Материалдар / Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам

Материал туралы қысқаша түсінік
Р.Қошқарбаевтің туғанына 100 жыл толуына байланысты және Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2024
140
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар


Сынып сағаты

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»

Күні

14 қазан 2024 жыл

Сынып жетекші: М.Қанатқызы

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

7-САБАҚ

«Көшедегі қауіпті заттардан қалай аулақ болуға болады?»

Сынып: 5 «Ж»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» және «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында сынып сағаты

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Халық қаһармандарымен таныстыру, елімізідің батырларын дәріптеу және баланы интернеттің теріс және қауіпті әсерінен қорғау, цифрлық алаяқтардан сақтанудан хабардар ету.

Қауіпсіздік мақсаты

Цифрлық қауіпсіздік: жеке деректерді қорғай білу.

Құндылықтарды дарыту

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру, ұлттық құндылығымызды, мирасты, тарихымызды, мәдениетті дәріптеу.

7-апта дәйексөзі:

Отанды сүю-отбасынан басталады!

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Ұлттық құндылыққа негіздеп, сабақты бастау.

Тарихтағы батыр, қаһармандарды атап өту, және Рахымжан Қошқарбаевке ерекше тоқталу.


Р.Қошқарбаевтің туғанына 100 жыл толуына орай өткізіліп жатқан сынып сағатында оқушыларды «Отаншылдықты, намысшылдықты, елінің тарихын құрметтеуді, ұлттық мирасты» дәріптеу.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал





Оқушылардың пікірі тыңдалады





Тақырыптық көрнекіліктер








Сабақтың негізгі бөлімі

(15 минут)

Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Ақмола ауданында дүниеге келген. Ол ата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленді. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін Балқаш фабрика-зауыттық училищесіне жіберілді.Р. Қошқарбаев өзінің өмірі жайлы «Штурм» кітабында әңгімелейді.


Ұлы Отан соғысы майданына Рахымжан 18 жасында аттанып, Одер мен Шпрее өзендерін басып алуға қатысқан. Берлин үшін шайқаста Рахымжан мен оның взводтары ең бірінші қатарда орналасты. Олар алдымен Корольдік алаңға, «Гиммлер үйіне» жетеді. Мұнда лейтенант Қошқарбаевқа тарихи маңызы бар – Рейхстаг ғимаратының үстіне Қызыл Туды көтеру туралы бұйрық беріледі. «Гиммлер үйінен» Рейхстагқа дейінгі қашықтық бар болғаны 360 м. Бірақ бұл ашық алаң болғандықтан, жан-жақтан атқылай бастады. Осы қанды қашықтықты лейтенант Қошқарбаев жауынгерлерімен 7 сағатта жүріп өтті. 30 сәуір күні, сағат 18:30-да Рейхстагтың алдына Қызыл Ту тігілді.




Оқушыларға:


ҰОС туралы сұрақтар қою;


Ұлт мақтаныштарын атау;




Өз отбасында Р.Қошқарбаев сиақты ҰОС – на барған ата-бабаларын атау.




Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Қазіргі уақытта Интернет қолданушылардың саны артып келеді. Интернеттің көмегімен балалар жаңа әлемді ашады, көптеген ақпарат алады, жаңа адамдармен танысады, ақпарат алмасады. Алайда, Интернетте көптеген қауіптер бар, желі тек білім беру және ойын-сауық ортасы немесе "әлеуметтік желілер" ғана емес, сонымен қатар тыйым салынған және қауіпті ақпараты бар сайттар да аз емес. Алаяқтар мен қылмыскерлер балалардың психикасына әсер етуі мүмкін, олар балаларды заңсыз әрекеттерге итермелейді. 

Ата – ана бақылауы - баланы интернеттің теріс және қауіпті әсерінен қорғауға көмектеседі. Ата-аналар баланың желіде қандай ақпарат іздейтінін, телефоннан немесе планшеттен қандай сайттарға кіретінін білуі керек.


Интернет (оқылуы [интэрнэ́т];

 ағылш. Internet International Network) компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.

Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.

Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады.



Оқушылар Цифрлық әлемде қауіпсіз қадамдарды жасамас бұрын білуі тиіс ережелермен танысу.











Сабақты қорыту (7 минут)

Балалар білуі керек ең маңызды нәрселер: 

1. Бейтаныс сайттарға кірмеңіз және күмәнді сілтемелерді пайдаланбаңыз.

2. Интернетте алданып қалу өте оңай.

3. Интернетте балаға жазатын адам кез-келген адам бола алады, өйткені желі сізге шынайы бет-әлпеті мен шынайы ойын жасыруға мүмкіндік береді.

4. Егер желідегі біреу өзінің деректерін (мекенжайы, жасы, телефоны, бала мен ата-ананың күн тәртібі, ата-ананың жұмыс орны, төлқұжат деректері немесе басқа да жеке құжаттарының деректері және т.б.) ұсынуды сұраса, мұндай мәліметтерді ешқашан ұсынбауға тиіс.

5. Егер біреу қауіп төндірсе, жол берілмейтін және заңсыз ұсыныстар білдірсе, ата-аналарға (заңды өкілдерге) хабарлаңыз

6. Желіде болып жатқан кез-келген түсініксіз жағдайда ересектерге (ата-аналарға, психологқа немесе мұғалімге) хабарлаңыз.

Біздің ортақ мақсатымыз-Интернетті балалар үшін қауіпсіз ету.



Балалар түсінгендері бойынша өз ойларымен бөліседі.



Цифрлық деректерді үлкендерсіз бөгде сайттарға таратпау, қауіпті сайттарға жеке деректерді жүктемеу туралы хабардар болды.



Телефон, көрнекілік қағаздар.

Кері байланыс

(3 минут)

Оқушылар өз телефондарынан жеке деректерін сақтауды үйренді, үлкендерге (ата-анасына) көрсетіп, маниторинг жүргізіп отыруды түсінді.

Кері байланыста мұғалімге өз ұялы байланыстарының нөмерін жазып берді

телефон



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ