400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанда әрбір үшінші жасөспірім әлеуметтік желі арқылы құрдастарының тарапынан қысымға ұшырауда. Ғалымдар осы құбылысты «Буллинг» және «кибербуллинг» деп атады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлеуметтік желі қолданушыларына кибербуллингтің

құрбаны болу қаупі төніп тұр

Мен үшін осы бір шағын суретке, бүгінгі таңда адамзат атаулының тағдыры таңулы сияқты көрінеді. Себебі , XXI ғасырдағы өмірді ғаламтор шырмауынсыз елестету мүмкін емес. Ғаламтор желісі өміріміздің бір бөлшегіне айналып үлгерді. Сонымен бірге ол жаһандану үдерісіндегі жаңалық , адамзаттың ең үлкен жетістігі болып табылады.

Әлеуметтік желінің адамзат баласы үшін пайдасы өте зор,және оған қарсы келу мүмкін емес. Дегенмен, зияны да аз емес.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша дүниежүзі халықтарының 10%-ы әлеуметтік желіге тәуелді,тәуелділігі соншалық тіпті, интернет желісін кәдуілгі тағам, су, күн энергиясы сияқты қажет етеді. Интернеттің қолдану аясы кеңейген сайын ақпараттық кеңістікте адамның қауіпсіздігіне байланысты небір терминдер өмірге келуде. Бұл терминдердің пайда болуына жаңа факторлардың ықпалы бар. Соңғы жылдары ғаламторда балаларға жасалатын зорлық-зомбылықтың көбейгені соның айғағы.Қазақстанда әрбір үшінші жасөспірім әлеуметтік желі арқылы құрдастарының тарапынан қысымға ұшырауда. Ғалымдар осы құбылысты «Буллинг» және «кибербуллинг» деп атады.

Shape1

Буллинг пен кибербуллингтің ықпалы адамның өз – өзіне қол жұмсауына (суицид) дейін жеткізеді.

Телефон арқылы немесе әлеуметтік желілерде адамды әдейі ренжіту, қорлау оңай болып көрінеді. Мұны істеген адам басқаның жанын ауыртқанын сезбейді де. Егер де сен әлеуметтік желіні біреуді әдейі ренжіту, қорлау немесе ызасын келтіру үшін пайдалансаң, онда бұл – кибербуллинг.

Қоғамда “буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады” деген түсінік қалыптасқан. Шындығында, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін. Бүгінде жат ағымның жетегінде кеткен кез- келген жастағы адамдардың басым көпшілігін де осы кибершабуылдың құрбаны деп қарауға болады.

Кибербуллинг – интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін.

Бір кездері халықты, жас буынды интернетті «қолдануға» үйреттік қой, дәл сол сияқты қоғам мүшелері мен балаларды интернеттен «қорғануға» да үйрету керек. Бұл жалпы қоғамның, ата – ананың, ұстаздардың алдындағы кезек күттірмес мәселенің бірі болып тұр. Осы орайда қоғамда әр бір жеке тұлға, жәбірленушіге, үйде ата – ана баласына, ұстаз мектепте шәкіртіне ескертетін кибербуллингтің алдын алу жолдарын мына сызба арқылы ұсынамын. (safekaznet.kz қызметіне шағымдануға болады.)

Shape2





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 желтоқсан
128
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі