Тақырыбы:
Бүгінгі журналистиканың
тынысы
Лид: Университет, аудитория,
лекция. Журналистика ғылым ретінде зерттеліп, зерделеніп болғаны
қашан... Жаңа буын өкілдері сол ілімнің қыр-сырын меңгерген жайы
бар. Журналистика қай қоғамда да, қай елде де өте маңызды орын
алады. Біз шартты түрде бұқаралық ақпарат құралдарын төртінші билік
өкілі дейміз, кейбір кезде бұқаралық ақпарат қызметкерлері бірінші
биліктің де қызметін атқарады. Журналисттер қоғамдық пікір туғызу
арқылы қоғамдық санаға ықпал етеді. Қоғамдық сана – қоғамның
бастаушы күші. Сондықтан да біздің қоғам журналистика ғылымына
үлкен жауапкершілікпен қарамаса, әлеуметімізде үлкен қиыншылықтар
туындауы әбден мүмкін.
Дәстүрлі қазақ
журналистикасының тізгінің «әртістер» ұстаса қазақ
журналистикасының деңгейі өседі ме?
Біздің қоғамда ток-шоуларға
немесе бір ауқымды тележобаларға халыққа танымал әншілерді тартсақ,
бағдарламалардың рейтингі артады деген бір жансақтаулы пікір бар.
Керісінше журналистиканың қара қазанында қайнап, пісіп жүрген нағыз
журналисттер сол тележобалардың рейтингін арттырмаса,
кемітпейді.
Телевидение рейтинг деген
тұрақсыз критерийге бағынады. Арнаға берген баға сияқты, сол бағаға
қарап жарнама берушілер келеді. Олармен бірге қаржы тартылады. Құп
ол телеарнаның ішкі дүниесі. Мәселе - бұқаралық ақпарат
құралдарында, мамандардың тапшылығында болып отыр. Сайып келгенде,
қазір тек журналистерді дайындайтын отыз оқу орны бар болса да,
қайнап жатқан қазанға күмп етіп түсіп кететін кадрдың жоқтығы,
қоғамда қызу талқыланып жүр.
Неліктен қайнап жатқан
журналистика қазанына күмп етіп түсетін кадр
жоқ?
Қазір бұқаралық ақпарат
құралдарының саны көбейгендіктен оған көлденең көк атылар тартылып
жатыр. Сол көлденең келген көк аттылар өздері журналистикадан
бейхабар болып тұрғанымен ғана қоймай, қазақ журналистикасына баға
беріп, журналисттік білім берудің қажеті жоқ деген пікір туғызып
жүр. Ол өте қате түсінік, әдетте білімді адамдар өзінің білмейтінің
түсінеді, ал білімсіз адамдар барлығын біліп тұрғандай сезінеді.
Сондықтан да журналистиканың орның, табиғатын терең түсінетін
адамдар олай сөйлемейді.
Бүгінгі
журналистиканың деңгейі қандай?
Журналистиканың өзіңде қазір
аяққа шырмауық болып араласып кеткен «хайп» деген оқиғалар бар,
«тренд»деген сөздер бар. Өтірік пен шындықтың арасы қазір
қаншалықты алшақ, өсек сөзді көп жағдайда біз жаңалық деп
қабылдаймыз, алған тақырыптарынан кейде күлкін келеді, кейде
жылағын келеді. Осы да тақырып па? Осы да айтуға тұрарлық жаңалық
па? Соны айды аспанға шығарғандай қылып, жаһанға жария салып,
біреудің үй алғанын, біреудің күйімен ажырасқанын немесе қосылып
жатқанын күнде тақырып етіп талқылайды. Міне осы жағынан қарағанда
әу баста журналистиканың принциптері - кім, қайда, қашан және бір
пікірді үш жағынан, төрт жағынан қарастыру, оған сараптама жүргізу
сияқты біз білетін қағидалардың барлығы бұзылып жатқан
сыңайлы.
Журналисттердің «хайп»
қуғанына көрермен кінәлі ме?
Менің ойымша жалпы тендеция
сондай. Бұл саясатқа да байланысты, бұл экономикаға да байланысты,
бұл геосаяси картадағы шиеленіскен жағдайларға да байланысты, бұл
белгілі бір мемлекеттің императивтік жолмен енгізіп жатқан жаңа
ойын шарты. Біз соны түсінуіміз керек, ал осы жаңа ойын шартын
журналист ретінде қабылдайсың ба, қабылдамайсың ба, мәселе сонда.
Мына Үндістанның тарихын алсақ колонизаторларға қарсы күресте
Махатма Ганди қолына қару алып соғыс ашпаған. Махатма Ганди үш жүз
алпыс миллион үндіске үндеу жариялайды: біз колонизаторлардан тауар
алмауымыз керек, аштан өліп бара жатсақта колонизаторлармен
қарым-қатынасты іште отырып үзуіміз керек, - дейді. Сонда үш жүз
алпыс миллион үндіс «сатьяграха» антың қабылдайды,
ұлт пен ауызбіршілік деп осыңы айт, сөйтіп олар қор қылып жиналып
қалған ағылшындардың маталарын алаңға апарып өртейді, ағылшындардың
қолында жұмыс істеу мен мәдениетін сіңіруден бас тартады.
Ал Махатма Ганди ұршық иіріп,
өз-өзіңе мата тоқиды. Үстіне өзінің қолынан шыққан матасын киім
қылып киеді. Үндістанның байрағында атақты Махатма Гандинің ұршығы
тұр. Міне мәселе қабылдау, қабылдамауында. Мен ұсақ әңгімені
тақырып етіп өз материалыма ала алмаймын деп айту үшін журналисттің
рухани ұстанымы болу керек секілді.