жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
БҰЗАҚЫЛЫҚ НЕМЕСЕ ВАНДАЛИЗМ
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
|
Тәрбие сағаты |
Вандализм |
|
|
Күні |
|
|
|
Класс жетекші: |
|
|
|
Класс: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
«БҰЗАҚЫЛЫҚ НЕМЕСЕ ВАНДАЛИЗМ» |
|
|
Сабақтың мақсаты: |
Құқықтық білімдерін артыра отырып,өзінің жас жеткіншекті бұзақылық әрекеттерден бойын аулақ болуға шақыру; Вандалдық әрекеттер мен оның жазасы туралы білімдерін кеңейту; |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тарту |
|
|
Ресімдеу |
Слайд,презентация |
|
|
Музыкалық және бейне көркемдеу |
интерактивті тақта, слайд |
|
|
Үлестірмелі материалдар |
байланысты фотосуреттер |
|
|
Тақырыптықкөрмелерменақпараттықстендтер |
Презентация |
|
|
Дайындыққа арналған әдебиет |
Интернет материалдары |
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар |
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) |
«БҰЗАҚЫЛЫҚ НЕМЕСЕ ВАНДАЛИЗМ» Вандализм — мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру, тып-типыл тонау әрекеті. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі есептеледі. Вандализм сөзі 445 жылы Рим қаласын басып алып, мәдениет туындыларын қиратқан және тонаған ежелгі герман тайпасы Вандалдардың (vandalі) атынан шыққан. Әрине, Вандалдар тарихтағы ең бұзғыншы халық болды деу қиын, одан неше есе өткен тарихи мұраларды қиратып-тонау оқиғалыры тарихта көп кездеседі. Бірақ, Британия ақыны Джон Драйден Вандалдар туралы: "Готтар, Вандалдар, солтүстіктің дөрекі жабайылары барлық бағалы мұраларды қиратып бітті" - деп жазып қалтырған екен. Бұл сөз бағалы тарихи мұраларды бұзып шағушыларды айыптауға мысал ретінде қолданылған. Вандализм термині алғаш рет француз революциясы кезінде, 1794 жылы қаңтарда Анри Грегуар (Henri Grégoire)Blois жеріндегі Конституциялық епископқа (constitutional bishop) есеп бергенде Вандализм сөзін тұңғыш рет қолданып, республикашылдар армиясының қылмыстарын айыптаған. Вандализм әдетте “агрессия” (“саяси күш қолдану, әскери шабуыл жасау”) деген ұғыммен тығыз байланысты. Әлеум.-экономикалық тегі мен хал-ахуалына, діни нанымына орай белгілі бір топты қуғындап, геноцидке ұшыратуға, мекенінен көшіріп жіберуге қатысы бар мемл. және қоғамдық негіздегі құрылымдардың іс-әрекеттері, көбінесе, Вандализмге ұласып жатады. Оның себеп-ауаны әр қилы болады. Мәселен, Вандализм әрекеті формалды лидерлердің бұйрығымен, топтың, тобырдың қаскөйлігімен, саяси, ұлттық не діни әуейіліктен туындаған әлдеқандай мақсат-мұратты көздегендіктен, сондай-ақ, ашу-ыза ырқымен, өш алу пиғылымен жасалуы мүмкін. Қазіргі кезде Вандализм сипатындағы қылмыстар көбейіп отырғаны байқалады. Осыған орай ҚР Қылмыстық кодексіне арнайы бап енгізіліп, қаскөйлік әрекет жасаушыларды жазалау шаралары көзделген. Жеке адамға немесе көпке ортақ мүлікке орынсыз залал келтіруді, мемлекет қазынасындағы құнды қалаларды қиратуды басты мақсат ететін вандалдардың тарихтағы алғашқы ізі сонау 450 жылдары Рим империясында қалған еді. Шығыс германдық басқыншылар «мәңгілік қаланың» архитектуралық жетістіктерін тонап, көптеген өнер туындысын алып кетті. Материалдық пайданы көздемейтін жабайылықтың жағымсыз үлгісі көрініс тапқан тұстан бері тұтас ғасырлар жылжып, бірнеше дәуір көшті. Уақыт сатысымен көтеріліп, адамзат баласы қанша ұрпақ ауыстырғанымен, «бір қадам алға, екі қадам артқа» басқандай жабайы мінез жойылмай келеді. Соңғы кезде орын алып жатқан жаңалықтар легі – соның айғағы. Вандализм қандай формада болуы мүмкін?Адамгершілікке жат және қоғам ойына сәйкес келмейтін граффити; (Мұндай граффитидің теггинг, бомбинг деген түрлері бар. Үшеуінің де мазмұны ұқсас).Кітаптарды өртеу; Зиратты бұзу, қорлау; Мәдени ескерткіштерді бұзу; Картиналарды бүлдіру; Мешіт пен шіркеуді өртеу; Адамның мұндай әрекетке баруына не себеп болады?Психолог Камила Мергенбаеваның айтуынша, адам вандализм арқылы ішкі күйін, басқа адамдармен келіспей тұрғанын жеткізеді. Мысалы, бір жасөспірім ғимараттың сыртын бояп, сызып немесе сындырып кетсе, қоғамға деген наразылығын білдіреді.Кейде басқалар «Іште сақтама, сыртқа шығарып таста» деген кеңесті дұрыс түсінбеуі мүмкін. «Агрессиямды сақтамай, оны шығарым келеді» деп, көшедегі көрінген затқа тиіседі. Бұл дұрыс емес әрі тәртіпсіздікке жатады. Сонымен қатар біреудің «Сен оны істей алмайсың, қолыңнан келмейді» деген сөзіне еріп, батылдығын даладағы затты бүлдіру арқылы дәделдегісі келуі де мүмкін. Адам вандализмге ненің әсерінен баратынын нақты айту қиын. Бұл ауытқуға жатпайды. Себебі адам ғимаратты біреуге еліктеп, ашуланып немесе наразы болып бұзады. Осылайша ішкі жан айқайын білдіреді әрі осы ісі үшін жазаланғысы келмейді, — дейді маман. Ресей психологы, ғылым кандидаты, доцент Людмила Ватова 11-23 жас аралығындағы адамдардың вандализм жасау себептерін зерттеген. Ол осы жас аралығындағы адамдардың вандализмге баруын 4 деңгейге бөледі:
Қазақстанда вандализмге қатысты қандай заң бар?Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 448-бабы бойынша, кәмелетке толмаған адам мемлекет қорғайтын ғимараттарды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, адам жерленген жерге сурет салып, қорласа, қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдірсе, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 15 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады. Басқа жағдайда адам тарихи, мәдени ескерткіштер мен ғимараттарды бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалады. Қылмыстық кодекстің 203-бабы бойынша: Егер азамат тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жойса немесе бүлдірсе, 3-7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Егер адам мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игілік объектілерін Қазақстаннан тысқары жерге заңсыз әкетіп немесе оларды қайтармаса, 3-7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Вандализм әрекеті абайсызда адам өлiмiне cебеп болса, күдікті сот шешімі бойынша 7-12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады. |
Оқушылар қысқаша өз ойларын жеткізеді. |
Слайд |
|
Сабақ басы (13 мин) |
Вандализм адамның девиантты мінез-құлқынан туындайды. Оның салдарынан өнер, мәдениет объектілері мен мемлекеттік маңызды орындар бүлінеді немесе біржола жойылады. Ал Францияның «Ларусс» баспасы: «Вандализм – әдемі дүниелерді, атап айтқанда өнер туындыларын жоюға мәжбүр ететін адам ақыл-ойының көрінісі» деп бағамдайды, яғни жеке немесе қоғамдық меншікті қасақана қирату, жою саналы адамның жасайтын әрекеті емес. |
Мысалы көрсетіледі |
Слайд
|
|
Ортасы (20 мин) |
ҚадырМырзалиевтің: Кімдіаяйдыесіргендер, Қызғаңдар?! Қасиеттіұғымдардысызғандар? Бәрін, бәрін, Барлығындабұзады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде қоғамдық мүлікті бүлдіру, бұзақылық және вандализм сияқты оқиғалардың жиілеп кеткеніне тоқталып: «Жуырда елордада мас адам лифтідегі мониторды сындырғаны үшін оған 14 мың теңге ғана айыппұл салынған. Бұлай болмайды. Мұндай іс-әрекеті үшін кемінде 15 тәулікке қамау керек немесе 1 жылға түзету жұмыстарына салу жөнінде жаза кесу қажет. Жеңіл жаза жарамайды. Ал іс жүзінде жазаламау салдары құқық бұзушылық пен қылмыстың одан әрі өршуіне алып келеді. Сондықтан осы мәселе бойынша заңнаманы қатаңдату керек», – деген еді. Айта кету керек, Конституцияда әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 448-бабы бойынша кәмелетке толмаған адам мемлекет қорғауындағы ғимарат, тарих және мәдени ескерткіштерді, қабірді сурет салып, қорласа, қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірсе, ата-анасы не оларды алмастыратын адамға 15 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады. 203-бап бойынша қазақстандық азамат табиғи кешенді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана бүлдірсе, 3-7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы тиіс. |
Елімізде ескерткіштерді қирату,түрлі нысандарды бүлдіру, сындыру фактілері жиілеген. Былтыр вандализм жасаған 5 мыңнан аса адам анықталған. Бұзақылар ұсталған жағдайда жазасыз қалмайтыны түсінікті. Бірақ көшедегі жүгенсіздік «қоғамдық эпидемияға» айналмас үшін не істеу керек? Оқушылардың пікірі тығдалады |
презентация |
|
Соңы |
Елімізде «вандализм» ұғымына кіретін әрекеттерді көп жағдайда жастар қауымы жасап жатады. Вандализм көбінесе үрейден, қаттылықтан, қозудан, агрессиядан болады. Яғни қандай да бір бойдағы агрессия ошақтарын қандырушы әрекет ретінде есептеледі. Вандализмге алып келетін жолдар: онтогенді яғни дұрыс емес тәрбие көзі, гипер немесе гипо байектеу баланы, жағымсыз орта болса, биогенді түрде ол шығу тегі (ішімдікке әуестік, психопатия, психикалық ауытқулары агрессивті түрде) арқылы генетикалық тұрғыда ұшырайды. |
|
Слайд |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген