Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бүтін сандар. Рационал сандар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану |
Мектеп: Қуағаш негізгі орта білім беретін мектебі |
||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 18.10.2018ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Урынгалиева З.К |
||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысқандар: 10 |
Қатыспағандар: 0 |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Бүтін сандар. Рационал сандар (1-сабақ) |
||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
6.1.1.6 бүтін сан ұғымын меңгеру; 6.5.2.3 шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану; 6.1.1.8 рационал сан ұғымын меңгеру; 6.1.2.9 координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу. |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: |
-Бүтін сандар, рационал сандар ұғымдарын, белгіленуін біледі, түсінеді; -Рационал санды бүтін санның натурал санға қатынасы түрінде жаза алады; -Бүтін сандар, рационал сандарды координаталық түзуде белгілей алады; - Құрамында бүтін, рационал сандары бар теңдеулерді шеше алады. |
||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
-Бүтін сандар, рационал сандар ұғымдарын, белгіленуін біледі, түсінеді; -Рационал санды бүтін санның натурал санға қатынасы түрінде жазады; -Бүтін сандар, рационал сандарды координаталық түзуде белгілейді; - Құрамында бүтін, рационал сандары бар теңдеулерді шешеді. |
||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Бүтін, рационал сандар ұғымдарын пайдаланып, нүктелерді координаталық түзуде кескіндей алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Бүтін сан, рационал сан, координаталық түзу. Диалог пен жазу үшін қолданылатын сөздер мен тіркестер: 1.Натурал сандар жиыны…........ 2.Бүтін сандар жиынын құрайды............ 3.Рационал сандар жиынын құрайды............ |
||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық. |
||||||||||||||||||||||||||||
Пән аралық байланыс |
География, жаратылыстану |
||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Оң сандар, теріс сандар және қарама-қарсы сандар туралы біледі және координаталық түзуде кескіндей алады |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері түрлері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы (5 минут)
3-минут |
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру Саралау тәсілі: «Жіктеу» аралас гендерлік топ Әдіс: Миға шабуыл Жеке жұмыс Оқушыларды мағынасы оң және теріс сандарды білдіретін сөйлемдер жазылған карточкалар арқылы екі топқа бөлу I-топ оң сандар, II-топ теріс сандар
Дескриптор: -Оқушылар тереңдіктің, ойыстың теріс сан екенін ажырата біледі; -Оқушылар жылылықтың, биіктіктің оң сан екенін ажырата алады. ҚБ: От шашу 2.Үй тапсырмасын тексеру Жеке жұмыс Саралау тәсілі: «Диалог және қолдау көрсету» Әдіс: «Пицца» Өткен тақырыпқа шолу мақсатында оқушыларға пицца бөліктерінде жазылған сұрақтар ұсынылады. Оқушылар ұсынылған бөліктерде жазылған сұрақтарға жауап береді. 1.Қандай сандар оң сандар деп аталады? 2.Қандай сандар теріс сандар деп аталады? 3.Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды? 4.Координаталық түзу дегеніміз не? 5.Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең? 6.Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің оң жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар? 7.Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің сол жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар? Дескриптор: -оң сандар, теріс сандар анықтамасын біледі; -координаталық түзудің анықтамасын біледі; -санақ басы болатын О нүктесінің координатасын анықтайды; -координаталық түзу бойындағы О нүктесінің оң жағындағы және сол жағындағы нүктелердің координаталарын анықтайды. ҚБ: Шапалақ |
Карточкалар Таратпа материалдар |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы (5 минут) 7-минут 2-минут 5-минут 3-минут 5-минут |
1.Жаңа тақырыптың мақсатын ашу Топтық жұмыс Әдіс: «Сіз қаншалықты сенесіз?» Оқушылар карточкаларда жазылған ақпараттарды оқып және осы ақпараттар бойынша туындаған сұрақтар арқылы өз ойларын білдіреді
Дескриптор: -бүтін сандар жиынының құрамын анықтайды;
ҚБ: «Басбармақ»
2.Жаңа тақырыпты меңгеру Әдіс: «Ойлан, Жұптас, бөліс» Жұптық жұмыс Оқулықпен жұмыс Оқушыларға жұпта жаңа материалды меңгерту мақсатында карточкаларда жазылған тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар тапсырмаларды орындау мақсатында: - бүтін сандар мен рационал сандардың анықтамасын оқулықтан табады және мысалын қарастырады; - координаталық түзуде сандардың арасындағы бүтін сандарды, рационал сандарды көрсетеді; -құрамында бүтін, рационал сандары бар теңдеулерді шеше алады. Тапсырмаларды өзара талдап, постер қорғау арқылы тақтаға шығып түсіндіреді.
1-топ. Бүтін сандар жиыны. 1.Натурал сандар: 1,2,3,4,5,6,... оларға қарама-қарсы сандар: -1, -2, -3 ,-4 , -5 ,-6..... Натурал сандар, оған қарама-қарсы сандар және 0 саны бүтін сандар жиынын құрайды. Бүтін сандар жиынын Z әрпімен белгіленеді.
Бүтін сандар жиыны шектеусіз жиын. Мысал: 5; 0,7; -28; 25; -89 т.б 2.Координаталық түзуде -4,5 және 5,1 сандарының арасындағы бүтін сандарды көрсетеді Жауабы:
• • • • • • • • • • -4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5 3. Теңдеуді шешіңдер -x+4,5=7
2-топ. Рационал сандар жиыны 1.Рационал сандар жиыны қатынасы түрінде жазуға болатын сандар рационал сандар жиынын құрайды, мұндағы, . Демек, рационал сандар жиынына бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер енеді. Мысал: 7, -9, , 0,3, -0,19 – рационал сандар.
Кез келген рацонал санды бүтін санның натурал санға қатынасы түрінде жазуға болады. 2.Координаталық түзу бойында -2,5 және2,5 сандарының арасындағы -2; -1,5; -1; 1; 1,5; 2 рационал сандарын кескінде Жауабы: • • • • • • -2 -1,5 -1 1 1,5 2 3. Теңдеуді шешіңдер -y+3,9=6 Дескриптор: - бүтін сандар мен рационал сандар анықтамасын біледі, мысал келтіре алады; - координаталық түзуде сандардың арасындағы бүтін сандарды, рационал сандарды таба алады; - құрамында бүтін, рационал сандары бар теңдеулерді шеше алады. ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.
3. Сергіту сәті «Допты қағып ал» атты жаттығу жасау Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы бүтін сандарға, рационал сандарға мысалдар келтіреді.
4.Саралау тәсілі: «Тапсырма» Әдіс: «Кім шапшаң» Жеке жұмыс Деңгейлік тапсырмалар: (А,В,С ) I-топ №1 -3,5 саны қандай көршілес екі бүтін сандар аралығында кескінделеді?
№2 Бірлік кесінді ретінде дәптердің 2 тор көзінің ұзындығын алып, координаталық түзу сызыңдар:
№3 Теңдеуді шешіңдер: -m+2 =4 II-топ №1 -5,6 саны қандай көршілес екі бүтін сандар арасында кескінделеді? №2 Бірлік кесінді ретінде дәптердің 2 тор көзінің ұзындығын алып, координаталық түзу сызыңдар:
№3 Теңдеуді шешіңдер: -p+5 =8 Дескриптор: -берілген санның қандай көршілес бүтін сандардың арасында орналасқанын табады;
-координаталық түзуде нүктелерді белгілеп, осы нүктелерге қарама-қарсы нүктелердің координаталарын белгілей алады;
-құрамында бүтін, рационал сандары бар теңдеулерді шеше алады. ҚБ: «+», «-» қызықты әдіс арқылы өзара бағалау 5. Саралау тәсілі: «Қарқын» Әдіс: «Тереңірек ойлан» Жеке жұмыс Логикалық тапсырма: «Қазақ үйдегі кілемде» Аумағы 12 шаршы болатын қазақ үйдің ішіне кілем төселген. Біреуінің ауданы 5 шаршы, екіншісінікі 4 шаршы, үшіншісінікі 3 шаршы. Әрбір екі кілем бір жарым шаршы ауданға қабатталып төселген. Ал осы бір жарым шаршының жарты шаршысы, жердің барлық үш кілем қабатталып төселген бөлігіне тура келеді. Жердің кілем төселмеген ауданы қандай? Шешуі: Кілемдерді де және қазақ үйді де сыртқы дөңгелек ретінде қарастырсақ, боялған бөлік үш кілем қабаттасқан жерді көрсетеді: 1)5 – 2,5 = 2,5; 2)4 – 2,5 = 1,5; 3)3 – 2,5 = 0,5; 4)2,5 + 1,5 + 0,5 + 1 + 1 + 1 + 0,5 = 8; 5)12 – 8 = 4. Жауабы: 4 шаршы. Дескриптор: - дөңгелектің ауданын біледі; - жердің барлық үш кілем қабатталып төселген бөлігін таба алады; -жердің кілем төселмеген ауданын табады.
ҚБ: «Керемет»,
«Жарайсың» 6.Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
1-тапсырма a) Бірлік кесінді ретінде 4 см
кесіндіні алып, суреттегі нүктелерді координаталарымен O A B C D E • • • • • 0
b) Берілген нүктелерді бір координаталық түзуде кескіндеңіз: M(-1 ), N(1 ), L( ), K(-1 ), P(1 )
- сурет бойынша нүктелердің координаталарын жазады; - бірлік кесіндіні таңдайды; - нүктелерді координаталық түзуде кескіндейді.
Әдіс:
«Салыстыру мен салыстыруға
арналған графиктік
органейзерлер»
Q
Z
N
Дескриптор: Білім алушы - Сандарды Эйлер-Венн дөңгелегіне белгілейді. ҚБ: «Бағдаршам» әдісімен өзін-өзі бағалау |
Карточкамен жұмыс
Слайд№1
Оқулықпен жұмыс Т.А.Алдамұратова Т.С.Байшоланова Алматы «Атамұра» 2015ж
Слайд№2
Таратпа материалдар Слайд№3
Таратпа материалдар
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5минут |
Саралау тәсілі: «Қорытынды» Әдіс «Сөздер арасынан керектісін таңда» Жеке жұмыс Оқушылар кестедегі сөздер арасынан бүгінгі сабаққа қатысты терминдерді табады.
Дескриптор: -бүгінгі сабаққа қатысты сөздерді ажырата алады ҚБ: жұптар бірін-бірі бағалайды.
Рефлексия: «Бір ауыз сөз» Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады: ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым.
Үйге тапсырма: №321, №325
|
Таратпа материалдар
Слайд №4 Т.А.Алдамұратова Т.С.Байшоланова Алматы «Атамұра» 2015ж 96-бет |
|||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||||||||||||||
Тақырыпты меңгеру үшін «Ойлан, топтас, бөліс» әдісін ,. «Кім шапшаң» «, «Миға шабуыл» т.б. белсенді оқыту әдістерін пайдаланамын. Әрбір тапсырманы орындаған сайын оқушыларға кері байланыс беріп отырамын. Есеп шығаруда есептердің деңгейін(А,В,С ) қадағалаймын
|
«Шшапалақтау», «Екі жұлдыз,бір тілек», «Керемет», «Жарайсың», «Басбармақ», «Бағдаршам», : «+», «-» қызықты әдіс арқылы өзара бағалау әдістерін қалыптастырушы бағалау ретінде қолданамын. |
Сергіту сәті: «Допты қағып ал» ойынын пайдаланамын. Оқушылардың партада отыруын, техникалық қауіпсіздігін қадағалаймын. |
Қосымша №1
I-топ оң сандар
-
Жамбыл облысының орташа жылдық температурасы 9,7 градус жылы.
-
Хантәнірі шыңының биіктігі 6995 м.
-
Жоңғар Алатауының биіктігі 4442 м.
-
Шөлді жерде өсетін өсімдіктердің тамырлары 15-25 м тереңге кетеді.
-
Адыраспанның биіктігі 30-60 см.
-
Жылдық орташа температурасы 3,3° жылы
-
Арал теңізінің ең терең жері 66 м.
-
Байкал көлінің тереңдігі 1620 м.
-
Қарақия ойысы 132 м.
-
Бұқтырма бөгенінің тереңдігі 80 м.
-
Шөлді жерде өсетін өсімдіктердің тамырлары 15-25 м тереңге кетеді.
Қосымша №2
1.Бүтін сандар
жиыны.
2.Координаталық түзуде -4,5 және 5,1 сандарының арасындағы бүтін сандарды көрсет
Жауабы:
• • • • • • • • • •
-4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5
3. Теңдеуді шешіңдер
-x+4,5=7
-x=7-4,5
-x=2,5
x=-2,5 Жауабы: -2,5
Қосымша №3
1.Рационал сандар жиыны
2. Координаталық түзу бойында -2,5 және2,5 сандарының арасындағы -2; -1,5; -1; 1; 1,5; 2 рационал сандарын кескінде
Жауабы:
• • • • • •
-2 -1,5 -1 1 1,5 2
3. Теңдеуді шешіңдер
-y+3,9=6
-y=6-3,9
-y=2,1
y=-2,1 Жауабы:-2,1
Қосымша №4
№1
-3,5 саны қандай көршілес екі бүтін сандар аралығында кескінделеді?
№2
Бірлік кесінді ретінде дәптердің 2 тор көзінің ұзындығын алып, координаталық түзу сызыңдар:
-
Координаталық түзуде А(- ), В( ) және С(- ) нүктелерін белгілеңдер:
№3
Теңдеуді шешіңдер:
-m+2 =4