400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бүгінгі журналистің тіл мәдениеті, сауаттылық әдебі және тіл шеберлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі БАҚ өкілдерінің жіберетін қателіктеріне шолу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бүгінгі журналистің тіл мәдениеті, сауаттылық әдебі және тіл шеберлігі.

Қазақта «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген тәмсіл бар. Ал бүгінгі көтерілетін мәселе – тамаша болмай тұр. Олай деуімнің себебі – газет беттеріндегі һәм сайттардағы журналистердің жіберген қателіктері жаға ұстатарлық. Солардың бірнешеуіне тоқталып өтуді жөн көрдім.

Айтқанның аузы жаман, сөйлегеннің сөзі жаманның турасы болса, оған да көндік. Бірақ сын түзелмей мін түзелмейтінін де ұмытпағанымыз абзал. Ақпарат айдынында жүріп, түрлі жаңалықтарға куә боламыз. Оқимыз, талдаймыз қолымыздан келіп жатса, кездескен адаммен бөлісіп құлаққағыс етеміз. Сол жаңалықтарды оқып отырып, көзге оттай басылатын қателіктерден қарнымыз ашады. «Бір терінің пұшпағын илеп жүрген жандармыз» деп қара күйе жаққың келмесе де, көз жүгіртіп оқитын «қарапайым халықтың назына ілінбесін» деген ниетте шет жағасын шығарайық. «А» дегеннен-ақ алты қате жіберген «Алматы ақшамы» газетінің қатесін айтпай кету – азаматтығыма сын болар. 2025 жылдың 20 наурызында «Қарапайым еңбек адамдарына баспана алу жеңілдеді» деген мақаласында былай деп жазылған: «Отбасы банк» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Данагүл Түсіпованың айтуынша, өткен жылы «Наурыз» бен «Отау» бағдарламасы бағдарламалары аясында 10 мыңнан мыңға астам жуық азамат өз баспаналарына қол жеткізді». Бұл жердегі қатені соқыр адам да байқайтыны анық. «Бағдарламасы» дегеннен кейін «бағдарламалары» деген сөзді неге қолданды? Жауабын кім біледі? Журналистің өзінен сұраймыз ба?

«10 мыңнан мыңға астам жуық» деген сөзді қай қырынан алып дұрыс екенін дәлелдеуге тырыссаң да, білімің жетпейді. Бәлкім «10 мыңнан астам азамат өз баспаналарына қол жеткізді» деп айтқысы келген болар. Бірақ «мыңға» деген сөзді қайдан тауып алғаны белгісіз. Әлде математикадағы жаңа өзгерістер ме, кім білсін?!

Ұлт газеті саналатын «Ана тілі» басылымындағы қателерді көріп, көңілім көк жайлаудың етегінде қой бағып отырған, әріп танымайтын бала Ерболды есіме түсірді. Мақаланың тақырыбын айтсаңызшы «Тілдің жайы – елдің жайы» деген. Қазақ тілінің жайы қателіктерден көз ашпаса, елдің жайын сөз етуге әлі ерте болар. Мұнда журналист былай дейді: «Нобель сыйлығын алған туындыларды – барлығы 3 мыңға жық қамтиды». Қателіктің күре тамыры «туындыларды» деген жерден басталып, «3 мыңға жық» деп аяқталған. Көп сөкпей турасын айтқанда, «Нобель сыйлығын алған туындылар - 3 мыңға жуық» деп жазылғанда үйлесімі табылып, қателігін бетіне баспайтын едік.

Қазақта «әдемі» деген сөз қай кезде қолданылады? «Әдемі қыз», «әдемі киім» деген сөздерді естігем. Қысқасын айтқанда, сәнді, жарасымды деген мағынада қолданып жүрміз. Ал «әдемі оқиға» дегенді естігенсіз бе? Мен естідім. «Егемен Қазақстан» газетінің тілшілерінен естідім. Сиясы кеппеген мақаласында «Наурызда әдемі оқиға орын алды» деп қайырыпты. Оқиға қашаннан әдемі болатын болған? «Елеулі оқиға», «тарихи оқиға» деп жазуға келмеді ме, әлде сөздік қор жетпеді ме? Мүмкін қатені түзеймін деп, өзім қателесіп тұрмын ба?

Бір санын да халық қалт жібермейтін қазақтың белді газеттерінің осындай өрескел қателерді жіберуі – өркендеуімізге салынған тұсау. Ай мен күннің аманында, алты ауыз сөзден алпыс қате жіберіп, ата-жұрттың алдында «журналист» деген абыройымыздан айырылып қалмайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 наурыз
102
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі