Бұқар -ел бірлігін жырлаушы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бұқар -ел бірлігін жырлаушы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиетші мұғалімдер үшін өте қажет дүние деп ойлаймын. Бұқар жыраудың 350 жылдығына орай жазылған шығарма
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бұқар жырау- ел бірлігін жырлаушы

«Айнала алмай ат өлсін,

Айыра алмай жат өлсін,

Жат бойынан түңілсін,

Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз» - Бұқар жырау.

Атақты Бұқар жыраудың «Қол бастау қиын емес, сөз бастау қиын» деген ұлағатты сөзі бар. Бұл – көптің алдында сөз сөйлеуге, ойын ортаға салуға бекінген адамға зор жауапкершілік жүктелетінін білдірсе керек. Себебі, шындап келгенде, сөз – қару. Ол біріктіретін берекеге де, әзәзілдей ірітетін әрекетке де жол ашады. Тек қаруды қалай жұмсайсың, соған байланысты. Яғни, адамды бұзатын да, түзейтін де сөз екені белгілі.

Бұқар баба –халқының, елінің тағдырына қабырғасы қайысып, парасатты ой түйген жырау. Хан Абылайдың кеңесшісі, ақылгөйі, поэзияның ірі өкілінің бірі екенін білеміз. Сондықтан да Бұқар жырау туралы неге шығарма жазбасқа?! Расында да, Бұқарекең айтпақшы, шаршы топта сөз бастаудан қиыны жоқ екен. Бұқар поэзиясы- өзі өмір сүрген тарихи кезеңнің жемісі. Бұқар жырау- аласапыран заманның тіршілік – болмысын, ел басына қауіп төнген кезеңдерді өзінің жыр өрнегіне түсірген, халқының тағдырына ортақтасқан жырау екенін бәріміз білеміз. Жырау өз толғауларында заманының көкейкесті мәселелерін көтерген. Оның поэзиясында өз Отанын сүю, халықты бірлікке шақыру, ел қорғаны батырларды ардақтау, құрметтеу, оларды халқына үлгі-өнеге ету, татулыққа шақыру, елдің бейбітшілігін, тыныштығын сақтау мәселелері өлеңдерінде сөз болады.

Еліміз өз алдына дербес, тәуелсіз ел атанып , жеке шаңырақ көтергеннен кейін философ, ақын , жырау -Бұқардың есімі де халық сүйіспеншілігіне, ықыласына бөлене бастады. Қарағанды облысының ең үлкен көшесіне, бір ауданға Бұқар жырау есімі берілді. Бұл күнде есімі мақтанышпен айтылатын, ең беделді аудандардың бірі- Бұқар жырау ауданы. Жыраудың ұрпақтары дүние салған жеріне зәулім күмбез тұрғызғаны ұрпақ алдындағы міндеттердің бірі еді. « Қазақта орнында бар оңалар» деген сөз шындыққа жалғасқандай... Қазақ поэзиясының тарихындағы ең айтулы тұлғалардың бірі Бұқар жыраудың әкесі Қалқаман батыр, ел билеуші емес, жеке басының ерлігімен ғана аты шыққан адам. Біз тек Тәуке хан тұсында, онан кейінгі қазақ хандары Қайып, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Күшік, Әбілқайыр, Барақ және Абылайдың ақылды, қабырғалы биі, кеңесшісі болғанын әдебиеттерден, тарихтан білеміз. Алайда өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналады. Ел бірлігі – Бұқар толғауларының басты тақырыбы болды.  Бүгінгі біз айтып жүрген патриоттық сезім кейінгі ұрпаққа Бұқар жырының бесігімен тербеліп, жүрегіне осылай ұялаған. Ол кездегі алға қойылған міндет пен саяси әлеуметтік талап қазақ деген ұлттық сананы, рулық жүздік ұғымның шеңберінен асырып, түбі бір тұтас мемлекеттік дәрежеге көтеру еді.

      Бұқар жырау қазақ жұртын қабырғалы мемлекет қатарына қосуды арман еткен адам. Қайтсем де елімнің басын біріктірем деп, талай қияпат қиындықты басынан кешірді. Бұқар жыраудың жарқ етіп сермеген алдаспан жырлары ханды да қараны да аямады, түйінді ойлардың тұсауын кесіп, шеңберлі саясаттың тынысын кеңейтіп отырды.

     Жырау сол замандағы ірі мемлекеттердің қол астында қалған  ұсақ елдердің тағдырына шұқшия үңіліп, бағдарлай байқап, бастарына түскен алапат өмірдің ауқымынан  еліне тиімді зерделі ой пікірлер айтып, ақыл кеңес беріп отырды. Ұлы мемлекеттердің шен-шекпен арқылы бүтіндей елді айрандай ашытып, сүттей іріту саясатын  әшкерелеп, ел басқарушыларына ескерте: «Жемқорларға жем беріп, ел қамын айтқан жақсыны, сөйлетпей ұрар ұртына», деп өсиет нақыл сөздерін айтып та, жазып та кеткен.   

       Бұқар баба тек жырау емес, халықты бірлікке шақырып, елдің тәуелсіз мемлекет болуы жолындағы ірі саясаткер Абылай ханның  батагөй данасы болды, сондай-ақ Абылай ханның маңайына  ер жүрек батырлардың, әділ билердің, халық жанашырларының топтасуына игі ықпалын тигізді. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Бұқардың Тәуке хан тұсында-ақ ордадағы белді би, батагөй ақсақалдардың бірі болғандығы аңғарылады.
Әз-Тәуке ханның сүйікті ұлы өліпті дейді бір әңгімеде, хан аза тұтып, бас көтермей, ас ішпей жатып алыпты. Ұлы жүзден Үйсін Төле би, Орта жүзде Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден Қаражігіт би барып көңіл айтқан екен, Әз-Тәуке жұбанбапты, қайғысы басылмапты. Сонда қаралы ханның көңілін делбеп, басын сүйіп ас ішкізуші Бұқар жырау болады. Бұқардың осы ретте айтылған жыры сақталған. 
«Ханымыз отыр аһ ұрып,
Халқымыз отыр бас ұрып...
Сабаны әкел ордаға, 
Құран оқыт молдаға, 
Ханның сөзі түзік деп,
Орынсыз сөзді жолдама.
Бұрынғы өткен бәрі өлді,
Қарсы болма аллаға.
Төле, Қазыбек кісіміз.
Жақсы, жаман, кішіміз,
Бұл сөзіме түсіңіз,
Дәміңізді ішіңіз.
Риза болсаң құдайға
Түзелер сонда ісіңіз».
Осы сөздердің өзінен-ақ Бұқардың Тәуке алдында өтімді, беделді адам болғандығы аңғарылады.
Атақты Үйсін Төле би: «Елге бай құт емес, би құт» деген екен. «Сөз өнері дертпен тең» екенін барынша сезінген. Ол сөз өнерін аса жоғары бағалап, артына мол мұра қалдырды.

Елбасының «Рухани жаңғыру» саясаты да халқымыздың батыр-бабалар есімін ұрпаққа танытып, оны жаңғырту болашақтың еншісінде екенін атап өткен еді. Мәңгілік Ел ұрпақтары Бұқар баба жырларын зерттеп, танып біліп әрі дамытуға күш салары хақ. Сондықтан да Бұқардай бабаның өміршең жырлары ұзақ жасайды деп ойлаймын. Артында қазақ деген ұлты барда , ұрпақтары барда ешкімде, ештеңеде ұмытылмақ емес. Келешекте Бұқар бабадай ділмарлар қатары көбейсін! Бұқардай терең ойлы, қара өлеңнің шебері , тура айтатын турашыл ақындар дүниеге келмесіне кім кепіл! Ұлыларды ұлықтау- біздің міндетіміз.



Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі

Пән мұғалімі: Кузембаева М.К

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2018
7637
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі