Материалдар / "Цифрландыру дәуірінде қазақ халық ертегілерін жаңғырту"

"Цифрландыру дәуірінде қазақ халық ертегілерін жаңғырту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастардың бос уақытын тиімді өткізу, қазақ халық ауыз әдебиетіне деген оқырманның қызығушылығын арттыру заман талабы болып отыр. Сол себепті, қазақ фольклорындағы ертегілерді насихаттауды жаңа технологиялармен сабақтастыра отырып зерделеу маңызды мәселе.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2025
55
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«ЦИФРЛАНДЫРУ ДӘУІРІНДЕ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ»

Шалтенова Жұлдыз Жұбантайқызы, Жалпы білім беретін «Smart Bilim» мектеп-гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ақтөбе/Қазақстан,

shaltenovazhuldyz@mail.ru


Аңдатпа. Жастардың бос уақытын тиімді өткізу, қазақ халық ауыз әдебиетіне деген оқырманның қызығушылығын арттыру заман талабы болып отыр. Сол себепті, қазақ фольклорындағы ертегілерді насихаттауды жаңа технологиялармен сабақтастыра отырып зерделеу маңызды мәселе. Ертегілер – ұлттың жаны, халықтың қазығы, болашаққа жол сілтер бағдары. Ертегілердің этномәдени, әдеби, тарихи артықшылықтарынан бөлек, этнодидактикалық, әдістемелік, педагогикалық құндылықтары өте зор.

Мақалада қазақ фольклорындағы ертегілерді жаһандану дәуірінде, цифрландыру дәуірінде жаңғыртудың ұлттық сипаттағы маңызы мен өзектілігі, алғышарттары мен оларды насихаттауда АКТ-ны тиімді қолданудың маңыздылығы мен ескерілуге тиісті аспектілер жайында жазылған.

Түйін сөздер: фольклор, ертегі, АКТ, қашықтан оқыту, жаңғырту.

Аннотация. Повышение интереса читателей к казахской народно-устной литературе является важным вопросом. Поэтому решение этого вопроса в сочетании с новыми технологиями актуальная тема. Потому что сказки-это душа нации, путь в будущее. Помимо этнокультурных, литературных, исторических ценностей сказки имеют большое значение этнодидактические, методические, педагогические ценности. В статье рассказывается о важности и актуальности национального характера модернизации сказок казахского фольклора в эпоху глобализации, цифровизации при эффективном использовании ИКТ.

Ключевые слова: фольклор, сказка, ИКТ, дистанционное обучение, возрождение.

Abstract. Spending free time of young people effectively, increasing reader's interest in Kazakh folk literature is a modern requirement. That is why it is an important issue to study the promotion of Kazakh folklore tales in connection with new technologies. Apart from the ethno-cultural, literary and historical advantages of fairy tales, ethno-didactic, methodological and pedagogical values ​​are very great. Therefore, it is necessary to expand the scope of application of our national values, to search for various platforms and modern ways of promoting them, and to create its scientific and methodological paradigm. The article describes the national importance and relevance of reviving Kazakh folk tales in the era of globalization and digitization, the prerequisites, the importance of effective use of ICT in their promotion, and the aspects to be taken into account.

Keywords: Information technology, folklore, fairy tales, distance education, modernization.

«Әдебиет – жан-дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қырлары арқылы ақыл иесі – адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызықтығы да, күрделілігі де осында жатса керек» [1, 11]. Бүгінгі таңда ұлттық болмысымызды сақтай отыра, жаһандану көшінен ілгері қалмау, оқу мен оқытуда, зерттеуде АКТ-ны тиімді қолдану мәселелері өзекті болып отыр. Біздегі басты міндет – түрлі технологиялардың көмегімен қолданылатын амал-тәсілдерге бейімделген қазақ ертегілерін жаңғыртудың тұжырымдамасын құру емес, керісінше, осы технологияны қолдану арқылы қазақ халық ертегілерін жаңғыртуды дамыту. Ұлттық құндылықтарымызды, халқымыздың бойына сіңген фольклор мұраларын жарыққа шығару, көштен қалдырмау – біз секілді жас ғалымдардың жауапкершілігінде.

Фольклор – ауызша өнер. Фольклордың көлемді бір саласы саналатын ертегілер ұрпақтан ұрпаққа ауызша формада берілу арқылы ұлттың болмыс-бітімін, сыр-сипатын, ерекшелігін – бәрін-бәрін жеткізе алады. Әлемдегі цифрлық технологиялар мен әртүрлі техникалардың дамуы білім-ғылымды, мәдениетті өз соңынан ілестіреді. Сондықтан ұлттық құндылықтарымыздың қолданыс ауқымын кеңейтіп, оларды насихаттаудың түрліше платформаларын, замануи жолдарын іздестіріп, оның ғылыми-әдістемелік парадигмасын құруымыз қажет.

Фольклордың қара сөзбен айтылатын ерекше мол түрінің бірі – ертегі. Ол халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Ғажайып хал, қиял әңгімелері, орасан уақиғалы қызық әңгімелер, салтпен тарихпен байланысты оқшау әңгімелер – бәрі де ертегінің түрлері.

Барлық түрлері өз алуан өзгешеліктерімен тұтас зерттеледі. «Ертегі» деген аты ертедегі, ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. [2, 16]

Академик С. Қасқабасов қазақтың хайуанаттар туралы ертегілерін “этиологиялық ертегілер”, “мысал ертегілер”, “классикалық ертегілер” деп аталатын үш топқа бөліп қарастырады [3, 27].

Тұлғаға әсер ету – оқыту технологияларымен тығыз байланыста болғандықтан, олардың дамуына орай, әлбетте, педагогикалық орта мен әдіс-тәсілдер де өзгереді. Мектеп пен мұғалімнен тыс ортадағы оқыту технологияларының алуантүрлілігі білім алудың жаңа тәсілдерін құруға мүмкіндік беріп отыр. Цифрлық технологиялар оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым-қатынастардың мүлде басқа түрін қалыптастыра бастады. Иә, бізге педагогиканың стилі мен мазмұнын қайта қарастыру қажет, себебі цифрлық дәуір бізге жаңа технологиялық сын-тегеуріндерін қарсы қойып келеді. [4, 17]

16 мен 24 жас аралығындағы жастардың ғаламторда айналысатын негізгі жұмысы – әлеуметтік желілерді пайдалану (Office for National Statistics, 2011). Сондықтан, Instagram желісінде әлеуметтік сауалнама өткіздік. Сауалнамаға барлығы 40 адам (оқушы, студент, жұмысшы) қатысты және ол төмендегідей сипатта болды:

  1. Қаншалықты жиі ертегі оқисыз (тыңдайсыз)?

  2. Дәл қазір, шамамен, неше ертегі есіңізде бар?

  3. Қазақ фольклорына тән қандай ертегілерді білесіз? (жауап нұсқалары жоқ)

  4. Қазақ халық ертегілерін жаңғырту кімнің міндеті деп есептейсіз?

  5. Қазақ халық ертегілерін жаңғырту мәселесіне алаңдайсыз ба?

  6. Қазақ халық ертегілерін жаңғыртудың қандай заманауи әдістерін ұсынасыз? (жауап нұсқалары жоқ)

Аудитория көрсеткен кері байланыс төмендегідей:

  1. Бір айда бірнеше мәрте – 4 адам (10%);

Бір айда бір мәрте – 10 адам (25%);

Үш айда бір мәрте – 12 адам (30%);

Бір жылда бір мәрте – 14 адам (35%).

  1. 1-5 ертегі – 15 адам (37,5%);

6-20 ертегі – 16 адам (40%);

20+ ертегі – 9 адам (22,5%).

  1. 8 адам (20%): «Ер Төстік», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Құмырсқаның қанағаты», «Түлкі мен қарға», «Алтын сақа», «Күнекей қыз»;

32 адам (80%) – жауапсыз.

  1. 2 адам (5%) – жазушылардың;

15 адам (37,5%) – педагогтердің;

23 адам (57,5%) – жастардың.

  1. Иә, ол маңызды – 34 адам (85%)

Жоқ, ертегінің маңызы жоқ – 6 адам (15%)

  1. Мультипликация, комикстер мен мультфильмдер, бейнероликтер

Сауалнама қорытындысы бойынша жастар ертегіні жиі оқымайды,

пайдаланбайды, тіпті, маңызды емес деп есептейтіндері де бар. Десек те, бұл жанрды жаңғыртудың замануи әдістерін ұсынғандар болды, демек, ертегілерді жаңғыртудың замануи әдістерін ұсыну – маңызды.

Керқұла атты Кендебай, Таусоғар мен Көлтауысарды жолдас еткен Ер Төстік, алтын сақасын іздеген бала, Ай астындағы Айбарша сұлу мен Күн астындағы Күнікей қыз — халық ертегілерінің қаһармандары барша мұратына жетіп, баланың қиялына қанат бітіреді. Ертегінің кез келген кейіпкері — ақылды тасбақа мен қоян, қарға мен кірпі, тіпті кішкентай құмырсқаның өзі мейірімділікке, ізгілікке баулиды.

Жастардың бос уақытын тиімді өткізу, технологияның пайдалы жақтарын қолдану, қазақ халық ауыз әдебиетіне деген оқырманның қызығушылығын арттыру заман талабы болып отыр. Сол себепті, цифрландыру дәуірінде қазақ фольклорындағы ертегілерді жаңғырту әдістемесін жаңа технологиялармен сабақтастыра отырып зерделеу – әлеуметтік сауалнама нәтижесі көрсеткендей, маңызды мәселе.

Қазақ ертегілері не үшін қажет екенін әдебиет зерттеуші, ғалым А.Байтұрсынов: «Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, кезектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:

1.Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе.

2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.

3.Бұрынғылардың сана-саңлау, қалпы-салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе» - деп айтқан болатын.

Қазақтың да хайуанаттар жайындағы ертегілерінің көркемдік ерекшеліктерін саралап көрсету барысында М.Әуезов: “Әңгімелену ретіндегі тіл кестесіне қарағанда бұл ертегілер қиял-ғажайып ертегілерінен басқаша келеді. Бұнда хайуанаттарды бір-бірімен тілдестіру, әңгімелестіру көп. Әсіресе көп сөйлейтін түлкі, байғыз, қасқыр сияқтылар… Хайуанаттар жөніндегі ертегілердің үлкен бір ерекшелігі: түр байлығымен қатар әңгімелеген тіл байлығы бұл топтағы ертегілердің стильдік, көркемдік ерекше қалпын танытады”,– деп жазған [2, 29-30 б.б.].

Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ. Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан [5, 174].

Ертегілерді насихаттауда аудиторияның қызығушылығын арттыру үшін, оларды жалықтырмау үшін, төмендегі сұрақтарға жауап алыну керек:

  1. Зерттеу. Менің тұтынушыларым кім және оларға не қажет? Қандай принциптер мен теориялар өзекті?

  2. Қолданыс. Бұл принциптер осы жағдайда қалайша қолданылуға тиіс?

  3. Таныстыру немесе модельдеу. Тұтынушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын шешім қандай? Мұны тұтынушыларға қалайша тікелей жеткізген жөн?

  4. Итерация. Даму талаптарына қалай бейімделеді? Іс жүзінде бұл қаншалықты пайдалы? Қай тұстарын өзгерткен дұрыс?

Жоғарыда аталған мәселелерді ескере отырып, Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі ертегілерді насихаттауда мынадай жолдарды ұсынамыз:

  1. Көлеңке театры. Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі ертегілердің мән-мазмұны жастар орталықтарында көлеңке театры арқылы қойылса;

  2. Аудиодискі. Қазақ ертегілері аудиодискілерге жазылып, балабақшаларға таратылса. Балалар түскі үзілістегі ұйқы алдында тыңдаса;

  3. Флеш-жады. Қазақ халық ертегілерінің мультипликациялық жинағы флеш-жадыға енгізіліп, оқушылар мен студенттерге тегін таратылса;

  4. Жапсырмалар. Қазақ халық ертегілеріндегі жағымды кейіпкерлердің жапсырмалары шығарылса;

  5. Мультипликация. Телеарналарда қазақ халық ертегілері мультфильм ретінде көбірек көрсетілсе, оның ішінде, 3D форматында қойылса;

  6. Кітаптар мен материалдар. QR-код арқылы 3D форматында, 5D форматында, 7D форматындағы кітаптар мен материалдар (кейіпкерлерге жан бітіріп) шығарылса;

  7. Мемлекеттік тапсырыс. Қазақ халық ертегілерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын іс-шараларға мемлекеттік тапсырыс берілсе;

Қазақ ертегілерін зерделеп, жаңғыртқанда ғана тіліміздегі ұмыт болған сөздер қайта айналымға қосылады, бала қиялының шекарасы кеңейеді, жастарды ізгілікке тәрбиелейміз, ұлттық құндылықтарымызды тарих шаңының астында қалдырмаймыз.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған ұсыныстарға қазіргі таңда күллі әлем бойынша көптің көңілінен шығып, біраз саланың жұмысын жеңілдетіп жатқан жасанды интеллект жайлы біраз сөз қоссақ болады. Себебі, ол да техниканың жетістігі. Ақпарат алмасу, білім-ғылымды ілгерілету сияқты мәселелерге келгенде жасанды интеллект орасан зор пайдасын тигізеді.

Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр [5].


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі: - Алматы: Қазақ ун-ті, 2019. - 266 б.

  2. Әуезов М., Ысмайылов Е. Ертегілер / / Қазақ ертегілер жинағының 1-томы, 1957. – 7-36 бб.

  3. Қасқабасов, С. А. Классикалық зерттеулер: көп томдық / ҚР Білім және ғылым м-гі, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-ты; . - Алматы: Әдебиет әлемі, 2012. - 382,

  4. Элен Битэм, Рона Шарп. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны. Oxford University Press. 2013 316 бет

  5. Е. Дүйсенбайұлы. Қазақ ертегілері: - Алматы: Жазушы, 2009. – 318 б.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!