Материалдар / Бұлшық еттер, бұлшықет типтері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бұлшық еттер, бұлшықет типтері

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2023
787
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3В Қозғалыс

Мектеп: Мичурин атындағы негізгі орта мектеп МДШО КММ

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні: Камалова С.Т

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.6.5 бұлшық ет ұлпасының құрылысын, қызметін және олардың түрлерін сипаттау

8.1.6.6. адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану.

Сабақтың мақсаттары

  • Бұлшықет ұлпаларының түрлері мен орналасуын білу;

  • Бұлшықеттің құрылысын түсінеді;

  • Бұлшықеттің түрлерін ажырату;

Бағалау критерийлері

  • Бұлшықет ұлпасының түрлерін ажыратады;

  • Бұлшықеттің құрылысын сипаттайды;


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Бұлшықет, миофибрилл, бұшықет талшығы, тарамыс, сіңір, қаңқа бұлшықеті, бірыңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек бұлшық еті, бұлшыет шоғыры, бұлшық ет талшығы, бұлшық ет жасушасы.   

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Жүректе болатын бұлшықеттің түрі - ....

Асқазан мен ішек секілді қуысты дене мүшелерінде болатын бұлшықеттің түрі - ....

Қаңқа бұлшықеттерінің қызметі ....

бірыңғай салалы бұлшықет ... құрайды.

Көлденең жолақты бұлшықет ...кездеседі.

Көлденең жолақты бұлшық ет жасушасының ...ядросы болады.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Бұлшықеттің жиырылуы, пішіні, бұлшық еттердің жұмыс жасау механизмі туралы түсініктер арқылы физика пәнімен байланысты.

Алдыңғы білім

«Жаратылыстану» курсынан оқушылар адамның сүйектерінің бөлімдерін және қозғалысты басқаратын бұлшықеттердің ролін біледі. 7-сынып «Қозғалыс» бөлімінен оқушылар омыртқасыздар мен омыртқалылардың қозғалысқа қатысатын мүшелерін және қозғалыстың жануарлар мен өсімдіктер үшін маңызын біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы



Психологиялық ахуал.

Үй тапсырмасын сұрау

Бағдаршам Әр бала қолына қызыл және жасыл түсті қағаз алады. Мұғалім қойған бірнеше сұраққа байланысты балалар қолындағы қағазын көтереді. Сұраққа жауабы дайын болса, "жасыл" түсті, сұрақ жауабын білмейтін болса "қызыл" түсті қағазды көрсетеді. Жасыл түсті көрсеткен кез келген оқушыдан жауап сұралады. Жасыл түсті қағазды мүлдем көтермеген оқушыларға сұрақты қайталап қоюға болады не жауап берілген соң қызыл түсті қағаз көрсеткен кез келген оқушыдан жауапты қайталап беруін сұрау қажет.

Жаңа сабақ

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты бағалау критерийлері таныстырылады.

2-3 слайд





Сабақтың ортасы


Біріңғай салалы бұлшық еттер көптеген ішкі мүшелер, тамырлар қабырғасын құрайды. Біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Олар арқылы қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге асырылады.
Көлденең жолақты (қаңқа) бұлшық еттер көлденең жолақты талшықтардан тұрады. Талшықтар ішінде нәруыз жіпшелері өтеді, оларға байланысты бұлшық еттер жиырылады. Талшықтардан бұлшық ет шоғырлары, ал бұлшық ет шоғырларынан бұлшық ет түзілген. Бұлшық еттер сіңірге айналатын дәнекер ұлпасымен жабылған. Олар сіңір арқылы сүйек ойысына, төмпешігіне бекиді және қаңқаны қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттерде көптеген қан тамырлары болады. Олар арқылы бұлшық еттер қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар осы тамырлар арқылы алмасу өнімдері – тіршілік әрекетінің зиянды заттары сыртқа шығарылады.
Бұлшық еттердің негізгі топтары. Бұлшық еттерді орналасуына қарай бас және мойын, дене және аяқ – қол бұлшық еттері деп бөледі.
Бас бұлшық еттеріне мимикалық және шайнау бұлшық еттері жатады. Шайнау бұлшық еттері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері арасында орналасады. Олардың бір ұшы астыңғы жақ сүйекке, екінші жағы бас сүйектеріне бекиді. Олардың жиырылуына байланысты тамақты шайнағанда және сөйлегенде астыңғы жақ сүйектері қозғалады.
Мимикалық бұлшық еттер бетке белгілі бір көрініс – мимика береді: көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттері. Олар теріге, не бір ұшы теріге, екінші ұшы бас сүйектің бет сүйегіне бекиді.
Мойын бұлшық еттері басты тепе – теңдікте ұстайды, бас пен мойын қозғалысына, сондай – ақ жұтуға қатысады.
Дене бұлшық еттері. Қабырғааралық бұлшық еттер және көкет тыныс қозғалыстарын қамтамасыз ететін кеуде қуысы көлемін өзгертеді. Құрсақтың алдыңғы қабырғасы құрсақ бұлшық еттерінен түзілген. Бұл бұлшық еттер жиырылып омыртқа жотасының иілуіне, тыныс алу қозғалыстарына, ішкі мүшелердің жұмысына қатысады. Сонымен қатар құрсақ қуысының мүшелерін қорғайды. Арқада бас, кеуде қуысы мен қолдың қозғалуына қатысатын арқаның трапеция тәрізді, жалпақ бұлшық еттері орналасады.

Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке қозу толқындарын өткізеді бірақ тірек-қимыл жүйесіне қатыспайды. Жүректің бұлшықеті кұрылысы жағынан көлденең жолақты болса, қызметі бірыңғай салалы бұлшықетке ұқсайды. Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденең жолақты болғанымен, жиырылуы адамның еркінен тыс, санаға бағынбайды.

Бұлшық еттеің қажуы.

Ұзақ жұмыс істеу бұлшық еттің шаршауына, оның жұмыс қабілетінің төмендеуіне апарып соғады. Нәтижесінде қозғалыс дәлдігі мен күші азаяды. Бұлшық еттерді демалдырып тұру қажет.

Аз уақыт демалған соң бұлшық ет өз қабілетін қайта қалпына келтіреді. Шаршаудың алдын алу үшін жұмыс істеген кезде үзіліс жасап отыру керек.

Сергіту сәті

«Хат ішіндегі сұрақтар» әдіс
• Бұлшық еттердің маңызы қандай?
• Бұлшық еттердің құрылысы қандай?
• Бұлшық еттердің қандай түрлері бар?
• Денеде орналасуына қарай бұлшық еттер қалай бөлінеді?
• Адам қаңқасында қанша бұлшық ет бар?
• Бұлшық еттің қажуы неге байланысты?

Сабақты қорытындылау


Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы

Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы

Жүрек бұлшықет

ұлпасы

Құрылысы

 

 

 

Қызметі

 

 

 

Ағзада орналасуы






1 - қосымша



5 слайд

















9-10 слайд









11-12 слайд

























13 слайд









14 слайд







15 слайд









16 слайд















17 слайд

















18 слайд











19 слайд

27-36 мин

Оқушылардың жұмыс парағындағы тапсырмаларды орындаулары талқыланып, жауаптар салыстырылып, сабақ қорытындыланады.

2- қосымша



Сабақтың соңы

37-40 мин







Кері байланыс

Мен енді білемін ................

Маған ұнағаны ....................................

Менің түсінбей қалғаным ............................

Мен жақсы түсіндім ......................................

Мен келесі сабақта.........................білгім келеді.



20 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір оқушылар дене бұлшық еттерін жетілдіру жолдары туралы қосымша ақпарат көздерінен оқып өз білімін тереңдете алады.

Кейбір оқушылар бұлшық ет талшығының құрылысын тереңдетіп оқи алады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Оқушы өз денсаулығы мен ортасына сақтықпен қарауы қажет.























































Бұлшық еттердің маңызы қандай? Бека


• Бұлшық еттердің құрылысы қандай? Айман


• Бұлшық еттердің қандай түрлері бар? Наташа


• Денеде орналасуына қарай бұлшық еттер қалай бөлінеді?


• Адам қаңқасында қанша бұлшық ет бар? Малика


• Бұлшық еттің қажуы неге байланысты? Аза














Сабақтың тақырыбы:

Тынысалу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері.

Мұғалімнің аты-жөні: Камалова Самал Турысбекқызы

Күні: 19.02.2018ж

СЫНЫП: 7 «А»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.1.4.5 - адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін танып білу

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Тынысалу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Омыр

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!