Буын туралы түсінік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Буын туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөздің буыннан тұратының түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Сауат ашу

Покровка орта мектебі

Күні:

Жанибекова. У. А.

Сынып: 1

Қатысқан: 5

Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Буын

Оқу мақсаты:

Сөздің буыннан тұратының түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды.

Жетістік критерилері:












Барлық оқушылар білуге тиісті:

  • Сөздерді буынға дұрыс бөле алады;

  • Сөздегі буын санын дұрыс анықтай алады;

Оқушылардың көпшілігі:

  • Сөздерді буындап айтады.

  • Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын бар екенін анықтай алады;

Кейбір оқушылар:

  • Сөздегі буындарға дұрыс бөле отырып, олардың санын анықтап дәлеледейді;

  • Сөздерді буынға бөлуде немесе буын санын анықтауда қателеседі.


Бағалау критерийлері


Сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды.

Суреттер бойынша сұрақтар қоя біледі немесе қойылған сұраққа жауап береді.


Тілдік мақсат:

Сөздегі буындарға дұрыс бөле отырып, олардың санын анықтап дәлеледейді;

Лексика мен терминология:

буын

тасымал

ережелер

диалог

Диалогқа (жазылымға) қажетті тіркестер:

Буын не арқылы жасалады?

Буын саны неге байланысты?

Бір буынды сөздерде неше дауысты дыбыс болады?

Неге екенің айта аласыз ба?

Неліктен буындардан сөйлем құрастыра алмаймыз?

Неліктен сөздегі буын саны дауысты дыбысқа байланысты болады?

Неліктен дыбыстар жеке сөз құра алмайды?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген ізеттілікке тәрбиелеу.

Бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Бейне ролик, оқулық, жұмыс дәптері , сюжетті суреттер.

Осыған дейін меңгерілген білім:

Сөздегі дыбыстарды (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке

дауыстылар) ажырату және сызбада шартты белгілермен белгілеу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (жаттығуларды бос

орындарға қойыңыз)

Ресурстар

Уақыт

басы

0-5мин










2 мин









5 мин

























ортасы

15-25 мин


























5 мин












соңы

2 мин









3 мин






3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме,оқушылар? Көңіл-күйлерің қалай?

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де,

Қуанамыз бәріміз

Арайлап атқан күнге.

Оқушыларды топқа бөлу

От, Су, Күн суреттері арқылы топқа бөлу

От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.

Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен

жұмыс жасайтын топ.


Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар,алдарыңда не көріп тұрсыңдар?

-Қызыл үй мен көк үй?

-Қызыл үйде қандай дыбыстар тұрады деп ойлайсыңдар?Ал көк үйде?

-Дұрыс айтасыңдар.Қызыл үйде дауысты дыбыстар,көк үйде дауыссыз дыбыстар.Енді осы екі үйдің тұрғындары тіл табыса алмайды екен.Біз сендермен оларды татуластыру керекпіз.Ол үшін осы әріптерді дыбыстап көрейік. Енді, осы дыбыстардан сөз құрастырайық.

-Татуластырдықпа?


Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

(видео көрсету) Imektep

-Балалар осы видеодан нені байқап отырмыз?

-Буын дегеніміз не?

Буын дауысты дыбыс арқылы жасалады екен: ә-кел

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады:

от, а-на, ме-ре-ке, бей-біт-ші-лік.

Й,ң,у екі дауыстының ортасында келсе, екінші буыннан басында айтылады: жа-ңа, та-уық.

1-тапсырма (ауызша)

Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.

Шеше, көке, нағашы, қалам, бөрік, қасқыр, жазушы, балалар.

Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атаңдар

2-тапсырма

Оқушыларды назарын суретке аудару. Оқу құралдарының аттарын атау. Заттардың атын буынға бөліп жазу. Дауысты дыбыстардың астын сызу. Сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар екенін анықтау. 
Кі-тап, дәп-тер, қа-лам-сап, сыз-ғыш, ө-шір-гіш, қа-рын-даш.
Қорытынды: сөздегі буын саны дауысты дыбысқа байланысты екенін пысықтау.

Сергіту сәті

Орнымыздан  тұрайық,

Қолды  белге қояйық.

Иіліп  солға  бір,                                                                          Иіліп  оңға  бір,                                                                            Алға  қарай  бір  адым,                                                               Артқа  қарай  бір  адым,                                                             Жоғары,  төмен  қарайық,                                                          Орнымызды  табайық.

Топтық жұмыс.

«Кім жылдам?» ойыны. Әуелі бәр буынды, содан кейін екі буынды және үш буынды сөздерді ата.

Күн, түлкі, лақ, қозы, көгершін, қарлығаш.

3-тапсырма
«Адасқан буындар» ойыны.

Берілген буындардан сөз құрау,сөздерден сөйлем құрау.

Астана,суретші,балалар

Қорытынды:Буыннан сөз құралады, сөздерден сөйлем құралады.


«Өрмекші» сызбасы арқылы сабақ материалын тексеру

  • Бүгінгі сабақта біз немен таныстық?

  • Буын дегеніміз не?

  • Буын не арқылы жасалады?

  • Буын саны неге байланысты?

  • Бір буынды сөздерде неше дауысты дыбыс болады?

Бағалау

Мұғалім тарапынан бағалау «Сэндвич» әдісі

  1. Сәтті жақтары, не ұнады

  2. Сындарлы сын не нәрсені жақсарту керек

  3. Болашаққа комментарий маған ұнады, бірақ болашақта ....

К ері байланыс «Баға ағашы» рефлексиясы







* САРЫ – қызықты;

* ҚЫЗЫЛ –қызықты емес

* ЖАСЫЛ - өте қызықты;





























АКТ


Үйлер,әріптер,

сөздер.

Интербелсенді тақта




















Интербелсенді тақта,слайд,

маркер












































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
1296
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі