2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Буллингтен қорған!

Буллингтен қорған!

Материал туралы қысқаша түсінік
Буллингтен қорған!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады











<<Буллингтен қорған!>>

11-сынып

















Сынып жетекші: Баймухырова А.А







2024-2025 оқу жылы





Бекітілді ___________



Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Буллингтен қорған»

Күні

16.09.2024

Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)


Сабақтың мақсаты:

Буллинг сөзінің мағынасын ашу,таныту

Оқушыларға буллинг туралы толық ақпарат беру, оның зияны мен салдары туралы түсіндіру.

Оқушыларды бір-бірін құрметтеуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Қарым-қатынасты жақсарту, өзара қолдауды арттыру, буллингтің алдын алу жолдарын көрсету.


Құндылықтарды дарыту


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация


Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы








Сабақтың

кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды екі топқа бөлу.

Сабақтың мақсатымен және тақырыбымен таныстыру.

Балалар , бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Буллингтен қорған!»

-Буллинг дегеніміз не? Сұрақ қою арқылы тақырыпқа байланысты ой қалыптастыру

Әлімжеттік әлсіздің ісі!

Психологиялық ахуал орнату: шағын жаттығу арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру

«Жылы сөздер шеңбері» жаттығуы. Оқушылар шеңбер бойымен бір-біріне жылы сөздер айтып шығады»

Балалар, «Буллинг» сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /Оқушылар өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады/.

тақта арқылы «Буллинг» деген сөзге топтастыру жасау.

Бірінші топ:Түрлері,салдары,себептерін жазады

Түрлері:

Физикалық буллинг (ұр, соқ, итеру)

Психологиялық буллинг (мазақтау, қорлау)

Әлеуметтік буллинг (сырттап қалдыру, қоғамнан шеттету)

Кибербуллинг (интернетте қорқыту, мазақтау)

Салдары:

Қорқыныш

Депрессия

Өзін төмен сезіну

Өз-өзіне қол жұмсау ойлары

Оқуға деген ынтаның төмендеуі

Себептері:

Жеке қызғаныш

Билікке құмарлық

Ашу мен агрессияны шығару

Қорқыныш немесе әлсіздік сезімі

Екінші топ:Қатысушулар,алдын алу жолдары,қарсы әрекеттерді жазады

Қатысушылар:

Булли (қорлаушы)

Құрбан (буллингке ұшыраған адам)

Куәгерлер (сырттан бақылаушылар)

Алдын алу жолдары:

Ата-ана мен мұғалімдер бақылауы

Тәрбие жұмыстары

Ашық қарым-қатынас

Психологиялық көмек

Қоғамдық қолдау

Қарсы әрекеттер:

Көмекке жүгіну (мұғалімдерге, ата-аналарға)

Қорықпау және мәселені ашық айту

Достарды қорғау

Жаңа ортаға бейімделу

     

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер























Сабақ басы (13 мин)












Буллинг туралы ақпарат айту:

Буллинг– бұл жеке тұлғаны мақсатты түрде ұзақ уақыт бойы қорлау, мазақтау, зорлық көрсету әрекеттері. Бұл әрекеттер әдетте қайталанып отырады және қорлаушы (булли) мен құрбанның (буллингке ұшыраушы) арасында күш теңсіздігі байқалады. Буллинг физикалық, эмоционалдық немесе әлеуметтік тұрғыда болуы мүмкін және оның салдары өте ауыр болуы ықтимал.Буллингтің негізгі түрлері:

1.Физикалық буллинг: - Бұл түріне физикалық зорлық-зомбылық көрсету, ұру, итеру, заттарын тартып алу немесе бүлдіру жатады. Жиі кездесетін мысалдар: ұрып-соғу, заттарын сындыру немесе тартып алу, жәбірлеу.

2. Психологиялық немесе эмоционалдық буллинг:

Бұл түрі адамның өзін-өзі бағалауын төмендетуге бағытталған әрекеттерді қамтиды. Мысалы, мазақтау, намысын таптау, кемсіту, қорқыту немесе әлеуметтік топтардан шеттету. Мұндай буллингтің мақсаты – адамның психологиялық күйін бұзу.

3.Әлеуметтік буллинг: Әлеуметтік буллинг адамды қоғамнан, сыныптан немесе топтан оқшаулауды қамтиды. Булли басқа адамдардың құрбанға қарсы шығуын, оны топтан шеттетуін ұйымдастыруы мүмкін. Бұл әлеуметтік оқшаулану құрбанның өзін жалғыз сезінуіне, ешкіммен байланыс орната алмай қалуына әкеледі.

4. Кибербуллинг (интернеттегі буллинг):

Бұл интернет, әлеуметтік желілер немесе мобильді құрылғылар арқылы жасалатын буллингтің түрі. Мысалы, әдепсіз немесе қорлайтын хабарламалар жіберу, фотосуреттерді рұқсатсыз жариялау, жалған ақпарат тарату. Кибербуллингтің ерекшелігі – ол үнемі қайталанып отыруы мүмкін және құрбанға тәулік бойы әсер етеді.

Буллингтің себептері:

1.Қорлаушының тұлғалық мәселелері:

Кейде буллингті жасайтындар өздері де эмоционалдық немесе әлеуметтік проблемаларға тап болған адамдар болуы мүмкін. Олар өз мәселелерін басқаларды кемсіту арқылы шешуге тырысады.

Қызғаныш және билікке ұмтылу:

Буллинг кейде қызғаныштан немесе билікті иемдену мақсатынан туындайды. Мысалы, оқушылар арасында көшбасшы болуға тырысу немесе басқалардан артықшылыққа ие болу ниеті буллингке әкелуі мүмкін.

Буллингтің салдары:

1.Құрбандарына әсері:

Буллинг құрбандары депрессия, үрей, жалғыздық және өзін-өзі төмен бағалау сезімдеріне душар болады. Бұл ұзақ мерзімді психологиялық жарақаттарға, соның ішінде суицидке ұмтылу әрекеттеріне дейін әкелуі мүмкін.

Сұрақ-жауап:

- Буллинг дегеніміз не?

- Ол қандай жағдайларда болады?

- Оқушылардың өмірінде буллингтің қандай әсері болуы мүмкін?

Оқушылардан буллинг туралы ойларын сұрап, өз тәжірибелерімен бөлісуге шақыру.



Оқушылар ойларымен бөліседі













презентация

 











Ортасы (20 мин)


Оқушыларға Буллинг дегеніміз не?Буллингтен қалай қорғанамыз?атты видеоролик көрсету,сұрақтар қою

Ситуациялық сұрақтар: Екі топқа келесі ситуацияларды талқылауға беру.

1-ситуация:

Азамат ұзақ уақыт бойы Дидарды мазақтап, түрлі жолдармен тиісіп жүреді. Бір күні Дидардың үндемегенін пайдаланып, ұялы телефонын тартып алады. Оған бұл оқиға туралы біреуге айтса, физикалық зардап көрсетіп, сынып алдында қорлайтынын айтып қорқытады. Азамат мазақтап: «Бәрібір саған ешкім сенбейді, себебі мен ауқатты отбасынанмын», – деп кетіп қалады.

Талқылау сұрағы:

Бұл оқиғаға байланысты жалпы ойыңыз қандай?

Дидардың орнында болсаңыз, не істер едіңіз?

2-ситуация:

Сыныпқа жаңадан Алина есімді оқушы келді. Ол өте сәнді киінеді және оқу үлгерімі жақсы. Уақыт өте келе мұғалімдермен қарым-қатынасы жақсарады. Сыныптағы қыздар оны көре алмай, әдепсіз суреттер жасап, таратуға жоспар құра бастайды. Ержігіт бұл оқиғаны естіп қалады.

Талқылау сұрағы:

Бұл оқиғаға байланысты жалпы ойыңыз қандай?

Алина және Ержігіттің орнында болсаңыз, не істер едіңіз?  Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді.

Ойын: “Қорғаныс қабаты”

Бұл ойында оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ "буллинг жасаушылар", екінші топ "қорғанушылар". "Буллинг жасаушылар" түрлі сөзбен шабуыл жасайды, ал "қорғанушылар" әрқайсысы кезекпен шабуылдан қорғану жолдарын айтады (мысалы, «Оны елемеу», «Досыңның қолдауын сұрау», «Мұғалімге айту» т.б.). Бұл ойын арқылы буллингтен қорғанудың түрлі тәсілдерін пысықтайды.


 


Сұрақтарға жауап береді






презентация

Соңы






Қорытынды бөлім

Оқушылардан сабақ барысында не үйренгендерін, қандай тәсілдерді қолдануға болатынын сұрау.

Буллингтен қорғану және басқаларға қолдау көрсету маңызды екендігін атап өту.

Рефлексия:

Оқушыларға стикер таратып, олардан «Буллингті тоқтатудың ең тиімді жолы қандай?» деген сұраққа жауап жазып, тақтаға ілуін сұрау.

Қорытынды сөз:

Буллингті болдырмау үшін әрқайсымыз жауаптымыз. Бір-бірімізді сыйлау және қолдау арқылы мектепте қауіпсіз және достық орта құра аламыз.

"Таспен ұрғанды аспен ұр"

"Жақсылықтан жақсылық туады, жамандықтан жамандық туады"

"Әр адамның қадір-қасиетін сыйлау – өзіңді сыйлау"

"Адамгершілік – адамның ең асыл қасиеті"

«Жақсылық ексең, жақсылық орасың»

«Жақсы сөз - жарым ырыс»

«Досы көпті жау алмайды»

«Қатты сөз көңілге тиеді, жұмсақ сөз өмірге ие»

«Татулық – табылмас бақыт»

«Әлімжеттік әлсіздің ісі!»

Сынды мақал-мәтел және ұлағатты сөздермен сабақты аяқтау

                       



Оқушылар түсінеді сынып сағаты қорытындылайды








презентация



Жариялаған:
Duisenova Gulnaz Baurzhankyzy
17 Қаңтар 2025
126
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі