“Cалауатты өмір салты-біздің болашағымыз” спорттық сайысының жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Cалауатты өмір салты-біздің болашағымыз” спорттық сайысының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
“Cалауатты өмір салты-біздің болашағымыз” спорттық сайысының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» КММ













Cалауатты өмір салты-біздің болашағымыз”

Спорттық сайысы



Сынып:

Сынып жетекшісі:









2024-2025 оқу жылы



атындағы орта мектебіндегі оқушылар арасында өткізілетін “Cалауатты өмір салты-біздің болашағымыз” атты эстафеталық жарыстың ережесі

Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойынға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту,

Қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестермен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.

-Салауатты өмір салтын қалыптастыру

- Бұхаралық спортты дамыту


Көрнекілігі: Доп, кедергілер, шар, секіртпе, таяқша,арқан.

Көңілді старт эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!


Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

  • Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

  • Еңбек етіп келгенінше әліміз.

  • Алға”- деген бір-ақ мақсат ұстанып,

  • Сайысқа аттанайық бәріміз.

Ойынның барысы:

«Таныстыру»

1.«Тасымал»
2.«Көңілді вагондар»

3.«Кім епті»

4.«Мақал-мәтел эстафетасы»

5.«Алға сүйре»

6.«Арқан тартыс»

Жүргізуші: Президентіміз Қ.Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай

Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр


Денсаулық-баға жетпейтін жалгыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарауы қажет..Бүгінгі өткізгелі отырған “Көңілді старт” сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,

Әзірледік сізге орынды төрден біз.

Ұландардың ең құрметті қонағы,

Жанкүйерде төрешіде өзіңіз.


Жүргізуші: - Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сендерге үлкен сәттілік тілейміз.

Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер.
Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.


Эстафеталық ойынның І кезеңін бастайық.

І кезең: «Тасымал»  Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде ойыншы қасықпен теннис шаригін кедергілер арқылы межеге жеткізіп,секіртпе арқылы мәреге келіп,әріптесіне береді. Осылай ең соңғы ойыншы қалғанша ойналады .Ең соңғы ойыншысы мәреге жеткен команда жеңіске жетеді.

- Рахмет, құрметті сайыскерлер! Осымен бірінші кезең аяқталды. Әділқазы алқасы әр командаға сәйкес ұпай санын қояды.

Ал біз ойынымыздың ІІ кезеңіне көшейік.

ІІ кезең: «Көңілді вагондар» Ойыншылар бұл кезеңде кедергілер арқылы жүгіріп межеге келіп ,келесі ойыншыны қолынан ұстап жүгіреді.Ең соңында барлық ойыншылар қол ұстасып,мәреге бірінші жеткен команда жеңіске жетеді.


ІІІ кезең. «Кім епті» Ойыншы допты тізесіне қысып секіріп,кедергілер арқылы өтеді ,ең соңғы команда ойыншысы бірінші болып мәре сызығын кескен команда жеңіске жетеді.

Эстафета ойындарына қатысушы спортшыларымызға сәттілік тілей отырып,
әрі қарай сайысымызды жалғастырайық.


ІҮ кезең. «Мақал-мәтел эстафетасы»Секіртпемен алаңның ортасындағы шеңберге жетіп,ортасындағы параққа денсаулық, спорт, салауатты өмір салты туралы мақал-мәтел жазып,мәреге бірінші жеткен команда жеңіске жетеді.


Ү кезең. .«Алға сүйре» Ойыншы шеңбермен допты кедергілер арқылы сүйретіп келесі ойыншыға, береді барлық командалардың ойыншылары қатысқан бұл сайыста мәреге бірінші келген команда жеңіске жетеді.


ҮІ кезең. .«Арқан тартыс» Барлық команда мүшелері керілген арқанмен тартысады.Жарысқа екі командадан қатысады.Арқанды командасымен өзіне қарай тартып алған команда жеңіске жетеді.


Жүргізуші:- Құрметті көрермендер, менің ойымша, эстафеташылар осы жарысқа барлық ынта жігерін салған сияқты. Олай болса ойыншыларымызды қошеметтеп қояйық.
(Әділқазылар ұпай сандарын айтып, жеңімпаз топты атайды)

Марапаттау рәсімі


Қорытынды: Осымен бүгінгі Cалауатты өмір салты-біздің болашағымыз атты эстафеталық жарысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты болсын! Атамекеніміз – Қазақстан жасасын! Келесі жарыстарда жолыққанша сау болыңыздар.






















































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.02.2025
83
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі