«Буллингтен қорған!»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Буллингтен қорған!»

Материал туралы қысқаша түсінік
- Оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру. - Қауіпсіз орта құруға тәрбиелеу. - Қиын жағдайларда көмек сұрау дағдысын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні:

ИМАНӘЛІ АҚБОТА БИНАЗАРҚЫЗЫ

Күні:

.

Сынып:

9 «Е»

Жалпы оқушы саны-26

Қатысқан оқушы саны-

Қатыспаған оқушы саны-

Сынып сағатының тақырыбы:

«Буллингтен қорған!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Жасөспірім және еңбек қатынастары»

Сабақтың мақсаты

оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға үйрету;

2) қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге үйрету.

3) Осы білімдерін күнделікті сабақта пайдалануға дағдыландыру.

оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға үйрету;

2) қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге үйрету.

3) Осы білімдерін күнделікті сабақта пайдалануға дағдыландыру.

- Оқушыларға буллинг (қорлау, мазақ ету, күш көрсету) ұғымын түсіндіру.

-Буллингтің түрлері мен салдарын талқылау.

- Оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру.

- Қауіпсіз орта құруға тәрбиелеу.

- Қиын жағдайларда көмек сұрау дағдысын дамыту.

Құндылық

әділдік және жауапкершілік

нәсіліне, жынысына, жасына, дініне және басқа да ерекшеліктеріне байланысты кемсітусіз барлық адамдар үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа ала білу;

әр адамның еңбегін мен қадір-қасиетін әділ бағалау, оның жеке басына құрмет көрсету және

қарым-қатынаста сыпайылық таныту қағидаттарын басшылыққа ала білу;

қаржылық, материалдық және уақыт ресурстарын ұтымды және ұқыпты қолдану;

белгіленген стандарттардың, нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету және оған сәйкес әрекет ету;

тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс


Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу, көңіл күйін сұрау.

  • Тақырыпты хабарлау.

  • Сабақ мақсатын түсіндіру.

Оқушылар топқа бірігіп отырады.

3-апта дәйексөзі: Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді. (Леонардо да Винчи)

Мұғалім сөзі:

-«Буллинг дегеніміз не?»
Буллинг — бір немесе бірнеше адамның басқа адамға қысым көрсетуі, қорлауы, мазақ етуі. Бұл мектепте, интернетте, көшеде де болуы мүмкін.

Буллингтің түрлері:

-Физикалық (ұрып-соғу, итеру)

-Сөзбен қорлау (мазақ ету, лақап ат қою)

-Әлеуметтік (топтан шеттету, елемеу)

Кибербуллинг (интернет арқылы қорлау, ар намысқа тию)

Оқушылар сәлемдеседі, ән ұранды орындайды.

Мұғалім айтқан дәйек сөзді дәптерлеріне жазып, жаттап алады.



Сабақтың ортасы



















































Бейнематериал көрсету (5 минут)

  • Қысқа мультфильм немесе ролик көрсету (мысалы, «Құдыққа итерілген бала» тақырыбында).

  • Кейін оқушылармен қысқаша талқылау: не байқадыңдар? Бұл жағдайды қалай шешуге болар еді?

-Буллингтен қорғанудың ең маңызды жолы — өз құқығыңды білу және құрметтеу.

-Әр адам жеке тұлға ретінде қадірленуге тиіс. Өзімізді қорғау үшін, алдымен, өзімізді бағалауды үйренуіміз қажет. Сенім мен батылдық адамның буллингке қарсы тұруына көмектеседі.

-Егер сіз буллингке ұшырасаңыз, жалғыз қалмаңыз. Сенімді адамдардан көмек сұрау өте маңызды: ата-аналар, мұғалімдер немесе достар сізге қолдау көрсете алады.

-Сондай-ақ, қоғамда сыйластық, түсіністік және жанашырлық атмосферасын қалыптастыру да өте маңызды. Егер біреуге зәбір көрсетілсе, бәріміз оған қарсы тұрып, қолдау көрсетуіміз керек.


-Буллингтің алдын алу үшін қоғам болып бірлесіп жұмыс істеу қажет. Тек осылай ғана біз әділеттілік пен құрметке негізделген қоғам құра аламыз.

Топтық жұмыс (10 минут)

Ситуациялық тапсырмалар:
Оқушылар 3–4 адамнан топқа бірігеді. Әр топқа түрлі жағдаят жазылған парақшалар таратылады.

Мысалы:

  • Сыныпта бір оқушыны бәрі мазақ етеді. Ол жалғыз жүреді. Не істер едің?

  • Саған әлеуметтік желіде қорлау хаттар келе бастады. Қалай әрекет етесің?

Топтар өз шешімдерін ортаға салады.


5. Рөлдік ойын (5 минут)

Оқушылар қысқаша көрініс қояды:

  • «Буллинг жағдайы» және «дұрыс әрекет ету»

ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ (10 минут)

29-САБАҚ «Жасөспірім және еңбек қатынастары»

Сабақтың мақсаты: оқушыларды еңбек қатынастарының негіздері мен олардың жұмыс орнындағы құқықтарымен таныстыру.

Негізгі міндеттер:

  1. Жасөспірімдердің жұмыстағы негізгі құқықтары мен міндеттерін түсіндіріңіз.

  2. Еңбек шарттарын жасасу ережелері туралы айту.

  3. Жұмыс орнында өз құқығыңызды қалай қорғауға болатындығынкөрсетіңіз.

Материалдар мен ресурстар:

Жасөспірімдердің еңбек құқықтары туралы презентация. Үлестірме материалдар (жадынама).

Сабақтың барысы

  1. Кіріспе (2 минут):

    • Талқылау: неліктен жұмыста өз құқықтарыңызды білу маңызды?

    • Тақырыпқа кіріспе: жасөспірімдердің еңбек қатынастары.

  2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін)

Кәмелетке толмағандардың еңбегін түнгі уақытта, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарында жұмыс істеу, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын өндіру, тасымалдау және сату) қолдануға тыйым салынады. 14-16 жас аралығындағы жұмысшылар үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 24 сағаттан аспайды, ал 16-18 жас аралығындағы жұмысшылар үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 36 сағаттан аспайды. 14 жастан бастап балалар ата-аналарының рұқсаты бойынша оқудан бос уақытында қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқылы.

ҚР Еңбек заңнамасы он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін айқындайды. ҚР Еңбек кодексінің 30-бабына сәйкес он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Ата- анасының, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының бірінің жазбаша келісімімен еңбек шарты он бес жасқа толған азаматтармен, олар орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда; он төрт жасқа толған оқушылармен денсаулығына зиян келтірмейтін және оқудан бос уақытында орындау үшін жасалуы мүмкін. Оқу процесін бұзатын; он төрт жасқа толмаған адамдармен кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде шарттарды сақтай отырып, денсаулығы мен адамгершілік дамуына нұқсан келтірмейтін шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу.

Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» заңы (бұдан әрі – заң мәтіні бойынша) кәмелетке толмағандардың негізгі құқықтары мен міндеттерін айқындайды, сондай-ақ олардың құқықтары бұзылған жағдайда жүгіну тәртібін регламенттейді.

«Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы


15-бап Баланың білім алу құқығы

16-бап Баланың еңбек бостандығына құқығы

16-1-бап Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы

17-бап Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы

19-бап Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы

20-бап Баланың мiндеттерi

35-бап Бала және дiн

36-бап Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау

37-бап Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау

38-бап Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттардан, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау

39-1-бап Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таратылуын, сондай- ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу

тәртібін мемлекеттік бақылау


Сонымен қатар, баланың негізгі нақты құқықтарыанықталған:

  • отбасында өмір сүру және тәрбиелеу;

  • оның ата-анасы кім екенін білу;

  • ата-аналарымен бірге тұруға (бұл оның мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда), олардың тарапынан қамқорлық алу;

  • ата-аналардың тәрбиесіне, ал олар болмаған немесе ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда қорғаншының, қамқоршының немесе балалар мекемесінің тәрбиесіне;

  • жан-жақты даму; адамның қадір қасиетін құрметтеу;

  • ата-анасымен, әжесімен, атасымен, ағаларымен, әпкелерімен және басқа туыстарымен қарым-қатынас жасау;

  • өз пікірін білдіруге арналған өтініш; тегі, аты, әкесінің атын алуға өтініш.

Практикалық бөлім:

- Топтық жұмыс: жұмыс орнында құқықтарды қорғау ережелерін әзірлеу.

  1. Қорытынды


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп отырады және өз ойларын дәптерге жазады.









Постер жасау






Оқушылар сұрақка жауап береді, пікір алмасады.





суреттер, бейнероликтер



Парақшалар (ситуациялық тапсырмалар)








Ватман мен маркерлер




https://youtu.be/UemLbhBjDLg?si=XBSTt5oEB2ZKY9uA https://drive.google.com/file/d/1uWg8gV- dKOin2ERX3qqwixV76Go96zdy/view https://drive.google.com/file/d/1We6g8IHJ5YCKTM88OAS4eyiNTHGEkINA/vi ew




































Сабақтың соңы бекіту

5 мин

Сабақты қорытындылау.

    • Буллингтің алдын алудың жолдары қандай?

    • Егер біреу буллингке ұшыраса, не істеу керек?

    • Біз қандай орта құруымыз керек?

Сынып ұраны:
? «Біз — біргеміз! Біріміз үшін — бәріміз!»

Кері байланыс

Оқушыларға стикер немесе қағаз қиындыларын тарату:

  • «Бүгін мен не түсіндім...»

  • «Мен енді қалай әрекет етем...»


Оқушылар өз ойларын айтып қорытындылайды.

стикер немесе қағаз қиындылары



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.00.2025
115
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі