Материалдар / «Буллинг деген не?»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Буллинг деген не?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Буллинг тақырыбында тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қырқүйек 2023
24
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 30% жеңілдік
беріледі
250 тг 175 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі

Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Ямышев жалпы орта білім беру мектебі" КММ






ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ






















Тақырыбы: «Буллинг деген не?»

Өтетін орны: 101 кабинет

Сынып:

Мерзімі: 22.09.2022 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Айтжанова М.Д





2022 ж




«Буллинг деген не?»

Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының міндеттері:

Білімділік: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту.

Тәрбиелік: Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу ортасын құру.

Дамытушылық: Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу.

Түрі: әңгімелесу

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Тәрбие түрі /бағыты/: Құқықтық тәрбие

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, қима қағаздар, түрлі-түсті карандаштар, қайшы, желім.


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: /20 МИНУТ/

Кіріспе бөлім

  1. Ұйымдастыру кезеңі 3 минут

«Күннің жылы сәулелері» жаттығуы

Негізгі бөлім

  1. «Миға шабуыл» әдісі 2 минут

  2. «Білгенге маржан» 3 минут

  3. «Ойлан, бөліс, талқыла!» әдісі 5 минут

  4. «Суреттер мозайкасы» 3 минут

  5. «Сергіту сәті 2 минут

  6. «Қорытынды

Рефлексия 2 минут


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:

Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу

Сәлеметсіңдерме оқушылар?!

«Күннің жылы сәулелері» жаттығуы

Шарты: Бүгін күн сондай шуақты. Олай болса барлығымыз осы күннің жылы шуақтарымен жылынып алйықшы. Қанекей, сәулелерді алақанымызға жинаймыз жинаймыз, жинаймыз, енді бір-бірімізбен де бөлісейік.

Негізгі бөлім:

I. Миға шабуыл (бейнеролик)

https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo

Шарты: Берілген бейнероликті көру, бейнероликке өз пікірлерін мұғалім қойған сұрақтарға жауап беру негізінде жеткізу.


Бағыттаушы сұрақтар:

  1. Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

  2. Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

  3. Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?

  4. Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?




II. Білгенге маржан

Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

Сергіту сәті: «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.

Шарты: Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.


«Ойлан, бөліс, талқыла!»

Шарты: Оқушылар берілген ақпаратты түсініп оқиды, әр топ ішінен бір оқушыдан шығып келесі топқа берілген ақпарат ішінен

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:

уайымдау;

ұйқының бұзылуы;

тәбеттің болмауы;

өзі жайлы жаман ойлау;

өз-өзіне физикалық зақым келтіру;

өлім туралы ойлау;

сабақ үлгерімдерінің нашарлауы;

ауыру;

«маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау;

өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану;

қорқу;


«Суреттер мозайкасы»

Шарты: Оқушыларға сурет қиындылары беріледі, оқушылар сурет қиындыларынан берілген бейнені құрастырады. Сол суреттер бойынша өз пікірін білдіреді.










Қорытынды:

Рефлексия:









«Шапалақ» әдісі:

3 рет шапалақ соқса – ұнады!

2 рет шапалақ соқса – жақсы!

1 рет шапалақ соқса – жақсы!


























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!