Булингтен қорған

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Булингтен қорған

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызмет нөмірлері» ЖЖЕ «Көлік құралдарының аялдау жолы» Апта дәйексөзі Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі
Материалдың қысқаша нұсқасы



Педагогтің Т.А.Ә.

Қарапаш Ақерке Құралқызы

Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Булингтен қорған

Құндылық

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік»

Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.Адамның басты құндылығы оның бостандығы.

Қауіпсіздік сабағы

«Жедел қызмет нөмірлері»

ЖЖЕ

«Көлік құралдарының аялдау жолы»

Апта дәйексөзі

Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі

Мақсаттары

Мектепте буллинг және киббербуллингті болдырмау,болған жағдайда себептері және алдын алу жұмыстары туралы түсінік беру


Сабақ барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. «Миға шабуыл».

1.Тапсырма:

Оқушыларға сұрақтар қою

1.Буллинг деген не,қалай түсінесіздер?

2.Өз құқықтарыңды білесіңбе?

2.Тапсырма:

Сілтеме:

 https://youtu.be/RCA_wFW-mSo

Мұғалім:

Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Психолог буллингтің кез келген түрі қауіпті екенін айтады. Маманның сөзінше, қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы буллингті де жаңа деңгейге көтерген. Буллинг көп жағдайда физикалық қысымнан ғана тұрмайды. Көбінесе психологиялық шабуыл: қорлау, жаман сөздер айту, келемеждеу, өсек пен өтірік сөз тарату және шеттетуден тұрады

3.тапсырма

Оқушылар сіздер буллингтен қорғану үшін не істейсіздер?

Мұғалім:.
Шығармашылық жұмыс

Эссе жазу.

Қажетті білімді толық меңгердім бе?

Қай дағдыларды қалыптастырдым?

Үйге тапсырма

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

Баяндама жазып келу






Сұрақтарға жауап беріп,ат салысады.

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді


Оқушылар буллингтен қорғану тәсілдерін постерге жазып қорғайды.

Өзі сенім артатын үлкендерге болып жатқан қысым туралы айту;

Қудалауға қатігездікпен жауап берем деп үміттену дұрыс емес. Бұл тағы да басқа мәселелерді тудыруы мүмкін;

Егер буллингтің куәгері болған жағдайда оны назардан тыс қалдырмау керекпіз.















Оқушылар буллинг туралы эссе жазып,ортаға шығып оқиды.


Сабақ аяқталған соң, оқушылар стикерге өз ойларын жазып,пікір алмасады.




Слайд.
















Слайд






ЖЖЕ

«Көлік құралдарының аялдау жолы»

Тежеу жолы, біріншіден, машина доңғалағы мен жолдың арасындағы байланыс күшінің әсерінен белгілі болады. Жол құрғақ, автокөлік доңғалағының бедері жаңа болса, онда доңғалақтың жолмен байланыс күші онан сайын күшейіп, тежеу жолы қысқарады. Егер жол тайғақ, доңғалақ бедері жұқарған болса, онда доңғалақтың жолмен байланыс күші азайып, тежеу жолы ұзарады.

Сонымен бірге, автокөліктің тежеу жолы көліктің жүру жылдамдығына көп байланысты. Жылдамдық неғұрлым жоғары болған сайын тежеу жолы соғұрлым ұзын болады. Нақты мысал келтірейік. Автокөлік сағатына 30 шақырым жылдамдықпен жүргенде, жеңіл автокөліктің тежеу жолы 7,2 м, дәл осы жылдамдықта жүк машинасының тепжеу жолы — 9,5 м болады екен. Ал жүк машинасының жүру жылдамдығы 30 шақырымнан 60 шақырымға дейін өссе, тежу жолы 2 есе емес, өкінішке қарай, 4 есе артатыны нақты есептелген әрі дәлелденген.

Тежеу жолы ұзын болуының тағы бір себебі бар. Ол машинаның салмағына да байланысты. Әсіресе ірі жүк машиналары, автобустар, КамАЗ- дар мен КрАЗ-дардың тежеу жолы жеңіл машиналардың тежеу жолынан әлдеқайда ұзын болады.
























Источник: https://www.tarbie.kz/10228





«Жедел қызмет нөмірлері»

«ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ»

Сабақтың мақсаты: оқушыларды төтенше жағдайлардағы ережелерімен таныстыру.

Негізгі міндеттер:

1. Оқушылардың мамандандырылған қызметтерге көмек сұрай білуін дамыту.

2. Қандай жағдайларда шұғыл қызметтерге қоңырау шалу керектігін

түсіндіріңіз.

3. Оқушыларды шұғыл қызмет операторына ақпаратты дұрыс және анық жеткізуге үйрету.

Материалдар мен ресурстар:

Сабақтың осы тақырыбы бойынша мысалдарды көрсетуге арналған презентация.

Жедел қызмет нөмірлері туралы жадынамалары бар үлестірме материалдар. Проектор, проекциялық экран, компьютер.

Сабақтың барысы

1. Кіріспе (2 минутқа дейін):

Суреттерден құтқару қызметінің түрін анықта, құтқару қызметінің нөмірлерін

айт.




- Ортақ құтқару қызметінің нөмірін айт.

Кез келген қауіпті жағдайдан құтқаратын ортақ телефон нөмірі – 112. Бұл нөмірге хабарласу арқылы барлық қауіпті жағдай бойынша көмек ала аласыз. Төтенше жағдай кезінде бастысы, сабыр сақтап, диспетчерге, болған жағдайды дұрыстап түсінікті жеткізу қажет.

«Есте сақта!»

Өрт күзеті 101

Полиция 102

Жедел жәрдем 103

Төтенше газ қызметі 104,112

Бірыңғай құтқару қызметі 112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен

ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды 111

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.


2.

Қорытынды. Сабақты қорытындылау, балалар үйге қайталау үшін ала алатын шұғыл қызмет нөмірлері бар жадынама тарату.



Негізгі бөлім

- Өмірде жалғыздан-жалғыз қиын жағдайда қалып қоятын кездерде барлығын өзің жеңіп шығуың керек болады. Егер сен құтқару қызметтерінің нөмірлерін білсең, өзіңе де, айналаңдағы басқа адамдарға да көмектесе аласың. Ендеше нөмірлерді жазып ал!

Жағдаяттарды талқылау:

Үйде сен бір өзіңсің. Кенет түтіннің иісін сездің. Келесі бөлмеге барсаң, өртшығып жатыр. Сенің әрекетің.....

Спорттық алаңда балалар ойнап жүр. Араларында ересек адам жоқ. Ұлдардың біреуі құлап қалды. Ол қатты айқайлап жылап тұр. Баланың ауруы қатты ұлғая бастады. Сіздің әрекетіңіз...

Сен мектептен үйге келдің. Ата-анаң жұмыста, қарындасың балабақшада.

Ал үйден жағымсыз иіс шығып тұр. Газдың иісіне ұқсайды, сен не істейсің … Үйде жалғыз қалдың, сенің ішің пысып кетті. Сен қалжыңмен өрт қызметіне

телефон соғып, көршіүйде өрт болып жатқандығын хабарладың. Терезеге жақындап

өрт қызметінің машинасын күтіп тұрсың.

Осы оқиғаны аяқта .....

3. Практикалық бөлім. (6 минут)

Жағдайларды талдау.

Төтенше жағдайға қоңырау шалған кезде, сізге хабарлау керек:

1. Алдымен қоңырау шалу керек: мекенжайды айтып, байланыс үзілсе де, құтқарушылар қайда бару керектігін біледі.

2. Бұл қайда болды: аулада, пәтерде, қоймада және тағы басқа жерлерді нақты айту керек.

3. Не болғанын нақты хабарлау: теледидар, жиһаз жанып тұр; газдың иісі сезіледі.

Егер диспетчер сұраса сіз үйдің, пәтердің нөмірін, кіре беріске кіру кодын және барлық қажетті мәліметтерді нақтылап айту керек.

Пайдалы сілтемелер:

https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij https://youtu.be/XN1hCSucuqQ?si=d0QrFl9yslUOu2dn https://youtu.be/ylMqQnk_eq4?si=zzekmQUmfe_7ldVC











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2024
190
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі