Материалдар / «БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандағы бұқаралық спорт – әркімнің жеке басына тәуелді іс. Бүгінгі халық теннис кортына, бассейнге, фитнес залдарына барғысы келеді. Бірақ оны екінің бірінің қалтасы көтермейді. Десек те, аталмыш нысандарда денсаулықтан бұрын жан рахаты көзделетіні жасырын емес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2022
416
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ӘЖК

«БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА»


Тустикбаев Нурбол Ашимкулович дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы.

Өтеп Руслан Әбдіманапұлы дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы

Қазақстан республикасы,Тараз қаласы,Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті,solpan09041983@mail.ru



Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жиырма жылдан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшы­лығымен қыруар жұмыстар атқарылды. Елбасы спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Н.Ә. Назарбаев 2020 жылға дейінгі дамудың стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуды міндеттеген болатын [1].

Қазақстандағы бұқаралық спорт – әркімнің жеке басына тәуелді іс. Бүгінгі халық теннис кортына, бассейнге, фитнес залдарына барғысы келеді. Бірақ оны екінің бірінің қалтасы көтермейді. Десек те, аталмыш нысандарда денсаулықтан бұрын жан рахаты көзделетіні жасырын емес. Ал біздің мамандар халықты спорттың мейлінше қол жетімді түрлеріне тартуы тиіс. Мәселен, таңертеңгілік жүгіріп немесе ауладағы алаңқайда доп қуса, несі бар?!. Бұқаралық футболға шығынның да керегі шамалы. Ең бастысы – ниет пен көңіл болса болғаны.

Айта кету керек, VІІ Қысқы Азия ойындарына арнайы салынған нысандар еліміздің спорттық инфрақұрылымын едәуір нығайтты. 1972 жылы «Медеу» спорт кешені салынғаннан кейінгі аралықта Қазақ жеріне бұйыра қоймаған бірегей спорт нысандары, әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізуге болатын ғажайып ғимараттар тұрғызылды. Енді қысқы негізгі олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстанның өз спорттық базасы бар. Осы нысандарда әлемдік жарыстарға дайындалып, жаттығу жиындарын өткізуге әбден болады.

Елімізде жақсы жабдықталған спорт ғимараттарының болуы спорттың дамуына игі ықпалын тигізіп, халықаралық спорттық ареналарда ірі жетістіктерге қол жеткізуімізге дәнекер болады [3, 50-52 б.]. Айталық, бір ғана «Медеу» кешенінде коньки спортының өзінен жалпы саны 130 әлемдік рекорд жа­салыпты. VІІ Қысқы Азия ойындарын өткізуге Астанада арнайы салынған «Алау» коньки стадионында болса, міне, Азия құрлығының 9 рекорды жасалып үлгерді. Азиада нысандары үздік технологиялар пайдаланылып, заманауи талаптарға лайықталып салынған. Шымбұлаққа дейін тартылған бірегей аспалы жол аталмыш кешенді тау шаңғысы курорты ретінде дамытуға септігін тигізері сөзсіз.

Бүгінгі қазақстандық қоғамда бұқаралық спортты дамыту – төтенше маңызға ие көкейкесті мәселе. Елдегі бала туу көрсеткіштерінің төмендігі, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, нашақорлық пен алкоголизмнен зардап шегушілер мен өлім-жітімнің артуы, физикалық һәм ақыл-ой тұрғысынан дамудың тежелуі, айналып келгенде, ұлт қауіпсіздігіне, халықтың санасы мен парасатының өсуіне, рухани дамуына қауіп төндіретін факторлар. Осының бәрі жиналып келіп Қазақ елінің экономикалық өрлеуіне, саяси тұрақтылығына, халықаралық беделінің артуына да залалын тигізбей қоймайды. Сондықтан, саламатты өмір салтын мемлекеттік саясаттың бір бағыты ретінде жаппай насихаттау алға қойған стратегиялық мақсаттарымызға жету жолындағы басым бағыттардың бірі саналуы тиіс.

Қазір халықтың басым бөлігі спортпен шұғылдануға немқұрайды қарайтыны жасырын емес. Денсаулыққа аса зиянды шылым мен ішімдіктен құтыла алмай жүрген, арықтаймын деп неше түрлі дәрісымақты пайдаланатын адамдар бар. Соның бәрінен арылу үшін дене шынықтыру, спорт және туризм арқылы саламатты өмір салтына бет бұру – өмірдің өзі алдымызға көлденең тартып отырған көкейкесті мәселе.

Қазақстандағы бұқаралық спорт – әркімнің жеке басына тәуелді іс. Бүгінгі халық теннис кортына, бассейнге, фитнес залдарына барғысы келеді. Бірақ оны екінің бірінің қалтасы көтермейді. Десек те, аталмыш нысандарда денсаулықтан бұрын жан рахаты көзделетіні жасырын емес. Ал біздің мамандар халықты спорттың мейлінше қолжетімді түрлеріне тартуы тиіс. Мәселен, таңертеңгілік жүгіріп немесе ауладағы алаңқайда доп қуса, несі бар?!. Бұқаралық футболға ешқандай шығынның да керегі шамалы. [4, 35-37 б.].

Кәсіби футболшыларды мамандандырылған мектептер даярлайды. Біз, бірақ, мұнымен шектелмейміз деп отырған жоқпыз. Қазір спорт үйір­мелері мен секцияларын көбейту бойынша жалпы білім беру мектептерімен жұмыстар жүріп жатыр.

Елбасы Туризм және спорт министрлігі мен барлық деңгейдегі әкімдерге елімізде бұқаралық спорт пен дене шынықтыру ісін дамытуға бағытталған ортақ шараларды белгілеу туралы нақты тапсырма берген. Және ұлт денсаулығының келешегі үшін, үлкен спортта үміт артатын бола­шағымыз үшін біз бұл міндеттерді бірлесе атқаруымыз керек.

Иә, мемлекетіміз өзінің алдына дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы тұтас міндет қойып отыр.

Елімізде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, дарынды балаларға арналған өңірлік спорт мектеп-интернаттары, олимпиадалық ізбасарлар даярлау орталықтары көбейіп, жекелеген спорт түрлері бойынша республикалық, өңірлік мамандандырылған спорт орталықтары құрылды.

Қазіргі уақытта бұқаралық спортты дамытуға ден қойылып, серпін беріліп отыр. Мемлекет басшысы 2020 жылы бұқаралық спортпен шұғылданушы халықтың санын 30 пайызға дейін жеткізу туралы міндет қойды. Ал бұл – болашақ дені сау ұрпақтың, яғни еліміздің стратегиялық дамуының қамы.

Спортшыларымыздың әлемдік деңгейдегі беделді жарыстарда қол жеткізген жетістіктері спортшыларды даярлаудағы қазіргі жүйеміз ықпалды да тиімді екенін аңғартады. Жоғары жетістіктер спортындағы рекордтар, халықаралық, ұлттық және басқа да ресми спорттық бәсекелердегі жеңістер бұқаралық спорттың дамуына моральдық тұрғыдан игі ықпалын тигізеді.

Бұқаралық спорт дегеніміздің өзі – спортпен жүйелі шұғылданатын адамдар мен спорт түрлерінің дамуы. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдер бұл көрсеткішті 30 және одан да көп пайызға жеткізуге ұмтылуда. Саламатты өмір салтын насихаттап, халықты спортқа тарту аса маңызды. Мұның адамның бойына күш-қуат құйып, рухани болмысын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз [5, 26 б.].

Қазір бізде, Қазақстанның барлық өңірлерін қосқанда, жыл сайын 20 мыңнан астам спорттық шаралар өткізіледі. Бірақ, бұл – аз, жер-жерде: ауылдарда, үлкенді-кішілі қалаларда, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйым-мекемелерде тың бастамаларға жол ашу қажет. Жарыстар, спартакиадалар мен универсиадалар, басқа да спорттық бәсекелерді бір мезгілдік шара күйінде қалдырмай, жүйелі, тұрақты, жыл сайын өтетін дәстүрге айналдырғанымыз абзал. Және мұны әркім өзінен, өз шаңырағынан бастауы керек. Спортты дамыту үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі механизмін іске қосып, қаржылы кәсіпорындарды спорт нысандарын салуға, спорт саласын қаржыландыруға тарту қажет.

Спорттың дамуы, оның ішінде маңызды спорттық жетістіктер мем­лекеттің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне де байланысты. Мемлекет спорт саласына тиісті деңгейде қолдау көрсетсе, спортшылар да тиісті дәрежеде дайындалып, соның арқасында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізе алады.

Спорттың даму деңгейі мен халықтың дене шынықтыруға деген немқұрайлылығы экономикалық өрлеуге кері ықпалын тигізуі мүмкін. Әрине, мейлінше дені сау, даярлығы жан-жақты халық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға да барынша үлес қосады. Сондықтан, бұқаралық спорт бүгінгі Қазақстан қоғамын алға жетелеу және ұлттық стратегиялық мүдделерге жету үшін ауадай қажет.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы, ҚР «Білім туралы» Заңы//2007,

  2. 2.Егеменді Қазақстангазеті, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»,

  3. «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1245 қаулысы,

  4. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»,

  5. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары».

2. Құлназаров.А. Қазақстан спорты және бұқаралық денетәрбиесіндегі ұлттық ойындар орны, 22.01.2008.

3. Байдосов Қ.Р., Мұхитдинов Е.Д., Жалмағамбетов А.А. Палуанның жан-жақты дайындығы. – Қазақша күрес: оқу құралы. Қазақ физкультура институты. – Алматы, 1987жыл.

4. Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы». – Кітап, 2006жыл. 275б.

5. Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері». – Білім, 2003жыл. 198б.








































Өтініш үлгісі

1.Тустикбаев Н.А

2.-

3.Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

4.Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы

5. Жамбыл облысы,Тараз қаласы, Астана мөлтекауданы 2 үй 22 пәтер

6. жұм:43-42-17. сот:87058451017.solpan040919832mail.ru

7.Бұқаралық спортты дамыту басты назарда.

8.Жаңартылған оқу бағдарламасы бұқаралық спорттың дамуына жарқын жол.

9.Қашықтықтан

10. жоқ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!