жаңашылдығы повестегі кейіпкер эмоциясының одағай сөздер, фразеологизмдер, бейвербалды амалдар арқылы деп топтастырылуы. Сондай-ақ, бір ғана «күлу» эмоцияның түрліше құбылтылып «ду күлу, езу тарту, селк-селк күлу, қарқылдап күлу» берілуін шығарма мәтінінен мысал келтіре отырып талдауы, кейіпкер эмоциясын бақылай алмауындағы аффектілік жағдай, басты кейіпкер – Қожаның эмоциялық жай-күйін анықтауы. Жұмыстың қорытындысында талдау н
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жоба тақырыбы: «Б.Соқпақбаевтың «Менің атым

Қожа» повесіндегі кейіпкерлер

эмоциясының берілу ерекшеліктері»

Бағыты: тіл білімі


Секциясы, пәні: қазақ тілі


Оқушының аты-жөні:


Жетекшісі:


Ғылыми кеңесші:















Аннотация

Зерттеу жұмысының мақсаты – көпшілік оқырман қауым әсіресе оқушылар мен балалар қызығушылығын тудырған Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі кейіпкерлерінің эмоцияларының берілу ерекшеліктерін айқындау, талдау, автордың кейіпкер көңіл-күйін түрлі тілдік амлдар арқылы беру шеберлігін айқындауға арналған. Ғылыми жұмыс кіріспе, зерттеу бөлімі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша фото есептен тұрады. Шығарма мәтіні мен фильмді қатар алып салыстырып, эмоцияның берілуін салыстыра отырып эксперимент жүргізе отырып талданған. Зерттеудің жаңашылдығы повестегі кейіпкер эмоциясының одағай сөздер, фразеологизмдер, бейвербалды амалдар арқылы деп топтастырылуы. Сондай-ақ, бір ғана «күлу» эмоцияның түрліше құбылтылып «ду күлу, езу тарту, селк-селк күлу, қарқылдап күлу» берілуін шығарма мәтінінен мысал келтіре отырып талдауы, кейіпкер эмоциясын бақылай алмауындағы аффектілік жағдай, басты кейіпкер – Қожаның эмоциялық жай-күйін анықтауы. Жұмыстың қорытындысында талдау нәтижесі ретімен берілген. Повестің желісі бойынша түсірілген фильм жайлы ғаламтор желісінде көптеген қызықты мәліметтер кездеседі, алайда бұл тақырыпта ғылыми түрде зерттелген ғылыми еңбектер жоқ, сондықтан тың, өзекті тақырыпттардың бірі.

Аnnotatіon


The purpose of the research work is to identify and analyze the features of the transfer of emotions of the heroes of B. Sokpakbayev's story "My name is Kozha", which aroused great interest among a wide range of readers, especially schoolchildren and children, to reveal the author's ability to convey the mood of the hero through various language techniques.The scientific work consists of an introduction, a research part, a conclusion and a list of references, an appendix. The student analyzed the text of the work and the film, conducting an experiment

2

comparing the transmission of emotions.The novelty of the research lies in the fact

that the student groups the emotions of the hero in the story through words,

phraseological units, non-verbal techniques. In addition, the analysis of the same "laughter" transmission of emotions with different variations of "smile, giggle, laugh, grin" on the example of the text of the work, an affective situation when the hero cannot control his emotions, the definition of the emotional state of the protagonist – Koji. The results of the analysis are presented in the conclusion of the work.

































3

КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1957 жылы жазылып, қазақ балалар әдебиетіндегі үздік туындылар қатарындағы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі оқырман қауымын 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген кино картинасымен қуантты. Шығарманың өзі орыс, өзбек, украин, латыш, француз тілдеріне аударылған. Кез келген оқырман-көрерменін бала кейіпкер Қожаның әрекеті, мінез-құлқы, болмысы, өзіндік сөйлеу стилі, образы арқылы баурай алуының өзі повестің ерекше туынды екендігінің дәлелі деп білеміз. Ата-апаларымыздан бастап, ата-аналарымыз, өзіміз, іні-қарындастарымыз шығарманы сүйсіне оқып, филімді қызыға тамашалайды.

Фильм және шығармамен қатар таныс болғандықтан сюжет желісін салыстырып, әр кейіпкердің мінез-құлқын, олардың повест барысындағы қимыл-әрекеттері, өзін-өзі ұстауы, оқушы-кейіпкерлер мен ұстаз-кейіпкерлердің эмоцияларының берілу жолдарын, автордың кейіпкер характерін берудегі эмоцины білдіретін, бейнелейтін тілдік бірліктерді шебер қолдану ерекшелігін айқындауды мақсат ете отырып жазылған бұл зерттеу жұмысының тақырыбы өзекті деп танимыз.

Тақырыптың өзектілігінің екінші дәлелі, повест туралы мәліметтер, деректерді, материалдарды іздестіру, зерттеу, жинақтау барысында «Менің атым Қожаның» повесінің тілдік ерекшелігін талдауға қатысты зерттеулерді кездестірмедік, керісінше фильдегі қызықты оқиғалар, фильм туралы 20 дерек, фильмнің түсірілу тарихынан бірер дерек, кинодағы авторлар мен кейіпкерлер тағдыры, фильмде кеткен қателіктер т.б. осы сияқты тақырыптардағы мақалалар мен зерттеулерді кездестірдік. Яғни, «Менің атым Қожа» повестіндегі кейіпкерлер эмоциясының берілу ерекшелігін талдауға арналған бұл ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы өзекті әрі тың тақырыптар қатарында деп білеміз.


4

Зерттеу жұмысының мақсаты Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі кейіпкерлердің эмоцияларының берілу ерекшеліктерін, түрлерін және кейіпкер эмоциясын берудегі тілдік амалдардың (одағай сөздер, фразеологизмдер, бейвербалды амалдар) қызметін лингвистикалық тұрғыдан талдау.

Зерттеу жұмысының міндеттері.

  • Эмоция ұғымының тіл білімінде, психологияда қалай түсіндірілетінін талдау.

  • Повестегі кейіпкерлер эмоциясын бейнелейтін тілдік бірліктері бар мысалдарды жинақтау.

  • Эмоцияның қандай түрлері бар екенін айқындау.

  • Басты кейіпкер Қожаның шығармадығы әрекеттеріне қарай эмоциясы, мінез-құлқы қалай ерекшеленетінін талдау.

  • Автордың кейіпкер эмоциясын берудегі шеберлігін, эмоция қандай тілдік бірліктер арқылы берілгендігін анықтау, топтастыру, тұжырымдау.

  • Повестегі эмоция түрлерін классификациялау.

Зерттеу жұмысында алға қойылған міндеттерді шешуде: зерттеу, жинақтау (повестегі эмоцияны білдіретін сөздер, фразеологизмдер, одағайлар т.б. қатысты мысалдарды теруде), талдау (шығармадағы мысалдарды талдауда), топтастыру (эмоция түрлеріне қатысты), салыстыру (фильм және повестегі кейіпкерлерді салыстыруда) жүйелеу, баяндау әдістері қолданылды.













5

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ


1.Эмоция ұғымы және оның психология, тіл біліміндегі ерекшелігі

«Эмоция – адамның жан-дүниесінің аса қуатты көріністерінің бірі. Тіл қатынас құралы қызметін атқарып, ойды жарыққа шығарып қана қоймайды, сонымен бірге адамның әрқилы көңіл толқындары мен жан тебіреністерін білдіруші, бағалаушы, бейнелеуші қызметтерін де атқарады. Адамның жан дүниесіндегі жақсы көру мен жек көру, ашулану мен рақат сезімге бөлену,

қуану мен қайғыру, таңдану мен абыржу сияқты құбылыстар тіл арқылы сыртқа шығады» [1].

«Сөздер зат, құбылысты, олардың белгі қасиетін, болмаса іс-әрекетін ғана атап білдіріп қоймайды, сонымен қатар адамның сезіміне әсер ететіндей стильдік мәнге ие болады. Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивті-эмоционалды лексика деп аталады. Сөздің экспрессивті сипаты оның бейнелі, мәнерлі айтылуына, эмоционалдылығы оған қоса адамның бір затқа, құбылысқа өзіндік көзқарасын, көңіл-күйін, сезімін білдіруінен көрінеді. Эмоция бар жерде экспрессивтілік болады. Ол эмоционалдық бояуы бар сөздер арқылы білдіріледі. Әсіресе сүйіспеншілік, масаттанушылық, есіркеушілік, еркелік, таңырқаушылық, жағымпаздық, қошаметшілік, өшпенділік, үрейлену, сес көрсету сияқты адамның жағымды-жағымсыз қасиеттерін білдіруде жиі кездеседі. Экспрессивті-эмоционалды сөздер барлық стильде бірдей қолданыла бермейді, олар негізінен сөйлеу тілі мен көркем шығармаға тән» [2].

Эмоционалды лексика (эмоцияны білдіретін сөздер) әр түрлі жолмен пайда болады:






6

Кейбір сөздер ешбір қосымшасыз тұрып эмоционалды бояуға ие болып тұрады:

Кейбір сөздер мәтін

ішінде эмоционалды

бояуға ие болады:

Морфологиялық жолмен пайда болған эмоционалды сөздер еркелету, менсінбеу, елемеу, кішірейту қосымшалары арқылы жасалады




Масқара, әттең, тамаша, шіркін, ғажап,айналайын, үрпию, қылқию т.б.

Қарағым, неткен сұлу ең - деп таңырқап, таңданды

(Абай)

Құлыншақ, ботақан, балақай, інішек, ағатай,алпамсадай.


Эмоция ұғымы тіл білімі мен философия, психология, физиология, әлеуметтану, педагогикада айтылады. Психолог ғалымдар адамдардың мінез-құлқына сай олардың эмоцияларының да сан түрлі болатындығын айтады. Яғни, әр адамның эмоциясын түрлі себептерге байланысты өзгеріп тұрады.

«Қазақ топырағында адамның психологиялық ерекшеліктері (адам эмоциясы), олардың адам өмірінде алатын орны жайында А.Құнанбаев (Қара сөздері, өлеңдері), Ш.Құдайбердиев («Үш анық», «Мұсылмандық шарты»), М.Жұмабаев («Педагогика»), Ж.Аймауытов («Псиқолоғия») т.б. сынды ақын-жазушылардың еңбектерінен көре аламыз. Мәселен, Абайдың шығармаларындағы басты тақырыптарының бірі адам, адамның моральдік бейнесі, сыртқы портреті, іс-әрекеті, психикасы т.б. болып табылады. Ақынның адамның психологиялық ішкі жан дүниесін суреттегенде, тілімізде соны тіркестерді туғызғанын білеміз. Атап айтқанда, жүрегі лүпілдеу, суыну, ысыну, елең қағу, қызару, сұрлану, буыны босау, көздері төмендеу, жүрегі елжіреу, жүрегі балқу, сағыну т.б. Абайға дейін адамның психикалық жай-күйін тілдік емес амал-тәсілдер арқылы жеткізу, соның ішінде, түр-түске, дене температурасына байланысты қызару, сұрлану, суыну, ысыну сияқты сөздердің қолданылуы орын алған жоқ. Бұл ұлы ақынның тіліміздің сөздік қорын байытудағы жаңашылдығы.Мысалы: Қызарып, сұрланып, Лүпілдеп жүрегі. Өзгеден ұрланып, Өзді-өзі керегі. Дем алыс ысынып, Саусағы

7

суынып. Белгісіз қысылып, Пішіні құбылып (Абай)» [3].

Эмоция ұңымының мәні Ғ.Иманалиеваның еңбегінде былай түсіндірілген: «Эмоция термині толғандырамын, күйзелтемін деген мағынаны білдіретін латын тіліндегі emoveo деген лексикалық бірліктен қалыптасқан. Адамның жан-дүниесінде болатын қуаныш,қайғы,ашу,ыза,кек, қорқыныш, үрей т.б.да күрделі психикалық құбылыстардың(толғаныстардың, күйзелістердің) жиынтығы бір сөзбен эмоция деп аталады. Адам эмоциясынан оның өзіне, туыстарына, достары мен қастарына тіпті өз Отанына, қоғамға деген барлық көзқарастары айқын аңғарылады. Эмоция

арқылы адамның көңіл-күйі ғана емес, мақсат-мүддесі, интеллектісі де көрінеді. Адамдардың эмоциялық дәрежесін туа біткен ерекшеліктер ғана анықтамайды, ол әлеуметтік жағдайларға да байланысты болады. Мәселен, адамның өскен ортасы, белгілі бір тарихи кезең, белгілі бір халыққа тән әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер т.б.» [1]. Яғни, осы эмоция түрлері кез-келген көркем шығармада түрлі тілдік амал-тәсілдер арқылы автордың жазу шеберлігіне қарай түрленіп, оқиға барысына қарай орынды таңдалып, кейіпкер характеріне қарай икемделіп беріледі.


2. Басты кейіпкер эмоциясын берудегі автордың шеберлігі және эмоцияның түрлері

Тілді зерттеуші ғалымдар эмоцияны бірнеше түрге бөліп қарастырады. Эмоцияның жағымды және жағымсыз түрлерін; әсері күшті эмоцияны білдіретін сөздер; бағалауыштық мәндегі эмоция сияқты тіркестерді зерттеу еңбектерінен кездестіреміз.Шығармадағы кейпкерлердің эмоциялары, көңіл-күйлері әсерінен жасалатын дене қозғалыстары, сөйлейтін сөздері, жасайтын әрекеттері, әсерлері тілдік бірліктер арқылы көрініс табары анық. Мәселен, ызаланған кейіпкер төбелеске жол бастауы, ренжіген кейіпкер көз жасына ерік беріп жылауы, қуанған кейіпкер алақайлап қол шапалақтауы, мұңайған кейіпкер салы суға кетуі мүмкін. Дәл осы әрекеттер автордың сөзді, сөз

8

тіркестерін, бейнелеуіш, көріктеуіш құралдарды таңдап, талғап ұтымды қолдана алуы арқылы шығармаларда көрініс табады. Эмоцияның өзін жағымды, жағымсыз, айнымалы деп те бөліп қарастыру бар.

Shape1

Жағымды эмоция: абырой, адалдық, бақыт, бостандық, гармония, елес, әділет, жақсылық, жанашырлық, жеңілдік, жетістік, кішіпейілділік, қабылдау, қайырымдылық, қуаныш, құрмет, қызығушылық, мақтаныш, мотивация, ризашылық, сенім, сүйемелдеу, таңдану, төзімділік, үміт.



Shape2


Shape3


Дәл осы жағымды да, жағымсыз эмоция түрлері «Менің атым Қожа» повесінде қолданылады. Повесте балалардың бір-бірімен араласуынан, ойнауы, сөйлесуі, араласуы арқылы да олардың көңіл-күйлері көрініс табады. Мысалы, мына бір мысалға назар аударсақ:

«Өзіміздің класқа кірдім. Кірдім де, сілейіп тұрып қалдым. Көргенімнен

де менің мұны көрмегенім артық еді ғой. Класта Жанар мен Жантас екеуі ғана. Басқа ешкім жоқ. Отырғанда, жайдан жай отырған жоқ. Бір партада – Жанардың партасында біріне бірі тақала түсіп, әлдеқандай бір суретті жарнал оқып отыр. Беріліп оқып отырғандарды соншалық, бастары түйісіп кеткен. Маған бір-бір көз тастады да, екеуі өздерімен

9

өздері бола берді. Оқып отырған Жантас еді.

-Не оқып отырсыңдар? – деп мен қастарына келдім. Назар аудармайды. Көзімді салып байқасам, олардың мұнша қадалып оқып отырғандары чех саяхатшылары Зигмунд пен Ганзелктің Африка туралы жазған очеркі екен.Барын салып, мәнерлеп, құбылтып оқиды Жантас қу. Жанар оны ұйып тыңдап отыр.

Не істерімді білмей, сілейіп тұрдым да қалдым.Ішімде әлдеқандай бір отты құйын көтерілгендей болды. Мен Жанармен бір де бір бұлай отырып

көрген жоқпын. Неткен ақымақтық десеңші. Сабақ болмай қалғанда, өстіп қызық бір журнал тауып әкеліп, Жанарға оқып беру бұған дейін ойыма неге келмеді екен?! Жантастың қуын....

  • Жүр, волейбол ойнаймыз, - деп Жантастың иығынан жұлқыдым. Сол кезде Жанар шытына қарап:

  • Қожа, бөгет жасамашы, - дегені бар емес пе.

Мәссаған, керек болса! Мен оның аузынан осындай сөз естимін деп ойлап па едім.Төбемнен ыстық су құйып жібергендей жидім түстім.

Өз орынма бардым.Портфелімді алып, ақтара бастадым. Не іздегенімді өзім де білмеймін. Жүрегім дүрс-дүрс етіп, қабына соғады. Мисызбын-ау, мисызбын! Ештеңе ойлап табуды білмеймін. Қашан да басқалардың ісіне қызығып, қызғанып тұрам. Менің де басым жұмыс істейтін заман болар ма екен, болмас па екен.

Портфелімді орнына қайта қойып, сыртқа шығып бара жатырмын. Жанар мен Жантасқа әдейі қарамауға, оларға мен де назар аудармауға тырыстым.Дегенмен, есіктен шыға беріп, көз қиығымды бір тастап өттім. Дәл осы минутта Жанардың да маған қабағының астынан сүзіле қарап қалғанын аңғардым.Көздеріміз бір сәтке түйісіп өтті. Қателеспесем, Жанар күлімсіреген тәрізді болды. Маған күлімсіреді ме, жоқ әлде тыңдап отырған очерктің қызығына елтідіме? О жағын мен талдап пайымдай алған жоқпын. Жанар күлімсірегенде, мен ашу шақырып, қабақ

10

шытқандай бір қыр таныттым да, есіктен шығып кеттім» (72-73 бб.).

Қожа сыныпқа кіргенде кітаптың қызығына беріле отырып оқыған Жантас пен Жанардың әрекетіне оның қызыға, қызғана, өкіне, ашулана қарағанын автор түрлі эмоцияны білдіретін сөз, сөз тіркестері, авторлық жаңа тіркестер, теңеу арқылы әдемі жеткізе білген.


Қожаның эмоциясы:

Shape4

Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Көңіл – салыстырмалы түрде ұзағырақ болатын және адамның толғанысына белгілі із қалдыратын өзіндік бояуы бар эмоциялық жағдай. Көңіл-күй қанша субъективті болса да, ол белгілі бір себептермен байланыста келеді. Оны адам жіті түсіне алмауы да мүмкін. Белгісіз күйге итермелейтін себептердің қатарына адамның денсаулық жағдайы, қоршаған орта ерекшелігі, адамдармен қарым-қатынасы, атқарып жүрген қызметін жатқызуға болады. Адамның «себепсіз қуанышта», «есепсіз қайғыда» жүретін кезі осындай көңіл-күйге байланысты болса керек. Эмоцияның қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін түрі – аффектер (қазақ тілінде «жан ұшыру»). Аффект жағдайында адамның бүкіл

11

психикалық жағдайы бұзылады, зәресі ұшып қорқады, жаны түршігеді, долданады, кенеттен уайымға салынып қамығады. Аффектерге өзін-өзі ұстай алмайтын, тәрбиесі төмен не жүйке жүйесінде ақауы бар, өз эмоцияларын бақылай алмайтын немесе бақылағысы да келмейтін эгоист адамдар бейім тұрады. Ал адамгершілігі жоғары, көрген-білгені, тоқығаны көп тәрбиелі адамдар мұндай күйді өзінің ерік-жігері арқылы реттеп, қиын болса да өзін тежеп отырады [4].

Шығармадағы аффектілік эмоция түрі қайсы? деген сауал туындады. Мысалдар жинау барысында Қожа мен Жантастың үнемі жанжалдасып, төбелесіп, түртісіп қалған кездерінде өз эмоцияларын бақылай алмауын, сондай-ақ олардың тәртіпке бағынбай сотқарлық жасағанда ересектердің де эмоцияларын бақылай алмауын дәл осы эмоция түріне жатқызуға болады.Мысалы:

«Мазасыз ой тепкісінде басым қатып жатып, қалғып кеткен екенмін.

Әй, шық бері! - деген қаһарлы дауыстан селк етіп, шошып ояндым. Атып шықсам, Сұлтанның әкесі Сүгір жылқышы келіп тұр. Астында түйедей қызыл ат, білегінде іліп алған құрығы бар.

Сұлтан қайда?

Білмеймін.

Heгe білмейсің? Өй, ант атқан алаяқ немелер! Бірін бірі тануын бұлардың.

Сүгір мені домбытып қойғысы келді ме, жоқ әлде шынымен ұрмақ болды ма, атын тебініп, қамшысын тік көтеріп, ұмтыла берді. Жалт беріп, жаппаға қайта сүңгіп кеттім. Ойнақшыған қызыл ат жаппаны омырауымен қағып, енді бір тебінсе, тіпті басып, таптап өтуден тайынар емес.

Сүгір босағаны қамшымен сарт еткізіп бір тартып қалды.

  • Ерін ал да, қоя бер ана атты!Маған берген бұйрығы» (46-бет).

Бұл үзіндіден біз ұлының әрекетіне ашуланып, ашуын бақылай алмай қамшысын ала ұмтылып, ашумен босағаны қамшымен салып-салып өзінің

12

эмоциясын көрсеткен Сүгір ақсақалдың әрекеті бейнеленген. Сондай-ақ, повесте Жантастың әрекетіне көңілі толмай жүретін Қожаның Жантасты шыбықпен осып-осып жіберуі сияқты өрескел қылық жасауы да кейіпкер эмоциясын жасыра алмай, бақылай алмай қалу әрекеті.Шығармада назар аударатын бір ерекшелік, автор бір ғана «күлу» деген эмоцияның өзін бірнеше түрде құбылтып береді.

Shape5


1. «-Мүмкін, орныңа барып айтатын шығарсың?-деді. Біз ду күліп жібердік» (67-бет).

2. «Жанардың таңданғанжүзі дереу күлімсіреді» (22-бет).

3. «Жанар мен әжесі қарқылдап күліп қала берді» (25-бет).

4. «Иығы селк-селк етіп, Анфиса Михайлова басқалардан өзгеше мәз Мысыққа ойын, тышқанға өлім деген осы» (88-бет.).

5. «Отырғандардың бәрі күлді. Тісі жарқырап, мамам да езу тартты»(88-бет.).

Синонимдер сөздігінде «күлу» сөзінің мынадай синонимдік қатары берілген: сықылықтау, сақылықтау, жырқылдау, жыртақтау, тырқылдау, хақалау, қарқылдау, сықылдау [5]. Ал Б.Соқпақбаев «күлу»

13


сөзін: ду күлу, күлімсіреу, қарқылдап күлу, иығы селк-селк күлу, езу тарта күлу деген түрлі варианттарын береді. Алайда әрқайсысы түрлі мәнді білдіреді.Мысалы:

Ду күлу – көптеген адамның шулай, бірлесе күлуі.

Күлімсіреу – түрінен күлкінің нышаны байқалу.

Иығы селк-селк ете күлу – денесі күлгенде селкілдеу.

Езу тарту – езуінен күлкінің нышану көріну.

Қарқылдап күлу – дауысын шығара, эмоциясын көрсету.


3.Кейіпкерлер эмоциясының берілу түрлері

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесіндегі автордың кейіпкерлер эмоциясын түрлі тілдік бірліктер арқылы берген. Жинақтаған мысалдар негізінде эмоцияны төмендегідей үш түрлі жолмен жасалған:

Shape6



Одағайлар– эмоционалды, әуезді, интонациялық, ырғақ құбылмалылығымен ерекшеленетін категориялардың бірі. Повесте кейіпкерлердің қуанышы, реніші, таңдануы, жекіп тастауы, шаттануы көңіл-күй, жекіру одағайлары арқылы берілген:

14

1. (Жанардың шахмат ойынынан Қожаны жеңгендегі эмоциясы) «-Ураааа! Ұтылдың! Мақтаншақ Қожа. Мен енді сені бұдан былай мақтаншақ Қожа деп атаймын» (23-бет).

2.(Шаштараздың Қожаның шашын алған сайын таңдана қарауын сипаттаған эмоция) «Ох, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес. Осы ауылда оны алуға жарайтын бір ғана ұстара бар – ол Әбубәкірдікі».

- «Япырай, мұндай да шаш біте береді екен-ау? Мынау да шаш емес, тікенек қой.Тікенек. мінезіңнің шатақтығы осыдан-ақ көрініп тұр» (10-бет).

3.(Қожаның жирен қасқа атқа мініп келе жатқандағы эмоциясы): «-Тәйт әрі! Мына ақымақ қайтеді,-деп, Сатыбай жылқышыға еліктеп зекіп тастадым...-Так, так, жануар, так, так...». (29-бет).

4.(Тапсырманы орындамаған Қожаның эмоциясы) ««Қысқы кешті» жаттап келмек түгіл мен ондай тапсырма берілгенін ұмытып та кеткен екем. Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы қып ете қалды. «Масқара! Сұрай қалса, масқара болдым –ау» (67-бет).

5. «Мен ләм деп үлгергенімше, дәлізден қоңырау үні сыңғырлап қоя бергені. «Уһ»» (68-бет).

Тіліміздегі тұрақты тіркестер, яғни фразеологизмдер де көркем шығармада түрлі мақсатта қолданылып, түрлі қызмет етеді. Фразеологизмдер эмоциялық мәнді бейнелеп береді және кейіпкер эмоциясын берудегі таптырмас құрал десек те болады.

Фразеологизмнің экспрессивтік-эмоционалдық табиғаты туралы: «Эмоционалдылық – дүниедегі зат пен құбылысқа, оқиғаға жеке кісінің берген сезімдік бағасы. Адамның зат пен құбылысқа, іс пен оқиғаға көзқарасы әр түрлі болуы мүмкін. Кейде олардың жағымды не жағымсыз жағын әңгіме етсе, кейде оларға көңіл-күйін, ұнатуын, таңдануын, еркелетуін т.б. білдіріп отырады. Мұндай семантикалық оттеноктер фразеологизмнің

15


мағынасынан әрқашан табылып отырады. Жеке сөздердің экспрессивті-

эмоционалдық мәніне қарағанда, фразеологиялық единицалардың құрамында ұшырасатын экспрессивті-эмоционалды бояу анағұрлым бейнелі де әсерлі келетін тәрізді. Бұларды бөліп қараудың қажеттілігі де осындай табиғатына байланысты», – дейді Р. Сәрсенбаев, М. Жақыпбеков [6].

Повесте эмоцияны бейнелейтін қандай фразеологизмдер қолданылған, олардың қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде (ары қарай ҚТФС) берілген

[7] мағынасына талдау жасасақ:

  • Қайғыру.«Қадыр менің әкем. Ех, шіркін дүние-ай, десеңші! «Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды – ау» (9-бет). /Жүрегі

  • қарс айырылу – қайғыдан қатты күйінді, өзегі өртенді ҚТФС, 215 Б.)

  • Жақтырмау.«Екеуі де бірдей маған қарады. Қаратайдың жүзінде менің келуімді жаратпаған абыржу бар. Ал мамамның тіксініп шытына қараған қабағынан мына тасыр жүрісімнің оған да ұнамағанын бірден аңғардым».(12-бет). (шытынай қарау – жақтырмай қарау ҚТФС, 573 б.).

  • Қулану. Ашулану.«Турникке сүйеніп, жылмия қарап Жантас тұр. Зығырданым одан бетер қайнап кетті» (17-бет.). (Жылмия қарау/жылмың қағу– қылмаң-қалмаң етті ҚТФС 220 б.; Зығырданы қайнау – ызаланды, ашуланды ҚТФС 221 б.).

  • Қызғану.«Екі күннен кейін бір топ бала думандатып, пионер лагеріне жүріп кетті. Мен ішім күйіп ауылда қалдым» (20-бет). (Іші күю – іші қайнау, қызғану ҚТФС,587 б.).

  • Қуану.«Жанардың үйде жалғызекенін білгенде, қуанышым қойныма сыймады» (22-бет). (Қуанышы қойнына сыймау – қуанғаннан жүрегі жарыла жаздау ҚТФС 353 б.).

  • Ұрсысу.«Жанар екеуміз осы арада кәдімгідей қызыл кеңірдек болып қалдық. Ол жеңілдік дейді, мен жеңілгем жоқ, кәне ойын аяқталғанша ойнаймыз деймін.Ендеше ұзын жолдан шық дейді ол. Шықпаймын деймін мен» (24-бет). (Қызыл кеңірдек болу –ұрсысу, керілдесу, жанжалдасу ҚТФС,

16


371 б.).

  • Көңілдену,Шаттану.«Езуім құлағымда, көңіліп тасып, әлгіндегі орныма қарай жөнеле бердім» (44-бет). (Екі езуі құлағында – өте көңілді, көңілі көтеріңкі, қуанышты ҚТФС,157 б., Көңілі тасу – шаттанды, рухтанды, еңсесі көтерілді ҚТФС, 281 б.).

  • Ыңғайсыздық күйде болу. «Төбемнен шатыр етіп, жай түскендей

болды. Не істерімді білмеген меңіреу халде орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім» (69-бет). (Төбесінен жай түсу – кенеттен, ойламаған жерден ыңғайсыз жайға тап болу, ұшырау.ҚТФС, 511 б.).

Шығармадағы кейіпкерлердің көңіл-күйін яғни эмоциясын автор түрлі бейвербалды амалдар арқылы да көрсеткен. Тілімізде бейвербалды амалдар

дегеніміз –адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз етуге көмектесетін қарым - қатынастың түрін айтамыз. Бейвербалды амалдар көркем шығармада оброз сомдауға қажет маңызды элемент.

«Бейвербалды амалдар тілдік амалдар сияқты көркем әдебиетте белгілі бір қызмет атқарады. Мысалы, мақұлдау, құптау шарасында бас изеуді қолданса, қарсы болу «жоқ» дегеннің орнына бас шайқау арқылы білдіреді.Ашу, ыза эмоциясы кезінде қолданылатын бейвербалды амалдар өте көп. Мысалы, жұдырық түю, тісін қайрау, ернін жымқыра тістеу, жер сабау, өз шашын өзі жұлу, көзін адырайту, өз маңдайын өзі ұру...Қуаныш сәтінде қолын шапалақтау, санын шапалақтау, бөркін аспанға ату сияқты кинемаларды қолданса, келемеж, мазақ ететін болса – ернін шығару, бет шымшу, бет сызу, тілін шығару арқылы ұғындырады. Алақанын жаю, иығын көтеру, басын қасу, желкесін қасу, бармағын тістеу – амалсыздықтың, шарасыздықтың белгісі болып табылады. Санын соғу, отыра қалу немесе тұрып кету, жерге түкіру, ернін тістеу – өкініштің белгісі. Жеңілудің белгісі – бас ию, қол қусыру, аяғына жығылу, қос қолын көтеру арқылы білдіреді» [8].


17

Повестегі басты кейіпкерлер Қожа, Жанар, Жантас, Майқанова апайлардың эмоциялары осы бейвербалды амалдар арқылы түрліше құбылтыла отырып берілген, бұл «Менің атым Қожа» филімінде де рөлде ойнаған актерлар мен актирасалардың әрекетінен айқын көрініс табады.

Shape7

Повестегі бейвербалды амалдар арқылы берілген эмоция түрлері төмендегідей:

  • «-Ойнамаймын сенімен,-деп, Жанар ұртын бұртитып, дойбыны жинап алды» (24-бет) – ренжу.

  • «Майқанованың шаңқ еткен дауысы бір-ақ шығып үлгерді. Өңі құп-қу болып, сылқ етіп құлап бара жатыр» (41-бет.) қорқыныштан құлау.

  • «Әжем бір сәтке аңырап, үрке қарап қалды.

  • Әкем-ау, мынау не айтады? Жиылысы несі? Столды айнаның алдына неге қойдың» (95 -бет.) шошу.

18

  • «Бірақ мен оны басқаша қабылдадым. Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып,тәжім еттім» (66-бет) менменсініп, өзінше болу және ілтипат білдіру.

  • ««Әй,Қадыров, шығармайтының жоқ-ау» дегендей Анфиса Михайловна жымиып, басын шайқап қойды» (66-б.) таңдану.

  • «О, бұл арадан мұғалімдер үйінде не болып жатқаны сайрап көрінеді: әне, Ахметов сөйлеп тұр. Екі қолын кеңінен сермеп, ара-тұра жұдырығымен столды ұрып та қояды. Басын біресе оңға,біресе солға бұрып сөйлейді»– жұрт назарын аудару; ашулану; көпшілікке қарай сөйлеу.

  • «– Әллуі! - деп, жағымды шапалақпен бір салып, отырдым да қалдым. Берекесі бір ұшқан ойынның мәні бола ма. Лезде тағы ұтылып

  • қалдым» (23-бет) – өкініш (жеңілуден).

  • ««Мақтаншақ Қожа. Мен енді сені бұдан былай Мақтаншақ Қожа деп атаймын». Осыны айтып, қолын қуана шапалақтап, Жанардың дөңгелене жөнелген кейпі көз алдыма келеді» (24-бет) – қуаныш.

  • «Күн тәртібін протоколға мәнерлеп жаздым да, қылмыскердің жүзіне қарадым:

  • Ал, сөйле, батырым.

Ол арсыз бұның бәрін қалжың деп ойлайтын болуы керек, күледі маған қарап. Көзін бағжитып, ернін шығарып, аузын қисайтып, келекелейді

өзімді. Оның бұл қылығына менің ызам келіп, ашуым қайнап кетті.

Қабағымды қарс түйіп, Ахметовке еліктеп, столды тарс еткізіп қойып қалдым» (94-бет.) – келеке ету, ашулану.

Түйіндей келе, эмоция – психологиялық категория, ал лингвистика оның тіл арқылы қалай берілетіндігі туралы мәселені қарастырады. Эмоцияның физиологиялық көрінісі, өзіндік ішкі түрлері, қасиеттері бар. Олардың тілдегі көрінісі де әртүрлі. Ғылыми зерттеу жұмысында эмоцияның түрлі ерекшеліктеріне байланысты топтастырылуы және олардың тілдік құралдар арқылы берілу талданды.


19

ҚОРЫТЫНДЫ


Эмоциялар – адамның психикалық қызметінің мейлінше айқын көрінуі, сондықтан оларға ерте уақыттан бері ғалымдар ғана емес, сонымен бірге ақындардың жазушылардың, музыканттардың, суретшілердің де назар аударып келуі кездейсоқ емес дейді зерттеуші ғалымдар. Шындығында да эмоция ұғымы тек психологияның зерттеу нысанында ғана емес, тіл білімінде де эмоционалды-экспрессивті лексика, эмоцияны бейнелейтін сөздер, тіркестер деп қарастырылып жүр.

Ғылыми зерттеу аспектіміз Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестіндегі кейпкерлер эмоциясының берілу ерекшеліктерін айқындауға бағытталып жазылған бұл жұмыс бойынша мынадай қорытынды-

тұжырымдарға келдік:

  • Эмоция ұғымының мән мағынасы өте күрделі. Себебі, эмоция термині тек лингвистикада ғана емес психология, физиология, педагогика т.б. ғылым салаларында да қарастырылады.

  • Қазақ тілінде эмоция термині экспрессивтілік ұғымымен қатар айтылады, қарастырылады.

  • Көркем шығармада эмоцияны білдіретін тілдік бірліктер мен амалдар кейіпкер образын, характерін айқындауда таптырмас құрал болып табылады.

  • «Менің атым Қожа» повестінде Бердібек Соқпақбаев кейпкерлерінің эмоциясын көңіл-күй, жекіру одағайлары арқылы, эмоцияны бейнелейтін

  • фразеологизмдер арқылы, бейвербалды амалдар арқылы шебер көрсетеді.

  • Қожаның шығарма барысында, оқиға желісінде жасаған әрекеттерінің барлығында дерлік оның болмысын ашып көрсететін эмоциялық мінез-құлқын әдемі суреттеп көрсетеді.

  • Бір ғана адамның қуанышы «күлу» әрекетін «ду күлу, қарқылдап күлу, селк-селк етіп күлу, езу тарта күлу, шиқылдай күлу» т.б. сан алуан тіркестер арқылы құбылтып білдіреді.

  • Шығарма сюжетіне зер салсаңыз, кейпкердің жағымды-жағымсыз

20

әрекеттеріне қарай эмоцияға қатысты көңіл-күй құбылыстарын төбе шашы тік тұру, екі езуі құлағына жету, қуанышы қойнына сыймау, қызыл кеңірдек болу, зығырданы қайнау, жүрегі қарс айырылу сияқты тұрақты тіркестер арқылы бейнелеп берген.

  • Кейіпкерлердің шығармадағы рөліне қарай жағымды-жағымсыз да, әлсіз, күшті эмоция түрлері, жәй ғана экспрессисвті реңкті білдіретін сөздер де ұтымды қолданылған.

































21

Қосымша

Фото есеп








ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. Иманалиева Ғ.Қ.Қазақ тіліндегі эмоционалды құрылымдар/жалпы ред.басқ.Р. Әмір. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.-255 б.

2.Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. . Алматы, 1997. – 256 б.

3.Түйте Е. Психикалық жай-күйлер атауларының лингвостилистикалық сипаты. –Алматы, 2014. -206 б.

4. Сарышова К. Кейбір эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдердің этимологиясы жайында. // Қорқыт Ата атындағы ҚМУ хабаршысы. , 2004. - № 2(18). - 93-96 б.

5. Сәрсенбаев Р. Жақыпбеков М. Фразеологизмнің экспрессивтік-эмоционалдық табиғаты туралы // Кітапта: Қазақ тілі мен әдебиеті. – Алматы, 1973. – 3-шығуы. – 26-30 бб.

6. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977. – 711 б.

7. Нұрсұлтанқызы Ж.О.Бөкей шығармаларындағы бейвербалды амалдар. –Қызылорда,2015.-142 б.

8. Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа. Повестер. – Алматы: Атамұра, 2003. -304 б.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2025
56
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі