«Бүгінгі тәрбие-ертеңгі болашақ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бүгінгі тәрбие-ертеңгі болашақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген болатын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Shape1

ЖШС Каспий өңірі «Болашақ» колледжі




Қомшабаев Жарас Мақсатұлы

ФК-17-1 тобы, 4курс







«Бүгінгі тәрбие-ертеңгі болашақ»

















Жас мұраты, білім, тәлім-талабы.....

Өнер, оқу-жастықтың қару жарағы.


Ілияс Жансүгіров


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген болатын

Менің бала күнімнен бергі арманымның бірі - ұстаз болу. Соның ішінде өзіме жақын мамандықты - спорт саласымен байланыстыратынмын. Өйткені кішкене кезімнен бастап, өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап, бой түзедім десем, қателеспегенім. Қазіргі таңда осы арман - мақсатымның орындалуына санаулы күндер қалды десем де, болады. 2017 жылы Маңғыстау облысында ойып тұрып орын алған, 23 жылдық тарихы бар, білім ошағы Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша білім алып, биылғы оқу жылы «студент» деген атаудан, ұстаздық дәрежегеде көтерілгелі тұрмын.

Бұл мамандықты таңдауымдағы басты мақсат: «Шынықсаң - шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы екен білемін. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі - бұл спорт. Сондықтан мен осы мамандықтың алғашқы іргетасын мектеп қабырғасынан бастап қалап, спортты серік етіп келемін. Қазіргі заманауи студент келбетіде өз салам, мамандығым бойынша жан-жақты дамуды талап етеді. Қазіргі таңда, мамандығымен қатар кәсіби деңгейде 10 жыл көлемінде шынығып, айналысып жаттығып жүрген спорт түрім - бокс.

Бүгінгі таңда, Маңғыстау облыстық бокс клубының тәрбиеленушісімін. Бұл салада жеткен жетістіктерімде біршама:

2019 жылы өткен Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының чемпионы атандым.

Аталған чемпионаттан кейін ҚР-ның спорт шебері дәрежесін алдым.

Қазақстан бойынша және Халықаралық деңгейдегі бокстан өткен жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегерімін.

Жақын арада осы саланың маманы атанайын деп отырғандықтан, қазіргі барлық білім ошағында дене шынықтыру сабағы жүреді. Әрине, бұл оқулық көлемінде белгілі бір бағдарламаға енгізілген сабақ. Мұнда білім алушы дене тәрбиесіне байланысты білім алады. Ал бұл – білім алушы үшін аздық етеді. Басты мәселе білім алушы бос уақытын тиімді пайдалану. Ол үшін спорттық секцияларға қатысып, жаттығулар жасап, тіпті мүмкіндігі болса спорттық жарыстарға, түрлі ойындарға барып, өзінің бағын сынап, болашағына жол ашуға әбден болады деп сенемін. Баланың кепілі - денсаулық, сондықтан да дене шынықтыру өте маңызды.

«Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» деп бекер айтылмаған. Олай болса, еліміздің болашағы - жас ұрпақ, біздерден бастау алады!

Халқымызда «Жас келсе - іске» деген керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш - қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз шәкірттерімді биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты маман, бақытты адам деп білемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.06.2021
270
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі