Буллингтен қорған Мейірімділік сенен басталады. 6 - сыныптар: Жедел қызмет нөмірлері.

Тақырып бойынша 29 материал табылды

Буллингтен қорған Мейірімділік сенен басталады. 6 - сыныптар: Жедел қызмет нөмірлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Буллингтен қорған Мейірімділік сенен басталады. 6 - сыныптар: Жедел қызмет нөмірлері. 6 сынып сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы




Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда)

Мавлимжанова Г.

Күні:

10.02.25.

Сынып:6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы

Буллингтен қорған

Мейірімділік сенен басталады.

6 - сыныптар: Жедел қызмет нөмірлері.

Сабақтыңмақсаты

«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;

Балалардың «мейрімділік», «қайрымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Оқушылардың мамандандырылған қызметтерге көмек сұрай білуін дамыту

Құндылықтарды дарыту

Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

    

Сабақтыңбарысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтіңәрекеті

Оқушыныңәрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


«Кімнің қандай екенін тап»

Мақсаты: Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын

ұйымдастыру


  1. Кіріспе (2 минут)

Оқушыларға

Кім ешқашан кешікпейді-

Кім ешқашан айқайламайды-

Кім барлығымен өте сыпайы-

Кімнің даусы өте әдемі- т.б

Сөздер жазылған стикерлер таратады.

 «Ана махаббаты» аңыз әңгіме

Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:

-Анашым, сіз біздердің қайсымызды ерекше қатты жақсы көресіз?

Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:

-Мынау- шырақ, ол — мен!

Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.

—  Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім.Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?

Жоқ!

-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.

Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді…

Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!

Аңыз әңгіме бойынша сұрақтар:

1.Балалар не себепті келісімге келе алмады?

2.Ана өз сүйіспеншілігін қалай білдірді?

  1. Жақсы ой, сөз, іс- әрекеті үйлескен адам қандай адам?\

«Мейірімділікті анадан үйрен»

Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарға мейірімін сыйлайды. Мәпелеп, аялап бар жақсылығын мейірімін бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық даналары «Мейірімділікті анадан үйрен» деген.

-«Мейірімділік» кестесін толтырыңдар. Бірінші бағанға-мейірімді істердің,екінші бағанға-мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасаңдар;

«Мейірімділік» эмблемасын жасау;

«Мейірімділік жүректен» — эссе.

1 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ» Сабақтың мақсаты: оқушыларды төтенше жағдайлардағы ережелерімен таныстыру. Негізгі міндеттер: 1.. 2. Қандай жағдайларда шұғыл қызметтерге қоңырау шалу керектігін түсіндіріңіз. 3. Оқушыларды шұғыл қызмет операторына ақпаратты дұрыс және анық жеткізуге үйрету. Материалдар мен ресурстар: Сабақтың осы тақырыбы бойынша мысалдарды көрсетуге арналған презентация. Жедел қызмет нөмірлері туралы жадынамалары бар үлестірме материалдар. Проектор, проекциялық экран, компьютер. Сабақтың барысы 1. Кіріспе (2 минутқа дейін): Суреттерден құтқару қызметінің түрін анықта, құтқару қызметінің нөмірлерін айт. - Ортақ құтқару қызметінің нөмірін айт. Кез келген қауіпті жағдайдан құтқаратын ортақ телефон нөмірі – 112. Бұл нөмірге хабарласу арқылы барлық қауіпті жағдай бойынша көмек ала аласыз. Төтенше жағдай кезінде бастысы, сабыр сақтап, диспетчерге, болған жағдайды дұрыстап түсінікті жеткізу қажет. «Есте сақта!» Өрт күзеті 101 Полиция 102 Жедел жәрдем 103 Төтенше газ қызметі 104,112 Бірыңғай құтқару қызметі 112 «111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған. - «111» нөмірі – 24/7 байланыста - «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды 111 - «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста. 2.Негізгі бөлім - Өмірде жалғыздан-жалғыз қиын жағдайда қалып қоятын кездерде барлығын өзің жеңіп шығуың керек болады. Егер сен құтқару қызметтерінің нөмірлерін білсең, өзіңе де, айналаңдағы басқа адамдарға да көмектесе аласың. Ендеше нөмірлерді жазып ал! Жағдаяттарды талқылау: Үйде сен бір өзіңсің. Кенет түтіннің иісін сездің. Келесі бөлмеге барсаң, өрт шығып жатыр. Сенің әрекетің..... Спорттық алаңда балалар ойнап жүр. Араларында ересек адам жоқ. Ұлдардың біреуі құлап қалды. Ол қатты айқайлап жылап тұр. Баланың ауруы қатты ұлғая бастады. Сіздің әрекетіңіз... Сен мектептен үйге келдің. Ата-анаң жұмыста, қарындасың балабақшада. Ал үйден жағымсыз иіс шығып тұр. Газдың иісіне ұқсайды, сен не істейсің … Үйде жалғыз қалдың, сенің ішің пысып кетті. Сен қалжыңмен өрт қызметіне телефон соғып, көрші үйде өрт болып жатқандығын хабарладың. Терезеге жақындап өрт қызметінің машинасын күтіп тұрсың. Осы оқиғаны аяқта ..... 3. Практикалық бөлім. (6 минут) Жағдайларды талдау. Төтенше жағдайға қоңырау шалған кезде, сізге хабарлау керек: 1. Алдымен қоңырау шалу керек: мекенжайды айтып, байланыс үзілсе де, құтқарушылар қайда бару керектігін біледі. 2. Бұл қайда болды: аулада, пәтерде, қоймада және тағы басқа жерлерді нақты айту керек. 3. Не болғанын нақты хабарлау: теледидар, жиһаз жанып тұр; газдың иісі сезіледі. Егер диспетчер сұраса сіз үйдің, пәтердің нөмірін, кіре беріске кіру кодын және барлық қажетті мәліметтерді нақтылап айту керек. Қорытынды. Сабақты қорытындылау, балалар үйге қайталау үшін ала алатын шұғыл қызмет нөмірлері бар жадынама тарату. Пайдалы сілтемелер: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij https://youtu.be/XN1hCSucuqQ?si=d0QrFl9yslUOu2dn https://youtu.be/ylMqQnk_eq4?si=zzekmQUmfe_7ldVC


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Миға шабуыл Буллинг дегеніміз не? Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Миға шабуыл (бейнеролик) Мұғалім: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар) Бұл бейнеролик не туралы?

Видеодан кейінгісұрақтар:

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?


Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Мұзда қандай жазатайым оқиғалар болуы мүмкін екеніне мысалдар келтіріңіз. https://youtu.be/xauwY-Wnhj4?si=v31EyFvVoOCn-a0N


https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo


https://www.youtube.com/watch?v=bVhyQP3yRFw

Сабақтың ортасы

Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.

Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.


Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету — өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі.


Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.


Relationalбуллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляционбуллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relationalбуллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.


Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін.


Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

өзгерістерін жіктейді



























Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады









ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады










ҚБ «Өзін-өзі бағалау»





Ақпараттық мәтін










Үлестірмелі қағаздар










Суреттер




Тірек-сызбалар






Кесте



ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Рефлексия

Қажетті білімді толық меңгердім бе?

Қай дағдыларды қалыптастырдым?

Үйге тапсырма

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект
































Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.

Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.


Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету — өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі.


Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.


Relationalбуллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляционбуллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relationalбуллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.


Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2025
93
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
,
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі